Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


Қазақ тілін оқыту – жоспарлы үдеріс



бет9/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

Қазақ тілін оқыту – жоспарлы үдеріс. Білім берудегі барлық сатысында да сапалы білім беру жоспар бойынша орындалып, жүзеге асырылады. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орнындағы қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні де мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамаларға сай болашақ қазақ қазақ тілі пәні мұғалімінің қазіргі заман талабына жауап беретін, халықаралық стандартқа сай білімді меңгерген, өз ана тілімен өзінің тарихын жетік білетін, қарым – қатынас мәдениеті дамыған, өзін - өзі жетілдіруге үнемі ұмытылатын, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан жан – жақты дамыған маман етіп қалыптастыруды жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асады. Мектеп мұғалімі оқушылардың жеке басы қасиеттері мен тұлғалық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ету үшін қандай алғышарттарды ескеруі керек, қандай нормативтік – базалық құжаттарды негізге алу керек деген мәселерді саналы түрде меңгеруі басты талап ретінде қойылады. Ол үшін әрбір құжаттың оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәнін, құқықтық негіздерін, мемлекеттік стандарттарды белгілеудегі орнын анық білуі болашақ педагогтің кәсіби сауаттылығын да дамытады, өз ісін нәтиежелі жүргізуге бағыт береді. Қазақ тілін оқыту үдерісін жоспарлы ұйымдастыру тек күнтізбелік немесе күнделікті сабақ жоспарымен шектелмейді. Пәнді оқыту жұмысы Қазақстан Республикасының «Білім беру» және «Тіл туралы» Заңдарынан бастап, білім саласына қатысты мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалар мен жалпыға міндетті білім стандарттарының, пәнді оқыту тұжырымдамалары мен оқу бағдарламаларының мазмұндық – құрылымдық жүйесін танып білуі, оны өз қызметінде дұрыс қолдана алуы оқушы білімінің тереңдігінен кепілі болып табылады. Ол үшін қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің білім мазмұнында өз ісін жоспарлауға қажетті білімдер тиянақталып, олар практикалық тұрғыдан болашақ маманның нақты ізденіс жұмыстарында іске асырылып отыруы да қажетті шарттардың бірінен саналады. Өйткені жоспарлау – кез келген істің биік нәтиежеге жетуінің бірден – бір тетігі. Олай болса, қазақ тіл сабақтарында оқушыларды да өз әрекетін жоспарлауға білім беру технологияларын қолданып отырудың жолдарын меңгерту кәсіби маманның құзыреттілігін дамытуда өзіндік рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет