Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет15/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

 
немесе «қазақшылықтың»
 
әсері мен маңызы күшті болды. 
«Қазақ» этнонимінің этимологиясы «қазақшылық» бастапқыда әлеуметтік 
мағынада еркіндік, бостандық деген ұғымды білдірді, ол өзі белгілі бір 
дәрежеде ұлттық мінездің табиғатын сипаттай алады. Тарихта Жәнібек пен 
Керейдің соңына ерген мүдделері ортақ осы топқа берілген атау кейінірек 
этнонимге айналды. Қазақтардың этнопсихологиялық портретін Абайдың 
«Қара сөздерінде» [163] келтірілген, сондай-ақ халқымыздың кейбір 
қылықтарынан және ауыз әдебиетінде кездесетін мәтелдерден де кездестіруге
болады. Қазақтың субэтностық біліктерін құрайтын ру-тайпалардың мінез-
құлық стереотиптерін бейнелейтін мәтелдер де көп. 
Әрбір нақты тарихи қоғамда саны, әсері мен дамуы жағынан әр түрлі 
биоәлеуметтік қауымдар өмір сүреді. Этникалық иерархияның негізгі үш 
деңгейі бар: субэтнос, этнос, суперэтнос. Негізгі звено этнос субэтностардың 
жиынтығын білдіреді. Ал этностардың интеграциясы суперэтносты құрайды, 
оның жарқын көрінісінің үлгісі ретіне араб-мұсылман әлемін немесе батыс 
еуропалық этномәдени тұтастықты алуға болады. Ал қазақ этносын құрайтын 
субэтностарға оның ру-тайпалық құрылымдары жатады. Мәнді өзгерістерге 
алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық үрдіс
 
деп атайды. Оның 
эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады.Эволюциялық 
бағыты - этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің 
сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық үрдіс - ұлттық 


меншікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі кезеңі 
этникалық өзінік сананың алмасуы болып табылады.Трансформациялық 
біріктіруші үрдістер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде 
жүзеге асады. 
Консолидация
 - 
тілі мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше 
дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік 
тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі. 
Ассимиляция

көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына 
сіңіп кетуі, нөтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол 
тілдес 
тайпалардың 
Алтын 
Орда 
заманында 
қыпшақтармен 
ассимиляцияланылуы. 
Интеграция -
 
тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ 
белгілер пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен 
беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. 
Қазақ 
ұлттық 
мәдениетінің 
тұрақтылығы 
батыстық 
мәдени 
экспансияның әсерімен толық ассимилияциялануға қарсы тұрды. Дегенмен де, 
бірнеше ғасырға созылған тоталитаризм ықпалы қазақ қоғамына әсер етпей 
қоймады. 
Қазақтың ұлттық мәдениеті мәселесінде оның салт-дәстүрлер жүйесі 
туралы міндетті түрде сөз қозғалады. Ұлттық мәдениет және дәстүрлі 
мәдениет ұғымдарының бір-біріне жақындығы төмендегі себептерге 
байланысты: 
- халықтың салт-дәстүрлері ұлттың этникалық сипаттамасын құрайды; 
- салт-дәстүрлер ұлттық ерекшеліктің маңызды элементі болып 
табылады; 
- дәстүрлер - ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі; 
- дәстүрлі мәдениетке авторлық мәдениет қарсы қойылады, себебі, 
алғашқысы ауызша таратылады, ал соңғысы иңдустриалдық қоғамға тән 
коммуникацияның тығыздылығымен байланыстырылады. 
Дәстүр
 
латынша жалғастыру - тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы 
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын 
адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-
ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-
жоралғылар, мейрамдар, шаралар т.б. 
Адам қажеттілігін өтейтін барлық құндылықтар - материалдық, 
әлеуметтік және рухани құндылықтар дәстүрді құрайды. «Салт-дәстүр - тіл 
мен мәдениет бастауларының анасы», - дейді неміс ағартушысы И.Г. Гердер. 
Дәстүр ұғымы «сабақтастық», «мәдени мұра», «төлтумалық», 
«ерекшелік» түсініктерімен тығыз байланысты. Ғылыми талдау олардың 
айырмашылығын атап көрсетеді. «Сабақтастық»
 
- тарихи-мәдени тәжірибе 
үрдісіндегі жаңа мен ескі арасындағы объективті қажетті байланыс. Бұл 


байланыс тұтастықты қамтамасыз етеді және мәдениеттің үдемелі дамуының 
алғышарты болып саналады. 
«Мұра» -
 
бұл уақыт ағымында өзгермейтін өткенге қатысты рухани 
мәдени материал және ұрпақтардың рухани дамуының іргетасы болып 
табылады. 
«Төлтумалық»-өзіндік дамуға бағытталған қоғамның динамикалық 
принципі, оның «өмірлік ядросы» деген ұғымды білдіреді. Нағыз мәдениет 
төлтумалығымен, бірегейлілігімен дараланады. А.Сейдімбектің сөзімен 
айтқанда: «Еліктеудің шынайы мағынасы – қайталау дегенді білдіреді. Рухани 
сұғанақ болған ел, біріншіден өзінің болашағынан айрылса, екіншіден өзгенің 
асылын малшылайды» [164]. 
«Ерекшелік»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет