«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» 7 негізгі құзыреттіліктерге саяды: 1.Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті).
2.Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білу).
3.Коммуникативтік(қазақ, орыс, ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау қабілеті).
4.Әлеуметтік (өзара іс-қимыл жасау қабілеті).
5.Тұлғалық (өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті).
6.Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде отаны үшін жауапкершілікті сезу қабілеті).
7.Технологиялық (ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
Аталған құзыреттіліктер « Жаңартылған бағдарлама» талаптарын орындау барысында іске асады. Олар:
1.Пәндерді интеграциялау-кіріктіру және байланыстыру.
2.Бағдарламаға сай күтілетін нәтижелерді анықтау.
3.Оқытудың үздіксіздігі.
4.Оқу үрдісінің бірізділігі және тұтастығы.
5.Оқығанды қайталап(репродуктивті) айтудан арылу.
Өмірлік жағдаяттарға сүйеніп тапсырмалар құрастыру.
6.Деректерді талдау, интерпретация жасау, түсіндіру, қортындылау.
7.Оқу үрдісін және оқушылардың іс-әрекетін түбегейлі өзгерту.
8.Іскерлік әдісін қолдану-америкалық ғалым Д. Дьюидің тұжырымдамасы негізінде:
-оқушылардың қызығушылығын ескеру;
-ойлау және істеу арқылы оқу;
-таным мен білім қиыншылықпен келеді.
-еркін шығармашылық жұмыс және бірлестік арқылы іске асады.
9.Іскерлік амал зерттеушілік, белсенді және интербелсенді әдістерді қолданып, өмірлік жағдаяттарды жобалау арқылы іске асады.
10.Мектеп максималды білім деңгейін ұсынады, оқушы минималды деңгейді игереді. Білім мазмұнының екі деңгейі болады: Максимум-жоғарғы (Занков Л.В.)- күшті оқушы қиын тапсырмалар орындайды, әлсіз оқушы-жеңілін орындайды.
11.Таным мотивтерін ескеру, болашақ мамандыққа дайындау.
12.Үштілділік.
13.Білім жетістіктерін бағалау. Критериалдық бағалау.Ағымдағы күнделікті формативті және қортынды суммативті бағалау.