Молекулалық физика. Оқу құралы. Қызылорда, 2003ж., 155 бет


Молекулалық - кинетикалық теорияның дұрыстығын дәлелдейтін жұмыстардың негізгілерінің бірі болып жасалынған Ж.Перрен тәжірибелері болып табылады



бет15/22
Дата08.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#168054
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
жаңасы 1-2тарау мол-физ

Молекулалық - кинетикалық теорияның дұрыстығын дәлелдейтін жұмыстардың негізгілерінің бірі болып жасалынған Ж.Перрен тәжірибелері болып табылады.
1827 жылы ағылшын ботанигі Р. Броун микроскоппен бақылай отырып, сұйықтың ішіндегі майда бөлшектердің үздіксіз бейберекет қозғалыста болатындығын анықтаған. Броундық қозғалыс деп аталынған бұл қозғалыс тек қана сұйықта емес, газдағы кез - келген майда бөлшектер үшін де орындалады. Бұл майда бөлшектер бір-біріне байланыссыз қозғалады және қозғалысы температураның артуына, тұтқырлық пен бөлшек өлшемінің кемуіне байланысты артады. Броундық қозғалыс ішінде майда бөлшектері бар сұйық молекулаларының жылулық қозғалысымен жасалынады. Ішіндегі бөлшектердің өлшемі үлкен болса айналасындағы сұйық молекулалары тарапынан көптеген соққыға ұшырайды. Соққы саны өте көп болғандықтан олардың әрқайсысының соққысы мен бағытын шамалай алмайды. Соққылаудың саны мен бағытының орташа мәні бірдей болғандықтан бірін -бірі теңгеріп, нәтижесінде бөлшек қозғалыссыз қалады.
Бұл бөлшектердің өте аз өлшемінде (10-4-10-5см) соққылар саны айтқандай көп болмай кейбір молекулалардың жылдамдықтарының орташа мәннен ауытқуы байқалып қалады. Шамалардың өте кішкене көлем мен өте аз уақыт мөлшеріндегі орташа мәннен ауытқуы флуктуация деп аталынады.
Флуктуация әсерінен бұл бөлшектерге соғатын молекулалардың импульсі теңгерілмейді. Нәтижесінде бұл бөлшектер тәртіпсіз қозғалысқа түсіп, олардың жылдамдықтарының мәндері және бағыттары өзгеріске ұшырап, броундық қозғалыс жасайды.
Ж. Перрен өзінің тәжірибесінде броундық бөлшектер енген ортамен жылулық тепе - теңдікте болғандықтан олардың биіктік бойынша таралуы Больцман заңына бағынатындығына сүйенеді. Олай болса (1.68) формуласына сәйкес



мұндағы, P’ - Архимед заңына түзету енгізгендегі броундық бөлшектің салмағы.
Логарифмдесек,

Егер биіктіктегі бөлшектер санын сәйкес биіктіктегі бөлшектер санын деп белгілесек, онда


және


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет