Молдрахым Іңкәр Тойбазарқызы спиС 2 курс Практикалық сабақ 9



бет3/5
Дата13.12.2021
өлшемі128,63 Kb.
#125467
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Молдрахым Іңкәр Тойбазарқызы 9практикалық жұмыс жетімдер
Педагогика СӨЖ әд. нұсқау (1), мінездеме 182 (копия), МДТ. ПЕД ПР КУНДЕЛІК 107-2021 2022 БРАШУРКА (копия), МДТ. ПЕД ПР КУНДЕЛІК 107-2021 2022 БРАШУРКА (копия)
Патронат – ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген тұлға (патронаттық тәрбиелеуші) мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиеленуге берілетін балаларды тәрбиелеу формасы болып табылады. Патронаттық тәрбие беру жүйесінде әлеуметтік бейімдеу ерекшелігі бала мен отбасын сүйемелдеу қызметінің қатысуымен бала мен отбасының өзара әсерін ескере отырып, баланы жаңа отбасына бейімдеудің факторлары мен шарттарын анықтаудан тұруы тиіс. Жасалынған жағдай бірінші кезекте бейімдеу механизмін қамтамасыз етуге бала мен патронат тәрбиешілер арасында жаңадан жақсы көру сезімін қалыптастыру мен қабылдау қатынастарын орнатуға бағытталуы тиіс. Бала өмірінің алғашқы жылдарында үй ішіндегі қарым – қатынас оның ойлау жүйесі мен сөйлеу тілінің дамуына зор үлес қосады. Баланың үлкендермен және айналасындағы адамдармен тұрақты түрде қарым – қатынас жасап отыру қажеттігінің өмірлік мәні бар және оның психикасының дұрыс дамуына да тікелей байланысты болмақ. Ата – аналардың балаға деген оң қатынасыда маңызды рөл атқарады. Эмоционалдық тұрғыдан сәтсіз балаларда интеллектуалдық және танымдық белсенділіктері төмен болады, ішкі қуаттың бәрі алаңдаушылықпен күреске, өзінде жетіспейтін эмоционалдық жылылықты іздеумен, бейімделумен кетеді. Патронат ата-ана қамқорлығына алған баласының жанының терең түкпіріне үңіле білсе, баланы тыңдай білсе, өзін де тыңдата алса, бала құқығына қол сұқпай тәрбие ісіне басшылық жасаса, дұрыс нәтижеге жетеді. Патронат ата-ананың өзінің де дүниетанымы кең болып, баланы дүниені танып білуге, байқампаз болуға, білімге қызығушылығын арттыруға күш салып, бүгінгі шешуі қиын деген мәселенің ертең түкке тұрғысыз жеңіл болып қалатынына сендіре білуі керек. Балалармен арадағы қатынас адамгершілік негіздеріне сүйенсе ғана нәтижелі болады. Бала көңілі сезгіш, оның өмір жолын таңдауға өз құқы бар. Сондықтан біз оларға үлкен өмірдің таңдауын жасарда көмек қолын созсақ, сәттілік әкеледі. Бала жаны әрқашан жылу мен мейірімді қажет ететінін естен шығаруға болмайды. Біздің өзіміздің адамгершілігіміз, өз жұмысымызға берілуіміз, баланы сыйлап қадірлеуіміз, әділ шешім шығару арқылы қатаң да дұрыс талап қоя білуіміз маңызды.

Қамқоршылық отбасы баланың қамқоршысымен туыстық байланыстарын жорамалдайды. Қамқоршылыққа, әдетте, ата-анасының біреуінің тарапынан тікелей туысқандары бар балалар беріледі. Қамқоршының міндетіне баланы тәрбиелеу мен дамыту, оның құқықтарын қорғау кіреді. Қамқоршы кәмелетке толмаған баланың өз иелігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сақтауын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады, бірақ өзінің осы мүлікке иелік етуіне құқығы жоқ.

Қорғаншылық ұғымы да қамқоршылыққа жақын. Олардың айырмашылығы мынада: қамқоршылық 14 жасқа дейінгі балалар санатына, ал қорғаншылық 14-18 жас аралығындағы балалар санатына белгіленеді. Балалар мен ересектердің неғұрлым көп саны қамқоршылыққа қарағанда, қорғаншылыққа алынады.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері де қарқынды дамуда. Кемінде 8 баланы тәрбиесіне алған азаматтар тәрбиеші ата-аналар деп аталады; қабылдаушы отбасының тәрбиесіне берілген балалар асыралушы балалар деп, ал осындай отбасы асыраушы отбасы деп аталады.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде қалыпты отбасы өміріне жақын жағдайлар жасалады. Отбасыларда 3-18 жас аралығындағы балалар тәрбиеленеді. Түлектер балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен бірдей жеңілдіктерді пайдаланады. Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің негізгі міндеттері балаларды тәрбиелеу, оқыту, сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және отбасы жағдайларында жеке-дара өмір сүруге дайындау болып табылады. Отбасылық тәрбие үлгісіндегі балалар үйлерінің ерекше түрі балалар жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарына және белгілі бір дін шеңберінен тыс әрбір нақты елдің мәдени дәстүрлеріне сәйкес тәрбиеленетін балалар ауылдары болып табылады. Бүгінгі күні жетім балаларға арналған балалар ауылдары әлемнің 120 елінде жұмыс жасайды.

Бүкіл әлемдегі балалар ауылдары қызметінің негізінде мынадай негізгі қағидаттар жатыр:



  • балалар ауылындағы ана – отбасының басшысы. Бұл рольге конкурс бойынша бар сүйіспеншілігін қамқорлықсыз қалған балаларға беруге дайын жалғызбасты аналар іріктеледі. Сонымен қатар тәрбиеші аналар қажетті оқу бағдарламасын меңгереді;

  • балалар ауылында жас мөлшері әр түрлі балалар тәрбиеленеді, ағайынды және апалы-сіңлілі балаларды ешқашан бөлмейді;

  • әр отбасы шаруашылығын жеке-дара жүргізе отырып, жайлы жеке үйде тұрақты түрде тұрады. Балалар ауылы 12-15 отбасы үйлерінен тұрады;

  • дәстүрлі емес бала мекемесіне басшылықты әр отбасына белсене көмек көрсете отырып, өз отбасымен осы ауылда тұратын балалар ауылының директоры жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда бес отбасы үлгісіндегі балалар ауылы құрылған. Балалар ауылының неғұрлым кең тараған және белгілі нысаны SOS – ауылдар болып табылады. Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Балалардың биологиялық немесе оның орнын алмастыратын отбасылық ортада орналасу мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыс неғұрлым ерте, барынша түбегейлі және жүйелі жүргізілсе, балалардың объективті нақтылық жағдайларында өзін-өзі танытуына, жетім балалардың ашық қоғамда әлеуметтік бейімделуге және әлеуметтенуге қол жеткізуіне тиімді көмектесу соғұрлым ықтимал болып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде. Әсіресе, әлеуметтік жетімдер, яғни белгілі себептерге байланысты ата–аналары құқығынан айырылған балалар саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95% әлеуметтік жетімдерді құрайды. Осындай қиын жағдайға тап болған бүлдір- шіндер балалар үйлерінде, балалар ауылында, психологиялық – педагогикалық реабилитациялық орталықтарында, дағдарыс орталықтары және уақытша пана мекемелерінде тәрбиеленеді. Статистика аталған мекеме түлектерінің 40% – қылмыскер, 30% – маскүнем, нашақор, 10% – өз–өзіне қол салуға баратынын көрсетеді. Ал мемлекеттік жетім балалар мекемелерінде әр балаға айына отбасына асырандылыққа алынған балаларға қарағанда 10– 15 есе артық қаражат қаржы бөлінеді. Сонда бұл балалардың проблемалары материалдық шеңберінде емес, психологиялық сипатта екендігі айқын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет