Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны


тапсырма. Өзіңізге ұнайтын киімдер туралы ой бөлісіңіз



бет48/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

4 тапсырма. Өзіңізге ұнайтын киімдер туралы ой бөлісіңіз.


3- сабақ
Тақырып : Қазақстаннның қазіргі сәнгерлерінің киім үлгілері


1-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар:
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады.
Адамзат қоғамы дамыған сайын көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі- әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты. Киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарайалатынының белгісі болып табылады.

ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Берілген Сын-бейне үстеулерінен сөйлем құрастырыңыздар:


(әрең, бірте-бірте, ақырындап), мөлшер үстеулері (біраз, айтарлықтай, бірен-саран).
3- тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Таза ұстау, пайдалы, көп, қорғау, күннің сәулесі, ыңғайлы, мата, шыдамды, жуған кезде, тері киімдері, құнды, мұра, заман талабы.
4- тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар:
Киімнің негізгі қасиеттері: ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы тағы басқа да ерекшеліктері бар. Киімнің тозуы адамның күтіп ұстауына байланысты. Мысалы: жуған кезде киімнің оңып, созылып кетуі, тері киімдерінің суыққа төзімді болуы тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан, суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады.
Гигеналық қасиет деп киімнің адам денесінен бөліп шығатын заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға пайдасы өте мол материалдарды атаймыз. Қоғамдық дамудың қазіргі сатысында өсімдіктен, теріден, жасанды материалдардан тігіп адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын, ағзаның қалыпты температурасын сақтайтын, сонымен бірге әртүрлі көрік беретін киімдер көп.
Киімнің ерекшеліктері: ол тікелей матаға және киілетін орынға байланысты. Киімнің тағы бір қасиеті жуған кезде тар немесе қысқа болып қалатындығын ескерген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет