Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі



бет8/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның
психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана



қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке


адмның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен адам
өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен
(макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұымдасқан, ұымдаспаған, контакталы
(адамдары ылғи жүздесіп жүретін топ), оқшауланған. формалы, формасыз,
жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен,
класс оқушылары, жұмысшы бригадасы, әскери бқлімше, отбасы контакталы
немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар
ұйымдастырған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, дос жарандар
ағайынтуыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап
құрылады; екіден қрық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп класы),
мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын(саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ,
діни ұйымдар т.б.) үлкен топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми, не ресми
емес жетекшілері (лидері) болады. Топтар ассоцация, кооперация, корпорация
болып бөлінеді мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл -
әрбір адамның қастерлеп, қадір тұтытатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-
бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде
ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А.С. Макаренконың айтуы бойынша ұжым
– мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі-бір дәстүр салттары бар, өзін-өзі
басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. «Жерден
жұлынып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес
сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» (А. Толстой).
Сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен
оның әлеуметтік жағдайын, яғни қандай қоғам мүшесі, қандай таптың өкілі
екенін, нақтылы кәсібін, білімін , іс-тәжірибесін білуіміз қажет.
«Әлеуметшіліксіз, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939) – қазақта ұлт тіршілігі,
ұлт мемлекеті болуы мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-
кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумеуттік қимылдарын тану керек». Осы
айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі бір пікір айтуға мұмкіндік
береді. Жеке адкаамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың
бастлытары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,дүниетаным 
мен сенім, мұрат пен талғам. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет