Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013



бет11/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
annotation6558
Мақала Аманова С.Т, Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4
б. Арбитраж
Арбитраж ИНТЕЛСАТ және ИНМАРСАТ атты жер серіктік байланыс саласында жұмыс жасайтын, халықаралық ұйымдардың негізінде жатқан келісімдерде қарастырылған.
ИНТЕЛСАТ алпысыншы жылдардың басында батыс - еуропалық мемлекеттермен АҚШ - пен құрылған. ИНТЕЛСАТ - та міндетті арбитраж ИНТЕЛСАТ жайлы Келісімнің XVIII - ші бабында және пайдалануға байланысты келісімнің 20 - шы бабында қарастырылған. Көрсетілген ережелер бірнеше сипаттамалармен белгіленген.
Біріншіден, бұл ережелер, тек «құқықтық» дауларға жатады. Екіншіден, келісім сөздер бейбітшілік жолмен реттеудің ерекше, өзіндік кезеңі деп көрсетілмеген және ол арбитражға өтудің тек қосымша амалы болып табылады. Үшіншіден, бұл ережелер Келісімнің тараптарының (яғни мемлекеттердің), сонымен қатар, қатысушылар арасында (олар мемлекеттер де болуы мүмкін, сонымен қатар жеке компаниялар да болуы мүмкін) немесе тараптар мен ұйымның немесе мүше мен ұйымның арасындағы дауларға қатысты қолданылады.
Міндетті арбитраж тарап пен мүшенің арасындағы дауға қатысты пайдаланылмайды. Мемлекеттер мен жеке компаниялар арасында даулар жоқ екені өзі - ақ анық сияқты. Алайда, мұндай даулар бәрі бір де бар деп саналады, бірақ олар арбитражға тек дауға қатысушылардың келісімімен берілуі мүмкін. Осылайша, мемлекеттердің келісімімен шешуші мағына ИНТЕЛСАТ - қа беріледі.
Келісімнің XVI - шы бабына және Конвенцияның 31 - ші бабына кіретін бейбітшілік жолмен реттеудің нұсқасы ауқымды болып шықты және ыңғайлы емес сияқты. Бірақ, ол консенсуке жетудің жалғыз мүмкіндігі еді.
Мүшелер арасындағы, не болмаса ұйым мен мүшелердің арасындағы Конвенцияны және Келісімді талқылауға немесе қолдануға қатысты дауларға немесе осы шартпен байланысы бар дауларды шешуге келісім сөздер қолданылуы керек. Тек мынадай жағдайда ғана, егер де, бір жыл мерзімі ішінде келісім сөздер жетістіктерге алып келмесе, дау арбитражға жіберілуі мүмкін, оның үстіне ол дауға қатысушылардың барлығының келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Тағы да, егер дау, тарап пен мүшенің арасында болса, егер дау Конвенцияға немесе Келісімге қатысты сұраққа байланысты туындайтын болса, келісім болуы қажет. Бірақ, бұл жағдайда келісім сөздердің бастапқы кезеңі міндетті емес.
Дау мүшелер арасында, немесе мүшесі мен ұйым арасында болған жағдайда да келісу міндетті. Міне, дәл осы даулар, тек бір жақтың өтініші бойынша, екінші жақтың келісуінсіз-ақ арбитражға берілуі мүмкін.
Егер де дау ұйым мен мүшенің немесе тараптардың бекітілген келісімдер немесе шарттарға қатысты болған жағдайда да келісім сөздер қажет. Бұл жағдайда арбитраждың юрисдикциясы міндетті емес.
Осылайша, барлық жағдайдағы дауларды қарастыруға құзырлы, құқығы бар орган, ол классикалық халықаралық арбитраж. Оған жету жолы тек бір жағдайда ғана ол тараптардың келісімі бойынша, ал басқа жағдайда бір тараптың өтініші бойынша да істі қарастыруы мүмкін. Кез келген жағдайда қойылған шешім екі жаққа да міндетті. Іс жүзінде, бірінші де емес, екінші де формалары әлі қолданылған емес.
в. Сот.
Халықаралық соттық талдау ғарыш құқығында тек бір құжатта ғана қарастырылған, ол – 1976 - шы жылы ғарыш байланысы үшін араб елдерінің Корпорациясы жайлы Келісімінде (АРАБСАТ). Келісімнің 19 - шы бабында былай деп айтылған: корпорацияның басты мүшесі «бір жағынан, корпорациямен және екінші жағынан, бір немесе одан да көп мүшелерімен, одан қалса мүшелер арасындағы дауларға байланысты соттық талқылауды жүргізуі керек». Алайда, бұл жағдайда ғарыштық соттық талқылау емес, ол Квазисоттық процедурасы жайлы сөз қозғалғандығы туралы ойлаған жөн.
Осылайша, ғарыштық әрекеттерді сипаттайтын құжаттарда дауларды бейбітшілік жолмен шешуге жататын нормалар қазірге көп емес. Көбінесе, жиі шарттарға ешбір нақты ережелер енгізілмеген. Бұл, дау пайда болған жағдайда оның тараптары даудың шешу жолдарын таңдауда толық бостандыққа ие екенін білдіреді және олардың кез келгенін қолдана алады. Бұндай жағдайдың теріс жағы да бар, ол оған уақыт және шешу жолын таңдауға немесе процедураны ойластыруға күш жұмсау.
Құжаттардағы дауларды шешу жөніндегі нормалардың арасында дау тараптарын екіжақты және өз еркімен амалдарды таңдауға міндеттейтін ережелер басым екені айқын. Бұнда дауды шешу амалы ретінде емес, одан да даудың алдын алатын амал ретіндегі кеңес берулер өзгеше байқалады. Кеңес беру үрдісінің барысында тараптар болашақтағы жүзеге асырылатын шаралардың жоспарлары бойынша келісімге келеді, яғни жалпы саясатын қарастырады және жалпы құқықтық позициясын дүниеге келтіреді.
Көпте болса немесе аз да болса міндеттейтін амалдар (процессті және оны пайдалануды бөлшектеп реттейтін) өте нақты болатынына уәде беретін жағдайлар қарастырылады.
Даулардың бөлек категорияларына келетін болсақ, материалдық шығынды төлеумен байланысы бар шешу жолдары сенімді амалдармен қамтамасыз ету тенденциясы байқалады. Ғарыштық қызметті пайымдайтын құжаттарға енгізілген арбитраждың әр түрлі формалары жайлы шектелген ережелер басқа мемлекеттердің мүддесіне араласу немесе зиян келтірілген нақты бір жағдайларға қарастырылған.
Халықаралық құқық Ассоциациясының қабырғасында болған теңіз құқығы туралы Конвенцияны құрастыру аяғына жақындаған кезеңде, ғарыш құқығына қатысты теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенцияның XV - ші бөлігіне енгізілген, дауды бейбітшілік жолмен шешу амалдарына жататын нормалар жүйесін қолданып көру мақсатымен комитет құрылды. Комитет жұмысының нәтижесі ғарыш құқығындағы дауларды реттеуге байланысты Конвенцияның бейресми жобасы [85]. Осы жобаға Е.С. Молодцова тереңірек талдау жүргізе отырып, оны теңіз құқығы бойынша Конвенцияның XV - ші бөлімінің ережелерін, ғарыштық қызметтің арнайылығын көрсетпейтін қарапайым көшірме механизм ретінде сипаттайды. Бұл пікірмен келіспеске болмайды. Халықаралық құқық Ассоциациясының Париж Конференциясындағы бұл жобаның талқылануы кезіндегі қатаң сын бекер болмаса керек.
Ілгеріде айтылған мәліметтер, төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді, яғни бұл қағидалардың басты мақсаты ол адамзаттың өмір сүру ортасын сақтап қалу мақсатында халықаралық қауымдастықтың әріптестігін жүргізу. Бұл қағидаларды түсінудің қажетті шарты ол қоршаған орта мен ғарыш кеңістігін қорғаудың обьектісін анықтау мәселесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет