«Қмму қызметкерлері мен білім алушыларының тәуелсіз кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы



бет2/4
Дата15.06.2017
өлшемі0,64 Mb.
#19142
1   2   3   4

5.9. Қосалқы жұмыс.

5.9.1. Қосалқы жұмыс атқару жұмыс уақытынан тыс еңбек шартының шарттарында қызметкермен орындалады.

5.9.2. Қосалқы жұмыс тәртібі еңбек шартында ескертіледі. Мұндай жағдайда, қосалқы жұмыс күнделікті жұмыс ұзақтығының тағайындалған нормасынан 4 сағаттан жоғары болмауы қажет.

Қосалқы жұмыс туралы шарт жасасу үшін қызметкерден негізгі жұмыс орны бойынша еңбек шарттары және сипатты туралы анықтама қосымша сұралады (жұмыс орны, лауазымы, еңбек шарттары).

5.9.3. Университеттің ғылыми-зерттеу секторында қосалқы жұмыс атқару бойынша жұмыс істеу ғылыми жетекшінің тапсырмасымен жүргізіледі және күн сайын жұмыстарды тіркеу журналында кеткен уақыт көрсетіле отырып жазылады. Ғылыми жетекші орындалған жұмысты бекітеді.

5.9.4. Университетте сағаттық төлемақы шартымен өткізілетін педагогикалық жұмыс негізгі қызмет бойынша жұмыс уақытынан тыс орындалады. Егер оқу сабақтарының кестесі негізгі қызмет бойынша жұмыс уақытымен сәйкес келсе, онда негізгі қызмет бойынша жұмыс күні ректордың жазбаша бүйрығы бойынша оку жұмысына жұмсалған уақытқа үзартылады. Негізгі жұмыс орны бойынша және қосалқы атқару бойынша жұмыс күнделікті жұмыстың сомалық ұзактылығы еңбек кодексінің 82, 198 баптарына сәйкес белгіленеді.


5.10. Демалыстар

5.10. Барлық қызметкерлерге төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары ұсынылады, күнтізбелікте төленеді және келесі ұзақтылықта:

1) профессорлық-оқытушылар құрамы - 56 күн

2) университет қызметкерлерінің басқа санаттары – негізгі демалыстың 30 күні.

3) ұжымдық пайдалану зертханасы мен ғылыми-зерттеу санитарлы-гигиеналық зертханасының қызметкерлеріне:

56 күнтізбелік күн – ғылыми дәрежесі барларға;

42 күнтізбелік күн – ғылым кандидаты дәрежесі барларға;

35 күнтізбелік күн – басқаларға.

Заңнамамен бекітілген жыл сайынғы төленетін демалыстардың күнтізбелік күндерінің үстіне кәсіпорын көрсететін ақылы қызметтерінің қаражатынан төленеді.

5.10.2 Төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы демалыстың бекітілген кестесіне сәйкес, накты өтелген уақыт үшін жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Өндірістік қажеттілікке сәйкес демалыс кестесінің өзгеруі жағдайында жұмыс беруші қызметкерді екі апта қалғанға дейінгі мерзімде ескертуі керекі.

5.10.3 Жұмыс жылы қызметкердің жұмыс күнінің бірінші күнінен есептелетін 12 айды құрайды.
5.11. Қосымша демалыстар
5.11.1. Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған төленетін қосымша еңбек демалысының ұзақтылығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр м.а. 31.07.2007ж. «Қысқартылған жұмыс күнінің ұзақтылығы мен қосымша төленетін кезекті еңбек демалысына және оның орындалуы бойынша Нұсқаулыққа құқық беретін жұмыс, қатерлі және (немесе) зиынды (өте зиянды) жұмыстармен еңбек шарты, ауыр жұмыстар және өндірістер, цехтар, мамандықтардың және қызметтердің тізімін бекіту туралы» №182-ІІ бұйрығы бойынша бекітілген еңбек шарттың №2 қосымшасына сәйкес және жұмыс орнын аттестаттау нәтижесі бойынша тағайындалады.

5.11.2. Жоғары білім алу үшін жұмыс беруші талап еткен мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарындағы және емтихандарын табысты тапсырған білім алушыларға, қызметкерлерге емтихандарды тапсыру, емтихан жобаларына дайындалу және қорғау, бітіру емтихандарын тапсыру мерзіміне төленетін қосымша демалыстар беріледі.

5.11.3. Екінші жоғары білім алған кезде емтихандарға дайындалу және тапсыру мерзіміне төленбейтін демалыстар беріледі.

5.11.4. Жұмыс беруші мен қызметкердің келісімдері бойынша төленетін кезекті еңбек демалыстары бөліктерге бөлінуі мүмкін.

5.11.5. Жұмыс беруші жазбаша өтінішінің негізінде қызметкерлерге 5 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде еңбекақысы сақталмайтын демалыс бере алады, Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес келесі жағдайларда:

- некеге отыру.

- бала туу.

- жақын туыстарының қайтыс болуы.

- ұжымдық келісім-шарттарда қарастырыған басқа да жағдайларды.

Басқа жағдайларда еңбекақысы сақталмайтын демалыс тараптардың келісімі бойынша ұсынылады.


6-бап. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ.
6.1. Негізгі ережелер.

6.1. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының 2011-жылдың 01-наурызындағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2007-жылғы 15-мамырдағы №251-III Еңбек кодексі, 2009-жылдың 5-ақпанындағы №111 өзгертулер және толықтыруларымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-жылдың 29-желтоқсандағы «Қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң, мемлекеттiк бюджет қаржысының есебінен құралған ұйымдар қызметкерлерінің, азаматтық қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеу жүйесi туралы» №1400 қаулысы - бұдан әрі «Қаулы» негізінде жүргізіледі.

6.1.2. Осы бап ережелері Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне таратылады, мемлекеттік басқару органымен тағайындалатын, ректор, проректорлар және экономика және қаржы департаментінің директорларына бас бухгалтердің шешімдерімен лауазымдық еңбекақы, сыйақыландыру жүйесі, лауазымдық еңбекақы мөлшерін және басқа да сыйақы берулерді қоспағанда (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әулеметтік даму министрлігі)

6.1.3. Жасалған еңбек шартының негізінде еңбектік қарым-қатынастардағы Университетпен құрылған қызметкерлердің еңбек ұжымы персоналдармен өзара түсініседі. Еңбек келісім-шартындағы ұғымға сәйкес келмейтін, азаматтық-құқықтық келісім-шарттар негізінде немесе басқа келісімдер үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындауды жүзеге асыратын тұлға қызметкерлер құрамына кірген болып саналмайды.


6.2. Еңбекақы төлеу қоры
6.2.1. Ынталандырушы, өтемақы және әлеуметтік сипаттағы төлемлерді қоса алғанда, еңбекақы төлеуге бағытталған қаржы көзі болып Еңбекақы төлеу қоры табылады.

6.2.2. Еңбекақы төлеу қоры қаржылардан құралады:

- бюджеттік қаржыландырудан (мемлекеттік тапсырыс);

- Қазақстан Республикасының тыйым салынбаған заңнамаларымен Университет қызметіне кіріс әкелетін ақылы және басқа да қызмет көрсетулерден түскен кірістерден.

6.2.3. Университеттің Еңбекақы төлеу қорының мөлшері мемлекеттік басқару органдарымен жыл сайын бекітіледі (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлуметтік даму министрлігі).
6.3. Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру туралы жалпы ережелер
6.3.1. Университет бекітілген Еңбекақы төлеу қоры аясында өз еркімен («Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 138 б. 2 т. еңбекақы мөлшерін, жалақы мөлшерін (ставка), сонымен қатар қосымша төлемдерді, үстемақыларды, сыйақыларды және басқа да материалдық ынталандыруларды анықтайды.

6.3.2. Университетте кәсіби біліктілік топтары бойынша шамада еңбекақы төлеулердің келесі формалары (жүйесі) бекітіледі:



- еңбекақыны төлеудің уақытша жүйесі,

- жұмыс уақытының жиынтық санын есепке алуды пайдаланумен еңбекті уақыт бойынша төлеу жүйесі.

Жұмыс уақытының жиынтық санын есепке алу кезіндегі есепке алу мерзімі ай болып табылады, оның шегінде осы санат үшін бекітілген (алты күндік жұмыс аптасындағы қырық сағат) жұмыс уақытының күнделікті және (немесе) апталық нормасы сақталуы керек, нормасынан асып кету (шамадан тыс жұмыс уақыты) бір жарым есе көлемде төленеді.

- еңбектің (қызмет көрсетулер шарты) жеке және (немесе) ұжымдық төлеу кезіндегі шарт жүйесі жұмыс көлеміне байланысты. Уақытша болмаған қызметкердің міндетін орындау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілгендей, жұмыс көлеміне қарай төленеді.

Қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу бойынша алғашқы құжаттары жұмыс уақытын есепке алу табелі болып табылады. Істеуге жұмсалған уақыт саны айдағы барлық жұмыс күндері үшін жұмыс уақытын есепке алу табелі бойынша анықталады.

6.3.3. Университеттің еңбекақыны төлеу жүйесі келесі принциптерге құрылған:

Заңдылық

- бірдей еңбекке бірдей ақы төлеу:

- дискриминацияның мүмкінсіздігі, еңбекақы төлеу саласында қызметкер құқығының шектеулігі.
Негіздеу

- біліктігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстар саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шарттарына сәйкес еңбекақы төлеу.


Әділеттілік

- жынысына, жасына, ұлтына, ұстанған дініне және еңбек қызметтеріне тікелей қатысы жоқ және басқа да факторларға қарамай еңбектік фактіге негізделген жан-жақты нәтижелері бойынша қызметкерлерге әділ еңбек ақы төлеу;

- еңбегі үшін әділ сыйақылау құқығын қамтамасыз ету.

- барлық категориялардағы жұмыскерлер еңбекақыларының бірқалыпты өсуіне мүмкіндік беру.


Ынталандыру

- еңбек нәтижелерін анықтаудағы және жұмыстың сапалы және сандық көрсеткіштерінің жақсаруындағы қызметкерлердің материалдық қызығушылығы.


6.4. Қызметкерлер санаты

6.4.1. Университеттің жарғылық қызметтеріне сәйкес штаттық кестені құру кезінде келесі кәсіби-біліктілік топтары (КБТ) қолданылады:

- әкімшілік-басқару персоналдар;

- профессорлық-оқытушылар құрамы;

- оқу-қосалқы персонал;

- қызмет көрсету және басқа да персоналдар.
6.5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу шарттары және ережесі
6.5.1. Еңбекақы – бұл еңбек нәтижелерінің шамасы және жұмыс күші құнының шамасы болып табылатын ақшалай түрде көрсетілген еңбек мөлшері (еңбектік салым).

6.5.2. Айлық еңбекақы мөлшері қызметкер біліктілігіне, онымен орындалатын жұмыс сапасына және санына, күрделілігіне, сонымен қатар еңбек шартына байланысты дифференциялды тағайындалады.

6.5.3. Жұмыс уақытының нормасын және еңбек нормасын (еңбектік міндеттемелер) орындаған осы кезеңде толық анықталған жұмысты өтеген қызметкердің айлық еңбекақы мөлшері, төменгі айлық еңбекақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасының бекітілген заңындағы көрсеткіштен төмен болмауы керек.

6.5.4. Еңбекақы мыналардан тұрады:

негізгі бөлім, - қызметтік еңбекақыдан;

қосымша бөлімге жататындар:

- қосымша төлеулер;

- ынталандырушы сипаттындағы төлеулер (үстемақылар, сыйақылар және басқалары);

- өтемақылық және әлеуметтік төлеулер.

6.5.5. Еңбекақыны төлеу ережесі Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңнамаларына сәйкес анықталады.

6.5.6. Ректордың бұйрығымен еңбекақы бойынша мәселелерді шешу үшін Тарификациялау кеңесін келесі құрамда құрылады:

- ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректор;

- кадрлар бөлімінің бастығы;

- экономика және қаржы департаментінің директоры;

- заң бөлімінің бастығы;

- кәсіподақ комитетінің төрағасы.

6.5.7. Тарификациялау комиссия келесі функцияларды орындайды:

  • қызметкерлердің қызметтік еңбекақысын өзгерту туралы бөлім басшыларының өтінішін қарастырады;

  • университет ректоры шешім қабылдау үшін тарификациялық комиссияның шешімі ұсыныс сипатына ие. Шешімге комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды. Қызметкерлердің еңбекақысы ректордың бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;

6.5.8. Тарификациялық комиссия отырысы жоспарланған және жоспардан тыс ретінде жүргізіледі. Жоспарланған отырыс тоқсанына біреттен көп емес. Тарифтік комиссияның жоспардан тыс отырыстарын өткізу Университет ректорының бастамашылығымен, Тарифтік комиссия мүшелерімен, кәсіподақ комитетімен Университет персоналының және Университет қызығушылығын тудырған кез-келген жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
6.6. Жеке кәсіби-біліктілік топтары (КБТ) бойынша еңбекақы төлеу ережесі мен шарты.

Профессор-оқытушылар құрамы, Оқу-қосалқы персонал.
6.6.1. ПОҚ және оқу-қосалқы персоналдар қызметкерлерінің еңбекақысы мыналардан тұрады:

- негізгі бөлімнен, қамтитын:

  • базалық қызметтік еңбекақы (БҚЕ);

  • БҚЕ жоғарылататын коэффициенттер;

  • еңбек шартына үстемақылар мен қосымша төлемдер;

  • өтемақы сипатындағы төлемдер.

- қосымша бөлімнен, қамтиды:

  • ынталандыру аясындағы төлемдер (үстемақылар, сыйақылар және басқалары);

  • өтемақылық және әлеуметтік сипатындағы біржолғы төлемдер.

6.6.2. Профессорлық-оқытушылар құрамы және оқу-қосалқы персоналдарына қатысты еңбекақыларының негізгі бөлігінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-жылдың 29-желтоқсандағы «Қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң, мемлекеттiк бюджет қаржысының есебінен құралған ұйымдар қызметкерлерінің, азаматтық қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеу жүйесi туралы» №1400 қаулысы негізінде, лауазымдар тізімімен белгіленген аталған Қаулыға сәйкес қалыптасады. Белгіленген Қаулымен еңбекақы төлеу шарты Университет ректорының бұйрығымен жақсы жаққа қарай өзгертілуі мүмкін.

6.6.3. ПОҚ ынталандыру үстемақысын тағайындау конкурс негізінде жүргізіледі (ҚММУ ПОҚ қызметтерін рейтингтік бағалау туралы ереже).

ПОҚ еңбекақысын дифференциалды төлеу үшін мәліметтер ПОҚ еңбекақысын дифференциалды төлеу туралы ереже негізінде алынады және бекітіледі.

6.6.4. ПОҚ қызметкерлеріне ынталадырушы үстемақыларды тағайындау туралы шешім Ректордың бұйрығымен бекітіледі және университет ректорымен қабылданады.

6.6.5. Конкурс қорытындысы Ғылыми кеңестің кезекті отырысына қалдырылады.

6.6.6. Ынталандырушы үстемақы белгіленген кезеңге бірақ бір жылдан асырмай (ай, тоқсан немсе басқа кезеңдерге), қызметкерге тағайындалады.

6.6.7. Үстемақы мөлшері базалық қызметтік еңбекақыға немесе бекітілген сомаға пайызбен көрсетіледі.

6.6.8. Кафедра басшылары жауапты:

- қызметкерлер қызметтерінің нәтижелері туралы ұсынылған ақпараттардың уақытында хабардар етілуіне және дұрыстығына;

- бағалардың бекітілген критерийлерімен қызметкерлердің танысуына.

Әкімшілік-басқару персоналдар, қызмет көрсету және басқа да персоналдар.

6.6.9. ӘБП, қызмет көрсету және басқа да персоналдар қызметкерлерінің еңбекақысы мыналардан тұрады:

- негізгі бөлімнен, қамтитын:

  • лауазымдық еңбекақы мөлшерінен;

  • қосымша төлеулер мен еңбек шарты үшін үстемақылардан;

  • өтемақылық сипаттаманы төлеуден;

- қосымша бөлімнен, қоса алғанда:

  • ынталандырушы сипаттаманың төлеуімен (сыйақылар және басқалар);

  • өтемақылық және әлеуметтік ерекшелігі ретінде бір уақыттағы төлемдер.

6.6.10. Қызметтік еңбекақы уақыт бірлігі үшін анықталған күрделі (біліктілігі) еңбек нормасын (еңбектік міндеттемелер) орындау үшін қызметкердің еңбекақы мөлшерін бекіту ретінде анықталады.

6.6.11. Қызметтік еңбекақы мөлшері еңбек шартына, орындалған жұмыстың сапасына және санына, күрделілігіне, қызметкер біліктілігіне байланысты дифференцияланған түрде тағайындалады.

6.6.12. Қызметтік еңбекақы мөлшері «вилкалар» принципі бойынша белгіленеді, яғни максималды шегі және минималды шегі.

6.6.13. Қызметтік еңбекақының максималды және минималды шектеріндегі мөлшері ректормен бекітілген, университеттің штаттық кестесінде белгіленеді.

6.6.14. Максималды және минималды шектерде белгіленген қызметтік еңбекақы мөлешерін анықтау критерийлер құрылымдық бөлімшелердің ұсынуы бойынша ректормен бекітіледі.

6.6.15. Әрбір қызметкерге қызметтік еңбекақы мөлшері жұмысқа қабылдайтын құрылымдық бөлімшелердің басшыларының ұсынуы бойынша бекітілген шаттық кестеде Университет Ректорымен тағайындалады.

6.6.16. Бекітілген штаттық кесте негізінде әрбір қызметкерге қызметтік еңбекақысын көрсетумен тарифтік тізім қалыптасады.
6.7. Қосымша төлемдер.

6.7.1. Университет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, лауазымдық еңбекақыға қосымша төлемдердің барлық түрлерін жүргізеді.

6.7.1. Зиянды жұмыс жағдайы үшін «Жұмыс орнында жұмыс жағдайын бағалау және қызметкерлерге зиянды жұмыс жағдайы үшін үстемеақы мөлшерін есептеу тәртібі жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа» сәйкес төлеу.
6.8. Сыйақылау.

6.8.1. Университеті ректоры еңбекақыны төлеу қорының аясында университет қызметкерлеріне сыйақы береді.

6.8.2. Университет қызметкерлері ай, тоқсан, жартыжылдық, жыл, сонымен қатар маңызды өндірістік тапсырмаларды орындағаны үшін мерекелік және мерейтойлық күндері сыйақылана алады.

6.8.3. Университет ректоры Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012-жылғы 2-сәуірдегі № 209 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің лауазымдық еңбек ақыларының мөлшерін және өзгеде сыйақыны анықтау тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сыйақы береді.


6.9. Қалыпты жұмыс уақытынан ауытқу кезіндегі жұмыс үшін төлем

6.9.1. Шамадан тыс уақыттағы жұмыс үшін төлем бір жарым айлықта жүргізіледі.


6.10. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысты төлеу.

6.10.1. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысты төлеу екі есе көлемде төленеді.

6.10.2. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстардың өтемақысы қосымша демалыс күндерімен жұмыскердің тілегі бойынша ауыстырылуы мүмкін.


6.11. Тұрып қалған кездегі төлем.

6.11.1. Қызметкерлерге қызметкердің (өнімді шығару бойынша жұмыс көлемін шектеу, жұмыс аймағының, материалдық ресурстардың болмауы) кесірінен еңбектің тұрып қалған кезінде және басқа жұмысты ұсына алмаған кезде ай сайынғы еңбекақының 50 % көлемінде кепілдік беріледі.

6.11.2. Еңбек күзетінің нормаларына және өндірістік санитарияның сәйкеспеу себебінен жұмыстың тоқтап қалу және университет басқа жұмысты ұсына алмаған жағдайда еңбекті төлеу орташа еңбекақы көлемінде төленеді.
6.12. Уақытша ауыстыру кезіндегі еңбекақыны төлеу.
6.12.1. Қызметкерді өндірістік қажеттілік, сонымен қатар болмаған қызметкердің уақытша болмаған кезінде бүрынғы жұмысы бойынша орташа еңбекақысы сақталады.

6.12.2. Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ тұрып қалған кездегі басқа жұмысқа ауысуы кезінде еңбекақы орындалған жұмысқа қарай төленеді, бірақ өзінің алдыңғы жұмысының үштен екі бөлігінен аз болмау керек.

6.12.3. Өзінің қызметтік міндеттерін орындаудағы жарақатына, кәсіби ауруы немесе денсаулығына басқа да залалдарына байланысты қызметкер жеңілдеу жұмысқа ауысқанында қызметкердің еңбекақысы жаңа жалақы бойынша төленеді және ескі еңбек жалақысынан жаңа жалақының айырмашылығы еңбекке қабілеттілігі қайта орнаған немесе мүгедектігі бекітілгенге дейін төленеді.

6.12.4. Медициналық түйіндемесі бар жүкті әйелдердің басқа ауыр немесе жағымсыз өндірістік факторлардан қорғайтын жұмысқа ауысқан кезінде ескі жұмыс орны бойынша орташа еңбек жалақысы сақталады.

6.12.5. Қызметкердің тұрмыстық жарақаты мен жалпы ауыру кезіндегі денсаулық жағдайы бойынша қызметкердің ауысуы кезінде еңбек жалақысы орындалған жұмыс бойынша төленеді.
6.13. Кепілдемелік және өтемақылық төлемдер.
6.13.1. Қызметкерлерге жұмыс орны сақталып және бір еңбек жалақысы көлеміндегі емдеу үшін жәрдемақы төлеумен (күнтізбелік жылда бір рет) кезекті төленетін еңбек демалысына кепілдік беріледі, бірақ, 1 жалақы мөлшерінен көп емес, күнтізбелік жылда бір рет бір демалыстық кезең үшін).

Еңбек демалысынан қызметкердің еркімен шақыртып алған жағдайда демалыстың пайдаланылмаған белігі ағымдық жұмыс жылында немесе келесі еңбек жылының кез келген уақытында беріледі немесе келесі жұмыс жылының кезекті еңбек демалысына қосылады, болмаса, кезекті төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төленеді.

6.13.2. Оқытудың барлық мерзімінде, практикадан өту күндерімен, өндірістік жұмыстан босатылуымен екінші білім мамандықтары (аралас), біліктілікті жоғарылату немесе қайта дайындауға бағытталған қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа еңбекақысы сақталады.

6.13.3. Мемлекеттік міндеттемелерге тартылған қызметкерлерге жұмыс орны сақталады, ал еңбек жалақысы бекітілген міндеттерін орындау орны бойынша төленеді.

6.13.4. Медициналық тескерілу, сонымен қатар тексеру мерізіміндегі донорлық пен қайта құю үшін қан тапсыруға бағытталған қызметкерлердің жұмыс орын мен орташа еңбек жалақысы сақталады.

6.13.5. Қызметтік іссапарларға бағытталған қызметкерлерге іссапарда болған кездегі тәуліктік ақы, жолдағы уақыт, тағайындалған жерге барғандағы және қайтқандағы шығындар (іссапарға барғанда және қайтқанда авиакөлікпен жүруді жеңілдету мақсатында, экономикалық тұрғыдан ақталған жағдайда нұсқаулықтың талаптары бойынша авиабилет құнын т/ж билетінің жоқтығы туралы анықтаманы бермей төлеу), тұру орнын жалдау шығыны төленеді.

Іссапарға кеткен жұмыскердің жұмыс орны мен орташа еңбек жалақысы сақталады.

6.13.6. Жұмыскерлерге уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақылар еңбекке қабілетсіздігінің бірінші күнінен еңбекке қабілеттілігі қалыпқа келгенге дейін немесе мүгедектігін бекіткен күнге дейін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес төленген орташа еңбек жалақысының есебінен төленеді;

6.13.7. Кезекті төленетін еңбек демалысын пайдалану уақытында жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде жұмыскердің демалысы ұзартылады немесе уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлемінсіз уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің санына ауыстырылады.

Демалыс (оның бөлігі) жұмыскердің жазбаша келісімімен немесе оның өтінішімен ғана ұзартылады немесе ауыстырылуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған демалыс келесі жылға еңбек демалысына қосылуы мүмкін немесе жұмыскердің өтініші бойынша басқа уақытта беріледі.

6.13.8. Оның негізіне тәуелсіз еңбек шартын бұзған кезде өзінің кезекті еңбек демалысын пайдаланбаған немесе жыл сайынғы еңбек демалысына өз құқығын толық пайдаланбағанда жұмыскерге өтемақы төленеді. Егер еңбек шартын бұзған күні қызметкер жұмыс жылының бөлігін өтеген болса, өтемақы өтелген күнге қарай төленеді.

6.13.9. Кәсіпорынның жойылуына байланысты қызметкерлер жұмыстан штаттың қысқаруына байланысты шығарылған болса, оған орташа еңбек жалақысы 1 ай көлемінде өтемақы төленеді.



7-бап. ЕҢБЕКТІҢ САЛАУАТТЫ ЖӘНЕ ҚАУШСІЗ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАУ.

7.1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі мемлекеттік стандарт талаптарына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы бойынша ережеге сәйкес келуі тиіс.

7.2. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушінің есебінен мемлекеттік өкілетті органмен бекітілген арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғанудың басқа құралдары, жою және залалсыздандыру құралдары беріледі.

Белгілеген Ережелерге сәйкес қызметкерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, қамтамасыз етеді.

7.3. Әкімшілік зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастырады.

7.4. Әкімшілік қаражаты есебінен автокөлікпен байланысты жұмыстардаға қызметкерлерді алдын ала медициналық куәландырудан өткізу.

7.5. Жұмыс беруші ҚММУ әкімшілігі есебінен қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқау беру кеңестері мен білімдерін тексеру өткізу.

7.6. Профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және кафедраларда тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шараларды өткізу.

7.7. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға. Кәсіподақ комитетімен олардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеуге және жүзеге асырады.

7.8. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.

7.9. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.

7.10. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.

7.11. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу Еңбек кодексте және азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.

7.12.ҚР ЕК 320-1бабының негізінде жұмыс жағдайы бойынша жұмыс орнын кезеңдік аттестаттау өткізу. Кәсіподақ комитетімен жұмыс орнында жұмыс жағдайын сауықтыру бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.

7.13. Жұмыс беруші қызметкерді еңбек заңнамасының негіздеріне оқытады және білімдерін тексереді.


Каталог: media -> kgmudoc
kgmudoc -> Тәрбие жұмысы туралы есебі
kgmudoc -> Қмму еңбек (ішкі) тәртібінің ережелері Қмму бе 1/1/01
kgmudoc -> Жедел медициналық көмек дәрігерінің клиникалық ойлауы Dr. Wu K
kgmudoc -> 5 қазан 2015 жыл Өткізілетін орны – Гоголь көш., 40, Қмму акт залы
kgmudoc -> Қазақстан Республикасының Заңы
kgmudoc -> Силлабус (Syllabus) Мамандығы
kgmudoc -> «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
kgmudoc -> Жаттығушының аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет