Ретровирустардың онкогендік әрекеттері
(Мушкамбаров, Кузнецовтан, 2003)
Бірақ, вирус ақуызы құрылымының болар-болмас өзгеруінің нәтижесінде, ретеуші әсерлерді сезбей барлық уақытта белсенді күйде болады. Сондықтан МАПК каскады үнемі стимуляцияланып, тиісті құбылыстар жалғасады, яғни жасуша үнемі бөліне береді.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)
Оқущылардың білімін жан жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән бер
Ген ұғымына түсініктеме бер?
Ген түрлері: аллельді, аллельсіз, летальды,жартылай летальды, класстерлі,структуралық гендер?
Цистрон дегеніміз не?
Вирустар ұғымына түсініктеме?
Ретровирустар дегеніміз не?
Папова вирусына түсініктеме?
Мутаторлық гендер?
Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)
Хромосомалар. Хромосоманың құрылымдық ұйымдасуының деңгейі.
12. Сабақтың тақырыбы: Хромосомалар. Хромосоманың құрылымдық ұйымдасуының деңгейі.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Теория – тақырып таныстыру сабақ
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Оқушыларға хромосомалар құрылысын, құрамын, түрлерін, хромосомалардың жіктелуін оқыту.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.
б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.
1.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004
2. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.
3. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.
4. Притчарт Д.Дж., Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004
2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .
3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.
4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.
5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.
6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.
7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Хромосомалар –жасуша бөлінуінің (митоз), метафаза сатысында, арнайы бояулармен боялғаннан кейін, микроскоп арқылы айқын көрінетін эукариоттар ядросының генетикалық аппаратының бір құрылымы.
Хромосомалар ядрода үнемі болады, бірақ жасуша циклының интерфаза кезеңдерінде (G1, S, G2) ол субмикроскопиялық хроматин күйінде болып, көрінбейді.
Хромосомалардың негізгі химиялық компоненті болып ДНҚ жіпшелері саналады, олардың жалпы ұзындығы 190 см. ДНҚ жіпшелері гистондық ақуыздармен (Н1, Н2А, Н2В, Н3, Н4) байланысып, оралып нуклеосома жіпшесін түзеді, оның ұзындығы ДНҚ жіпшелерінің ұзындығынан 6,2 есеге кем, ал диаметрі 10 нм. Нуклеосома жіпшесі әрі қарай ширатылып, тығыздалып хроматин жіпшесіне айналады, оның ұзындығы нуклеосома жіпшесінің ұзындығынан 18 есе, ал ДНҚ жіпшелерінің ұзындығынан 100 есе кем болады. Хроматин жіпшесінің диаметрі 100-200нм. тең. Хроматин эухроматин және гетрохроматин күйінде болады. Эухроматин митоз кезінде тығыз ширатылып, митоздан кейін щиратылуы босайтын учаске. Бұл жерлерде орналасқан гендер экспрессияланады (транскрипцияланады). Гетерохроматин жасуша циклының барлық кезеңдерінде, яғни митоз кезінде де, митоздан кейін де тығыз ширатылып тұратын және үнемі генетикалық инертті күйде болатын учаске. Гетерохроматин учаскесіндегі генетикалық ақпарат транскрипцияланбайды. Оның констутивтік және факультативтік гетерохроматин деген түрлері белгілі. Конститутивтік гетерохроматин центромера айналасында және теломерлік учаскелерде кездеседі. Ол мүлдем транскрипцияланбайды. Оның қызметі-ядроның жалпы құрылымын сақтап тұру, хроматинді ядро қабықшасына бекіндіру, мейоз кезінде гомологтық хромосомалардың өзара тануын қамтамасыз ету болып табылады.
Факультативтік гетерохроматин ағза жасушаларында, әдетте гомогаметалы (ХХ) жыныстарда, жыныс хроматині күйінде кездеседі, мыс. ұрғашы ұрықтың дамуының 16 күні екі Х хромосоманың біреуі инактивтеніп-жыныс хроматиніне айналады, оны Барра денешігі деп атайды.
Факультативтік гетерохроматин гендерінің активсізденуі арқылы қазіргі кезде активтенуі қажет емес гендер тобының экспрессиясын реттеу механизмдері (тетіктері) іске асады.
Митоз кезінде хроматин жіпшесі әрі қарай ширатылып хроматиннің супер ширатпасы-митоздық хромосомалар түзіледі, оларды микроскоп арқылы көруге болады.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 10 мин (10%)
Оқущылардың білімін жан жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән бер
Ген ұғымына түсініктеме бер?
Ген түрлері: аллельді, аллельсіз, летальды, жартылай летальды, класстерлі,структуралық гендер?
Цистрон дегеніміз не?
Жаңа тақырыпты бекіту 5 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)
Адамның кариотипі туралы түсінік. Хромосомалардың жіктелуі
13. Сабақтың тақырыбы: Адамның кариотипі туралы түсінік. Хромосомалардың жіктелуі.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Теория – тақырып таныстыру сабақ
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Оқушыларға кариотип, хромосомалардың жіктелуін, Денвер және Париж классификациясын оқыту.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Тақырыппен таныстыру (презентация), плакаттар жинағы, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а)техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар жинағы, слайдтар.
б) оқыту орны : 413, 427 б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.
1.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы,2004
2. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.
3. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.
4. Притчарт Д.Дж., Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004
2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .
3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.
4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.
5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.
6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.
7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру 65 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Кез келген биологиялық түрлердің хромосома саны (2n, n) тұрақты болады. Сонымен қатар, хромосома пішіндері, өлшемдері де тұрақты болады. Биологиялық түрлердің хромосома санын, олардың пішіндерін, өлшемдерін қамтитын кешенді сипаттамасын кариотип (Г.А.Левитский, 1924 ж.) деп атайды (56-сурет).
Адамның сома жасушаларында 46 хромосома (2n) кездеседі, олар 23 жұп құрайды. 22 жұп хромосомалар әйелдерде де, ер адамдарда да бірдей болады, оларды аутосомалар, ал бір жұп хромосомалар ер адамдарда бір түрлі (ХУ), әйелдерде өзгеше (ХХ) болып келеді-оларды жыныс хромосомалары деп атайды.
Кариотипті, әдетте метафазалық препараттар дайындап зерттейді. Адам кариотипін жіктеудің (классификациялаудың) 2 түрі белгілі: Денвер классификациясы (1960) және Париж классификациясы (1971).
Денвер классификациясы бойынша хромосомаларды үлкенінен кішкентайына қарай орналастырып, олардың идиограммасын құрастырады да әрқайсысын нөмірлейді, хромосома морфологиясына қарай бірнеше топқа бөледі: мұнда негізгі көрсеткіш ретінде центромералық индекс (ЦИ) пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |