Дәріс-2 Педагогтың кәсіби құзыреттілігі Ол үшін педагогтың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың дидактикалық шарттары орындалуы тиіс.
Педагогикалық құзыреттіліктің құрауыштары:
-Білім мазмұнын жаңартудың заманауи басым бағыттарын білу.
-Оқу-тәрбие үрдісіне осы бағыттарды енгізу жолдарын игеру.
-Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды іске асыру (басқару, жоспарлау, қалыптастыру).
1.Орта білімді жаңартудың басым бағыттары:
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
- Базалық, пәндік, түйінді құзыреттіліктердің мазмұны.
- Соңғы нәтижеге бағытталған оқыту түрлері.
-Инновациялық педагогикалық технологиялар түрлері.
2.Оқу және тәрбие үдерісін жетілдірудің негізгі біліктері:
- Сабақ жоспарының жаңа түрлерін ұсыну және эксперимент жүргізу.
- Күтілетін нәтижеге жету үшін технологияларды оқыту үдерісінде кеңінен қолдану.
- Құзыретті тапсырмалар құрастыру дағдысын қалыптастыру.
- Әр сабақ сайын жақын және соңғы кіріктірілген мақсатқа жетуді жоспарлау.
- Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу, насихаттау және оқу үдерісіне енгізу.
3.Оқу және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың біліктіліктері:
- Базалық, пәндік, түйін құзыреттіліктерді қалыптастыру әдістерін анықтау.
- Базалық, пәндік, түйінді құзыреттіліктерді жақын және соңғы кіріктірілген нәтижеге бағыттау.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің үлгі-модель арқылы көрсетуге болады:
Білім салалары
|
Мақсаты
|
Пәндер
|
Кәсіби бағдарлау
|
Негізгі құзыреттіліктер
|
1. Саясат
|
Тарихи таным және құқылық мәдениет
|
Қоғамдық бағыт
Шежіре, халық,
ел тарихы.
|
Тарихшы, философ, заңгер
|
Жауапты және өз құқығын қорғай алатын
азамат
|
2. Мәдениет
|
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
|
Гуманитарлық
бағыт
Тіл,әдебиет,өнер. Этика, эстетика, этномәдениет.
|
Мәдениеттанушы, психолог, журналист, дизайнер, филолог,
өнертанушы
|
Шығармашыл және эстет тұлға
|
3. Ғылым
|
Ғылыми көзқарас және экологиялық мәдениетті дамыту
|
Жаратылыстану
бағыты
Биология, география, физика, химия,дене шынықтыру.
|
Ғалым, мұғалім, дәрігер, т.б.
|
Денсаулығы мықты және эколог тұлға
|
4. Экономика
|
Шаруашылықты жоспарлап, жүргізе білу
|
Есеп-қисап бағыты
Математика, алгебра, геометрия, технология,
сызу.
|
Бизнесмен, кәсіпкер, инженер,
шопан, фермер,
құрылысшы.
|
Қамқоршы отбасы
және бәсекеге қабылетті адам
|
Бұл үлгі- модельдің екінші түрі:
Сары уыз - инвариантты, міндетті пәндік білім деңгейі.
Ақ уыз - вариативтік, мүмкіндік білім деңгейі.
Қабы - өмір сүру, тіршілікке икемділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |