Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы



бет14/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

СӨЖ тапсырмалары:
Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру – оқушылардың шығармашылық ойлауын бағытталған жұмыс пікірталас ұйымдастыру.

Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» атты еңбегі бойынша дидактикалық ұстанымдар туралы қарасытра отырып, конспект жазыңыз;

Оқушылардың рухани қызығуын туғызу үшін сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша қандай жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Санамалап көрсетіңіз.
II. 3 - тарам. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикалық негізі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен қоғамдық мәртебе беру және оны айрықша сала ретінде қабылдау қажет, оның бірінші кезектегі міндеті – жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау, икемділік пен білімділік болуға тиісті», - делінген. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи – филология бөлімдерінің студенттеріне теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәнінің құрамдас бөлігі.

Педагогикалық талап – білім беру жолында қолданылатын теория мен практиканы басшылыққа ала отырып, мұғалім оқушылардың тілден алған теориялық білімін практика жүзінде меңгерту мақсатталады. Қазақ тілінде әр септіктің грамматикалық тұлғасы біркелкі жүйеде қалыптасқан. Бірақ оны жаттап алу оқушылардың қазақ тілін сапалы түрде тиянақты меңгеруі дұрыс нәтиеже бере бермейді. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады. Осындай тірек материалдарын, сигналды карточкаларды, символдарды мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы – жеделдетіп оқытуға жатады. Ол оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді.

Дидактика зерттейтін оқыту, қалыптастыру, жетілдіру, үйрету, тәрбиелеу сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.

Педагогикалық үдерісте өзіндік дамуға көмектесудің жолы ашылу керек. Жаңа технологиялар мен оқытуда педагогикалық үдеріс шығармашылық сипатқа ие болып, тосын нұсқау бойынша емес, органикалық қажеттілік бойынша жүреді. Ол үшін педагогикалық үдерісте дербес жұмыс түрлері қолданылу керек.

Оқыту үдерісі – педагогтік күрделі үдеріс. Оқу танымдылығының, ғылыми зерттеулер сияқты, ақиқат дүниені процессі болады. Ақиқат дүниені тану – ғылыми зерттеулер жасап, жаңа білімді ашу. Танып білу – бұл адамның сана сезіміндегі ақиқат дүниені бейнелеу процесі.

Әрі тілдік тақырыптарды түсіндіруде оқушы қабылдауын дамытудың ерекше екенін ескере отырып, төмендегідей талаптарды басшылыққа алу;

• түсіндірілетін тілдік тақырыптардың өзіндік ерекшелігін меңгеруде, оқушы үшін байқау мен қабылдаудың мақсатын айқын ұғыну керектігін білу;

• түсіндірілетін тілдік тақырыптарды бір – бірімен салыстыруға, жеке тілдік материалды оқушылардың қалыптасқан білімдік дағдыларымен үнемі байланыстырып отыруға, әртүрлі тілдік тақырыптардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуға, көзделген басты мақсаттар мен жеке мәселерді түсініп айыра алуына бағыт беру;

• оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда тілдік материалдардың түрі, көлемі, ауыр – қиындығы есепке алынып, бұларды қабылдауының сапалы болуына дұрыс нұсқау беру т.т;

• оқыту жүйесінің негізін өзара байланыстығы қиыншылықтың жоғарғы деңгейінде оқыту, бағдарламалық материалды оқытудың жоғарғы қарқындылығын ескеру, теориялық білімнің жетекші, маңызды рөлі сияқты ұстанымдар.

Психологиялық тұрғыдан сабақ неғұрылым әсерлі болса, оқушы оқу материалын соғұрлым дұрыс түсініп, берік білім алады. Бұл, әринеә мұғалімнің шеберлігіне қатысты мәселе.

Бірінші жағдай – сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай құрылуы. Оған қатысты мәселелер мұғалім мен оқушының сабақ кезіндегі қарым – қатынасы, мұғалімнің өзін - өзі ұстауы, биік өнегесі, сөйлеу мәдениеті.

Екінші жағдай – сабақтың теориялық жағынан талапқа сай болуы. Сабақтың теориялық жағы негізгі фактілермен дәлелденіп, ғылыми жағы көңілге қонымды болса, ол оқушының нақты әрі абстрактілі ойлауын қалыптастырады, ынтасын арттырады, сабақ түсінікті болады.

Үшінші жағдай – сабақтыі әдістемелік жағынан тиімді болуы. Ол мұғалімнің материалды меңгерту әдісін щеберлікпен игере алуына, дидактитканың заңдылықтары мен ұсатнымдарын тиісті жерде қолдана білуіне байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет