Модуль1 Дәріс -1 Білім берудің мемлекеттік құжаттары


Дәріс-9 Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары



бет14/16
Дата07.02.2022
өлшемі229,29 Kb.
#82682
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
дәрістехн

Дәріс-9 Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары - мәтінмен жұмыс істеу технологиясы.
(kritik- талдай білу өнері: 1) анықтау, талдау, бағалау ; 2) сынау )
Біздің ойымызша, дұрысы: Талдау технологиясы
Ол үш кезеңнен тұрады: ойлану, ұғыну, ой толғау.
Стратегия – бағыт, бағдар.Технология- нәтижеге бағытталған әдіс-тәсілдер .
2.Стратегиялар
а) Кластер – түйін сөз; сөздер жазу; уақыт (5-10 мин.)
б) Синквейн – жапон поэзиясының түрі
1. зат есім
2. екі сын есім
3. үш етістік
4. төрт сөзден тұратын өз пікірі
5. сөздің синонимы немесе тақырыптың түйіні
В) Екі жақты күнделік
Мәтіннен алған әсері
Шолу

Дәріс-10 Бағалау түрлері. Критериалды бағалау.Блум таксономиясы бойынша бағалау.
Заманауи психологиялық-педагогикалық зерттеудің нәтижелері, жалпы білім беру үдерісінің дамуы, педагогикалық жаңашылдықты еңгізу тәжірибесі үнемі жинақтау мен жүйелеуді талап етеді. Көптеген жылдар бойы бағалау бір оқушының білімін басқа оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерімен салыстырумен аяқталады және мұндай бағалау әдісі төмендегідей кемшіліктерге әкеледі:
Нақты критериалды ( критерий-бағалау құралы) бағалау болмағандықтан, оқу нәтижелерін ата-аналар мен педагогтар, оқушылардың түсінбеуі;
Әрбір оқушыға, мұғалім сыныптың орта білім деңгейіне қарап, баға қоюы.
Оқушыларға қойылған бес баллдық бағалар, нақты білім, білік, дағды элементтерін меңгергенін көрсете алмайды, сондықтан әр оқушының жетістігін анықтай алмауы;
Оқыту үдерісінде мұғалімдер мен оқушылар арасында тығыз байланыс болмаса, оқуда жоғары уәжге жетуге мүмкіндік туғызылмайды, себебі сабақ барысында мұғалімдердің авторитарлық іс-қимылы басым (оқу үдерісін бағыттау, бағалау т.б.).
Бағалау жүйесі - мектепте білім беру үдерісінің негізгі интеграциялық факторы, кері байланысты жүзеге асыру және оқыту мәселелерін талдау негізі.
Критериалды бағалау дегеніміз оқушылардың оқу-таным құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған;оқу барысында білім мазмұны мен мақсаттар сәйкес жететін жетістіктері толық анықталған;салыстырмалы түрде ұжыммен дайындалып, барлық қатысушылар критериийлер түрлерімен алдын-ала таныстырылған үдеріс.
Бағалау міндеттері:
• Оқу үдерісінің әрбір кезеңінде әр оқушыны деңгейлік дайындығын анықтау.
• Оқу нәтижелерін жоспарлаудағы жетістіктері үшін оқушының даму жеке траекториясын түзету мен жеке үдерісін қадағалау.
• Оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру аралығындағы кемшіліктерді жоюды дәлелдеу.
• Оқыту барысында әртүрлі тапсырмалар бойынша бағаның маңызын саралау.
• Оқу бағдарламасындағы білім мазмұнының тиімділігін қадағалау.
• Ата-ана және оқушы, мұғалім арасында кері байланыс жасауды қамтамасыз ету.
Критериалды бағалаудың екі түрі болады:
1.Қалыптасқан (ағымдағы) бағалау.
2. Дәйектелген (қорытынды) бағалау.
Қалыптасқан (ағымдағы) бағалау сыныпта күнделікті жұмыс үдерісіндегі дағды және білім меңгерудегі деңгейін анықтау. Ағымдағы бағалар қортынды бағаларға әсер етпейді және бұл оқушылардың қателер алдындағы қорқынышты жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ материалды алғаш меңгеру шарасы.
Дәйектелген (қорытынды) бағалау белгілі тарау, параграф, не блок, модуль ақпараты бойынша білім және оқу дағдысы деңгейін анықтау. Бағалаудың бұл түрі (жартыжылдық, жылдық) есеп кезеңінде курс бойынша қорытынды бағасын анықтау үшін негіз болып табылады.
Критериалды бағалау өлшемдерін қысқаша сипаттау 
А. Білу және түсіну. Оқыған материалды түсінгенін және білгенін оқушының көрсете алуы, қалыпты және өзгертілген жағдайларда алған білімін пайдалану икемділігі.
В.Зерттеу. Оқушылар кез-келген мәселелерді айқындай алуы, заманауи технологияларды қолдана отырып, заңдылықтар арасындағы байланысты сапалық және сандық талдау.
С.Байланыс. Оқушылар ақпарат беруге, пайдалануға икемді, ғылыми терминдерге сәйкес, таным үдерісін моделдеу (үлгі арқылы) және шартты көрсету қабылеті.
D.Рефлексия. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтардың жауаптарын және мәселелерді шешу үшін таңдалған әдістеме тиімділігі мен мәселелерін ойлау,саралау.
Критериалды бағалау қызметтері: •
оқыту •
қадағалау,
тексеру •
дамыту •
тәрбиелеу 
• диагностикалау (айқындау) • ынталандыру
Критериалды бағалау міндеттері:
•Оқу үдерісінің әрбір кезеңінде әр оқушыны дайындық деңгейін анықтау;
• Оқу нәтижелерін және қысқа мерзімді мақсаттарының жетістіктерін талдау;
• Оқушының даму жеке траекториясын түзету және үдеу үдерісін (прогресс тендецияларын) мониторингі (жүйелі бақылау);
• Оқу бағдарламасын меңгерудегі дәлелденген кемшіліктерін жою;
• Әртүрлі тапсырмаларды орындау барысындағы бағаның дифференциалдық маңыздылығын саралау;
• Оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау;
•Оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін, ата-ана және оқушы, мұғалім арасында кері байланыс жасауды қамтамасыз ету.
Тәжірибенің маңыздылығы
• Оқушылардың жұмыстары объективті бағаланады;
• Оқушылардың орындаған жұмыстары дұрыс үлгімен салыстырылады;
• Бағаларды қою толық алгоритмі оқушыларға айтылып, сондай-ақ ол өзінің атқарған жұмыстар деңгейін анықтайды да ата-анасына жеткізе алады;
• Оқушылардың білім,білік, дағдысы оқыған материалы бойынша ғана критерийлерлер арқылы оқу мақсаттарына сәйкес бағаланады.

Критериалдық бағалау мұғалімдерге мынадай мүмкіндіктер береді:
•бағалау өлшемдерін (критерийлер) дайындау арқылы сапалы нәтиже алуға жағдай тұғызу;
• өз қызметін жоспарлау және талдау үшін тез ақпарат алу;
• сабақ берудің сапасын жақсарту;
• әрбір оқушының оның ерекшеліктеріне сай жеке оқыту траекториясын айқындау;
• бағалау құралдарын және әртүрлі әдістер пайдалану;
• оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныс беру.

Критериалдық бағалау оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:
• оқудың әралуан түрлерін, өз түсінігін білдіру үшін икемділік пен саналы жұмыс түрлерін қолдану;
• нәтижені бағдарлау үшін өлшемді бағалауды түсіну және білу, өз жұмысының жетістігін зердесіне жеткізу;
• өз құрдастары және өзін бағалау, рефлексияға қатысу;
• нақты міндеттерді шешу үшін білімін пайдалану, әртүрлі көзқарас білдіру, сыни ойлау.
Критериалдық бағалау ата-аналарға мынадай мүмкіндіктер береді:
• баланың білім деңгейінің дәлеліне көз жеткізу;
•баланың оқу жетістіктерін қадағалау; 
•балаға оқу барысында көмек жасау.
Критериалды бағалау оқушының білім алу барысында қорқу,сескенуден арылуға көмектеседі , өзін –өзі бағалау,өзіне және біліміне сеніп,еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі артады ,ал мұғалім оқушының білімін субъективті бағалаудан құтылады.
Әр пән арқылы әр тақырыпқа 12 сұрақ дайындалатын болса:
4 сұрағы пән мазмұнына қатысты,
4 сұрағы пәнаралық байланысқа құралса,
4 сұрағы көзқарас калыптастыратындай болу керек.
Мысалы:
4 сұрақ- Қазақ тілінің лексика не морфологиясынан,
4 сұрақ- орыс тіліндегі тюркизмдер, қазақ тіліндегі арабизмдер,
4 сұрақ- түрк тілдерінің ішіндегі қазақ тілінің орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет