Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)



бет15/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

«Секіріп ойнау»
Дайындық. Бастау сызығы белгіленеді.Ойыншылар күштері шамалас екі топқа бөлінеді де, бастау сызығының арғы жағынан баған болып тұрады. Топ капитаны таңдалады. Капитандар бастау сызығына бір ойыншыдан жіберіп тұрады.
Ойынның барысы. Ойыншылар сызықта тұрып, неғұрлым үлкен секіріс жасайды. Келесі ойыншы секіруді алдындағы ойыншы түскен жерінен бастайды және т.с.с. Секіріп болған ойыншылар бағанаға оралып, соңғы болып тұрады. Ойын топтың барлық қатысушылары секіріп болмайынша жалғасады. Ең ұзын секірген топ жеңіске жетеді.
Ойын ережесі:

  1. Секірген кезде сызықты басуға болмайды.

  2. Нәтижесі өкше тиген жерден өлшенеді.

  3. Егер ойыншы құлап қалса – оның жерге қонуы оның бастау сызығына жақын орналасқан жерінен белгіленеді.

  4. Топтың барлығы секіруге қатысуы керек.



«Секіре жүгіру»
Дайындық. Ойнаушылар теңдей екі топқа бөлінеді де, әр топты екі лек түзеп сапқа түрады. Екі лектің арақашықтықтығы – 2м болады.Екі лектегі түспа-түс тұрған екі ойыншы жұп құрап, екеуі бір жіпті жерден 50-60 см биіктікте керіп ұстап тұрады. Әр жұптың арасы бір-бірінен 1м-дей қашық болады.
Ойынның барысы. Басқарушының берген белгісі бойынша екі лектің алғашқы жұбы жіпті тез жерге қойып, екі жақпен жүгіріп саптың соңына барып, қайтарда өз орындарына жеткенше керілген жіптерден секіре жүгіріп келіп, жіпті қайта қөтеріп, керіп ұстап тұрады. Осы кезде екінші жүп өз жіптерін жерге қоя салып, саптың соңына карай жүгіреді. Осы ретпен барлық жұп секіре жүгіріп шыққанша ойын жалгаса береді.Ойынды бірінші болып аяқтаған топ жеңімпаз атанады.
Ойын ережелері:
1.Әрбір келесі жұп алдыңғы жұп жіптерін жерден алғанда ғана жүгіруді бастауға тиіс.
2.Ойыншылар саптың өзіне жақын жақ сыртымен жүгіру керек.
3.Жіптен қатарласып немесе бірінен соң секіруіне болады. Жіпті тиісті биіктен төмен ұстауға болмайды. Жіберілген қатеге айып ұпайы салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет