Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)



бет13/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

Кірпік шешенше қарғу

Ойыншылар саны 2-ден 20-ға дейін барады. Ойын ер балаларға арналған. Ойын мына түрде өтеді: ойынға қатысушылар бірінің артына бірі қатарласып тұрады. Ойыншылардың арасы 3-4 метр шамасы ашық болуы керек. Содан соң бір аяқтарын алға қарай созып, еңкейіп қолдарын созған аяғының үстіне қойып, басын ішке қарай иіп тұрады. Бәрі осылай тұрған соң, қатар соңындағы ойыншы артқа қарай бірнеше адым шегініп тұрады да, қатарласып тұрған балалардың үстінен секіреді. Секірген кезде қатарласа еңкейіп тұрған балалардың басына аяқтарын тигізбеуі қажет. Осы тәртіппен бәрінің үстінен қарғып біткен соң өзі қатардың алдына келіп еңкейіп тұрады. Ойынды бастаған бала айналып өз орынан келгенше ойын созыла береді.


Бұл ойында еңкейіп тұрған баланы итеріп, жығып жіберіп, секіріп өтуге тыйым салынған. Және де еңкейіп тұрған баланың бұғып қалуына немесе тұрып кетуіне болмайды. Бұл ережелер ойын кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамсыз етеді.
Бұл ойынды тек қатарласып тұрып қана емес, дөңгеленіп тұрып та ойнауға болады.
“Кірпік шешенше қарғу” деп аталынатын бұл ойынды мына түрде де ойнауға болады. Ойынға қатысушы балалардың әрқайсысы біріне-бірі қарама-қарсы қарап тұрып, қолдарын бір-бірінің иығына қойып тұрады. Бастарын мүмкіндігінше ішке қарай иіп тұруларына да болады. Екі-екіден осылай тұрған соң, ең соңындағы бала сол қатар үстімен секіреді. Осы тәртіппен басқалары да секіріп отырады, ойынды бастаған бала өз орына келген кезде ойын бітеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Жылдамдық пен шапшандыққа үйрететін ойындардың мінездемесі туралы айтып беріңіз.
2. Жылдамдық пен шапшандыққа үйрететін ойындардың ережелірін айтып беріңіз.
3. Жылдамдық пен шапшандыққа үйрететін ойындардың тізімімен таныстырыңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Алимханов Е. Қазақтың халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері. Монография. Алматы. «Қазақ университеті»2018. 330 с. (10экз)
2.Байзакова Н.О.,Заурбекова Р.П.,Андарбаев О.С. Жылжымалы және эстафета ойындары –салауатты өмір негізі.Оқу-әдістемелік құрал.Алматы. «Қазақ университеті».2015.
3.Байзакова Н.О. «Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың әдістемесі» Алматы «Қазақ университеті». 2009 ж. ( 10 эк.)
4.Байзакова Н.О., Камысбаева Ж.К.,Жумабеков А.Ж. Білімгерлерге дене тәрбиесі тәсілдері ретінде қимыл-қозғалыс және эстафета ойындары. Тараз, 2003.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет