Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


II. 2.1 – тармақ. Қазақ тілін оқыту арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру



бет13/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

II. 2.1 – тармақ. Қазақ тілін оқыту арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру.
Оқушының психологиялық даму барысы оның физиологиялық дамуына үйлесуі керек. Жасөспірім кезде баланың танымдық қызметі ерекше белсенділікпен өтеді.

Таным теориясы – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасына бейнеленуі, танымдық жалпы шарттар мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске астатын үрдісінің заңдылықтарын, оның негізі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымның саласы.

Оқушылар бойында кездестеін таным қабілеттері дегеніміз – білімді өз санасында белсенді және нәтиежелі түрде бейнелеуі. Ол оқушылардың сыртқы дүние туралы білімді меңгеру ептілігі және дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтиежесінде жүзеге асады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу – мектептегі оқытудың негізгі мәселесі.

Таным үрдісінің үшінші сатысы – сыртқа білдіру барысында жеке адамның сырттан келген ықпалға берген реакцясы танылады. Бұл реакция міндетті түрде бір бағытта болады және жауап ретінде сыртқы дүниеге сәйкес келуі тиіс. Бұл сатының нәтиежесі – жүзеге асу нәтиежесінің бастауында белгілі бір мотивтің тұратыны заңдылық. Түрліше мотивтердің бір нүктеде түйісіп келіп, бір ғана қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі де, бір мотивтің бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыруы да мүмкін.

Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың біріболып қалағн ұлы педагог Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде заттың немесе құбылыстың түп тамырына жету, оны анықтай алу қабілетін дамыту және шынайы түсіну мен қолдана білудің адам баласына ерекше қажет екендігіне аса мән берген. Я.А.Коменский дидактикалық ұстанымдары ұсына келіп, танымдық белсенділікті дамытуда мұғалімнің рөліне жан – жақты тоқтатылады. Оқытудағы басты мақсаттардың бірі – оқушыларға ауыз әдебиеті үлгілерін, ұлттық әдебиеттің әдеби жанр түрлерін, даналардың ұлағатты сөздерін талдату арқылы олардың бойында өз ұлтының танымдық дүниесін сіңіру.

Білім беру барысында оқушыны – білім алу үрдісіндегі негізгі психикалық үрдістерді басынан кешуші субъект деп тану алдыңдағы орында тұрады.

Оқушы – биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қарағанда тұтас тұлға. Оқушының әлеуметтік тұлғасы міндетті түрде, бірінші орында тұрады. Оқу – тәрбие үрдісінің басты мақсаты да оқушының әлеуметтік ортада өзінің орнын таба білуіне жол ашуды көздейді.

«Даму» ұғымының психолоогиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы жа үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму үрдісіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

1. Биологиялық фактор. Бұл ата – анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүру барысында қабылдаған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйе құбылсының ерешелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым – қатынасының нәтиежесі.

2. Әлеуметтік фактор. Бұл – бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл – баламен қарым – қатынас жасайтын адамдардың ортасы. Бұл сондай – ақ баламен қарым – қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез – құлық және ақыл – ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдыларды, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

3. Баланың өз белсенділігі. Даму үрдісіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатысу әрекет күткен нәтиеже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жекебас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жұзеге асады.

Оқушының дамуы дегеніміз – оның өмірлік күш – қуаты мүмкіндіктерінің жұзеге асырылуы. Баланың дамуы туралы психологияда екі бағыттағы көзқарас бар: бірі – баланың дамуын жеделдетуге болады десе, екіншісі – баланың дамуын табиғи күйінде қалдыруды жақтайды. Қазіргі кезеңде оқытудағы білім беру технологиялары бірінші ұғымды қуаттайды.

Атақты орыс педагогі В.А. Сухомлинский: «Оқыту процесінде оқушылардың логикалық ойлауын – дамыту – ұстаздардың ептілігі, оқушыларға сұрақты қойып, оларға дұрыс жауап алу. Мұндайда жауаптар оқушының жеке тұлға болып зерделі дамуына септігін тигізеді, баланың өз ойын дамтыады. Оқушыларға қойылатын сұрақтардың құрылымы болуы керек және баланың жас ерекшелігі ескерілуі қажет. Балалардың сұрақтарына жауап беру, қоршаған дүние туралы әңгімелер – ойлаудың бірінші мектебі».

Ғалым Э.В.Ильенков ойлау қабілеті тек жалпы мәдениетті, білімдерді меңгерумен бірге пайда болатнындығына, сол жолда ақыл – қоғамның адамға тарқан сыйы, ол әрбір адамның өз заманындағы рухани мәдениетті игеруінің барысында қалыптасып, жетіле түсетіндігіне тоқталып өтеді.

Баланың ақыл – ой өрісінің негізі – логикалық ойлау. Логика (грек

тілінде – logos – сөз, сөйлем, ой, ақыл) дүниені танудағы абстрактілі ойлаудың формалары мен заңдары жөніндегі ғалымдар жиыны. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттейтін пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің жүйесін қалыптастыру.

Ойлау мен тіл бір – бірімен тығыз байланысты. Олар бірге пайда болып, бірге дамиды. Бір қарағанда бұл тапсырмалар оңай көрінгенімен біз жас ерекшеліктерін де ескеруіміз керек. Себебі оқу материалдары баланың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшелігін ескере отырып, ұйымдастырылса ғана өз нәтиежесін береді. Сұрақ білім беруде үлкен рөл атқарады. Сұрақ қою арқылы өтілген тақырыптың қаншалықты қамтылғанын және оқушының білімін білуге болады. Логикалық құрылымы дұрыс сұрақтар оқушының ой - өрісін дамытады және өз сөзімен жауап беруге жол ашады.

Тіл дамыту мазмұны тілдің қызметіне байланысты анықталады. Ал тілдің негізгі қызметі – қоғамда қатысым құралы болу. Олай болса, тіл дамыту дегенінің мәні баланы тіл арқылы дұрыс қарым – қатынас жасауға жаттықтыру болмақ. Ол туралы Ф.Ш.Оразбаева: «Тілдік қатынас – ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтиежесінде жүзеге асатын: адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық - әлеуметтік қарым - қатынас» - деген пікір білдіреді. Қарым – қатынас жасау қажеттілігі – адамды тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге игерілмейтін негізгі қозғаушы күш екендігі белгілі. Қарым – қатынасқа түспеген сөйлеу әрекеті тоқырауға ұшырап, мәнін жоғалтады, қарым – қатынас барысында оқушы әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды.

Кез келген адамның өзіне тән шығармашылық әрекеті болады. Оқушы шығармашылығын дамыту үшін мынандай жұмыстар: ертегі шығару, өлең, әңгіме, инсценировкалар жазу, телебағдарламалар, телехабарлар, телешоу ұйымдастыру, сөзжұмбақ, ребус, суретті жаттығулар құрастыру жүргізіледі. Бұл жұмыстар кезінде оқущы өзінің игерген білімі мен іскерлігін байыптауды, өзінің және жолдастарының әрекетіне баға беруді үйренеді сондай – ақ оны өзінен де, өзгеден де талап етеді.

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқуды адамның әртүрлі әрекетінің түрі мен қарым – қатынасының формасында қарай игерілетін білім мен іскерлік үдерісі деп есептейді. Оқу – белгілі бірмақсат көздей арнайы ұйымдастырылған, мазмұны теориялық білім, соның негізінде білім алушының теориялық ойлау, шығармашылық қабілетін дамытуға құрылған оқу үрдісі. Оқу әрекеті оқудың бір формасы ретінде танылады. Оқу әрекеті оқудың бір формасы ретінде танылады. Д.Б.Элькониннің еңбектеріне сүйене отырып, оқу әрекетінің мынандай ерекшелігін атауға болады:

• білім алушының оқытудың мақсатын іске асыру, өз мақсатына жету үшін саналы бағыттылығы;

• әрекеттің мазмұны танымдық және практикалық оқу міндеттерін шешуге құрылған сипатта болуы;

• білім алушының рухани өзгерісі, өзіндік дамуы. Оқу әрекетінің мазмұнына жаңа білім алу үдерісі және әрекеттің тәсілі.

Адамның жеке басының психологиялық қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін құбылыс оның танымдық қызығушылығына

негізделген – білім. Білімнің қалыптасуында бір – бірімен байланысты компоненттер болады. Оның біріншісі – оқу материалын қабылдау. Қабылдау тиімді болу үшін мақсаттылық, саналылық, игерілетін білім тірек білімге негізделуі, жаңғыртылуы, мұғалім оқушының көзбен көріп, құлақпен естіп, көңіліне тоқуына жағдай жасауы қажет. Екінші компонент – оқу материалын ойша өңдеу, жүйелеу. Игерілетін білімінің сапасы оқушының белсенді ойлауымен тығыз байланысты.

Оқушылардың ынтасын қалыптастырудың тағы бір тиімді жолы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын туғызу. Қызығушылық – нәтиежеге жетудің алғышарты. Ол – адамның нысанаға көңіл – күйлік \

қарым – қатынасы. Қызуғышылық екі түрлі болады: іштей қызығушылық, сырттай қызығушылық басым болады. Іштей қызығушылық – пән мазмұнын терең игеру, білімін толықтыру, шығармашылық қабілетін дамыту т.б. Қызығу мотивпен байланысты, ол әрекетке талпындырады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс - әрекет жағдайын туғызушы фактор деп қарастырған. Осылардың ішінде танымдық қызығу – рухани қызығу. Оқушылардың рухани қызығуын туғызу үшін мысалы, сатылай кешенді талдау бойынша мынандай жұмыстар жүргізуге болады:

√ Оқушылардың сатылай кешенді талдауға деген қызығушылығын дамыту. Ол үшін сатылай кешенді талдау бойынша жарияланған оқушылардың, ұстаздар мен ата – аналардың мақалаларын, оқушылардың сатылай кешенді талдау бойынша қорғаған ғылыми жұмыстарын, сатылай кешенді талдау бойынша өткізілген ауызша командалық олимпиаларды, ашық сабақтарды көрсету, мазмұнымен таныстыру, оқыту. Осыларды көріп, танысқаннан кейін оқушы:

√ Сатылай кешенді талдау туралы терең мағлұмат алады;

√ Талдаудың түрлерін, ерекшелігін білуге ұмтылады, талдаудың қызықтығы, еркіндігі, аясының кеңдігі оқушының білім алуға деген ұмытылысын ұлғайтады;

√ Тіл байлығы, ғылыми ойлау қабілеті артады;

√ Тілдің көркемдегіщ құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді. Талдау барысында ұлы ойшылдар мен ғұламалар, ақын – жазушылардың қанатты мен сөздері мен ана тіл, тіған жер, тәрбие т.б туралы айтқан ұлағатты мол толғамдарының, даналық сөздерінің мәтіндерін оқи отырып, өз ұлтына, өз ұлтының сарқылмас қайнары мол мұрасына деген құрметі атады, сүйіспеншілігі қалыптасады.

√ Сатылай кешенді талдау технологиясында пәнаралық байланыс – оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырудың тағы бір тиімді жолы. Талдауға алынған материалдар әдеби шығармалардан, тарих белестерінен, туған өлке табиғатынан алынғандықтан, оқушының ой - өрісін, танымдық қабілетін арттыруға ықпал етеді. Мұндай мысалдарды талдау, түсіндіру, оқушылар санасына сіңіру үшін, сатылай кешендщі талдаудың маңызды екендігін байқатытыру керек.

√ Қарым – қатынас – оқушының әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуге, тіл мәдениетін меңгеруіне, өз ойын мәнерлі де түсінікті жеткізе білуіне, яғни көңілдегі көрікті ойды көркем сөзбен жеткізе білуге бағыттау.

√ Көрнекілік және техникалық құралдарды пайдалану. Көрнекіліктер мен сызбалардың, кестелерінің түрлі оқушылардың логикалық ой - өрісінің дамуына әсер етеді. Сатылай кешенді талдау сызбалары мен кестелері және пайдаланылатын техникалық құралдар оқушыларды жиһандану үрдісіне енуге бағыттайды.

√ Білімді жүйелеу. Бұл кезең әр талдаудың алдына жүргізіледі. Оның мақсаты оқушы игерген білімнің беріктігі, нақтылығы.

√ Жекелеп оқыту. Бұл кезеңнің мәні сатылай кешенді талдауды дәстүрлі жолмен емес, ерекше сипатта ұйымдастыру болып табылады.

√ Сатылай кешенді талдау кезіндегі психологилық жағдай. Мұғалім мен оқушы арасында сыйластық, үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге деген қамқорлығы, ықылыстылық, мейірімділік, ынтымақтастық, табиғилық, әдептілік, сыпайыгершілік сияқты қасиеттер орын алуы керек.

Оқу әрекетінің ең басты нәтиежесі – білім алушының теориялық ойлау мәдениетін, қабілетін қалыптастыру. Қабілеттілік – адамның белгілі бір істі орындай алу мүмкіндігін көрсететін жеке басының дара қасиеті. Оның ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім, іскерлік, дағдының белгілі бір жүйесі болуы тиіс.

Білім – адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтиежесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.

Оқушы оқу әрекетінде әрекет етудің амалын, тәсілін игереді. Амал мен тәсіл оның іскерлігіне айналады.

Іскерлік – алған білімнегізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады. Қандай жағдай болса да білімсіз іскерлік мүмкін емес. Іскерлік – толық аяқталмаған дағды, саналы әрекет етудің амалы.

Дағды – қайта – қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру, яғни әрекетті орындаудың тәсілі. Дағдылар жаттығу арқылы туындайды. Дағды іс - әрекет процесінде оған бағынышты құрылым ретінде қалыптасады. Қайталаусыз жатығу жоқ, бірақ қайталау жаңғырту мен бекіту болғандықтан, жаттығуды жоққа шығармайды, керісінше жаттығу процесінде қайталау кемеліне келіп жетеді.

Сонымен оқу үрдісінде білімнің, іскерліктін және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады.

Осыдан келіп оқыту кезінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің ерекше қызмет атқаратындығы анықталады. Олардың психиологиялық ерекшеліктерін ескеру жұмыстың нәтиежелі болуына өз септегін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет