Мойын аймағы


Көмей – тіласты бұлшықеті m.thyrohyoideus



бет5/8
Дата24.09.2024
өлшемі3,74 Mb.
#204970
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
532948.pptx

Көмей – тіласты бұлшықеті m.thyrohyoideus




Ол төс-қалқанша бұлшықеттің тікелей
жалғасы болып саналады. Ол қалқанша
шеміршегінің қиғаш сызықшасынан
басталып, өрлеме бағытта өтіп тіласты сүйегінің үлкен мүйізінің бүйір қапталына барып бекиді.
Қызметі: көмейді тіласты сүйегіне қарай тарту
Нервтенуі: мойын ілмегінің көмей –тіластылық бұтақтары арқылы нервтендіреді.

Қалқанша безін көтеруші бұлшықеті m.lefator gl.thyroideae


Кейбір кезеңде байқалмайтын сирек
кездесетін нәзік бұлшықет. Ол,жоғарыда айтылып көмей-тіласты бұлшықеттің ішкі қапталында орналасып, тіласты сүйегі мен қалқанша шеміршегінен басталып, қалқанша бездің дәнекер тканды қабатына барып бекиді.
Қызметі: Қалқанша без бен оның қабын көтеру болып табылады.

Жауырын-тіласты бұлшықеті m.omohyoideus


Пішіні ұзын және жалпақтау келген 2 қарыншалы бұлшықет.
1)Төменгі қарыншасы –venter inferior –жауырын сүйегінің жоғарғы тілігінің көлденең байламынан басталады.
2)Жоғарғы қарыншасы-venter superior-төменгі қарыншаның тікелей жалғасы болып саналады.
Қызметі: Жауырын сүйегін ықшамдап ұстаған жағдайда, тіласты сүйегін төмен және артқа қарай тарту.Мойын қан тамырлары мен нервтерінің қынабын құрау.
Нервтенуі: Мойын ілмегінің жоғарғы түбіршектері арқылы
Қанмен қамтамасыз етілуі: Қалқанша артериясыж және мойынның беткей артериясы.

Мойынның терең бұлшықеттері


Артқы сатылы бұлшықет m.scalenus posterior
Ортаңғы сатылы бұлшықет m.scalenus medius
Алдыңғы сатылы бұлшықет m.scalenus anterior
Ең ұсақ сатылы бұлшықет m.scalenus minimus


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет