Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)



бет9/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ күресінің техникасымен таныстырып, атап беріңіз.
3. Қазақ күресінің жалпы ережелерімен таныстып,негізгі талаптарын атап шығу.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Алимханов Е. Қазақтың халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері. Монография. Алматы. «Қазақ университеті»2018. 330 с. (10экз)

  2. Алимханов Е. Қазақ күресі. Оқулық. Алматы. «Қазақ университеті». 2020

2. Байзакова Н.О.,Заурбекова Р.П.,Андарбаев О.С. Жылжымалы және эстафета ойындары –салауатты өмір негізі.Оқу-әдістемелік құрал.Алматы. «Қазақ университеті».2015.
3. Байзакова Н.О. «Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың әдістемесі» Алматы «Қазақ университеті». 2009 ж. ( 10 эк.)
4. Байзакова Н.О., Камысбаева Ж.К.,Жумабеков А.Ж. Білімгерлерге дене тәрбиесі тәсілдері ретінде қимыл-қозғалыс және эстафета ойындары. Тараз, 2003.
5. «Казахская интеллектуальная игра тогызкумалак покоряет Европу» Б. Сагат, 2008 ж, azattyq.org/a/togyzkumalak_toguzkumalak/1363753.html


9 дәріс: Ат спорты туралы жалпы мағлумат
10 дәріс: Ат жарыс ойындары тұралы жалпы мағлумат (мәселелі).
Дәріс мақсаты:
1. Ат жарыс спорт түрлерімен танысу.
2. Ат жарыс тұрлерінен жарыс өткізу ережелерімен танысу.
3. Ат жарыс тұрлерінен жиы өткізілетін жарыстармен танысу.
Б Ә Й Г Е
Бұл халық арасында нң көп тараған ат спортының түрі. Жергілікті жерлерде қысқа және орташа қашықтыққа бәйге өткізіледі, сондай-ақ ол жарысқа қатысушылардың барлығы үшін жаппай өткізілетін кросс болып сманалады. Бәйгеде классификация-лық қашықтықтар 7, 12 және 16 км.Тегіс жерде қысқа және орташа қашықтыққа кедергісіз өткізілетін жарыстарға он сегіз жасқа толған спортшылар жіберіледі.
Жарыс тегіс жерде, айнала, тура жұмсақ жолмен тіке шауп, ипподромда өткізілуі мүмкін.Бәйге аты бес жаста және одан да асқан болуы керек.
А Л А М А Н Б Ә Й Г Е
Аламан бәйгеге жасы 20-ға толған және одан асқан спортшыларға қатысуға рұқсат етіледі.Ондайда жарыстың мақсаты мен сипаты ескерілінген соң, соған орай аттардың шабатын қашықтығы 20 км-ден 100 км дейін юолуы мүмкін,қазіргі уақытта жарыс айнала шабатын, сондай-ақ жұмсақ тура жолы бар ипподромда өткізіледі.
Шабандоздың қонышы мықты аяқ киімі, денесіне жабысып тұратын шалбары, қалың матадан куртешесі болуы тиіс, басында жеңіл бөркі немесе орамалы болуы керек.
Атты дайындауға мынадай талаптар қойылады: жүгені басына тар болмацу әрі арқасына батпайтын жайлы болуы тиіс.Қауіпсіздік шаралары: шабандоз атқа тікеіп отыру керек, тізгіні үнемі жинап ұстау қажет, шабандоздың өкшесі башпайларының
денгенйінен төмен болу тиіс.
Ж О Р Ғ А Ж А Р Ы С
Жорғаға әдетте ұлттық киім киген қыз-келіншектер мініп жарысады.Әйелдер үшін қашықтық 2-3 км, олардың жасы он сегізден жоғары болу керек.Жорғаның жасы 3 жастан жоғары болуы тиіс.Жарыс орны тегіс жердегі айналым, жұмсақ тура жол немесе ипподромдағы ат шабатын айналым болуы мумкін. Жарысқа қатысушылар бүкіл қашықтық бойына аттарын жорғасынан жаңылдырмаулары тиіс. Аттың жорғасынан жаңылып, желіп немесе шоқырақтап кетуі ең көп дегенде 2 км-де 4 рет, 4 км-де 5, 6 км-де -7, 10 км-де - 10 реттен аспауы тиіс.
Ескерту: Ат төрттен он екіге дейін шоқырақтаса, жорғасынан жаңылған болып есептеледі, ал 14 рет немесе одан да кеөп шоқырақтаса, шапқан болып санаплады да жарыстан шығарылады; үш ретке дейін шоқырақтау жүріс қосу болып есептеледі, ол үшін шабандозға жаза қолданылмайды.
Қ Ы З Ж А Р Ы С
Жарысқа 16-ға толған және одан асқан, атқа жақсы шаба алатын қыз балалар қатыстырылады. Ат 3 жаста және одан жоғары болуы тиіс. Қашықтықты жарысты өткізетін үйым белгілейді. Ол 500-2000 метр аралығында болуы мүмкін. Жарыс тегіс жерде айналым бойынша, жұмсақ тура жолда немесе ипподромда өткізіледі. Спортшылар ұлттық киім киюлері тиіс.
А У Д А Р Ы С П А Қ
Аударыспақ тиісті дайындықтан өтіп, жаттықтырушыдан және дәрігерлен денсаулығы жөніндегі рұқсаты бар, 18 жасқа толған азаматтар жіберіледі.Спортшылар салмақ категориясына бөлінеді:

  1. Жеңілдеу салмақ 60 кг дейін.

  2. Жеңіл салмақ 70 кг дейін.

  3. Орта салмақ 80 кг дейін

  4. Ауыр салмақ 80 кг жоғарыдан.

Аударыспақтан жарыс, шұнқырлы, шоқалақты бұтасы, тасы және басқа да бөгде заттар жоқ тегіс алаңдағы шеңбердің ішінде өткізіледі. Шеңбердің диаметрі 40 метр. Шеңберден 25 -30 метр жерге көрермендер отыратын жасауға болады.
Жекпе –жек барысында аттан сүйреп түсірген немесе аударып тастаған (егер оның денесінің бір мүшесі жерге тимеген болса) спортшыға беріледі.Таза жеңіске 3 ұпай, жеғіліп қалған сайысшыға 0 ұпай есептеледі.

К Ө К П А Р


Көкпардан жарыс командалар арасында өткізіледі. Жарысқа 18-ге толған тақымы атқа үйренген спортшылар қатысады.Команда құрамы 4-6 адам болады.Жарыс өткізу үшін шұнқыры, шоқалағы, бұтасы, тасы жоқ, топырағы жұмсақ жер таңдап алынады. Алаңның ұзындығы 300-400 метр, ені 150-200 метр.Осы алаңның ортасына мәре- диаметр 9 метр шеңбер сызылады. Алаңның екі жағынва жалаушылармен қақпалар белгіленіп қойылады.Жалаушылардың ұзындығы 50-60 см, қақпа ені 15 метр.Қақпаның сыртына ені 3 метр, ұзыны қақпаның еніндей алаң жасалады. Егер көкпар осы алаңға немесе әйтеур оның шекарасында түссе, оны лақтыру есепке алынылады. Көкпар кезінде қарсыласынң тізгінін ұстауға, аяқпен қарсыласын ұруға, жалпы ертұрманнан ұстауға тыйым салынады.
К Ү М І С А Л У
Жарыстың мақсаты – ең жай дегенде шоқырақтап шауп келе жатқан ат үстінен бір жағына еңкейіп, жерде жатқан орамалды іліп әкету. Бастапқы орыннан мәреге дейінгі ара қашықтық 100 метр. Бастапқы орыннан 10-15 метрдей жерде сөре сызығы болады. Сол сызықтан 50-60 метр тегіс таза (ақшыл ұұм немесе ағаш үгіндісі төселген) жерде орамал жатады. Ол арадан мәреге дейінгі қашықтық 20-35 метр. Жарыста орамалды көбірек көтеріп алған спортшы жеңіп шығады.
Қ Ы З Қ У У
Жарысқа 16-ға толған және одан асқан қыздар мен 18-ге толған және одан асқан жігіттер қатысады. Жарыс басталар кезде жігіт мәре сызығында, ал қыз одан 20-25 метр алда тұруы тиіс. Жарыстың мақсаты – жігіт қызды мәреге дейін қуып жетуі тиіс. Қуып жетіп ,ол қызға жеңіске жеткенін білдіреді. Жарысқа қатысушылар ұлттық киім киюлер тиіс.
Ж А М Б Ы А Т У
Жамбы атуға садақ тартып, мылтық ата білетін атқа тақымы мықты адамдар қатыстырыралады.Жарыс өткізетілетін алаңның көлемі 50х200 метрден кем болмау тиіс. Нысана мылтықпен немесе садақпен көзделеді, сөреден мәреге дейінгі жолдың ұзындығы 150 метр, ені 5 метр. Нысананың мөлшері 50х60 см, жерден биіктігі 3-4 м Нысананы жалаушалармен белгіленгеннен: ұзындығы 40-45 метрлік белдеудің кез келген жерінен тек жүрісті баяулатпай көздеуге болады. Нысанаға жебе немесе оқ тисеғана есептеледі де спортшыға 1 ұпай беріледі, тимесе 0 ұпай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет