халықтық мәдениеттің маңызына ерекше көңіл заңның келесі бағытында беріледі деп
атап көрсетілген [111, 3].
Қазақстанда ұлттық деңгейімізді көтеру мақсатын көздеген осындай
мемлекеттік құжаттар аясында мәденилік жаңғырып, білім мен тәрбие саласында
ерекше маңызға ие бола бастады. Мемлекеттің экономикалық
және әлеуметтік
дамуы рухани, мәдени өмірдің өркендеуімен үйлесім тауып, ұлттық тәрбие ісіне
жауапты да басты міндеттер жүктеп отыр. Ұлттық мәдениетті жаңғырту, өз
халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің
өмірінен орын алатын заңды құбылыс [130]. Міне, сол ғасырлар қойнауына
қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық тәрбиенің
озық, өнегелі дәстүрлерін ұрпақ тәрбиесінде пайдалану бүгінгі маңызды
міндеттердің бірі.
Рухани байлықтың көзі - ұлттық мәдениет. Адам өзінің даму барысында
қоғамдағы мүмкіншілігін, рухани дамуын мәдениеті арқылы көрсетеді. Ол
қоғамның дамуының түрлі кезеңдеріне сәйкес мазмұны өзгеріп отырды. Олай
болса,
мәдениет өзгермейтін, өзгеріске ұшырамайтын нәрсе деп қарауға
болмайды. Ұлттық мәдениет - халықтың туған топырағында жинақталған
өмірлік тәжірибесінің жиынтығы. Еуразия жерінде үш мың жыл бойы көшпелі
өмір салтын басынан кешіп, сол өмірге лайық төлтума мәдениетін
қалыптастырған көшпелілердің адамзат өркениетінде өз орны бар.
Ұлттық мәдениет мәселесінің теориялық негізін айқындау «мәдениет»,
«құндылықтар», «рухани құндылықтар» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін
қарастырумен тығыз байланысты. Біз бұл ұғымдардың сипаттамасының маңызын
түсінуге мақсатында оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін дерек көздерін, түпкі
нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Арнайы әдебиеттерге талдау жасау
барысында біздер ұлттық мәдениет мәселесі XX ғасырдың 50-60
жылдарынан
бастап зерттелгенін, онда ұлттық мәдениет ұғымына мынадай анықтамалар
берілгенін айқындадық.
Ұлттық мәдениет - күнделікті тұрмыс ырқымен дарып, ұрпақтан-
ұрпаққа тарайтын, әрі бүкіл қоғамның немесе әлеуметтік топтың аясында
тәжірибені екшеп, реттеуге қызмет ететін, белгілі бір байланыстағы адамдар
үшін ортақ болып саналатын әлеуметтік
мәні бар құндылықтардың, мінез-
құлық нормалары мен қағидаларының, түсініктердің, нанымдар мен
дәстүрлердің жүйесі.
Ұлттық мәдениет - адамдарға ортақ белгілі бір өмір салтымен
байланысқан және бүкіл қоғам немесе әлеуметтік топтар шеңберінде
тәжірибені тәртіпке келтіру және әлеуметтік реттеушілік қызметін атқаратын
дүние, құндылықтар, мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы түсінік
жүйесі.
Біз ұлттық мәдениет ұғымының мазмұнын көп салалы, көпқырлы ұғым
мәдениетке түсінік берумен талдау жөн деп есептедік.
Мәдениет өз алдына
ғылыми категория ретінде қолданылып, әрбір тарихи кезеңде әр ғылым
саласында зерттеушілердің назарын аударған категория. «Мәдениет»
терминінің ғылыми еңбектерде анықтамалары алуан түрлі. Тек қана ағылшын
тіліндегі әдебиеттерде 50-жылдардың бас кезінде «мәдениетке» 160-тан астам
анықтама беріліпті. Ал,
жалпы Батыс Еуропалық әдебиеттерде мәдениеттің
400-ден астам анықтамасы бар екені айтылады. Мәдениет термині көп мәнді,
көп мағыналы ұғым.
Мәдениеттің мәніне қатысты ізденістерге мұрындық болған шетелдік
ғалымдардың,
соның
ішінде
еуропалық
антропологтар
мен
әлеуметтанушылар Э. Тэйлор, А. Кребер, Т. Парсонс т.б іргелі еңбектері
алдымен назар аударады. Олар қоғам өмірінің әртүрлі құрылымдық бөлігін
анықтай отырып, кейбір салаларына ғана рухани құбылыс ретінде қарайды.
Сонымен қатар, әрбір әлеуметтік құбылыстың
қызмет ету мәнін саралау
арқылы мәдениеттің анықтамасын береді. Мәселен, Э.Тэйлордың тұжырымы
бойынша «адам қабілеті игерген білімнің жиынтығы, діни сенім, өнер,
парасаттылық, заң, салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б. мәдениеттің аясына жатады»
[131]. Сол сияқты әлеуметтік антропологиямен айналысқан ағылшын ғалымы
А. Рэдклифф Браун да мәдениет санатына тілді, діни сенімді, эстетикалық
талғамды, кәсіби шеберлікті және әртүрлі салт-дәстүрді жатқызады.
Мәдени танымды дамытқан ғалымдардың бірі - американдық
мәдениеттанушы Л. Уайт. Ол мәдениетті біртұтас жүйе ретінде қарап, оның ішінен
үш саланы қарастырады. Бірінші - технологиялық сала, яғни материалдық игіліктер
мен оны жасайтын құралдар арқылы адам мен адам, адам мен табиғат байланысқа
түседі. Екінші - әлеуметтік сала. Мұнда адамдар арасындағы қарым-
қатынас
өзінен-өзі туыстық, экономикалық, саяси, этикалық, әскери, кәсіби т.б.
қасиеттерді қалыптастырады. Үшінші — идеологиялық сала. Бұған идея, діни сенім,
білім, нысанның түрлері, мифология, ғылым, халық даналығы т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: