13
ұғымдарға сүйенді және оны өлшеу тәсілінің маңызын көре білді. Бұл
болмыстағы мөлшерлік шамалардың танылуының бір жолы – ішкі түйсік
екенін
көрсетті.
Мөлшер проблемасымен шешуге тырысқандардың қатарында Спиноза да
болды. Ол «мөлшер» ұғымын нақты заттардың өзінен іздеді. Бұл туралы ол:
«Денелер белгілі бір ұзындығы, ені, тереңдігі болатын және белгілі бір
фигуралық шектелуі бар шамалар», – деп көрсетті [37, 13 б.]. Оның бұл
тұжырымы мөлшердің материяның ажырамас бір қасиеті екенін түсіндіреді.
Және бір материяның өзінде әлденеше мөлшер ұғымдары қатар өмір сүретінін
көрсетеді. Сол сияқты ол тағы: «Шексіздік шамасын өлшеуге
болмайды және де
ол шектелген бөліктерден тұрмайды»,
– деді [37, 13 б.].
Лейбництің мөлшер категориясын зерттеуде бір табан алға ілгерледі. Ол
мөлшер категориясының логикалық негізін жасауда табиғи тілдік бірліктердің
мүмкіндігі жетпейтінін алғаш байқады және оған қосымша математикалық
символдар керек екенін ұсынды. Оның ғылыми тұжырымдары мөлшер
категориясын дерексіз ұғымнан, жүйелі, логикалық ұғымға айналдыруға
бастама болды.
«Мөлшер» ұғымының философиялық категория
екені туралы құнды
диалектикалық тұжырымдар жасаушылардың бірі – Кант. Ол философияда
идеалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің «Жалаң ойға сын» деген еңбегінде
мөлшер категориясын ең басты категорияға жатқызады. Оның түсінігінде,
мөлшер категориясы «бірлік», «көптік» және «жалпылық» категорияларды
қамтиды. Мұнда жалпылық категориясы – сан, ал бірлік, көптік категориясы –
шама [35, 30 б.]. Ол: «Субъектінің ақыл-ойынсыз кеңістік те, уақыт та болмақ
емес», – деп те жазды [38, 133 б.]. Бұл тұжырым «мөлшер» ұғымының
субъектілік сипатын дәл көрсетті. Яғни мөлшер
қаншалықты материяға тән
қасиет болғанымен, оның адам санасындағы бейнесі, сандар арқылы шартты
сипатталуы субъектілік сипат алады. Бұл туралы антикалық дәуір философы
Протогор
Достарыңызбен бөлісу: