Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы



Pdf көрінісі
бет45/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

әлеуметтік фасилитация
феноменін суреттеген (ағылшынның facilitate - 
жеңілдету). Индивидтің іс-әрекетінің жылдамдығы мен өнімділігінің 
жоғарылауы сол индивидтің әрекетіне бақылаушының немесе бақталас түрінде 
шығатын шынайы қатысушылардың немесе оның санасында басқа адам 
бейнесінің болуына байланысты. Таныс емес адамдардың енжар қатысуының 
өзі адамның іс-әрекетінің нәтижесіне әсер ететіндігі анықталған. Қасындағы 
адамдар ұқсас жұмыс істегенде немесе олар жұмыс үстінде бір-бірімен қарым-
қатынас жасағанда мұндай әсер күштірек болады. Ұжымдық іс-әрекеттердің 
жекелеген іс-әрекеттерге қарағанда анағұрлым өнімді болатындығы В.М. 
Бехтерев эксперименттерінің қатарында көрсетілген. Басқа зерттеушілердің 
эксперименттерінде шешім қабылдауда топтық тәсілдің жекелеген тәсілден 
артықшылығын дәлелдейтін нәтижелер алынған. Алайда ғылымда басқа 
адамдармен нақтылы қарым-қатынас жасаудың өзі іс-әрекетнәтижесіне кері 
әсер ететіндігін дәлелдейтін басқа да фактілер анықталған. Осыған орай 
әлеуметтік ингибиция
феномені айқындалған. Әлеуметтік ингибиция 
(латынның inhebere – тежеу, тоқтату) яғни басқа адамдардың (шынайы немесе 
қиялдағы) қатысуының орындалып жатқан іс-әрекеттің сапасы мен 
жылдамдығының нашарлауына әкеледі. 
Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және 
ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек 
адам іс-әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп 


жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі 
үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. 
Қарым-қатынастың адамның психикалық дамуына тигізетін әсері аса 
маңызды. Мұны госпитализм деп аталған құбылыстан білуге болады. Кеңес 
үкіметінің алғашқы жылдарында балабақшадағы балалардың жақсы 
тамақтанып, жақсы күтім жасалғанға көңіл бөлінген. Алайда жақын арада 
мұның жеткіліксіз екендігі анықталды: балалар аурушаң болып даму деңгейінде 
артта қалды. Олардың қимыл-қозғалысы дамымай сөйлеу әрекеті қалыптасқан 
жоқ. Оның себебі тәрбие ықпалының жеткіліксіз, аз болғанында еді. 
Госпитализм құбылысын жеңу жолы әр баламен жекелеп жүйелі түрде қарым-
қатынас орнату, қоршаған заттармен баланың әрекетін ұйымдастыру болып 
табылады. 
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара 
әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен
хабар алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен 
оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы 
құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін 
ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік 
міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес. Сонымен, педагог 
қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке оқу міндеттерін шешу 
құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық 
қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың 
оқу мен тәрбиенің табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының 
белгілі бір жүйесін ұйымдастыру тәсілі ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын 
онсыз тәрбиелеу мүмкін емес процесс ретінде көрінеді. Педагогикалық қарым-
қатынас дегеніміз- мазмұны хабар алмасу, оқу-тәрбиелік ықпал ету және өзара 
түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын, педагог пен оқушылар ұжымы 
арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері мен дағдылары. Педагог осы 
процестің инициаторы болады, оны ұйымдастырады және басқарады. 
Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің 
эмоционалдық фоны, ал екінші жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы 
болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара 
әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, 
хабар алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен 
оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы 
құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін 
ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік 
міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес. Сонымен, педагог 
қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке оқу міндеттерін шешу 
құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық 
қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың 
оқу мен тәрбиенің табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының 
белгілі бір жүйесін ұйымдастыру тәсілі ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын 
онсыз тәрбиелеу мүмкін емес процесс ретінде көрінеді. Педагогикалық қарым-
қатынас дегеніміз- мазмұны хабар алмасу, оқу-тәрбиелік ықпал ету және өзара 


түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын, педагог пен оқушылар ұжымы 
арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері мен дағдылары. Педагог осы 
процестің инициаторы болады, оны ұйымдастырады және басқарады. 
Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің 
эмоционалдық фоны, ал екінші жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет