Ақпараттық РНҚ-ның (а-РНҚ) құрылысы
Бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан. Келесі нуклеотидтер рибозаның 21 орны бойынша метилденген болып келеді. а-РНҚ-ның мұндай құрылымы оның 51 ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайды.
б) «қалпақшадан» (кэп) кейін 51 –трансляцияланбайтын учаске орналасқан –ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.
в) инициаторлық кодон- ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды (код -инициатор).
г) инициаторлық кодоннан кейін а-РНҚ-ның негізгі бөлімі-мағыналы-кодтаушы (трансляцияланатын) учаске, яғни полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған учаске, орналасқан.
Эукариоттардың пісіп жетілген а-РНҚ –лары моноцистронды, ал прокариоттар (бактериялар) а-РНҚ-лары-полицистронды болып келеді.
д) а-РНҚ-ның-кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатар -3 мағынасыз кодонның –УАА, УАГ не УГА біреуі орналасқан.
е) кодон терминатордан кейін 31- трансляцияланбайтын учаске орналасқан, оның ұзындығы 5 1 -трансляцияланбайтын учаскеден әлде қайда ұзын.
ж) барлық пісіп жетілген эукариоттар а-РНҚ-сының (гистондық а-РНҚ-лардан басқалары) 31 ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұратын поли-(А) –фрагмент орналасқан.
31–трансляцияланбайтын және поли-(А) фрагмент а-РНҚ молекулаларының тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады, себебі а-РНҚ молекуласының бұзылуы 31 ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтердің үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді.
а-РНҚ нуклеотидтерінің жалпы саны бірнеше мыңға жуық, оның ішінде кодтаушы учаскесіне тек 60-70% нуклеотидтер ғана тиісілі болады. Жасушада а-РНҚ-лар барлық уақытта ақуыздармен байланысып информосомалар деп аталатын кешен пайда етеді.
Тасымалдаушы РНҚ-лардың (Т-РНҚ)
құрылысының ерекшеліктері
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық, яғни әр-бір аминқышқылына 1-ден 5-6 ға дейін Т-РНҚ –лар болады, оларды Т-РНҚала; Т-РНҚфен; Т-РНҚлей; т.б деп бейнелейді, ал инициаторлық т-РНҚ –т-РНҚимет.
Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі-13-15 % , олар:
-гидроуридин (гУ) және псевдоуридин (пУ) ;
-инозин (И);
-метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин (мГ);
-диметилуридин (м2У).
Бұдан басқа т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар»-«ілмекшелер» пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беде өсімдігінің үшқұлақты жапырағына ұқсас болады.
Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі.
Минорлық нуклеотидтер комплиментарлық байланысуға қабілетсіз болғандықтан, олар тек біртізбекті локустарда ғана кездеседі.
Т-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі-31 ұшында 4 нуклеотидтен тұратын акцепторлық бұтақшасының болуы. Оның ең соңғы нуклеотиді-аденинмен (А) тиісілі аминқышқылы ковалентті байланысады.
Т-РНҚ-лардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады.
Т-РНҚ-лардың үшінші ретік құрылымы тұрақты болады. Олар ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдары тасылдап, жеткізіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |