4) адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың
негізгісі, оларға: кішіпейілдік, қарапайымдылық,
өзін-өзі сынай алу, талап қоя
білушілік, - өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық, т.бт жатады.
5) Адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктерін
құрайтын мінез бітімдері: бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің
жотасы деп атайды.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып
екіге бөлінеді.Күшті мінезге – мақсатқа талпынғыштық, дербестілік,
тоқтамға
келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік,
жинақтылық, ерлік т.б. жатса,
әлсіз мінезге – негативизм (теріс), иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық,
жүрексіздік, т.б. кіреді.
Мінез,
сонымен бірге, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек, бейбастық, итмінез
т.б. түрлерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: