Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)


Дәріс 14 ЖЫЛДАМДЫҚ ПЕН ШАПШАҢДЫҚҚА ҮЙРЕТЕТІН ОЙЫНДАР (мәселелі)



бет12/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

Дәріс 14 ЖЫЛДАМДЫҚ ПЕН ШАПШАҢДЫҚҚА ҮЙРЕТЕТІН ОЙЫНДАР (мәселелі).
Дәріс мақсаты:
1.Жылдамдық пен шапшандыққа үйрететін ойындардың мінездемесімен танысу.
2. Жылдамдық пен шапшандыққа үйрететін ойындардың ережелімен танысу.
3. Жылдамдық пен шапшандыққа үйрететін ойындардың тізімімен танысу.

Денесін өз ықтиярына бағындыра білу, өз еркімен дене мүшелерін жылдамдықпен пайдалана білу жеңілдік, шапшаңдық деп аталады. Дене жеңілдігі, қозғалыс әрекетінің жылдамдығы көбінесе дене тәрбиесінің, түрлі спорттық-көпшілік ойындарының негізінде пайда болады. Жеңілдікті, шапшаңдықты арттыратын ойындарға негізінен доппен ойналатын ойындар жатады. Бұл ойындарда түрлі дене қозғалыстарына себеп болатын түрлерді яғни, жүгіру, секіру, еңкею, т.б. бірге пайдалану өте пайдалы болады. Мұндай ойындардың барлығы дерлік баланың жандүниесіне ерекше әсер етіп, оның бойында ептілік, сезімталдық, жеңілдік секілді қасиеттердің дами түсуіне ықпал етеді.


Жеңілдік пен шапшаңдыққа үйрететін ойындарға “Ақсүйек” секілді ұлттық ойындармыздан бастап, “Қармақ”, “Үйрек ату”, Көмбеден доп шығару” сияқты ойындар жатады.
Ақсүйек
Ақсүйек ойыны жоғарыда атап өткеніміздей көне замандардан келе жатқан ұлттық ойындарымыздың біріне жатады.
Ойыншылар кемінде 10 адам болуы керек. Ақсүйекті тіпті 50 шақты адамға дейін ойнауға болады. Ойын өтетін алаң тегіс, кең жер болуы шарт. Ойынға керекті құрал ретінде малдың таза сүйегі таңдап алынады. Ойын ережесі төмендегідей: ойын түнде, айдың жарығымен ойналады. Ойынға қатысушылар ортақ бір көмбе белгілейді, топтан бір адам шығып ойынға пайдаланатын мал сүйегін, яғни ойын шарты бойынша “ақсүйекті” белгілі бір бағытқа қарай құлаштап лақтырады. Ойынға қатысушылардың мақсаты – ақ сүйекті тауып көмбеге әкелу. Бір ескеретін жайт, ойыншы сүйекті тауып алса, тауып алғанын ешкімге білдірмеуге тырысуы қажет. Өйткені, өзгелер сүйекті кімнің тауып алғанын білсе, тартып алуға тырысады. Сондықтан сүйекті тауып алғанын ойыншы тек көмбе басында жария етеді, енді сүйекті сол адам лақтырады.
Ақсүйек ойыны баланы тез қимылдауға, шапшаң жүгіруге және сезімталдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейтін көпшілік қауымға белгілі қазақтың ұлттық ойыны.


Қазанды қорғау
Ойынға 5-тен 10-ға дейін бала қатыстырылады. Ойын өткізілетін жер тегіс және ауданы 10 шаршы метр (10x10) болуы керек. Ойынға таңдалған осы жердің дәл ортасынан тереңдігі 20 - 30 сантиметр шамасында дөңгелек қазанға ұқсас шұңқыр қазып, ол шұңқырдың айналасына жарты ай бейнесінде бірнеше айшық шұңқырлар қазылады. Ойынға керекті құралдар ретінде әр балаға бір-бірден ұзындығы бір метр шамасында таяқ пен шағын доп беріледі.
“Қазан” деп аталынатын бұл ұлттық ойынымыз қазіргі заманның керлинг ойынына ұқсас.
Ойын мынандай тәртіппен ойналады: ойыншылардан бір адам шығып таяғымен допты қақпалап не түрткілеп қазылған шұңқырға яғни қазанға түсіруге тырысады. Қалғандары өз таяқтарын қазанның шетіндегі айшық шұңқырға тіреп тұрады, келе жатқан допты қағып қазанға түсірмеуге тырысады.
Бұл ойынның қызық жері – допты қазанға түсірмес үшін таяғымен қағып жіберген кезде үлкен шұңқыр айналасындағы айшық шұңқыр бос қалады. Сол мезгілде допты қазанға қарай әкеле жатқан ойыншы таяғын бос қалған айшыққа тіреп немес шұңқырға жақындатқан добын қалайда қазанға түсіруге әрекет жасауы керек. Айшыққа таяғын тіреп тұрған балалар допты қазанға да түсірмей, айшықты да бермеуге тырысады. Ал егер кімде-кім айшықтан айырылса, сол ойыншы допты қазанға түсіру қызметін ие болып, ойынды қайта бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет