Бақылау сұрақтары:
1.Ат жарыс спорт түрлерімен таныстырып, атап шығу.
2.Ат жарыс тұрлерінен жарыс өткізу ережелерімен таныстырып, атап шығу.
3.Ат жарыс тұрлерінен жиы өткізілетін жарыстармен таныстырып, атап шығу.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі әдебиет:
1. Алимханов Е. Қазақтың халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері. Монография. Алматы. «Қазақ университеті»2018. 330 с. (10экз)
2.Байзакова Н.О.,Заурбекова Р.П.,Андарбаев О.С. Жылжымалы және эстафета ойындары –салауатты өмір негізі.Оқу-әдістемелік құрал.Алматы. «Қазақ университеті».2015.
3.Байзакова Н.О. «Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың әдістемесі» Алматы «Қазақ университеті». 2009 ж. ( 10 эк.)
4.Байзакова Н.О., Камысбаева Ж.К.,Жумабеков А.Ж. Білімгерлерге дене тәрбиесі тәсілдері ретінде қимыл-қозғалыс және эстафета ойындары. Тараз, 2003.
5. «Казахская интеллектуальная игра тогызкумалак покоряет Европу» Б. Сагат, 2008 ж, azattyq.org/a/togyzkumalak_toguzkumalak/1363753.html
11 Дәріс : Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мағлумат (мәселелі).
Дәріс мақсаты:
1.Тоғызқұмалақ ойынның шыққан тарихымен таныстыру.
2. Тоғызқұмалақ ойынның техникасымен танысу.
3. Тоғызқұмалақ ойынның ережелерімен танысу.
Өте қызық әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, мықтап дамып келеді.
Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын « малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отаудың» орнын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз – тоғыздан бөліп салып, ойынды бірден бастап кететін болған.
Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз. Ал негізінде, Қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ тақтасын бейнесінің қвзірге дейін сақталуы бұл ойынды халқымыз көне замандарда – ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу жердегі Ақшуқыр деген тас төбенің үстіне тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары тастың бетіне қашап ойылған.
Барлық құмалақты салатын шұнқырды қазан, тоғыз – тоғыздан құмалақ салатын шұнқырды отау деп атаған. Бұл ойынның жүрісін оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді.
Ойын ережесі: Алғашқы жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды.
Есте болатын нәрсе: алғашқы жүрісті ойыншы тоғызыншы отаудан бастауына болмайды, басқа отаулардың кез келгенінен бастап жүре беруге ерікті.Ең соңғы қумалақты қарсыласының құмалақ алу үшін, оның ең соңғы тақ қумалағымен жұптап, бәрін өз қазанына салып қояды.
Ойын барысында «түздық алу» деген болады. Жүрген ойыншы ең соңғы құмалағын қарсыласының екі құмалақ жатқан отауына түсіріп, үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласынан тұздық алған болып есептеледі. Тұздық ашу мақсаты - әрбір жүріс сайын отауға түсетін құмалақты өзіне алып отыру. Ойын ережесі бойынша тек тоғызыншы отаудан тұздықты алуға болмайды.
Ойын барысында, әсіресе, ойын соңында таман келгенде ойыншының біреунің құмалағы таусылып қаладыда, жүретін жүрісі бітеді. Бұл жағдайды «атсырау» деп атайды. Атсырауға тап болған ойын партиясы ұтылғанға есепеледі.
Ойын соңында жеңіске жету үшін қазанына міндетті түрде 82 құмалақ жинау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |