Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И


ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ



Pdf көрінісі
бет17/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

2 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
2.1
Ұлттық тәрбие мәселесінің ғұлама ойшылдар, мәдени 
ағартушылар және қоғам қайраткерлері шығармаларындағы көрінісі
Тәрбие - мәңгілік және жалпыадамзаттық категория. Алайда, қай 
халықтың болмасын бұл салада өзіне ғана тән ерекшеліктері мен дараланып 
тұратын үлгілері болады. Бұл ерекшеліктердің негізін халық ғасырдан ғасырға, 
ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп отырады. Кейін осы үрдістер дамып, жетіліп, ал 
қайсы бір тұстарда құлдырап, дегенмен рухани дүниеміздің бір бөлігі болған 
және оны байытқан сазгерлікпен, ақын-жыраулардың ой толғауларымен 
ұласты. 
Халқымыздың психологиялық, тәрбиелік үрдістері мен көзқарастары, 
дүниетанымы дами түсті. Қазақ топырағындағы қалыптасқан тәрбие үрдістері 
ұлтымыздың өзіндік ұлттық философиясын, педагогикасын, психологиясын, 
жалпы дүниетанымы мен талғамын қалыптастырды. Олар ұрпақтан-ұрпаққа 
жетіп жалғасын тауып отырды. Қазақ халқы адамзат деген үлкен әлеуметтің 
ажырамас бір бөлігі болса, қазақ елі адамзат құрамына кіретін, егеменді, 
тәуелсіз дамуды алдына мақсат етіп қойған қауымдастықтың бірі. Олай болса, 
әлем мемлекеттерінің бір-біріне саналы, немесе табиғи әсері болуы қоғамның 
даму заңына қайшы келмейді. 
Әр адам әлемнің құпиясын ұлы ойшылдар мұра еткен еңбектерді оқу 
арқылы танитыны белгілі. Осындай танымдық-тағылымдық ықпалы мол 
еңбектер ежелгі дәуір ағартушылары Платон, Аристотельден және шығыс 
ойшылдарының Әл-Фарабидің [115, 215б.], Ж.Баласағұнидің [20, 196б.], 
А.Жүйнекидің [187], А.Иассауидің [188] және Абайдың [189] т.б. 
философиялық еңбектерінен нәр алады. 
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын түркілік кезеңнен бөліп 
қарастыруға болмайды. Сондықтан ата-тегіміз болып келетін түркі 
халықтарының ділі мен дінін, дүниетанымы мен әлемді философиялық 
тұрғыдан игеру тәжірибесін қазіргі дамуымызда, өркениеттік жолында ел 
тәуелсіздігін нығайту тұрғысында толық ескеруіміз керек. 
Рухани өмірдің қазақ халқының өзіндік санасын жаңғырту міндеттері 
әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар, әсіресе педагогика ғылымы саласында 
шығыс, оның ішінде түркі өркениетінің ерекшеліктері мен тарихи тамырларын 
дүниежүзілік мәдениетпен салыстыра отырып, кешенді түрде зерттеулер 
жүргізу қажеттігін туындатып отыр. Шығыстың бай педагогикалық және 
тәлім-тәрбиелік ой-санасы, оның ішінде қазақ халқының педагогикалық 
дүниетанымы халық шығармашылығы мен ұлы ойшылдардың тәлім-тәрбиелік 
идеяларынан құралады. 
Адам мен дүниенің арақатынасын, адамның өзін-өзі тануын, сөйтіп өзін 
басқаға танытуын, тұлғаның өмірдегі орны мен ролін әлеуметтік және 


этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ 
педагогикасының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, 
ұлттық тәрбиесі-шығыстық педагогикадағы, ең алдымен, толық, рухани 
жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін 
жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан педагогика болып 
табылады. 
Қазіргі кезде ұлы түрік ойшылдары мен ғұламаларының бай мұрасы 
философтардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, әдебиетшілер мен 
педагогтардың басты назарында екендігі белгілі. 
Ұлттық тәрбиенің шоқжұлдыздары Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, 
М.Қашқариден басталып, олардың бай мұрасы тәрбие саласында ұлттық 
тарихымыздың бастау көздері болып табылатындығы сөзсіз. 
Ұлы әл-Фарабидың Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екендігін 
алғаш дәлелдеп, Азияда Фарабитанудың атасы атанған Ақжан әл-Машанидың 
қазақ ғылымының дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өткен жөн. 
Қазіргі таңда Ш.Абдраманның құрастыруымен ғалымның Фарабитану 
саласындағы мол мұрасы жинақталып, халықтың рухани игілігіне айналып 
отыр. 
Қазақтың ұлттық тәрбие мәселелерінің ғылыми-философиялық 
негіздері Ж.Алтаевтың, Ж.Әбділдиннің, М.С.Бурабаевтың, Ғ.Есімнің, 
Ә.Нысанбаевтың, 
А.Х.Қасымжановтың, 
А.А.Қасымжанованың, 
М.Орынбековтың, М.М.Хайруллаевтың, т.б. еңбектерінде қарастырылған. 
Әдебиеттану және тіл білімі саласында да ойшыл-ғұламалардың әдеби 
мұрасы зерттеліп, олардың дүниежүзілік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесі 
айқындалды. Солардың ішінде көрнекті ғалымдар Ә.Дербісалиевтің, 
А.Егеубаевтың, Н.Келімбетовтің, Ә.Қоңыратбаевтың, М.Мырзахметовтың, 
Х.Ш.Сүйіншалиевтің, т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады. 
Ұлттық тәрбие мәселелерінің көкейкестілігін педагогика ғылымында 
ұлттық педагогикалық идеяларының қалыптасуы мен дамуын тарихи 
тұрғыдан зерттеуге арналған Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының 
еңбектері нақтылай түседі. 
Орта ғасырдағы шығыс ойшылдарының тәлімдік ой-пікірлері өзбек 
ғалымдары 
Х.Х.Тллашевтің, 
У.Алеуовтің, 
түрікменстандық 
ғалым 
Г.О.Чарыевтың, қырғыз ғалымы А.Э.Измайловтың зерттеу еңбектерінің 
арқауы болды. 
Қазақстандық 
ғалымдар 
Қ.Б.Жарықбаевтың, 
С.Қ.ҚалиевтІң, 
А.К.Көбесовтің, Ә.Н.Көшербаеваның, К.Ж.Ибраеваның, Т.Ә.Ахметовтың, 
У.Жамированың К.М.Қалиеваның, А.Қ.Жұмабековтың және т.б. осы тақырып 
бойынша орындалған еңбектерінің құндылығы өте жоғары. Бұл еңбектерде
Әл-Фарабидің, 
Ж.Баласағұнидің, 
М.Қашқари 
т. 
б. 
ғұламалардың 
педагогикалық идеяларына теориялық негіздеме мен жүйелі талдау 
жасалынған. Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев «Қазақтың тәлімдік ой-пікір 


антологиясын» құрастыра отырып, ортағасырдағы түркі халықтарының 
тәлімдік ой-пікірлерінің (Йоллығтегін, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, 
Қорқыт ата, Әбу Насыр алғаннан бері хақындағы педагогикалық 
көзқарастарына сипаттама береді. А.Көбесов әл-Фарабидің педагогикалық 
мұрасын зерттей отырып, әл-Фараби педагогикасының философиялық және 
әлеуметтік-этикалық алғышарттары, жалпы педагогикалық, дидактикалық 
идеялары, әл-Фарабидің математикалық еңбектерінде жалпы педагогикалық 
идеяларды қолдануы және іске асыруы мәселелерін қарастырады. 
Ж.Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары Ә.Н.Көшербаеваның, 
Т.Ә.Ахметовтың, У.Жамированың еңбектерінің зерттеу арқауы болса, 
М.Қашқаридің 
мұрасындағы 
педагогикалық 
идеялар 
К.Калиеваның 
зерттеуінде жүйеленді. Аталмыш зерттеулермен қатар, республикамызда 
педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуы және ағарту ісінің 
тарихына байланысты ауқымды зерттеулер жүргізілді. 
Қазақстанда педагогика және білім беру тарихы бойынша орындалған 
Т.М.Әлсатовтың, К.Б.Бержановтың, Қ.Б.Жарықбаевтың, А.Н.Ильясованың, 
И.Б.Мадиннің, К.Қ.Құнантаеваның, А.И.Сембаевтің, Қ.Б.Сейталиевтың, 
Т.Тәжібаевтің, 
Г.А.Умановтың, 
І.Р.Халитованың, 
Г.М.Храпченковтің, 
В.Г.Храпченковтің еңбектері мен диссертациялық жұмыстары біздің 
қарастырып отырған тақырыбымызды зерделеуге және ұлттық тәрбиенің даму 
бағыттарын айқындауға үлкен септігін тигізді. 
Б.Әбдікәрімұлының ғылыми жетекшілігімен қазақ педагогикасының 
тарихы бойынша орындалған Алашорда қайраткерлерінің саяси қуғын-сүргін 
құрбандары болған қазақ зиялылыларының, А.И.Сембаевтың педагогикалық 
мұрасын зерделеуге арналған кандидаттық диссертациялардың да қазіргі қазақ 
педагогика ғылымының мазмұнын жетілдіруде алатын орны ерекше. 
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері қазақ халық 
педагогикасы мен этнопедагогикасын зерттеу бойынша едәуір жұмыстар 
атқарылды. Соның нәтижесінде диссертациялардың, монографиялар мен 
ғылыми-әдістемелік басылымдардың үлкен ерекше бір шоғыры дүниеге келді. 
Олардың ішінде С.Қ.Қалиевтің, С.А.Ұзақбаеваның, Ж.Ж.Наурызбайдың, 
Қ.Ж.Қожахметованың, 
Қ.Бөлеевтің, 
С.Ғаббасовтың, 
Ә.Табылдиевтің, 
М.Х.Балтабаевтың, 
Р.Қ.Дүйсембінованың, 
Қ.Қ.Шалғынбаеваның, 
Ш.И.Джанзакованың, С.Т.Иманғаливаның, Ж.С.Хасанованың және т.б. 
еңбектері ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр. 
Дегенмен де, жоғарыда көрсетілген зерттеулер мен ғылыми еңбектерді 
жан-жақты оқып үйрену және терең талдау оларда әлемдік педагогиканың 
құрамдас бөлігі ретінде қазақ ұлттық тәрбиесінің мазмұны әлі де зерттеуді 
қажет етеді. Сондықтан қазақтың ұлы даласында қалыптасқан тәлімдік-
тәрбиелік ойларды әлемдік педагогика тарихының мазмұнына енгізу үшін 
ғұлама бабаларымыздың еңбектерін қазіргі ұлттық тәрбиенің қайнар көздері 
ретінде зерттеу қажеттігі туындайды. 


Біз өз зерттеуімізде ғұлама ойшылдардың тәлім-тәрбиелік ілімдерін 
талдаумен қатар, оларды білім беру іс-тәжірибесінде пайдалану мәселелерінің 
тұжырымдамалық негізін қарастырдық. Бұл ғұламалар еңбектеріндегі біз 
жаңадан ашып отырған және бұрыннан белгілі болған тәрбиелік маңызы зор 
идеяларды қазіргі күн талаптарына сәйкес пайдаланудың жолдарын 
айқындауға бағытталғандығын көрсетеді. 
Әлемдік өркениетке ену жағдайында түбірлі әлеуметтік-экономикалық 
және саяси өзгерістердің негізінде ұлттық мәдениет пен руханиятты 
жаңғыртудың мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қажеттілігі туындап, 
педагогика ғылымын әрбір халықтың ұлттық ерекшелігіне сай жетілдіру 
мәселесін қарастыру көзделуде. 
Бұл үрдістер қазақ халқының ұлттық дүниетанымының өзіндік қайнар 
көздері мен түп тамырларын қарастыруға әкеледі. Педагогикалық ілімдер 
тәрбиенің абстрактылы, қайшылықсыз үлгілері ретінде қарастырылады. 
Мұндай жағдайлар ресми мәдениеттің идеологияланған кеңістігінде ғана 
қалыптасуы мүмкін еді. Ал нақты өмірде, әсіресе қазақ халқының бай рухани 
әлемімен және ұлттық психологиясымен түйіскенде бұл теориялар әр түрлі 
қайшылыққа толы қорытындылар жасайтыны анықталды. Сырт көзге дұрыс 
болып көрінетін абстрактылы қағидалар халықтың тіршілік әлемінен, тәрбие 
ортасынан оқшау тұрғандықтан, өзінің дүниетанымдық маңыздылығы мен 
әлеуметтік құндылығын жоғалта бастады. 
Ұлттық тәлім-тәрбие қалыптасуы мен дамуын зерттеу болашақтағы 
ұлан-ғайыр ізденістердің бастамасы болуға тиіс.Ұлттық тәлім-тәрбиенің 
өзіндік төл ерекшелігі оның ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік 
пен адами құндылықтарды жоғары қоятын бай халықтық педагогика 
мұраларымен айрықша орын алады. Егер де біз ұлттық тәлім-тәрбиені дамыту 
барысында тағы да батыстық үлгімен кетсек, қателесетініміз анық. Біз түркілік 
төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-
ерекшеліктерімізді 
нығайта 
түсіп, 
қазақ 
педагогикасын 
шығыс 
педагогикасының үлкен бір саласы ретінде қалыптастыру деңгейіне қол 
жеткізуіміз керек. 
Ұлттық тәрбие түркі өркениетінен бастау алатын қазақ халқының 
ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселелерімен айналысады, қазақ 
ағартушыларының педагогикалық идеялары мен тұжырымдамалары негізінде 
педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын, бағыттары мен 
ағымдарын, іргелі педагогикалық теориялары мен қағидаларын айқындайды, 
сонымен бірге қазақ халқының ұлттық болмысына сай педагогика 
ғылымындағы барлық ғылыми жетістіктер мен педагогикалық мұраларды 
қоғамдық құбылыстармен, ғылымдатмен, идеологиямен, т.с.с. байланыста 
зерттейді. Басқа кез келген ғылымдар сияқты, қазақ педагогикасы ғылымы да 
фактілерді тек ашып қана қоймайды, оларды түсінуге мүмкіндік жасайды. 


Ғылымға тән нағыз шынайы ерекшелік оның табиғаттың, қоғамның 
және ойлаудың даму заңдарына қатысты болуы, оларды ашу және танып-білу 
болып табылады. Философияда заң, заңдылықтар деп обьективті, мәнді, 
тұрақты және қайталанатын себеп-салдар байланысты айтатыны белгілі. 
Осыдан ұлттық тәрбие көшпелі мәдениет пен түркі өркениетінен рухани 
бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тәжірибесіне сай 
балалар мен ересектерді тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдары мен 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым деген қорытынды жасауға болады. 
Ұлттық тәрбиенің заңдары мен заңдылықтары әлемдік педагогикамен 
тығыз байланысты, мұнда тек ұлттық сана-сезім мен ұлттық ерекшеліктерге 
байланысты тәрбиенің болмысында өзіндік сипат болады. Әрбір 
заңдылықтардың арасында өзара мәнді байланыстар айқын көрінеді. Атап 
айтсақ: 
- мектеп пен педагогиканың арасындағы, бір жағынан, қоғамның 
экономикалық деңгейі, екінші жағынан саяси даму деңгейі тұрғысынан; 
- қоғамның саяси жағдайы мен қоғамдық-педагогикалық қозғалыстар, 
педагогикалық теорияның даму қарқыны мен тәжірибе арасындағы; 
- ұлттық тәрбие мен басқа ғылымдар (әсіресе, қазақ философиясы, қазақ 
психологиясы) арасындағы; 
- қоғамның әлеуметтік құрылымы мен халықтың тәрбие жүйесі 
арасындағы; 
- мектеп, білім беру мен тәрбие мазмұны және қоғамдық сананың басқа 
формалары (мәдениеті, дін және т.с.с.) арасындағы; 
- ұлттық тәрбиенің жетістіктері мен білім беру міндеттері және 
мазмұнының арасындағы; 
- тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін факторлар 
арасындағы және т .б. 
Ұлттық тәрбие басқа да кез келген ғылымдар сияқты өзінің тарихымен 
тығыз байланысты, қазақ педагогикасының тарихы оның ажырамас бөлігі 
болып табылады. Бұл тәрбие тәжірибесінен туындап, үнемі молаюдың 
нәтижесінде алдымен педагогикалық ой-пікірлер, содан кейін тәжірибеге 
күшті ықпал ететін ғылымның қалыптасатындығын айғақтайды. 
Қазіргі таңда елін сүйген, өз халқының болашағын ойлаған, «жеті 
атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деген 
халық даналығын санасына ұлы қағида ретінде түйген зиялы ойдың иелері 
қазақ халқының этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен 
мәдениеті бар екендігін барша әлемге мойындату үшін күш жұмсауда. 
Қазақ халқының арғы тегі Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі түркі 
халықтарының әлемдік руханиятқа үлес қосуына Еуразия құрлығындағы Ұлы 
даланы мекендеген халықтардың көшпелі мәдениеті мен тәрбие тәжірибесі, 
ислам дінінің озық тәрбиелік идеялары, ежелгі түрік, византия, араб, парсы, 
үнді, қытай мәдениеттері тоғысқан Түркістан жеріндегі Қарахан мемлекетінің 


саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлары әсер етіп, барлық 
адамзат баласын талай ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан адам мен 
оның тәжірибесі туралы ілімнің қыр-сырын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер 
туғызды (Кесте 4). 
Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой-
пікірлердің дамуы VI-IX ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың 
алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата 
тағылымдары, т.б.) болып табылады. 
Орхон – Енисей ескерткіштеріндегі жазбалардың жастарға, кейінгі 
өскелең ұрпаққа лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу 
тастау түрінде берілуімен тәрбиелік мәні орасан зор. Олардың педагогикалық 
мазмұнын талдай отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады: 
1)
бұл ескерткіштерде тотемдік дүниетаным мен мифтік ой-
санамен қатар, тұлғаның адамгершілік бейнесінің қалыптасуының, адамның 
үйлесімді дамуын дәріптейтін құнды педагогикалық идеялар айқын көрінеді; 
2)
ескерткіштердегі жазулардың негізгі басты түйіні халқы, елі 
үшін адал қызмет ету, «қасық қаны қалғанша» күресу, халқының бірлігін 
сақтап, елдігін жоғары көтеру болып табылады, мұның өзі елінің қажетін 
өтейтін, халқына қызмет ететін саналы азаматтың тұлғасын тәрбиелеу 
мақсатына бағытталады; 
3)
Күлтегін мен Тоныкөк бейнесі арқылы ақылдылықты, 
батырлықты, данышпандықты, қайсарлықты, адалдықты, табандылықты 
дәріптейді, бұл ескерткіштердің мазмұны тұлғаның бойында адамгершілік 
сапаларды қалыптастыруды қамтамасыз ететіндігін дәлелдейді; 
4)
ескерткіштерде 
тәрбиенің 
мазмұнын 
адамгершілік, 
патриоттық, еңбек және ақыл-ой тәрбиесі туралы ой-пікірлер құрайды. 
Орхон–Енисей ескерткіштерінен кейін, түркі тектес халықтардың 
алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен байланысты. 
«Қорқыт ата кітабында» ел басына қиын- қыстау күн туғанда халқын жаудан 
қорғап, қамал бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз 
заманында елге ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің 
өнегесі жырланады. Сонымен бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні 
зор афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. 
Мұның өзі баба кітабының тарихи-этнографиялық шығарма ғана емес, сол 
дәуірдегі түркі тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік 
ерекшелігін айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді. 


Кесте 4 - Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдері 
Тәрбие тәжірибесі 
Педагогикалық ойлар 
Педагогика ғылымы 
Ұлттық тәлім-тәрбие 
1. 
Қазақ 
ауызекі 
шығармашылығын-
дағы тәрбие мазмұны:
-
ұлттық ойндар; 
-
мақал-мәтелдер; 
-
жаңылтпаштар; 
-
жұмбақтар; 
-
шешендік 
сөздер; 
-
ертегілер; 
-
аңыз әңгімелер; 
-
батырлар жыры; 
-
эпос; 
-
айтыс 
2. Қазақ музыкалық 
шығармашылығындағы
тәрбие мазмұны: 
-
халық әндері; 
-
халық күйлері 
3.
Қазақтың сәндік-
қолданбалы 
өнеріндегі 
тәрбие мазмұны: 
-
дәстүрлі 
қолданбалы 
өнер; 
-
ою-өрнектер 
4.Салт-дәстүрлердегі 
тәрбиелік мазмұн: 

бала тәрбиесіне 
байланысты; 
- тұрмыс-салт; 
- ата кәсіп; 
-әлеуметтік-мәдени 
5. 
Жыраулар 
мен 
билердің, шешендердің 
шығармашылығындағы 
Тәрбие мазмұны 
Қазақ жеріндегі алғашқы 
педагогикалық 
ой-
пікірлер 
1.
Еуразия 
даласындағы алғашқы 
қауымдық 
құрылыс 
кезеңіндегі тәрбие 
2.
Еуразия 
құрлығындағы 
Сақ 
империясы дәуіріндегі 
тәлім-тәрбие 
3.
Ғұн империясы мен 
Үйсін-Қаңлы мемлекет 
дәуіріндегі тәлім-тәрбие 
4.
Таяу және Қиыр 
Шығыс 
ежелгі 
мемлекеттерінің 
бірі-
Шумер тәлім-тәрбиесі 
мен мектептері 
5.
Ұлы Түркі қағанаты 
және оның тәлімдік-
танымдық 
мұралары-
Орхон-Енисей 
жазба 
ескеркіштеріндегі 
(Күлтегін,Тоныкөк) 
тәлім-тәрбиелік ойлар, 
Қорқыт тағылымдары
(6-9 ғ.ғ) 
Ұлттық тәлім-тәрбие 
әлемдік 
педагогиканың 
құрамдас бөлігі 
1.Әл-Фараби, 
Ж.Баласағұни, 
М.Қашқари 
педагогикалық 
ілімдері
(9-11 ғ.ғ.) 
2.А.Иүгінеки, 
Қ.А.Иассауи, 
Р.Хорезми, 
С.Сарай 
педагогикалық 
ілімдері (12-14 ғ.ғ.) 
3. Ө.Тілеуқабылұлы, 
М.Х.Дулати, 
Қ.Қ.Жалайыр 
т.б. 
педагогикалық 
ілімдері (15-18 ғ.ғ.) 
4.Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев, 
Ш.Құдайбердиев, т.б. 
педагогикалық 
ілімдері (19-20 ғ.) 
5.Кеңестік дәуірдегі 
педагогика 
ғылымы 
С.Торайғыров,
Ә.Бөкейханов, 
А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, 
М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, 
С.Сейфуллин, 
М.Әуезов 
т.б. 
С.Қожахметов, 
Т.Тәжібаев, 
С.Балаубаев, 


Р.Г.Лемберг, 
Қ.Бержанов, 
Ә.Сембаев т.б.
6. Қазіргі кезеңдегі 
ұлттық 
тәрбие 
теориялары (1991ж ) 
Ұлттық тәлім-тәрбие бастаулары тарихи дәуірлер көшінде заман 
талаптары мен құбылыстарының өзгерістеріне қарай өзінің даму мен 
қалыптасу генезисінің ерекшеліктерімен сипатталып отырды. 
Х-Х1Х ғасырларда түрік тайпалары мекен еткен Орта Азия, Қазақстан 
жерінде өмір сүрген М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Жүйнеки, А.Иассауи т.б. 
ғұламалардың еңбектері мәдениеттің, өнердің, ғылым-білімнің, тәлім-
тәрбиенің дамуына өлшеусіз ыкпал етті. 
Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпы адамзаттық 
идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз 
заманында Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, 
ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу 
Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше. Әл-Фараби алғашқы педагогикалық 
ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы 
туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне 
ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның 
педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының 
мәселелерін бірге қамтитын ілгері жүйе болып табылады. 
Әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан 
кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі 
адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік 
тұғырмасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. Әл-Фарабидің 
«жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру 
керек, тәрбиесіз берілген-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық 
өміріне апат әкеледі» деген ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды. 
Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың «адамға ең алдымен 
білім емес, тәрбие беру керектігі» жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары 
баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі 
айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық 
құндылықтарының мол екені рас. Тәрбие жөніндегі Фараби тағылымы оның 
ғылыми еңбектерінде былай деп көрсетіледі: «.. Қоғамдағы көптеген адамдар 
өздерінің табиғи жаратылысына орай, өздерінің ерекшеліктерін иеленеді. 
Бірақ оларға сырттан өзгеше ықпал жасалғанда адамдар өздерінің табиғи 
болмыстық құндылықтарын өзгертуі мүмкін. Мұндай күрделі өзгерістерге 
тәрбиенің де ықпалы бар. Аталған игі және түпкілікті мақсаттарға жету, адам 
еркі мен тәлім-тәрбие құралдарын пайдалана отырып жетуге негіз болады. 


Олар қалыптасу барысында, аталған талаптардан бөлек, кейде одан асып 
түсетін жайттарға назар аударғанда және тәрбие заңдылықтарынан 
алшақтанған кезде, бастапқы күшті қалпынан тайқып кетуі мүмкін. Табиғи 
заңдылықтардың 
ақиқатын 
мойындаған 
адамдардың 
тәлім-тәрбие 
ықпалдарына деген көзқарастары, тәрбие құралының құдыреті мен өздерінің 
икемдену пиғылдарына байланысты болмақ. 
Аталған дүниелердің қыр-сыры мен қайшылықтарын тану әр жеке 
тұлғаның өз ғұмырнамасын қаншалықты бағалағаны мен болжауына 
байланысты, бұл қасиеттің сырын ұғу әркімнің қолынан келе бермес. Бір 
қаланың тұрғындары білім мен таным жағынан бір-бірінен асу үшін, немесе 
ерекшеленуі үшін, халыққа қызмет етіп, ел басқаруды өркениетті жолға қоя 
білгені – оның ұстазы мен тәлімгерінен алған білімі мен тәрбиесіне 
байланысты..» [111,248-251]. 
Аталмыш ой-тағылымдардан Әл Фарабидың тәрбие теориясына 
қатысты мәселелердің тек қана баланың жан-жақты дамуына тірек болатын 
тәрбие тәжірибелерін қалыптастырумен шектелмей, оның жалпы адам 
тәрбиелеу ізгіліктерінің құралы болу керек деген ғибраттарын кездестіреміз. 
Оның осы мәселеге қатысты терең мән берген тәлімдік алғышарты – 
біріншіден, әр адам өзін-өзі тануға ерте бастап назар аударып, сол мәселеге 
байланысты табиғат пен адам ілімдерін үйренуге; екіншіден, аталған 
қасиеттердің аса жауапты және кез келген адамның қолынан келе бермейтін 
қиын іс екенін атай отырып, ол үшін ұстаз бен жол көрсетуші тәлімгердің 
қажеттігін ескертеді. Мұның өзі бүгінгі педагогикалық зерттеулерде 
ғалымдардың назарын өзіне аударып отырған жан-жақты дамыған жеке 
тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу және сол мәселелер төңірегінде педагогика 
ғылымының қол жеткізген тәжірибелері мен шешілмей жатқан тәлім-
тәрбиелік проблемалармен жанасатынын айтпақпыз. 
Әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның 
еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары 
неғұрлым нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын 
оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: «Оқыту адамдар мен 
халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-
білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту 
тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар 
мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды 
дағдыға айналдыру үйретіледі...». Осы анықтамалардың астарлы мағынасы 
қазіргі педагогикадағы «оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына берілген 
анықтамалар мен сабақтасып, өзара байланысып жатқандығын айқын аңғаруға 
болады. 
Әл-Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы болып 
табылатын «білім беру» ұғымы да қарастырылған. «Оқу бастамасы біздерге 
болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардың шығарылатын 


қорытындылар - ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы» деген 
ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы «білім беру - оқыту нәтижесі, 
тура мағынасында ол оқып-үйренілетін пән туралы алғашқа түсініктің, 
ұғымның қалыптасуын білдіреді» деген анықтамамен өзара байланыс табады. 
Қазіргі 
кезде 
педагогиканың 
негізгі 
ұғымдарына 
«тұлғаны 
қалыптастыру» ұғымы да жатқызылады. Себебі, бүгінде білім беру 
парадигмасының өзгеруіне байланысты, бірінші кезекке пәндік білім, білік, 
дағдысына емес, оның тұлғасын қалыптастыру қойылып, тұлғаға бағдарланған 
оқыту мен тәрбиелеуді іске асыру көзделуде. 
Жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымын ғұлама әл-Фараби былай 
анықтайды: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші - бұлар адамшылық қасиеттер 
болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және 
өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің 
арасында біз игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз 
қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады». 
Ізгілендіру Әл-Фарабидің педагогикалық идеясының негізігі өзегі 
болып табылады, ғұлама білім берудің ізгіленгдіру принципіне негізделуі 
қажет екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлерімен 
айқындап кеткен. Міне, бүгінгі таңда әл-Фарабидің көрегендігі мен 
ғұламалылығы дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру 
парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр. 
Педагогикалық ойлардың тарихында Әл-Фараби оқыту теориясын білім 
жүйесі ретінде анықтауға алғаш талпыныс жасады деуге толық негіз бар.Білім 
беру мазмұнын игеру тәсілдері бойынша көлемді дидактикалық еңбек ретінде 
«Музыканың үлкен кітабын» ерекше атап өтуге болады. Қазіргі педагогика 
ғылымында білім беру мазмұнының әрбір түріне тән меңгерудің белгілі бір 
тәсілі бар екендігі анықталған. Әл-Фараби «Музыканың үлкен кітабы» 
еңбегінде музыкалық білім беру мазмұнын меңгерудің тәсілдері мен 
деңгейлерін анықтап береді. 
Әл-Фараби 
еңбектерінде 
дидактикалық 
принциптердің 
тұжырымдалуына да орын берілген. Дидактикалық принциптердің оқытудың 
жалпы мақсаты мен заңдылықтарына сәйкес оның мазмұнын, ұйымдастыру 
формалары мен әдістерін анықтайтын негізгі қағидалар екендігі қазіргі 
педагогика ғылымында белгілі. Әрбір дидактикалық принцип белгілі бір 
әдіснамалық ұстанымға сәйкес келеді. 
Әл-Фарабидің педагогикалық жүйесіндегі бір ерекшелік-ол әдіснама 
мен әдістеме мәселелерін тығыз байланыстырып, тұтастырып отырады, 
мұндағы оның ұстанған дидактикалық қағидасы: «білімнің бастамасы-
болмыстың бастамасына сай келу» туралы қағидасы. Бұл қағида логикалық 
ойлау әдістерімен тығыз байланыста теориялық ғылым жасауға, оны 
дидактикалық түрде орналастыруда жаңа ғылыми-педагогикалық әдісті 


тудыруға мүмкіндік береді. Осындай әдіс арқылы әл-Фараби принциптерін-
бастамаларын ашып көрсетуді бірінші кезекке қояды. 
Әл-Фараби еңбектерінде ғылым мен философияны оқып-үйрену үшін 
жекелеген әрекеттерден, тәсілдерден тұратын оқыту әдістері нақты 
тұжырымдалып, білім беру, оқыту және адамдар арасындағы ой алмасу үрдісі 
кезінде танымдығы тіл мен тәжірибенің маңызды ролін ашып көрсету арқылы 
оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерінің мәні анықталады, сонымен 
бірге музыка, сөз өнері, философия және басқа да ғылым салаларын оқытудың 
құралдарына мазмұндық сипаттама беріліп, олардың атқаратын қызметі ашып 
көрсетіледі. 
Жалпы педагогиканың бір саласы болып табылатын тәрбие 
теориясының әдіснамасын Әл-Фарабидің тәрбиенің заңдылықтарын, 
принциптерін, мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, нәтижесін 
тұжырымдамалық тұрғыдан негіздейтін жетекші педагогикалық ой-пікірлері 
айқындайды. Қазіргі педагогикадағы тәрбие теориясының мазмұндық-
құрылымдық жүйесіне сәйкес Әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының 
мәнін көрсетуге болады. 
Сонымен, әл-Фарабидің еңбектерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан 
талдау, оның тәлімдік-тәрбиелік ой-пікірлерін жинақтап, қорыту ғұламаның 
педагогика ғылымының барлық салаларын қарастырғанын айқындайды. 
Мұның өзі ұлы ұстаз, кемеңгер ғалым, ғұлама ойшыл әл-Фарабиді педагогика 
ғылымының негізін салушы деп атауға толық негіз бар екендігінің шынайы 
дәлелі болып табылады. 
XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің 
«Құтты білік» еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі 
тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, 
дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелері, жеке тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, 
құқықтық т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады. 
Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты 
білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып 
табылады: 
1. «Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; 
2. Әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; 
3. Ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу, кемел ұрапақтың бойына 
адамдық, азаматтық қасиеттерін, адалдық дәстүрлерін сіңіріп, жан-дүниесіне 
рухани күш дарытатын тәрбие тұжырымдамасы. 
Ғұламаның: «Кітап атын «Құтадғу білік» қойдым - Құтын тұтсын 
оқушым білікті ойдың» деген ой-пікірі дастанның әрбір адам үшін 
құндылығын аша түседі. Автордың 85 тарауға біріктірген 6645 өлең жолының 
тәлім-тәрбиелік орны жоғары болса да, білімге ерекше мән беруі өте құнды. 
Оның пікірінде: «Білімді болу — дүниенің барлық сырын білудің кепілі. 


Ғылыми білімге ұмтылған адам ғана мақсатына жетеді», - деп баладан бастап, 
үлкен кісіге дейін білім алуға шақырады. Ойшылдың табиғаттану, тарих, 
философия, әдебиет, тәлім-тәрбие жайлы айтқандары бүгінге дейін құнын 
жоймаған асыл мұра болып саналады.
Ж.Баласағұни толғауларындағы «кім ақылды бойына жинай білсе – 
ұлықтық дәрежесі соған ауады, ал оған қоса білімді игерсе оның кісілік 
(гуманистік) қасиеті арта түседі» деген өсиеті ғасырдың қай кезеңінде 
болмасын көнермейтін ғибрат болса керек. 
Ғұлама кейіпкерлердің символикалық сипаттары арқылы берілген төрт 
жетекші педагогикалық идеялардан өрбитін тағылымдық құндылықтар тәрбие 
мақсатына қол жеткізудің көзі болып табылады. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұни 
тұлғаның осы қасиеттері халқына адал қызмет етіп, елінің ертеңін ойлайтын 
азаматтарға тән болу керектігін көрсетеді. Бұл тәлімдік идеялар қазіргі 
педагогикадағы тұлғаны қалыптастыру мақсатымен өзара байланысып, бүгінгі 
таңда маңыздылығы артып отыр. Осы тұжырымдама қазақ халық 
даналығындағы «сегіз қырлы,бір сырлы» нақыл сөзімен байланысып төрт 
құбыланың (психологиялық - физиологиялық, әлеуметтік - нормативтік, 
когнитивтік, рухани - адамгершілік) қиылысуы мен ажырамастығын 
бейнелейтін тұлғаның сегіз қырын ашып көрсетеді. 
Ж.Баласағұни 
педагогикалық 
үрдіске 
қазіргі 
педагогика 
ғылымындағыдай анықтама беріп, оның құрылымын көрсетпегенімен, 
еңбектің өн бойынан педагогикалық (тәрбиеленушіні) мәдениет байлығын 
игеруге және еңбек пен қоғамдық өмірге дайындауға бағыттылған мұғалімнің 
(тәрбиешінің) басшылығымен іске асырылатын өзара бірлескен іс-әрекет 
ретіндегі мәні және оның құрылымы (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс-
тәсілдері, іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері, нәтижесі) айқын көрініп тұрады. 
Ғұламаның педагогикалық тұжырымдамасынан оның білімге әр 
қырынан сипаттама бергенін айқындауға болады. Білімнің тағы бір сипаты 
ретінде ғұлама оның адамды құрметті, абыройлы ететіндігі, яғни адам 
білімімен беделді, құрметті бола алады деген тұжырым жасайды. Дастанның 
өн бойында білімнің құрмет көзі екендігі жиі айтылып тұрады. Бұл жерде 
ғұламаның өзі таныған ақиқатты жастардың санасына сіңіру қажеттілігін 
көздеп отырғаны анық байқалады. 
Ж.Баласағұнидің еңбегінде дидактиканың көкейкесті мәселесі білім 
беру мазмұны қарасытырылады. Білім беру мазмұны арқылы жеке тұлғаны 
қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі 
білім алуы, білік пен дағдының қалыптасуы, ақыл-ойы мен сезімнің дамуы, 
таным 
арқылы 
көзқарастарының 
қалыптасуы 
жүзеге 
асырылады. 
Ж.Баласағұни білім беру мазмұнын білім,білік, дағды, шығармашылық іс-
әрекет, дүниеге және қоршаған адамдарға қатынас құрайтынын негіздеп, 
мұның өзі дүниенің бейнесін қалыптастырудың әдіснамалық негізін, 
мәдениетті қайта жаңғырту мен сақтауды, мәдениетті дамытуды, еңбекке, 


оның нәтижелеріне, адамдарға қатынасты қамтамасыз ететіндігін 
тұжырымдайды. 
Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясының негізін жетілген тұлғаны 
тәрбиелеу ілімі құрайды. Бұл ілім тәрбиенің төрт тұғыры - әділет, дәулет, 
парасат, қанағат арқылы адамда адамдық ізгі қасиеттерді тәрбиелеу идеясына 
негізделеді. Ізгілікті – адами қасиеттерді тәрбиелеуде Ж.Баласағұнидің 
ойынша, жоғары адамгершілік сана мен мінез-құлықты қалыптастыру басты 
роль атқарады, соның негізінде ішкі және сыртқы дүниесі бір-біріне сай, 
рухани және дене әсемдігі өзара үйлескен жан-жақты дамыған тұлғаны 
тәрбиелеуге болады. 
Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан 
ғалым, кемеңгер ұстаз М.Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегін оқып-үйрену 
және теориялық тұрғыдан талдау - бұл тек сөздік немесе тілтану мәселелерін 
ғана қарастырған еңбек еместігін, онда біздің ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесі 
бойынша тәжірибесі жинақталып, түрік халқының тәлімдік тұжырымдамасы 
негізделгенін айқын көруге болады. Ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеялары 
өнегелі өмір сүру үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің 
маңызыдылығын 
дәріптеуге 
бағытталған. 
Сондықтан 
оның 
тұжырымдамасының негізгі өзегі - ортағасырдағы түркі баласының бейнесі-
«ұлылыққа ұмтылған», «білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», 
«біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп - ақ лақты насихатын ұстанған» ірі 
тұлға. 
М.Қашқаридің педагогикалық тұжырымдамасының негізін дидактика 
мәселелері құрайды. Ғұлама арнайы «дидактика» терминін қолданып, оны 
педагогика ғылымының саласы - оқыту теориясы ретінде анықтамағанымен, 
оның еңбегінің өн бойынан дидактикалық мазмұн айқын көрініп тұрады. 
Дидактиканың қазіргі кезде арнайы ғылым саласы ретінде анықталып, 
оның заңдылықтары мен негізігі зерттеу мәселелері айқындалып отырған 
бүгінгі таңда М.Қашқаридің еңбегіндегі дидактиканың көрініс беруін аңғару 
қиын емес. М.Қашқари дидактикасын екі деңгейде қарастыруға болады: 
жалпы дидактика және дербес дидактика. Жалпы дидактика тұрғысынан алып 
қарасақ, біріншіден, ғұлама білім беру, оқыту, үйрету, пайымдау сияқты 
дидактиканың негізгі ұғымдарына анықтама берген, екіншіден білім беру 
мазмұнын, оқытудың принциптерін, әдістері және құралдарын айқындаған. 
Білім беруді ғұлама адамзаттың жинақтаған тәжірибесін, заттар мен 
құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі деп біліп, соған 
сәйкес барлық материалдарды өз еңбегіне арқау етеді. Оқытудың мұғалімнің 
басшылығымен іске асырылатын іс-әрекет, соның нәтижесінде адамның жан-
жақты дамуы, білім,білік, дағдыны игеру көзделетінін анықтайды. Мұның 
дәлелі ғұламаның оқыту, білім беруге берген түсініктемелері мен ой-
тұжырымдамалары болып табылады: 


М.Қашқари еңбегінде ғылымның әр саласынан білім беру көзделген, 
егер білім берудің басты қызметі алдыңғы ұрпақ өкілдерінің жинақтаған 
тәжірибесін жеткізу болса, ғұлама ең алдымен, білім берудің осы қызметін іске 
асыруды мақсат етіп қойған.
Қазақ халқы өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болып, қоғамдық ой-
сананы қайта құрып жатқан қазіргі жаһандану дәуірінде көненің көзіндей 
болып, бізге ғасырлар қойнауынан жеткен педагогикалық мұраларымызды 
өзара ықпалдастық пен тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырудың 
маңызы өте зор. 
Біз зерттеу барысында әлемдік мәдениеттің көшбастаушылары Әл-
Фарабидің, Ж.Баласағұнидің және М.Қашқаридің еңбектеріне жан-жақты, әрі 
тарихи-педагогикалық талдау жасау негізінде олардың педагогикалық ой-
пікірлерінің арасында өзара ғылыми үндестік пен мазмұндық ықпалдастықтың 
бар екенін анықтадық.Оның дәлелі әл-Фарабидің трактаттарының, 
Ж.Баласағұнидің «Құтты білігінің», М.Қашқаридің «Түрік сөздігінің» 
мазмұнына арқау болған тәрбие берудің басты ұғымдары, жалпы тәрбие 
негіздері, тәрбие теориясы мен дидактика мәселелері болып табылады. 
Ғұламалардың тәрбиелік теорияларындағы өзара байланыс ғылымының 
тамыры тереңге жайылғандығын аңғартады. 
Ақыл 
– 
парасат 
жалғастығының 
көрінісі 
әл-Фарабидің, 
Ж.Баласағұнидің және М.Қашқаридің педагогикалық ой-тұжырымдарының 
өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл ағартушылардың тәлім-тәрбиелік 
идеяларымен үндестік табуы болып табылады. Қазіргі ұлттық тәрбие тарихы 
тұрғысынан алып қарастырсақ, ғұламалардың негізгі тәлім-тәрбиелік 
идеяларының түйісіп, бір-бірімен сабақтасатын тұсы адамшылық, 
адамгершілік және ізгілік принциптеріне негізделген тәрбие мазмұнының 
көрінісі екені анық. 
Жалпы түркілік дәстүрге, ерекшелікке сәйкес келетін тәрбие 
мазмұнының ізгілендіру идеясына сүйенуі заңды құбылыс. Өйткені, 
ізгілендіру идеяларын Орхон-Енисей жазбаларынан да, Қорқыттың 
аңыздарынан да, кемеңгер әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари 
педагогикасының мазмұнынан да, олардан кейін өмір сүрген шығыс 
ойшылдарының, қазақтың ұлы ағартушыларының алаш қайреткерлерінің 
еңбектерінен де табуға болады. Сондықтан әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, 
М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларын кейінгі дәуірлердегі ойшылдардың 
көзқарастарымен сәйкестендіре, салыстыра қарастырғанда этикалық 
принциптерге назар аударуымыз орынды деп есептейміз. Жалпы, этикалық 
принциптердің шығыстық менталитетте жетекші роль атқаратынын ескерсек, 
ұлттық тәрбиенің құдіретті күші өскелең ұрпақтың бойында адами 
құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған даналыққа, парасаттылыққа деген 
құштарлық болып табылатынын баса айтуға болады. 


М.Қашқариды шығыстанушы ғалымдар маржан тіл мен терең ойдың 
адамы деп ғибрат тұтып, оның мұраларын шығыс пен мұсылман ілімдерінің 
алтын бесігі ретінде бағалады. Қашқари түркі сөздерінің қисындық-логикалық 
үлгісін ғылыми тұрғыда терең саралаған танымы зерек, тіл білімінің асқан 
ойшылы ретінде танылумен қатар, артына тәлімдік-тағылымдық мұра 
қалдырған данышпан-ұстаз ретінде дараланды.
Орта ғасырлық ойшылдардың келесі өкілі - А.Жүйнеки «Ақиқат сыйы» 
деп аталатын еңбегінде өзіне «Адам қалай өмір сүруі керек?» деген сауал қойып, 
білімнің пайдасы мен надандыктың зияны, тілді тыйып ұстау, дүниенің өзгеріп 
түратыны, жомарттық пен сараңдық, игі мінез бен жарамсыз қылық жайында 
ой толғап, дүниенің кілті — оқыған, білімді адамдардың колында деп, әдепті 
сөйлеуге, жомарттыққа шақырады. 
Қорыта айтқанда, түркі тайпаларынан шыққан ғұламалардың тәлім — 
тәрбиелік сөздері мен теңеулері, мақалдары мен мәтелдері тәрбиелік іс-
әрекетке бағыт-бағдар болып, күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтпай келе 
жаткан рухани мұралар. 
Адамзат қоғамының түрлі кезеңдеріндегі даналық ой-пікірлерді 
негіздеушілер, шежірешілер еңбектерінен көрініс алды. Орхон-Енисей 
ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегінің «Күлтегін», «Білге қаған», 
«Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен 
астарлас рухани мұраның бірі – Қорқыт ата тағылымдары ұлттық тәрбиенің 
алғашқы философиялық, педагогикалық, психологиялық идеяларын өзектесе, 
бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың тәлім-тәрбиелік 
мұраларында да жан-жақты қарастырылды. 
Ал халық тәлiмгерi атанған Қайқауыстың «Кодекс куманикус» атты 
еңбегінде: «...ей перзентiм...дүниедегi басқа заттарды өз өрнегiң сияқты танып 
түсiне бiл. Оған өмiр сүруге қажеттi өнер, бiлiм, саясат ағымдарын жататыны 
айтылған. [191, 12б.].
Қ.А.Иассауи - түркі тілдес халықтар арасында мұсылманшылықты, 
сопылық ағымның тиімді жақтарын пайдалана отырып, әділдікті, 
имандылықты, ізгілікті насихаттаған аса ірі ғұлама.
А.Йассауи өз заманында мұсылман философиясының адамгершілік 
құндылықтарын әлемдік деңгейге көтере білді. Йассауи әлемін танушы 
ғалымдардың пікірінше, ғұлама ойлары өзінің философиялық құндылығымен 
ғана емес, сонымен қатар өзінің далалық данышпандық өрнегімен 
ерекшеленеді. А.Йассауи өз өсиетінің шын мәнінде шәкірттерге аманат қылу 
дәстүрін ұстанады.
Аталған ғұламалар ғұмырнамасымен тағдырлас болған Ж.Баласағұни, 
М.Қашқари, Қайқауыс және А.Йассауи тағылымдарында ұрпақ тәрбиесіне 
деген ұстаздық сезімнің, даналық ойдың үндестігі байқалады. 
Ж.Баласағұни ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ғибратын гуманистік және 
этикалық тұрғыда кемелдендіру жүйесін ұсынса, М.Қашқари халықтың 


қайталанбас танымдық-тәлімдік дәстүрлердің сақталуы мен қастерленуінің 
кепілі – этномәдени мұраларды (тіл, әдебиет, салт-сана, ұлттық дәстүрлер) 
ұлттық дүниетаным құндылықтарымен ұштастыру деп таныса, Қайқауыс 
ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидасы - табиғат пен қоғам байланысы һәм 
жаратылыс заңдылықтары негізінде ата дәстүрі мен ұрпақ сабақтастығы 
байланысы дейді. Ал, А.Йассауи адамгершілік, кісілік және имандылық 
қасиеттер адамды тәрбиелеудің алтын діңгегі деген тәлімдік-танымдық 
идеяларды алға тартады. 
Мұсылман және араб-түркі ғұламаларының тағылымдық дәстүрлері 
Қазақ хандығы дәуірінде ғұмыр кешкен ақын-жыраулар толғауларында 
дәстүрлі жалғасын тапты. Адамдардың бойындағы адамгершілік пен 
мейірімділіктің, ержүректілік пен адалдықтың, инабаттылық пен ақылдықтың, 
шешендік пен тапқырлықтың көргенділік пен ақылдылықтың, қатігездік пен 
жауыздықтың тұқымнан тұқымға қан арқылы беріліп отыратын ерекше 
қасиеттер екенін бабаларымыз жақсы таныған. 
Бұқар жырау: «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, 
адамның ата –тегінен», - деген. Қазақ сонау тұқым-тұяғынан бері қарай 
ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, тұқымқуалайтын барлық жақсы 
қасиеттердің жиынтығын «тек» деген ұғымға сыйғызып, ондай адамдарды 
«текті» деп бір ауыз сөзбен сипаттаған [193, 65б.]. Сондықтан да көреген ата-
бабаларымыз тегін таза сақтау үшін, тұқымын аздырмас үшін текті жерден қыз 
алып, текті жерге қызын беріп, әруақты елмен, өсіп-өнген ата мен құдалықтың 
жазылмаған ұлы заңын қалыптастырған. Ұлттық ерекшеліктерін қатаң ұстап, 
ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіне осы тектілік негіз болғаны хақ. 
Аталарымыз әрбір баланың жеті атасын білуі міндетті, бұдан 
хабарсыздардың «жеті атасын білмеген жетім», «жеті атасын білмеген 
жетесіз» деп келемеждесе, керісінше, аталарын ажырата алатындардың «жеті 
атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын жер» деп мадақтап, көпке үлгі еткен.
Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай он 
қасиеттен тұрады: біріншіден, кішіпейіл болып және адамдарға 
сезімталдықпен қараудан; екіншіден, өзінің ісінің дұрыс-бұрыс екенін біліп, 
соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-
армандарын орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-
білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; 
алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық 
сөйлемеуден; сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп 
сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен 
сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; 
оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді 
айтпау. 
Ата-бабамыз адамның ішкі жан дүниесіне зер сала ақтара қарап, оның 
әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Ақырында, өзінің көз жеткізген 


ой қорытындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя 
отырып, оған зор сенім, үміт артады, адам бойынан жақсы қасиеттердің 
табылатындығына шек келтірмейді.
Ата-бабамыздың адамның жан дүниесіне, жүрек сырына терең бойлап, 
оның құпия жәйттерін ұғынып, жақсы-жаман қасиеттері туралы өте көп 
тұжырымдар, ой-пікірлер айтқан. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші екеуі 
біріккенде, адамшылық қасиеттерге айналады. Мұны қазақ даналары әрбір 
нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығына 
және жетілгендігінде деген мағынада айтады. Егер осы екеуі – жақсы мінез-
құлық пен ақыл күші бірдей болып келсе, ол адам– үлкен ат иесі деген түйін 
осыдан қалса керек. 
Адам өсу, дамып жетілу үрдісінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие 
болады. Оның жан жүйесі, сана-сезімінің дамуы айналасы мен қоғамдық 
өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы мен сенімі, арманы мен 
талғамы, кісілігі қалыптасады. Яғни, белгілі ұлт пен ұлыстың ділінен 
(менталитет), 
дәстүр-салт, 
жол-жоралғыларынан 
жеке-дара 
ұғыну 
ерекшеліктері қалыптасады. Ақын өз шығармасында ақыл-ойы, ерік-күші, 
белсенді іс-әрекеті басқаларға үлгі боларлық. Ел мен халықтың көш бастаушы, 
қамқор ақылшысы болуға жарайтын тұлғаларды тәрбиелеу жолын іздестіреді. 
Дана бабамыз әл-Фараби [115, 238б.] қайырымды қаланың бірінші 
басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің 
басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады 
деген, яғни: 
1) бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің 
күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы 
бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен 
әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; 
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылға сөзді 
сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын 
болуы керек; 
2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін 
жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын болуы керек; 
3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол 
белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы 
шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере 
алатын тілмар болушарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-
шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай 
жететін болу керек; 
4) тағамға, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болуы керек, 
жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа 
жирене қарауы шарт; 


5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен 
суайттарды жек көру керек; 
6) жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны 
пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар 
болуы тиіс; 
7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау 
керек; 
8)жаратылысынан әділеттік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен 
озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 
9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты 
әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, 
жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 
10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 
11) әділеттілік алдында нойыс мінез көрсетіп қасарыспау керек, бірақ 
әділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз болу шарт; 
12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, 
бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болу 
керек. 
Асанқайғыдан бастап Абайға дейінгі алып тағылым кеңістігіндегі қазақ 
ғұламаларының тәлімдік идеялары – қазақы қанымыз бен ұлттық 
намысымызға сіңген мәңгілік рухани құндылықтар ошағы болып қала бермек. 
Оған Асанқайғының, Қазтуғанның, Мұхамед Қайдардың, Қыдырғалидың, 
Ө.Тілеуқабылұлының, Шалкиіздің, Доспамбеттің, Әбілғазының, Жиембеттің, 
Ақтамбердінің, Бұхардың, Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің, 
Үмбетейдің, Дулаттың, Шоқанның, Ыбырайдың, Құрманғазының, Абайдың 
және басқа қазақ даласының данышпандарының қосқан үлестері өлшеусіз. 
Олардың артына қалдырған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі даналық ғибраттарын 
талдау, орны бөлек абыройлы іс екені анық. 
Талдау барысында біздер аталған зиялылардың әрқайсысына 
тоқталудың мүмкін еместігін ескере отырып, жекелеген тұлғалардың тәлім-
тәрбиелік өнегесі жөнінде тоқталып өтуді жөн санадық. 
Ш.Уәлиханов «дала данышпаны» деп атаған Асанқайғы бабамыздың 
ұрпағына қалдырған тағылымдық мұралары ұшан-теңіз. Қазақ хандығы 
дәуіріндегі ұлттық педагогиканың дамуы мен қалыптасуын зерттеген 
Т.М.Әлсатовтың [195] еңбегінде, данышпан бабамыздың Қазақ хандығының 
негізін салушы Керей мен Жәнібек сұлтандарға ақыл-кеңес берген абыз тұлға 
һәм рухани ұстаз ретінде танылғаны жайында баяндалады. 
Ресей патшалығы қазақ жерін отарлап, империялық саясатын өрістеткен 
сайын халыктың сана-сезімі оянып, ағартушылык идеялар орын ала бастады. 
Қазақ хандары мен билері, жыраулары және А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановтар 
бастаған ұлт зиялылары мен қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен жазып, 
ауызбен айтып қана қоймай, іспен де өнеге көрсете білді.


Тәуке хан заманы қазақ қоғамында отаншылдықты байлықтан да 
жоғары бағаласа, көптеген елдерде отаншылдық халықтың өз ұлтының тілін, 
ділін, 
дінін 
берік 
сақтауымен 
және 
мақтан 
тұтуымен 
тікелей 
байланыстырылады. 
Ғасырлар бойы басқа халықтарға отарлық үстемдік жүргізген алпауыт 
мемлекеттерде ұлы державалық патриотизм санасы мемлекеттік ұран ретінде 
насихатталған. Қазіргі батыс зерттеушілері отаншылдық ұғымы қоғамдық-
саяси феномен ретінде ескіріп тозды, маңызы жоқ деген пікірлер айтады. 
Еуропаның кейбір ғалымдары отаншылдықты «ұлт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет