Байланысты: Ежелгі шығыс өркениетінің қоғамдық-тарихи практикасы және рухани-мәдени жетістіктері
2. Ежелгі Египеттіктердің өнер саласындағы жетістіктері «Өлімге деген наразылық» сенімінің негізінде Ежелгі Египет патшалық фараондары орасан үлкен тас мазарлар салдырушылар бетінде өз аттарын қалдырды. Себебі адам денесі барынша мықты мазар ішінде сақталуы қажет. Бұлар төрт мыңнан аса жыл өтсе де әлі күнге өзгермеген күйінде дерлік сақталып тұр.
Бұл аса ірі құрылыстар оларды жарлық берген әміршілердің қаншалықты құдретті болғанын көрсетеді. Египеттіктер өлген адамның денесін мумиялап, өте алыстағы және қол жетпейтін «мәңгілік мекеніне» дейін шірітпей сақтаса, оның жаны өлмейді дегенге берік сенетін.
Сондықтан да Египет патшалары мен бегзадалары өздерінің салтанатпен көмілуіне тірі кезінің өзінде – ақ дайындық жасайтын және көп қаржы жұмсайтын. Патшалардың тас мазарларының сыртқы түрі өзінің қарапайым ұлылығымен жұрттың енсесін басып, қол астындағы адамдарға патша әмірінің бұлжымас екендігін ұққызғысы келгендей әсер етеді.
Джоссер салғызған тұңғыш пирамида баспалдақ іспетті биік құрылыс болатын. Кейінрек патша мазарлары геометриядағы пирамидалық формамен дәлме – дәл келетін сипат алды. Ең үлкен пирамида IV династия фараоны Хуфурдың салғызған пирамидасы. Оның биіктігі 146 метр болған. Оны салу үшін құрылыс орнына екі млн.нан астам аса ірі известняк тастары жеткізілген. Ол тастар тегістеле қоршалып, асқан дәлдікпен қаланып отырған. Егер грек тарихшысы Геродотқа сенер болсақ, Хеопс пирамидасы 30 жыл бойы салынған және оны салуға патша чиновниктері 100 000 адамды айдап әкелген. Қара жұмысқа ішінара шетелдік құлдармен толықтырылып отырған тұрақты отрядтармен бірге міндетткерліктерді атқарушы көптеген адамдар да пайдаланылды. IV династияның тағы бір фараоны Хафраның пирамидасы әлде қайда аласа болғанымен бастан – аяқ қызыл гранит плиталармен қапталып жасалған.
Египет бізге ежелгі Шығыс мәдениетінің қалыптасуының жарқын мысалын бере алады. Тәжірибе жүзіндегі жетістік пен рационалдылыққа бағытталған, дамушылықтың нәтижесінде алғашқы қауымдық мифтен қалған сезімділік пен образ үйлесіп жатады. Бұл жерде біз, жоғарғы өркениеттілікті
білдіретін дүниені қабылдаудың күрделі түрлерінің, алғащқы
кауымдықпен сиқырлы үйлесімділігін көреміз. Сыртқы жаушылықтың себебінен толық үлгірмесе де адамдардың рухтың мәнінің қалыптасуының алғашқы импульстары байқалады. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда Египет эллин мәдениетінің ықпалына енді.
Аталмыш даму сатысы тек қана Египетке тән нәрсе емес, бұл бүкіл ежелгі мәдениеттің қалыптасуына тән міндетті саты болды. Мұның мәнін Гегель былай сипаттайды: «Сфинксті Етапя рухының символы деп айтуға болады: Табиғаттың үстінен, Хауа ананың денесінен шығып, алға ұмтылып тұрған адамның басы бір рухты бейнелейді. Бірақ қанша аспанға мойнын созып, жан жағына қарағанымен өзінің әлі еркін еместігін сезінеді. Рухының
маңдайы темір шынжырмен құрсауланса да, ол өзінің сана сезімінің мәніне еркін жете қоймаса да, сол сезімді өзіне тән мақсат деп біледі».
Былайша айтқанда Сфинкс, алғашқы мұңдылықтың оянған және сөз мәдениетін іс жүзіне асыруға жаңа бағыт іздеген адам рухының жалпылама рәмізі. Дегенмен, өмір сүрудің күрделі жағдайы Шығыс адамына өзінің жеке еркіндік деңгейінің көтерілуіне мұрша бермеді. Сонда бұл мәселелер Шығысқа жеткізсіз болса да, адамнық өзін өзі ізденуі, өзінің мәнін табу
жолдарын толассыз жүріп жатты. Түрлі бейне-символдар қолдана білген Шығыс өнері, жалпылама әлеуметтік мәдениет астарынан көркемдік өрісті бөліп алуға ұмтылыс жасамады.