Байланысты: Ежелгі шығыс өркениетінің қоғамдық-тарихи практикасы және рухани-мәдени жетістіктері
3. Ежелгі Египеттіктердің ғылым мен білім саласындағы жетістіктері Күнкөрістің қажеттілігі, суармалы жерге негізделген егін шаруашылығының дамуы, сауда алмасуы, табиғатты бақылау және т.б. нәтижесінде ғылыми білімнің нышаны байқала бастады. Шар бетін бежілейтін ежелгі математикалық терминдер, белгісіз сан (икс) және санды квадратқа дәрежелеу пайда болды. Ежелгі егапеттіктер, шамамен «пи» (3,14) санын және бір белгісізі бар теңеуді шеше білген.
Адамдардын ағза кеселдерін жеңілдету мен малдарды емдеу қажеттігінен медицина мен ветеринария пайда болды. Көптеген медициналык жазбаларда кейбір кеселдерді емдейтін рецептің тізімі берілді.
Көне Шығыс мәдениетіндегі эстетикалық құбылысы көбінесе басқа мәселелермен қиылысып жатты. Мысалы египеттіктер өзінің ойын жазба түрде иероглифтер суреттерде қалдыруды даналықтын ең жоғарғы қасиеті есептеді. Египет жазуы әр сөзі алфавиттік, буындык және сурет-бейнелерден құрастырылған белгілерден тұрды. Жию өнерінің былайша айтқанда, даналар мен тіл әдебиетшілерінен айырмашылығы жоқтың қасы болды. Египет, Қытай басқа шығыс мәдениеттерінде өздерінің шығармаларына халық біртұтастық беру үшін иероглифтермен көмкерді. Бұл жерде танқалатын ешнәрсе жоқ, өйткені көне египеттік иероглифтер суреттен пайда болды, ал пиктографиялық элементтер - (сурет жазу) әлі күнге дейін олардын мәтіндерінен көруге болады. Көне дәуірдегі египеттіктер әсемдік бейнелеуді, жігер туғызатын күш-куат, белгі-бейне деп қабылдады. Заттардын бейнеленген белгілерін жасау - тіршілікті сақтау және мәнллікке бет бүру деп есептеді. Сонымен қатар, иероглифиялық қолтаңбанын да, сол сияқты қасиеті бар, белгі болды. Жазу да, өнер сияқты діннің бір бөлігі болды да, абыздардың үлесіне жатты.
Жаңа заман тарихшыларының мұндай деректерді пайдаланбасына болмады. Әрине Египеттің жерінде көптеген есерткіштер сақталып қалды, бұлардың бетіне жазылған таңбалар да бар, бірақ мұны оқып, түсіну ұзақ жылдар бойы нәтижесіз болып келді. 1822 жылы ғана француз ғалымы Ф. Шампольон Египет иероглифтерін оқудың жолын тапты.
Бұған негіз болған генерал Бонапарттың Египетке 1799 жылы жасаған жорығы кезінде табылған Розет тасындағы екі тілдегі (грек - египет) жазу еді. Бұл жазуда Македоннан шыққан Птолемей есімді патшаның қол астындағы халыққа екі тілде декрет жазып таратқаны туралы айтылды.
Птолемейдің есімі өрнектеліп қоршалған, оны әріптерге ажыратуға мүмкіндік болды. Бұл алғашқы қадам ғана еді. Қалған сөздер дауыссыз әріптерден тұрды, дауысссыз әріптер буындық таңбалар мен логограммалардың арасында жазылды.
Ф. Шампольон бірқатар таңбаларды анықтады. Оның шәкірттері бұл жұмысты аяқтап шықты. Ең әуелі тасқа жазылғандарды ажыратумен қара, қызыл сиялармен жазылған жазулар оқылды.
Бұл жазбалардың көпшілігі тез жазумен кейінрек демотикамен жазылған; демотика қазіргі стенографияға ұқсайды. Папирус жазуларының ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: Лейдендік № 344 Туриндықтардың бірі т.б бірнеше қолжазбалар, бұлар Эрмитажда және А. С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің музейінде сақтаулы.