Мобильді құрылғылар сипаттамасы Бірінші планшетті алғаш рет Samsung компаниясы 1989 жылы жасап шығарған



бет2/3
Дата26.10.2022
өлшемі22,03 Kb.
#155070
1   2   3
Байланысты:
Мобильді құрылғылар сипаттамасы

2. Қоректендіру контроллері – CPU (орталық процессор), RAM және ROM (жады микросызбалары), түрлі күшейткіштер, кейде пернетақта мен дисплей және т.б. сияқты телефонның жеке тораптары мен құрылғыларын қоректендіруге арналған кернеудің бірнеше түріне АКБ кернеуін түрлендіру үшін қызмет етеді. Сондай-ақ АКБ зарядтау үрдісін басқарады.
Процессормен бірге оған енгізілген немесе сыртқы дыбыс күшейткіштерін, микрофон, буззерді (полифондық дауыс күшейткіш) белсендіреді. Сондай-ақ SIM (Subscriber Identification Module) картамен деректерді алмасуды қамтамасыз етеді. Жеке чип түрінде орындалған немесе процессор құрамында біріктірілуі мүмкін.
3. Жүйелік тақша мобильді құрылғылар компоненттерінің маңызды элементі болып табылады. Ол электронды құрал, жады, процессор, бейнежылдамдатқыш және оларды байланыстырушы компоненттерден тұрады. Барлық осы компоненттер кез келген мобильді құрылғының аналық тақшасына орнатылады. Бұл – өте «күрделі» модуль, ол ылғалдың, температураның, кернеудің және басқа факторлардың әсерінен істен шығуы
мүмкін.
4. Орталық процессор (central processing unit, CPU) – мобильді құрылғылардың негізгі компоненті болып табылады.CPU кез келген жеке компьютерде, ноутбукте және т.б. орналасқан процессор тәріздес. Ол құрылғының программалық қамтамасыз етуінде қарастырылған машиналық командаларды,нұсқаулықтар мен операцияларды, басқа модульдермен және құрылғылармен нақты өзара әрекеттесуді және оларды кейіннен басқаруды орындауға арналған.
Бір сөзбен айтқанда, процессор – мобильді құрылғының жұмысын толығымен басқаратын «ми». Жеке чип түрінде орындалған. Сондай-ақ құрылғының қалыпты жұмыс істеу кезінде болатын көптеген үрдістерге жауап береді. Олардың негізгілері: бейнені дисплейге шығару, мобильді желі сигналдарын қабылдау және өңдеу, пернетақталық модуль сигналдарын қабылдау және өңдеу, камера жұмысын басқару, ақпаратты қабылдау/жіберу құрылғылары, батареяны зарядтау үрдісі (қоректену контроллерімен бірге) және тағы басқалар.
5. Жедел жады (RAM). Деректерді уақытша сақтау үшін қызмет етеді. Онда программалық кодтың барлық процессорлық есептеулері жүргізіледі, нақты ағымдағы сәтте есептеу және ақпаратты өңдеу нәтижелері сақталады (мысалы,музыканы тыңдау, видеоны ойнату, қосымшалар, ойындар және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет