Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны


-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыздар



бет44/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

3-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыздар:
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. - Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы. - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы. - Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы. - Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
Ы. Алтынсарин.
1. Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтап,мәтін мазмұнын түсіне отырып рөлге бөліп оқыңыздар.
2. Мәтін идеясына өз көзқарасыңызды білдіріңіздер.
4- тапсырма. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті, олардың үйлесімділігі туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.


3- сабақ
Тақырыбы: Жастардың қазіргі келбеті
АЙТЫЛЫМ
1- тапсырма. Мәтіннен түсінгендеріңізді айтыңыздар:
Жастық шақ – жігер қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Замана өзгерді, уақыт ағымы өзгерді. Қоғамдағы бір топ арзан атаққа құмар, екіншісі өмірлік сапары басталмай жатып-ақ түңіліп, қараңғы түнекке кіріп барады. Өзінің қолынан келмегенді өзгеден көріп, өмір сүруін қиындатып, жегідей жеп, мәнсіз өмір кешуде. Бос мақтанға еріп өзін-өзі шамадан тыс бағалауға көшті. Адамдардың қарапайымдылығының ізі бірте-бірте жойылып барады. Байқасаңыз, имандылық, еңбек пен білім, теңдік пен шынайылық сынды ұлттық темірқазығымыздан айырылып бара жатқандаймыз. Жақсы, білімде, адамгершілігі мол, жастарымыздың қатарын көбейтуіміз керек. Ата-анамыз анау көршінің баласындай болсаң қайтеді деп ескертеді.
«Талапты ерге нұр жауар» деген құлагер қазақтың даналары.
Ғұмырын тиімді пайдаланып, жетістіктің асқар шыңын бағындырып, «Нағыз елдің тізгінін ұстайтын бала ғой» деп сүйсіне қарап жүргендерді түгендемес бүрын осы тақырыпта ой қозғадым. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегенді ұстанғаным болар. Әйтпесе, Қазақстанның жұлдызын қай додада болсын жарқыратып жүргендер қаншама. Сол себепті, ешкімнің өміріне қызықпаңыз, еңбек етуден жалықпай, ынта мен ықыласты әрқашан бірінші жұмсау қажет екенін ұмытпайық.
Біз де замана жастарының өзгерудегі себебі мен салдарын таразылап, бағамдап көрейік.
https://massaget.kz/blogs/20123/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет