етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де,
қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады.
«Тілектің алдын-артын тексеріп үйренген адам балалықта ебдейсіз,
еркеліктен,
қияңқылықтан,
есейгенде
есерліктен
аман
болмақшы»
(М.Жұмабаев). Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрге
келтіреді. «Жақсы ниет жарым ырыс» деп халық тегін айтпаған.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін, әрекеттің
орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде
өзіне «Не істеу керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде
«Қалай істеу керек?» , «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?»
деген
сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді,
айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны
жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің
стол жасап алғысы келді
дейік. Ол алдымен бұған қандай материал жарайтындығын, оны қайдан алуға
болатындығын ,
қандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың көлемін т.б.
топшылап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жаса- күрделі
процесс. Ол адамның белгілі білімін. өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын
қажет етеді.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін
адамның тілегі
оның нақтылы қалауына көшеді
. Қ а л а у
– мақсаттың
айқындығы, оған жеткізетін
тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі.
Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете
алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай,
қайшы келіп
отырады.Бұл арада оған осы екі мамандықтың біреуін таңдау қажет. Ал осы
мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайқақтайды,
бұлардың
қайсысын қалауын білмей, әуре- сарсаңға түседі. Міне, осындай
жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны
психологияда
Достарыңызбен бөлісу: