Мойын аймағы


Екі қарыншалы бұлшықет m.digastricus



бет3/8
Дата24.09.2024
өлшемі3,74 Mb.
#204970
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
532948.pptx

Екі қарыншалы бұлшықет m.digastricus
Біз-тіласы бұлшықеті m.stylohyoideus
Жақ-тіластылық бұлшықеті m.mylohyoideus
Иек-тіластылық бұлшықеті m.geniohyoideus

Екі қарыншалы бұлшықет m.digastricus


Бұл бұлшықеттің қарыншалары бір-бірімен сіңірше
арқылы байланысқан.
Алдыңғы қарыншасы-venter anterior – төменгі жақ сүйегінің екі қарыншалы бұлшықеттік шұңқыршасынан басталып тіласты сүйегінің денесіне бекінген.
Артқы қарыншасы –venter posterior алдыңғы қарыншаның сіңіршесінен басталып, еміздік тәрізді өсіндісіне бекиді.
Қызметі: Тіласты сүйегін бекемдеп ұстаған жағдайда, төменгі жақ сүйегін төмен қарай тартады.Керісінше, төменгі жақ сүйегін мықтап ұстаған жағдайда, тіласты сүйегін жоғары қарай көтереді.
Нервтенуі: алдыңғы қарыншасын V жұп үшкіл ми нервтің төменгі жақ-тіласты нервісі. n.mylohyoideus.
Артқы қарыншасы- артқы құлақтық нерв n.auricularis posterior арқылы.
Қанмен қамтамасыз етуі: Алдыңғы қарыншасы –иектің төменгі артериясы-a.submentalis
Артқы қарыншасы- шүйделік және артқы құлақтық артерия арқылы aa.occipitalis et auricularis posterior арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Біз-тіласы бұлшықеті m.stylohyoideus


Жалпақтау және жіңішкелеу келген.Самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталып, төмен және алға қарай бағыт алып, екі қарыншалы бұлшықеттің сіңіршесін екі жағынан орап, тіласты сүйегінің денесіне бекиді.
Қызметі: Жиырылған кезде тіласты сүйегін артқа, жоғары қарай тартады.
Нервтендірілуі: VII жұп ми нервінің біз-тіласты бұтағы, r.stylohyoideus n.facialis арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: бет артериясы, шүйделік артерия

Иек-тіластылық бұлшықеті m.geniohyoideus


Ол төменгі жақтың иектік қылқанынан (spina mentalis) басталып, артқа және төмен бағытта жақтіластылық бұлшықеттің жоғарғы бетінен жанай өтіп, тіласты сүйегі денесіне барып бекиді.
Қызметі: тіласты сүйегін алға және жоғары қарай жылжытса, тіласты сүйегін бекемдеп ұстаған жағдайда төменгі жақ сүйегін төмен бағытта қозғалтады.
Нервтендірілуі: мойын нервтері nn.cervicales арқылы нервтенеді.
Қанмен қамтамасыз етілуі: Иекастылық және тіластылық артериялар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет