«Қмму қызметкерлері мен білім алушыларының тәуелсіз кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы


-бап. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ



бет3/4
Дата15.06.2017
өлшемі0,64 Mb.
#19142
1   2   3   4

8-бап. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
8.1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі.

8.2. Қызметкерлерге осы мақсатта шығынданбайды.


9-бап. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҚСАРТУ, ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУЛАРЫНЫҢ

КЕПІЛДІКТЕРІ.
9.1. Жұмыс беруші өз есебінен заңнамалармен бекітілген тәртіпте жұмыскерлердің мерзімдік медициналық тексерілерін өткізеді.

9.2. Жұмыс беруші қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындаған кездегі денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік төндіргені үшін азаматтық-құқықтық сақтандыруға міндетті.

9.3. Жұмыс беруші қызметкер мен оның жанұясын өз еркімен медициналық сақтандыруға құқығы бар.
10-бап. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ САУЫҚТЫРУ
10.1. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ қызметкерлерінің денсаулық жағдайын жақсартуды негізгі міндеті деп санайды.

10.2. ҚММУ қызметкерлерінің демалуы мен сауықтыруы үшін жағдайлар жасау, күштерін жинастыру мақсатында жоғарыда көрсетілген тараптар келесі шешімге келді.

1) кәсіпорын балансындағы демалыс зоналары Қарқаралы қ. «Медик» және Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентіндегі «Медик» болып табылады;

2) демалыс зоналарының қызметтері Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитетімен тікелей жүзеге асырылады.

10.3. Демалыс зоналарын қамтамасыз ету бойынша шығындары қаржыландыру Әкімшілік пен Жұмыскерлерінің кәсіподағының қатысуымен іске асырылады.

10.4. Кәсіпорын әкімшілігі:

1) ақылы қызметтер көрсету есебінен демалыс зоналарын қамтамасыз ету бойынша шығындарды қаржыландыру;

2) қызметкерлер мен білім алушыларды сауықтыруға және демалыс зоналарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жыл сайын жазғы мерзімде 3 600 000 теңге көлемде ақшалай қаржыландыру жүргізеді, ол белгіленген сметаға сәйкес Кәсіподақ есебіне жіберу жолымен іске асады.

Аталған сомма университеттің қаржылық жағдайына байланыс өзгерістерге қарай түзетілуі мүмкін.

3) қәсіподаққа демалыс зонасына жолдамаларды тарату және іске асыру құқығын береді.

4) Қарқаралы қ. «Медик» демалыс зонасында заңнамалық актілерде карастырылғандай үш мәрте тамақтануды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған, санитарлық-гигиеналық және басқа да нормалар талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.

5) демалыс зонасының жабдықгарының сақталуы мен орналасуын қамтамасыз етеді, бірінші қажеттілікті заттарды (дәрі сауыт) жинақтауды жүзеге асырады.

10.5. Кәсіпорын кәсіподағы:

1) мәдени, спорт жұмысынан тұратын қызметкерлерінің демалысын ұйымдастырады;

2) демалыс зонасының нысандарын және аймағын күрделі және ағымдық жөндеу өндірісінде басшылық көмекті іске асырады;

3) демалыс зоналарына жолдамаларды дайындайды;

4) әкімшілікпен дайындалған қаражаттан демалыс зоналарына, санаториялар мен демалыс зоналарына жолдаманың 50% өтейді.

5) Жұмыс берушіден алынған ақшалай қаражатты келесі мақсаттарда жұмсайды:

- материалдық көмек көрсету;

- аз қамтылған жанұя білім алушылары мен жетім-білім алушыларды тамақтандыру;

- демалыс зонасының материалдық-техникалық базасын жақсарту.

10.6. Жолдамаларды тарату Әкімшілігі мен Кәсіподағының бірлескен шешімімен іске асады.

10.7. Жеңілдікті жолдама алуға құқығы бар (толық сомасынан 50%):

а) қызметкерлер мен олардың жанұя мүшелері, Кәсіподақтың штаттық қызметкерлері мен олардың жанұя мүшелері (күйеуі, әйелі, 18 жасқа дейінгі балалары).

6) 3 жылдан аз емес уақыт жұмыс істеген ҚР ДМ «ҚММУ» РМК зейнеткерлері.

в) кәсіпорында жұмыс істеген кезде денсаулығына зияны үшін өтемақыны алатын ҚР ДМ «ҚММУ» РМК бұрынғы қызметкерлер.

г) университет студенттері.
11-бап. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ

ЕҢБЕКТІК ДАУЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ
11.1. Жеке даулар.

Жеке даулар келісім комиссиясымен қызметкер штаттық, уақытша, қоса атқарушы қызметкер болуына қарамастан қарастырылатын болады.

11.1.1. Жеке еңбек даулары келісім комиссияларымен және (немесе) соттармен қарастырылады.

11.1.2. Келісім комиссиясы жұмыс берушілер өкілдерінің және қызметкерлер өкілдерінің бірдей санынан ұйымдастырылады. Келісім комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, жұмыс тәртібі мен құзіреттілік мерзімі жалпы жиында (конференцияда) жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы келісім бойынша бекітіледі. Келісім комиссияның қызметкерлерден алынған мүшелері қызметкерлердің жалпы жиынында (конференциясында) тағайындалады, жұмыс берушілердің тарапынан Университет бойынша бұйрықпен тағайындалады.

11.1.3. Келісім комиссиясының қарауына жататын жеке еңбек дауларының пәні оның көзқарасы бойынша жұмыс берушінің еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты, еңбек шартын қолдану кезінде бұзылған құқықтары мен заңды қызығушылықтары болып табылады.

Келісім комиссиясы келесі мәселелер бойынша дауларды карастырады:

- ауыстырулар мен жұмыстан шығарулар;

- еңбек төлемдері;

- жұмыс уақыты мен демалу уақытының кепілдіктері мен өтемақылары;

- тәртіптік және материалдық жауапкершілік;

- еңбекті қорғау және т.б.

11.1.4. Келісім комиссиясы дауды шағым берілгеннен жеті күн ішінде қарастырады. Дау шағым берілген қызметкердің қатысуы кезінде қарастырылады. Шағым түсірушінің болмау кезінде дауды қарастыру тек жазбаша өтініштің негізінде ғана өтеді. Егер қызметкер отырысқа келмеген болса, отырыс уақыты өзгертіледі. Қызметкердің келесі отырысқа себепсіз қайта келмеген жағдайда, келісім комиссиясы аталған дауды алып тастауға құқығы бар, ол қызметкерді қайта шығамдалу құқығынан айырмайды. Егер келісім комиссиясы жеті күн ішінде дауды қарастырмаған болса, қызметкер сотқа шағымдала алады.

Тек келісім комиссиясына арызданушы келмеген және қағаз жүзінде өтініш бермеген жағдайда ғана қарастыру мерзімі ұзартылуы мүмкін.

11.1.5. Келісім комиссиясы өз отырыстарына куәгерлерді, мамандарды (мамандар және куәлар ретінде университет қызметкерлерімен қоса, өзінін қызметтік көрсеткіштерімен еңбек дауын қарастыруға құкық беретін болса) шақырта алады. Бұл тұлғалар тараптардың келісуі бойынша да, келісім комиссиясының бастамашылығы бойынша да шақыртыла алады.

11.1.6.Келісім комиссиясының талабы бойынша жұмыс беруші барлық қажетті құжаттар мен есеп айырысуларды беруге міндетті.

11.1.7. Қызметкер өзінің құқықтарының бұзылғаны немесе бұзылатыны туралы білгеннен кейін үш ай мерзімде келісім комиссиясына хабар беруі керек. Егер шағым түсіру мерзімі өтіп кетсе, келісім комиссиясы жағдайдың себептілігін және себепсіздігін қарастыруы керек.

11.1.8. Комиссияның әр отырысы хаттамамен рәсімделеді, ол тараптармен қол қойылады. Келісімге келмеген жағдайда әр тараптың ұсыныстары көрсетіледі, келісімге келмегені белгіленеді. Келісім комиссиясының отырыстарының көшірмелері тараптарға және қызығушылық танытқан қызметкерге шешім қабылданғаннан кейін үш күннің ішінде тапсырылады.

11.1.9. Комиссия шешімдерінің міндетті күші бар. Комиссия шешімдері уәжді, заңнамалармен, ұжымдық және еңбек шарттарымен, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, қызметтегі ережелер және нұсқаулықтармен негізделген болуы керек.

Келісім комиссиясы қызметкердің талаптарын толық немесе жартылай қанағаттанғаны әлде келісімге келмегені туралы шешім қабылдауы мүмкін. Қызметкердің талаптарын қанағаттандырған жағдайда (толық немесе жартылай) комиссия шешімі жұмыс берушімен бекітілген мерзімде жүзеге асырылуы керек. Талап етілген мерзімде шешім орындалмаған болса, дау Қазақстан Республикасының азаматтық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес сот тәртібінде қарастырылады.

11.2. Ұжымдық еңбек даулары.

Тараптар арасында келіспеушіліктер туған жағдайда қызметкерлер өз талаптарын құрыстырады және оларды жұмыс берушінің назарына ұсынады. Талаптарды ұсыну құқығына жұмыскерлердің өздері мен олардың өкілдері бере алады.

11.2.1. Ұжымдық даудың басталу мерзімі жұмыс берушінің даудың толық немесе шешілмегені немесе жұмыс берушінің өз шешімдерін бекітілген уақытта назарға ұсынбағаны, сонымен қатар ұжымдық байланыс барысында даулардың хаттамаларын құру кезі болып табылады.

11.2.3. Қызметкерлердің талаптары жалпы жиында (конференцияда) көп дауыс жинаған жағдайда жеңеді және бекітіледі. Талаптардың жеңуімен қатар қызметкерлер өздерінің ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысу үшін өкілдерін тағайындайды.

11.2.4. Түрлі қызметкер өкілдерінің бірдей талаптарды ұсынуы кезінде олар аталмыш ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысу үшін бірыңғай орган құруға құқығы бар. Жиналыста (конференцияда) хаттама жүргізіледі, шешімде қызметкерлердің талаптары нақты құрылады. Жазбаша түрде көрсетілген талаптар жұмыс берушіге бағытталады.

11.2.5. Жұмыс берушіге қызметкердің бағытталған талаптарын қарастыру және заңмен бекітілген мерзімде жазбаша түрде өзінің шешімдерін хабарлау -талаптарды алғаннан кейін жеті күннен кештетпей, міндеті жүктеледі.

11.2.6. Еңбек ұжымының талаптары бітім жүргізу рәсімдерімен, яғни ұжымдық еңбек дауын жүйелі қарастыру, алдымен бітімгер комиссиясымен, кейін егер ол ортақ мәмілеге жеткізбесе, еңбек төрелігінде; сот тәртібінде қарастырылады.

11.2.7. Еңбек ұжымының органдармен қанағаттандырылмаған немесе жартылай қанағаттандырылған талаптары жұмыс беруші мен еңбек ұжымының арасындағы келісім бойынша құрылған бітімгер комиссиясында тараптарды бітімдестіру жолымен еңбек ұжымының дауын шешу үшін қарастырылады.

11.2.8. Бітімгер комиссиясы тараптармен қызметкердің (олардың өкілдеріне) назарына жұмыс берушінің (олардың өкілдерімен) шешімінің хабарламаған күннен немесе ұжымдық байланысу барысында құрылған шешімдердің хаттамасын жасау күнінен үш күнде кешіктірмей құрылады.

11.2.9. Бітімгер комиссиясы ұжымдық еңбек дауын шешу өкілдерімен тепе-тең негізде құрылады. Бітімгер комиссиясын құру туралы шешім университет бойынша бұйрық арқылы және қызметкерлердің өкілдерінің шешімімен жасалады.

11.2.10. Бітімгер комиссиясы қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) талаптарын оның құрылғанынан жеті күні ішінде қарастыуы керек. Бітімгер комиссиясының талаптарды қарастыру мерзімі, қарастыру мерзімін ұзарту тараптардың келісімі бойынша іске асады және хаттамамен рәсімделеді.

11.2.11. Бітімгер рәсімі кезінде бітімгер комиссия қызметкерлермен (олардың өкілдерімен), жұмыс берушімен (өкілдерімен), мемлекеттік органдармен және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен кеңес жүргізеді.

11.2.12. Комиссия шешімдері тараптардың келісуі арқылы қабылданады, тараптармен қол қойылып, екі жаққа да бірдей күшке ие болады.

11.2.13. Бітімгер комиссия шешімге келе алмаған жағдайда дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.

Бұл орган әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша республикалық немесе жергілікті үш жақты комиссия мүшелерінің қатысуымен ұжымдық еңбек дауының тараптарымен 5 күнтізбелік күн ағымында құрылады. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны және оның жеке құрамы ұжымдық еңбек дауының тараптарының келісімі бойынша құрылады. Еңбек төрелігінің құрамына қоғамдық қауымдастыктардың өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар және басқа да тұлғалар енеді. Еңбек төрелігі төрағасымен қоса, бес мүшеден тұруы керек.

Дауды қарастыру рәсімі еңбек төрелігімен анықталады және екі жақ тарапқа жеткізіледі. Еңбек төрелігі өз шешімін өзінің қарапайым дауыс беру әдісімен құрылған күнінен бастап 7 күнтізбелік күннің ішінде қабылдайды. Еңбек төрелігі мүшелерінің дауыстары теңге бөлінгенде төраға дауысы шешуші болып табылады.

Еңбек төрелігі тараптардың міндетті түрде өкілінің қатысуымен, қажеттігі болған жағдайда басқа қызығушылық танытқан тұлғалардың өкілдерінің қатысуымен ұжымның еңбек дауын қарастырады.

Шешім уәжді, жазбаша түрде жазылған және төрелік мүшелерімен қол қойылған болуы керек. Еңбек төрелігінің шешімдері ұжымдық еңбек дауының тараптары орындау үшін міндетті болып табылады.

11.2.14. Ұжымдық еңбек дауының кез келген деңгейінде тараптар делдалға жүгіне алады. Делдал - ұжымдық еңбек дауын шешу бойынша делдалдық қызметтерді көрсету үшін тараптармен тартылған тұлға немесе ұйым болып табылады. Делдалдық рәсімі бітімгер комиссиясы, бітімгер рәсімдер, еңбек төрелігіне қатысты жеке болып табылады және олармен қатар жүргізіле алады. Ұжымдық еңбек дауларын қарастыру тәртібі делдалдың, дау тараптарының қатысуымен анықталады.

Делдал үшін тараптар дауласып жатқан тараптарға қатысы жоқ, абыройлы тұлғалар мен ұйымдар, қоғамдық тұлғалар мен ұйымдар қатыса алады.

11.2.5. Тараптар арасында делдалдың қатысуымен немесе қатыспауымен даудың шешілген жағдайында бітімгерлік рәсімдер тоқтылады. Бұл жағдайда шешімді қабылдау жағдайлары соңғы болып табылады.

11.2.16. Тараптар мен бітімгер органдар ұжымдық еңбек дауымен туындаған барлық себептер мен жағдайларды жою үшін барлық мүмкіндіктерді қолдану керек. Дауласқан тараптардың ешбірі бітімгерлік рәсімдерге қатысудан бас тарта алмайды.
12-бап. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
12.1. Кәсіподақ ҚР «Кәсіби одақтар туралы» заңымен анықталған құзіреттілігінің аясында университеттің қаржылық-шаруашылық және басқа да қызметтерінің нәтижелері туралы ақпаратты сұрауға құқығы бар, Жұмыс берушіден аталмыш шарттың талаптарының орындалуы туралы талап етуге, қызметтегі заңнамаларға сәйкес заңнамаларда айтылған еңбек ұжымының күқығы мен оны қорғауды іске асыруға байланысты даулы мәселелер мен шешілмеген сұрақтарды қарастырады.

12.2. Кәсіподақ Жұмыс берушімен бірлесе отырып, мемлекеттік басқару органдарында қызығушылықтарын ұсынуға, кәсіпорын қызметін оңтайландыру бойынша шараларды орындау кезінде еңбек ұжымында жүктемелілікті төмендетуге, әлеуметтік кепілдіктермен қарастырлған заңнамаларды ұстануда Қызметкерлердің қызығушылықтарын, бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге және аталмыш шарттың орындалуына, еңбектік дауларды шешу кезінде Жұмыс берушімен сұқбаттасу жүргізуде ұжым мен жеке қызметкерлердің қызығушылықтарын ұсынуға міндеттеледі.

12.3. Ұжымдық шарт 2015 жылдың 01 ақпанынан 2019 жылдың 01 ақпанына дейінгі мерзімге жасалған. Ұжымдық шарт мерізімінің аяқталуына бір ай қалған уақытқа дейін екі. жақты комиссия жаңа жобаны жасау немесе уақытын ұзарту туралы шешім қабылдауға міндетті.

12.4. Ұжымдық шарт оған қол қойған мерзімнен бастап өз күшіне енеді және тараптар орындау үшін міндетті болып табылады.

12.5. Ұжымдық шарттың қызметі жұмыс беруші мен кәсіпорын қызметкерлері үшін ұжымдық шарт жасасқан кәсіподақ мүшелерінің атынан жазбаша өтініш негізінде оған қосылған жұмыскерлерге таралады. Жұмыс беруші ҚММУ жұмысқа келушілердің барлығына аталмыш ұжымдық шартпен танысуға мүмкіндік береді.

12.6. Келген ұсынытарды қарастыру үшін аталмыш шарттың өзгеруі, нақты ұсыныстарды дайындау және шарттың жеке тармақтарын орындау бойынша тараптар екі жақсы комиссия бірдей жағдайларда жасайды. Бұл комиссияның шешімдері жұмыс беруші және кәсіподақпен бекітілгеннен кейін тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

12.7. Ұжымдық шарт өз күшін кәсіпорынды қайта ұйымдастыру кезінде сақталады (бірігу, қосылу, бөліну, қайта құрылу).

12.8. Кәсіпорын меншігін иеленушінің ауысуы кезінде ұжымдық шарттың қызметі үш ай мерзімге сақталады. Бұл мерзімде тараптар жаңа шартқа отыру, ескі шартты сақтау, өзгерту немесе толықтыру туралы өзара хабар алысулар жүргізе алады.

12.9. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ ұжымдық шарт ережелерінің орындалуына өзара бақылауды жүзеге асырады. Ұжымдық шартпен қарастырылған міндеттерді орындау үшін тараптар Ұжымдық шартпен Қазақстан Республикасының заңдарыйа сәйкес жауапкешілікке тартылады.

112.10. Аталмыш ұжымдық шарт Жұмыс беруші мен Кәсіподақ атынан екі жақты комиссиямен жасалды.

12.11. Жоғарыда көрсетілген аталмыш шарттың қосымшалары шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ТАРАПТАРЫНЫҢ ҚОЛЫ:


Жұмыс берушіден:

Кәсіподақтан:


_________________ З.З. Бектұрганов


____________________ Ф.А. Батиров


_________________ Е.А. Кравцив


_________________С.С. Комиссарова


_________________ О.В. Карев


______________Д.Д.Баймагамбетова

Ұжымдық шартқа

1-қосымша




«ҚММУ қызметкерлері мен білім алушыларының тәуелсіз кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы

___________________Н.Н. Наурызов

«____»______________ 2015 ж.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік университетінің ректоры,

профессор

__________________ Р.С. Досмағамбетова

«____»_______________ 2015 ж.




Қысқартылған жұмыс уақытына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптердің және лауазымдардың тізімі,

ауыр, зиянды (аса зиянды) және (немесе) өмірге қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс тізбесі


р/с

Бөлімше

Лауазымы, кәсібі

Еңбек жағдайы

Жұмыс уақытының қысқарған ұзақтылығы


1

Стоматологиялық клиника

Рентген-зертханашысы

Ротационды визуалдық бақылауы бар рентгенотерапевтикалық қондырғыдағы жұмыс

30 сағаттық жұмыс аптасында (6 күн) 5 сағаттан

2

Виварий

Жануарлар күтіміне қарайтын қызметкерлер


Микробтармен инфекцияланған жануарлармен жұмыс

36 сағаттық жұмыс аптасында (6 күн) 6 сағаттан

Виварий

меңгерушісі



Микробтармен инфекцияланған жануарлармен жұмыс

36 сағаттық жұмыс аптасында (5 күн) 7 сағат 12 минуттан (7,20 сағат)

3

ҚММУ емханасы

Рентген-зертханашысы,

Ротационды визуалдық бақылауы бар рентгенотерапевтикалық қондырғыдағы жұмыс

30 сағаттық жұмыс аптасында (5 күн) 6 сағаттан

Рентген-дәрігер

Ротационды визуалдық бақылауы бар рентгенотерапевтикалық қондырғыдағы жұмыс

30 сағаттық жұмыс аптасында (5 күн) 6 сағаттан

УЗИ-дәрігері

Ультрадыбыстық диагностикамен жұмыс

30 сағаттық жұмыс аптасында (5 күн) 6 сағаттан

Ұйымдастыру-экономикалық

жұмыстар жөніндегі проректор З.З. Бектұрганов
Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетова
Клиникалық жұмыс және үздіксіз

кәсіби дамыту жөніндегі проректор Б.Н. Көшерова


ЭҚД экономика және жоспарлау

жөніндегі директордың орынбасары Г.В. Пшыкова


Кадрлар бөлімінің бастығы Е.А. Кравцив
ЕК және ҚТ бойынша инженер Д.Ж. Мейрманов
Заң бөлімінің бастығы О.В. Карев
Ұжымдық шартқа

2-қосымша




«ҚММУ қызметкерлері мен білім алушыларының тәуелсіз кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы

___________________Н.Н. Наурызов

«____»______________ 2015 ж.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік университетінің ректоры,

профессор

__________________ Р.С. Досмағамбетова

«____»____________ 2015 ж.





Қосымша төленетін кезекті еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптердің және лауазымдардың тізімі, ауыр, зиянды (аса зиянды) және (немесе) өмірге қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс тізімі


р/с

Бөлімше

Лауазымы, кәсібі

Еңбек жағдайы

Күнтізбелік күндердегі қосымша демалыстар ұзақтылығы

1

Виварий

Жануарларды күту бойынша жұмыскерлер,

Микробтармен инфекцияланған жануарлармен жұмыс

12

Виварий меңгерушісі

Микробтармен инфекцияланған жануарлармен жұмыс

12

2

ТЖД

Электрогаздәнекерлеуші

Еңбектің ауырлығы

12


3

Стоматологиялық клиника

Тіс технигі

Қышқылдармен және газбен жұмыс

12

Физиотерапия кабинетінің мейірбикесі

Жоғары жиілігі бар тоқтармен жұмыс

12

Рентген-зертханашысы

Рентген жабдықтарымен жұмыс

18

4

ҚММУ емханасы

Физиотерапия кабинетінің мейірбикесі

Жоғары жиілігі бар тоқтармен жұмыс

12

Рентген-зертханашысы

Рентген жабдықтарымен жұмыс

18

Рентген-дәрігер

Рентген жабдықтарымен жұмыс

18

УЗИ-дәрігері

Ультрадыбыстық диагностикамен жұмыс

16

5

Тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты

Кір жуғыш машиналар операторы

Еңбектің ауырлығы

6

6

Дәрігерлер, кіші медициналық персонал, орта медициналық персонал.







12

7

Қоғамдық тамақтану комбинаты

Наубайшылар бригадасы

Еңбектің ауырлығы

6

Наубайшы

Еңбектің ауырлығы

6

Аспазшы

Еңбектің ауырлығы

6

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетова


Клиникалық жұмыс және үздіксіз

кәсіби дамыту жөніндегі проректор Б.Н. Көшерова


Кадрлар бөлімінің бастығы Е.А. Кравцив
ТЖД бастығы Д.А.Барков
ЕК және ҚТ бойынша инженер Д. Ж. Мейрманов

Каталог: media -> kgmudoc
kgmudoc -> Тәрбие жұмысы туралы есебі
kgmudoc -> Қмму еңбек (ішкі) тәртібінің ережелері Қмму бе 1/1/01
kgmudoc -> Жедел медициналық көмек дәрігерінің клиникалық ойлауы Dr. Wu K
kgmudoc -> 5 қазан 2015 жыл Өткізілетін орны – Гоголь көш., 40, Қмму акт залы
kgmudoc -> Қазақстан Республикасының Заңы
kgmudoc -> Силлабус (Syllabus) Мамандығы
kgmudoc -> «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
kgmudoc -> Жаттығушының аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет