Артқы сатылы бұлшықет m.scalenus posterior
Ол V-VІ мойын омыртқаларының қабырғалық
өсінділерінен басталып, ортаңғы сатылы бұлшық еттің артқы бетін жанай төмен қарай бағытта өтіп, ІІ қабырғаның сыртқы бетіндегі сатылық бұлшықеттік бұдырына барып бекиді.
Қызметі: омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған жағдайда, ІІ қабырғаны көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терең тыныс алу қызметін атқарса, кеудені берік ұстаған жағдайда екі жақтық бөлігі бірдей жайылған кезде, мойын омыртқаларды алға қарай тартады.
Нервтенуі: Мойын нервтері
Қандануы:Мойынның терең және көлденең артериялары және қабырға аралық артқы артерия
Алдыңғы сатылы бұлшықет m.scalenus anterior
Ол ІІІ-VІ дейінгі мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінің алдыңғы төмпешігінен басталып, төмен және алға қарай бағытталып, І қабырғаның жоғарғы бетінде орналасқан сатылы бұлшықеттің төмпешігіне барып бекиді.
Қызметі: Омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған жағдайда,І қабырғаны көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терең тыныс алуға ықпал етсе, керісінше, кеуде торын ықшамдап ұстаған жағдайда бір жақты жиырылған кезде , мойын омыртқаларын жиырылған жағына қарай бұрады. Бұл бұлшықеттің екі жақтық бөлігі бірдей жиырылған кезде, омыртқа бағанасын алға қарай иеді.
Нервтендіруі: Мойын нервтендіруі
Қанмен қамтамасыз етілуі: Мойынның өрлеме артериясы және қалқанша безінің төменгі артериясы
Ортаңғы сатылы бұлшықет m.scalenus medius
Ол жоғары 5-6 мойын омыртқалардың қабырғалық өсінділерінің төмпешігінен басталып, төмен алға қарай бағыт алып, қабырғаның жоғарғы бетіндегі бұғана астылық артерия жүлгесінің sulcus arteriae , артқы қапталына барып бекиді.
Қызметі: Кеуде торын мықтап ұстаған жағдайда, мойын омыртқасын алға қарай бүксе,керісінше омыртқа бағанасының мойын бөлігін тік ұстаған жағдайда, бірінші қабырғаны жоғары көтеріп, терең тыныс алуға көмектеседі.
Нервтенуі: Мойын нервтері
Қандануы: Омыртқа артериясы, Мойынның терең артериясы.
Достарыңызбен бөлісу: |