Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


Зерттеу жұмысының практикалық маңызы



Pdf көрінісі
бет7/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. 
Зерттеу жұмысының
 
тұжырымдары мен нәтижелері, диссертацияның жалпы материалдары: түркі 
тілдерінің салыстырмалы сөздігі, түркі тілдерінің түсіндірме сөздігі, қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі, қазақ тілінің этимологиялық сөздігін құрастыруда 
материал 
бола 
алады; 
жоғары 
оқу 
орындарының 
филология 
мамандықтарындағы студенттерге қазақ тілінің тарихы, қазақ тілінің тарихи 
грамматикасы, когнитивті грамматика, функционалды грамматика, тарихи 
лексикология, мәтін лингвистикасы пәндерін оқытуда және аталған бағыттар 
бойынша оқулықтар жазуда материал бола алады. Сондай-ақ «Тарихи-
функционалды грамматика» деп аталатын жаңа пән қалыптастыруда 
бастапқы материал бола алады; «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 
жастардың тілдік білімін тереңдету мен ана тілінің тарихын тануда да 
көмекші материал болады; «Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы» 
деп аталатын тілді категория шеңберінде модельдеп үйретуге арналған 
электронды әдістемелік құрал мен бағдарлама жасауға, қазақ тілінің дәстүрлі 
өлшемдерінің модельді картасы мен оның электронды нұсқасын жасауға 
болады. Сондай-ақ «Wikipedia» ашық энциклопедиясы мен қазақ тілді 
«Google» базасын толықтыруға материал бола алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Мөлшер категориясы – қазақ тілі мен әлем тілдеріндегі ең байырғы 
категориялардың бірі. Онда халықтың, этностың, ұлттың тарихы, дүниеге 
көзқарасы, өмірлік құндылықтары, дүниені мөлшерлік тұрғыдан танудың 
кодтары сақталған; 
- Мөлшер категориясы қазақ тілінің барлық тарихи кезеңдері мен тіл 
деңгейлерінде көрініс табады. Барлық тарихи кезеңдерде мөлшер семантикасын 
берудің синтаксистік құрылымдары, көркемдік амалдары, аналитикалық-
синтетикалық тәсілдері негізінен бірдей, тек әр тарихи кезеңдерде мөлшерлік 
лексемалар 
морфонологиялық, 
фонетикалық 
өзгерістерге 
ұшырап, 
семантикалық өрісі кеңейеді немесе тарылады және функционалдық әлеуеті 
бірде артып, бірде бәсеңдеп отырады; 
- Қазақ дүниетанымының бастауында нақты шамалық ұғымдар мен 
өлшемдер тұрса, рухани ізденістер өрістеген сайын ол абстракцияланып, 
образды формаға айнала бастайды да, көркемдік, эстетикалық мазмұны 
күшейеді. Бұл кейде қайта айналып, нақты ұғымдарға ұласады. Мөлшер 
категориясының ішкі құрылымы осылай ұдайы айнымалы үдерісте, 
қозғалыста болады; 
- Мөлшер категориясы поэтикалық тілде жаңаша сапада, сипатта танылып, 
категориялық әлеуеті кеңейеді, мөлшер семантикасының жасалу тәсілдері мен 
мазмұны қарапайым сөйлеу тілінде жоқ үлгілермен толығады. Мөлшер 



семантикасы көркем тілдің эпитет, метафора, перифраз, метонимия, теңеу, 
әсірелеу, т.б. тәсілдері арқылы да ажарлы, образды формада беріліп, тілдің 
эстетикалық қызметі үшін де жұмсала алады. Бұл орайда мөлшер категориясы 
поэтикалық тілге ең оңтайлы категориялардың бірі ретінде танылады; 
- Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы көбіне екі бағытпен 
ұштасып жатады: бірінші – лингвомәдени бағыт. Яғни халықтың мәдени 
өмірі өзгерген сайын мөлшер категориясының тілдік формасы да өзгеріске 
ұшырап, толығу, даму, екшелу үдерісінен өтеді; екінші логикалық-танымдық 
бағыт. Яғни этностың, халықтың рухани құндылықтары алмасқан, өзгерген, 
дамыған сайын мөлшер категориясының ішкі құрылымдары да өзгеріске 
түсіп отырады. Мөлшер категориясының мұндай өзгерістеріне белгілі тарихи 
кезеңдерде орын алған ірі саяси өзгерістердің ықпалы зор; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет