Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет15/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

мөлшер сөздердің
өзге тілдерге ұқсамайтын 
лексика-грамматикалық қызметі, өзіндік ерекшелігі бар. Олар көбіне заттар мен 
қимыл-әрекеттің сандық мәнін анықтау және түрліше қасиетін сипаттау мәнінде 
болып келеді. Бұл, бір жағы, мағынаның берілу формасы негізінен аналитикалық 
тәсілге құрылған қытай тілінің өзіндік ерекшелігі. Сондықтан да әлемдік 
лингвистикадағы қалыптасқан ұстанымдарға сәйкес келмейтін тұжырымдардың 
орын алуы заңды. Біздің ойымызша, бұл құрылымдық бағыттағы зерттеулер 
жалпы мөлшер категориясын тануға, мөлшер семантикасының тілдік құралдар 
арқылы берілу жолдарын анықтауға жеткілікті ғылыми негіз бола алмайды. 
Сондықтан оны кең ауқымда, функционалды аспектіде қарастыру қажет.
Қытай тіліндегі мөлшер сөздерді функционалды аспектіде қарастырды 
деуге тұрарлық қазірге дейін біз кездестірген жалғыз еңбек – өзбек ғалымы 
А.А.Каримовтың «Счетные слова в китайском языке» деп аталатын кандидаттық 
диссертациясы. Зерттеуші диссертациясында мөлшер сөздерге құрылымдық, 
лексика-семантикалық, функционалды аспектіде талдаулар жасайды. Мөлшер 
сөздерді «счетные слова» деп атап, лексика-семантикалық ерекшелігіне қарай 
«именные сч. слова», «глагольные сч. слова» деген екі үлкен топқа бөледі де, әр 
топты өз ішінен тағы да әлденеше тармақтарға жіктейді [77, 13 б.]. Осы аталған 
еңбектер жалпытілдік мөлшер категориясының жекелеген тілдердегі 
ерекшеліктерін тануға және тілтанымдағы маңызын айқындауға септігін тигізеді.
Мұсылман әлемі мен түркі халықтары да аса ауқымды мәдени-рухани 
кеңістік саналады. Сондықтан аталған халықтардың тілдік кеңістігінде де 
«мөлшер» ұғымының алатын орны ерекше. Шығыс елдерін әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда зерттеумен айналысқан белгілі неміс ғалымы В.Хинц [14] 
Шығыс метрологиясына назар аударып, көптеген ауырлық, көлем, ұзындық 
өлшем бірліктерін жинақтайды. Әрі оны ғылыми негізде түсіндіріп, 
анықтамалық сипаттағы еңбек құрастырады. В.Хинцтің кітабының мазмұны 


20 
өздігінен сөйлейді, тіпті ондағы мағлұматтарды түсіндіріп берудің қажеті жоқ. 
Аталған еңбек осы уақытқа дейін Шығыс метрологиясын, яғни Мароккодан 
Үндістанға дейінгі көптеген елдердің өлшем жүйесі жайлы жалғыз практикалық 
құрал деуге де болады. Е.А.Давыдович Орта Азиядағы түркі халықтары тіліндегі 
өлшем бірліктерді де Мұсылман әлемі өлшем бірліктері ретінде тани отырып, В. 
Хинцтің еңбегіне «Материалы по метрологии средневековой Азии» атты үлкен 
бір тарау қосады. Бұл тарауда Орта Азия елдерінде қолданылатын салмақ, көлем, 
ұзындық, қашықтық өлшемдері туралы терең мағлұматтар берілген [15]. Түркі 
халықтарының ішінде өзбек ғалымы П.Хамдамов «Нумеративы в современном 
узбекском языке» атты диссертациясында өлшем бірліктерді «нумеративтер» 
деп атап, оны он төрт түрге бөледі. Сондай-ақ нумеративтердің синхронды және 
диахронды ерекшеліктеріне морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасайды 
[78]. Тағы бір өзбек ғалымы С.А.Шакиров нумеративті фразеологизмдерге 
семантикалық-типологиялық талдаулар жасайды [79]. 
Бауырлас түрік халқы, Түркия ғалымдары да мөлшер категориясына, өлшем 
бірліктердің мәніне айрықша назар аударып, зерттеу нысаны етіп келеді. Атап 
айтқанда, қазақ-түрік тілдеріндегі дәстүрлі өлшем бірліктерді Атмаса Емине 
(Atmaca Emine) [80], ескі түркі медицинасындағы өлшем бірліктер мен өлшеу 
амалдарын Гүмүшатам Гүркан (Gümüşatam Gürkan) [81], Османлы дәуіріндегі 
халықаралық теңіз саудасы саласында қолданылған өлшемдер жүйесін Екінчі 
Илхан (Ekinci İlhan) [82], аталған дәуірдің метрологиялық жүйесін Иналчик 
Халил (İnalcik Halil) [83] мен Гүнергун Феза (Günergun Feza) [84] қарастырса, 
түрік халқының дәстүрлі өлшем бірліктерін Шенел Мустафа (Şenel Mustafa) [85] 
мен Өзиетгін Мелек (Özyetgin Melek) [86], б.з.б. Анадолы жерінде мекен еткен 
ескі Хетт империясының сына жазулы көне жазбаларында сақталған ескі өлшем 
бірліктерді Таш Илкнур (Taş İlknur) [87], түрік тілі диалектілеріндегі өлшем 
бірліктерді Каймаз Зеки (Kaymaz Zeki) [88], Гөкяй Шайк (Gökyay Şaik) [89], ескі 
шағатай тіліндегі ұзындық өлшемдерін Сейхан Танжу (Seyhan Tanju) [90] сияқты 
зерттеушілер мен ғалымдар жан-жақты зерделеді. Бұдан түрік ғалымдарының 
еңбектері негізінен түрлі дәуірлердегі өлшем бірліктерді зерттеуге арналғаны 
аңғарылады.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктер өзге түркі халықтарының тілдік деректері 
бойынша да қарастырылды. Бұл көбіне түркітану, алтайтанумен байланысты 
болды. Орыс және өзге де шетелдік түркітанушы, алтайтанушы ғалымдардың 
еңбектерінде үздік-үздік ойлар, пікірлер айтылып, құрылымдық-семантикалық 
сипаттамалар, этимологиялық талдаулар жасалады. Түркі тілдеріндегі 
нумеративтер мен метрологиялық терминдер В.В.Радлов [91] пен Л.З.Будагов 
[92] сөздіктерінен де жиі ұшырайды. Орыс ғалымы М.И.Граммның 
«Занимательная энциклопедия мер, единиц и денег» еңбегінде ежелгі және 
қазіргі өлшем бірліктер мен ескі монеталар, ақша түрлері туралы ауқымды 
мәліметтер беріледі. Сонымен қатар олардың пайда болу тарихы туралы 
баяндалады [93]. Ал тілдерінің деректері бойынша өлшем бірліктерді 
Н.К.Дмитриев [94], А.Н.Баскаков [95], П.Хамдамов [78], Э.В.Севортян [96] 
сияқты ғалымдар лескика-семантикалық, этимологиялық тұрғыдан қарастырады.
Әлемдік лингвистикадағы зерттелуі жайлы бұл қысқаша шолудан «мөлшер» 
ұғымы көбіне сандық мәнді білдіретін өлшем бірліктер, ақша атаулары 


21 
шеңберінде қарастырылып келгенін көруге болады. Алайда 
мөлшер 
– көптеген 
тілдік құрылымдар арқылы көрініс табатын кең ұғым.
«Мөлшер» ұғымы – қазақ тілі кеңістігінде де тым ерте тарихи кезеңдерден 
бастап орныққан іргелі ұғымдардың бірі, әрі тілдік қарым-қатынаста өте 
ауқымды танымдық-ақпараттық мазмұндарды құрайды. Сондықтан мөлшер 
семантикасын беруге сөз таптарының көпшілігі қатысады және әлденеше 
аналитикалық, синтетикалық формалар, тәсілдер арқылы беріледі. Қазақ тіл 
білімінде мөлшер мәнді тілдік бірліктерді ғылыми деңгейде зерттеу ХХ ғасыр 
басынан, А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Содан бергі жүз жыл 
ішінде жарық көрген шағын мақалалар мен көлемді еңбектер түрліше мақсаттар 
мен тәсілдерді басшылыққа алады және тіл дамуының түрліше кезеңдеріне 
арналған. Бұларды зерттеу тәсілдері мен бағыттарына қарай төмендегідей төрт 
топқа жіктеуге болады. Бұл зерттеулердің жалпы сипаты төмендегідей: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет