4. Пәнді оқытудың міндеттері: 1) өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру;
2) музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру;
3) сыни тұрғыда ойлауы мен музыкаға деген оң көзқарасты дамыту, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
4) музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту;
5) музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту;
6) музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру;
7) музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу);
8) ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.
"Музыка" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру