Сыртқы пішіні жалпақтау, үшбқрыш тәрізді болып, ол төменгі жақтың жақ-тіластылық сызықшасынан жоғарыдан төмен, артынан алға қарай қиғаш бағытта өтіп, жақ-тіластылық сіңірлі тігісін құрайды.Артқы талшықтары :тіласты сүйегіне бекиді. Қызметі: төменгі жақ сүйегін берік ұстаған жағдайда , тіласты сүйегін көтеруі.Керісінше тіласты сүйегін жылжытпай мықтап ұстаған жағдайда төменгі жақсүйегін төмен тартады. Нервтенуі: V жұп үшкіл ми нервтің жақ-тіластылық нерві. Қанмен қамтамасыз етілуі: Иекастылық және тіластылық артериялар.
Мойынның тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер
Жалпақ енсіз келіп, төс сүйегі тұтқасының кеуде қуыстығына қараған бетімен және төс-бұғана буынының артқы бетінен басталып, өрлеме бағытта өтіп тіласты сүйегінің денесіне барып бекиді. Қызметі: Жиырылған кезде тіласты сүйегін төмен тарту. Нервтенуі: Мойын ілмегінің жоғары түбіршегі арқылы нервтенеді.
Төс-қалқанша бұлшықеті m.sternothyroideus
Жалпақтау келіп, төс-тіласты бұлшықеттің артқы қапталында орналасқан. Бұл бұлшықет төс сүйегінің тұтқасы мен І қабырғаның шеміршектік бөлігінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, қалқанша шеміршегінің қиғаш сызықшасына, linea obligua барып бекиді. Қызметі: Көмейді төмен тарту. Нервтенуі: Мойын ілмегінің жоғарғы түбіршектері арқылы нервтенеді.