Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Оқушы темпераментімен санасу



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

Оқушы темпераментімен санасу 
Адамдардың темпераментін анықтау үшін оны өте мұқият зерттеу қажет 
болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердің кейбір ерекшеліктері байқала 
қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. 
Темпераменттер нерв жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, 
оларды тек лаборатория жағдайына ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. 
Жоғарыда 
атап 
өткендей, 
адамның 
іске 
қызығуы 
әуестенуімен 
байланыстылығы және істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі 
көрінетіндерін психология ғылымы дәлелдеп отыр. 
Түрлі темпераменттердің ішінен бұлардың қайсысы жақсы деп сұрақ 
қоюға болмайды. Кез келгеннің де ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Әр адам өз 
темпераменттінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолын 
қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе- бұл осы 
адамның сана сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал 
керісінше, адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің 
қайсысы болсын адамды ұнамсыз етіп көрсететін болады. 
Оқушылардың мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуді олардың 
темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп отырудың маңызы зор. Темперамент 
трбиесінде әрбір мұғалім И. П. Павловтың нерв жүйесінң типтері туралы 
іліміне сүйенуі тиіс, Павлов ілімі нерв жүйесінің типтері өмір барысында 
өзгеріске түсетіндігін, бұлардың тума ерекшеліктерімен қоса, қоғамдық 
тәрбиенің әсерімен қалыптасатын типтері де болатындығын, нерв жүйесінің 
типтерін арнаулы жаттығулар арқылы өзгертуге болатындығын көрсетті. 
Мәселен, қозуы аса күшті ұстамсыз типтің нерв процестерін теңдестіру арқыы 
одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындыы байқалады. 
Осы ілімге сүйене отырып тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан 
аулақтатып,тыныш ұзақ жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты 
сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жабарақаттыққа тәрбиелеулері тиіс. 
Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеулері олардың моральдық 
қасиеттерін тәрбиелеу ісімен ойластыра жүргізуді жоспарлаған жөн. 
Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе, мінез-
құлықтық кейбір теріс көріністерді әңгіме болған кезде олардың темперамент 
өзгешеліктері еске алынып отырылуы тиіс. Мұғалім үй тапсырмаларын сұрау, 


жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке –үндесіп отырмаса 
болмайды. Мәселен, тілі мен жағына сүйенген холерикті тыныштандырып, 
үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен асқан 
байсалдалықты қажет етеді. Ал кейбір жағдайда меланхолик бала тәртіп бұзған 
болса(мұндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып 
тиіспейді), оны жұрт алдында қызартып, ұялту дұрыс емес. Мұндай баламен 
істің мәнісін ашу үшін оңаша сөйлескен дұрыс,тіпті бір қараудың өзі жетіп 
жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған 
талапты қалайда орындатқызу жағын ойластырмаса болмайды. Сангвиниктер 
мен холериктердің мектептегі қоғам жұмыстарына өздері тіленіп қатысатыны 
өте жақсы әдет Бірақ бұларды қадағалап, жұмысына бағыт беріп отырмаса, 
жұмыстың нәтижесі төмен болуы ықтимал. Әсіресе сангвиниктерді қатты 
бақылаған абзал, өйткені олар жұмылып кіріскендерімен, жылдам суып 
қалатын балалар. 
Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітістерін, 
сезім-эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның 
өзін-өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем 
береді. Ерік темпераменттің кез келген түрінен де алдыңғы қатардан орын алу 
қажет. Ерік –жігері күшті дамыған адамға темпераменттің қандайы болсада 
жараса береді. Мәселен, нағыз холерик темпераментінің өкілі боп саналған 
орыс қолбасшысы Суворов ерік- жігерінің аса күштілігінен темпераменттің 
жетегінде кетпей, ерлік істердің небір кереметтерін көрсетіп, туған Отанының 
даңқын шығаруға зор үлес қосқан. 
Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да 
көп әдістер мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, 
яғни ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, тәлім-тәрбиесіне, нақтылы 
әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, 
осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, 
оқушының жасына қарай оқудағы үлгірім дәрежесін, тәртібін, басқа 
балалармен қарым-қатынасын, қоғам жұмыстарына қалай араласатындығын 
ұдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс жасау, әсіресе қоғамдық 
пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет. «Темпераментті тізгіндей білу үшін 
адамның жақсы тәрбиеленуі керек» (М. Жұмабаев). 
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын сыртқы дүниенің 
сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отыратын 
қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. 
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның 
сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де 
болады.Мысалы,біреудің қатал,не тымыр болуының негізінде адамды 
менсінбеу,тәкәппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі 
жатпай,оның темпераментінің нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты 
қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. 
Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің 
айырмашылығын 
сипаттайтын 
сапалы 
өзгешелік.Мінез-көп 
қасиеттің 


бірлігі,түрлі өзгешеліктерінің қосындысы,сонымен қатар адамды әр қырынан 
көрсететін қасиет. 
Мінез-кең мағыналы ұғым.Онда түрлі сапалар тоғысып жатады.Мінездің 
моральдық жағынан тәрбиелілігі,бірқалыптылығы,толықтылығы,күші мен 
айқындылығы,салмақтылығы-оның негізгі сапалары болып есептелінеді. 
Мінез сапасының негізгі компоненттері-ұжымшылдық,гуманизм,адамдарға 
қамқорлық.жолдастықты 
қадір 
тұту,жұртшылық 
пікірімен 
санаса 
білушілік,өзінің міндеттерін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық. 
Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана 
жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды.Тек осындай мінезі бар адам ғана 
алдына айқын мақсат қоя алады. 
Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды.Жаман 
болсын,жақсы болсын,әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады.Бірақ жоғарыда 
айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе 
бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады.Сондай-ақ адам 
түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі мүмкін. 
Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. 
Өйткені әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен,бірде осындай қасиеттерімен 
көзге түсуі мүмкін. 
Мінез 
адамның басқа 
психикалық 
қасиеттерімен, 
яғни, 
қабілет, 
темпераментімен тығыз байланысты. Мінезді қалыптастыруда ерік-жігердің 
қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Ал, жігерсіз адамның 
мінезі де бос, сылбыр келеді. Мінез өзгермейиін тума қасиет емес, ол өмірде 
қалыптасады. Мысалы, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, 
не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында 
өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет