Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет10/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Субстантивті 
мөлшер 
Субъективті 
мөлшер 
Ұғымдық 
мөлшер
Лингвистика
Тіл 
философиясы
Өзге ғылым 
салалары
Философия 
Өзге 
тілтанымдық 
зерттеулер
Тілдің тарихи 
қабаты
Тілдік 
мөлшер
Лингвопоэтика 
Поэтикалық
мөлшер
Бейтарап
мөлшер
Біздің
зерттеу
Мөлшер 


11 
І МӨЛШЕР КАТЕГОРИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Мөлшер категориясының философиялық мәні 
 
Әлемнің тілдік бейнесі мәселесін сөз еткенде, оны сипаттайтын 
категориялық, концептуалдық ұғымдарды ең әуелі философиялық аспектіде 
негіздемей, оның мәнін тереңнен түсіну мүмкін емес. Философия «болмыстың 
мәні жайлы ғылым» болғандықтан, ол жаратылыстық дүниедегі заттар мен 
құбылыстар, олардың өзара ішкі байланыстары мен өмір сүру, даму 
заңдылықтары туралы терең танымға жетелейді. Ал философияның бір саласы 
саналатын «тіл филосифиясы» тілтаным үдерісінде методологиялық маңызға ие. 
Осы тұрғыдан келгенде, біз зерттеу нысаны еткен жалпытілдік «мөлшер 
категориясы» да, ең әуелі, философиялық ой-тұжырымдарды басшылыққа алады. 
Олай болса, «мөлшер» деген не? Оның өмір сүру формасы қандай? Оның шегі 
бар ма? Ол тілде қалай көрініс табады? Осы бірнеше сұрақтарға жауап іздеу 
керек. Бұл үшін философия ғылымы тарихында осы күрделі мәселе төңірегінде 
зерттеулерге қысқаша тоқталу қажет.
«Мөлшер» категориясын зерттеу әдеттегідей антикалық кезеңдерден бастау 
алады. Онда да аталмыш тақырып ертедегі Грек философиясының ең өзекті 
тақырыптарының бірі болды. «Мөлшер» проблемасы туралы кең көлемде алғаш 
қарастырғандардың бірі – Пифагор. Ол «мөлшерді» сан деп тұжырымдады. 
Пифагор және оның ізін жалғаушылар «сан» ұғымын асыра дәріптеді, дүниенің 
бастамасы, тегі сандар деп білді. Бұл туралы ол былай деп жазады:
 
«Сан – 
дүниенің заңы және оның байланысы, барлығын анықтайтын және танып білетін 
құрал. Заттар дегеніміз – сандарға еліктеу. Заттардың түпкі мәнін және 
гармониясын туғызушы – сан»
 
[32, 5 б.]. Ал 
сандық мән
«бірлік/көптік» 
тіресімдік ұғымдарымен
 
сипатталды. Пифагордың бұл көзқарасын кейін оның 
шәкірттері жалғастырды. Пифагоршылар «мөлшер» ұғымының кеңістіктегі 
заттармен болған байланысын түсінді. Алайда оның мәнін тек біржақты, сандық 
аспектіде шешуге талпынды. Мөлшерді тек бүтін сандар деп түсінді және 
заттарды сыртқы сипаты аясында анықтай алғанымен, заттардың ішкі 
құрылымындағы «мөлшер ұғымдарын» анықтай алмады. Өйткені «сан» – 
«мөлшер» ұғымы көрінісінің бір формасы ғана және ол көбіне заттардың сыртқы 
формасына немесе бүтін тұлғасына бағытталады. Сонымен қатар «сан» 
мөлшердің ішкі ұғымына да жатады. Әрине мөлшер категориясы ең әуелі сан 
формасында, саналатын нақты заттармен байланысты көрініс тапты. Ал ол кейін 
саналушы заттардан ажыратылып, абстракциялық ұғымға айналды.
Пифагоршылардан кейін мөлшер категориясымен Элейлік концепция 
өкілдері (Ксенофон, Парменид, Зенон, Мелисс) айналысты. Олар бұл мәселені 
тек математикалық емес, философиялық тұрғыдан да қарастыру керектігін 
түсінді. Соның нәтижесінде мөлшерді 
сан
және 
шама 
ұғымдарына жіктеді. Бұл 
бағыттың ірі өкілдерінің бірі – Зенон мөлшер категориясының басты ұғымдары 
ретінде 
кеңістік 
пен 
уақытты 
алады да, кеңістікті «үздіксіз, шексіз бөліктер 
жиыны» деп таныса, уақытты «үздіктілік» ретінде қарастырады. Оның 
түсінігінде мөлшер тек заттық денеде болады да, қимыл-қозғалыста болмайды. 


12 
Зенон тағы шектелген мөлшерлік шамаларда «бөлік», «бүтіндік», «теңдік» 
ұғымдары болатынын айтады. 
Антикалық кезеңде «мөлшер» ұғымының тууы мен өмір сүруі туралы 
көптеген таластар болды. Біреулер шамаларды тұрақты, тыныш күйде тұрған 
заттарда болады десе, енді бірде ол қозғалыстағы заттарда да болады деп 
есептеді. Ал тұрақты, үздікті шексіздік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет