Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013



бет9/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
annotation6558

а. Келіс сөздер жүргізу
Ғарыштық қызметпен байланысты халықаралық қарым қатынастарға халықаралық келіспеушіліктерді бейбітшілік жолмен ретке келтіру қағидасы билігін жүргізеді. Және де егер, қандай да бір «ғарыштық» шарттың бір жағы нақты белгілі бір ретке келтіру амалын қолдануға міндеттелмеген болса, онда олар дұрыстау, сол жағдайға сәйкес деп шешкен амалын, өздері таңдауына болады. Іс жүзінде ол жиі келісім сөздерді пайдалануды білдіреді. Осылайша, ғарыштық іс әрекеттерге қатысты даулар үшін құқықтық ретке келтіру әлі жоғары дәрежеде дамымағанына байланысты келісім сөздер өте тиімді, пайдалы қызметті атқарады.
Ең алдымен, бұндай даудың тараптары ғарыш кеңістігіндегі қызметтері үшін, тек ең негізгі жауапкершілікті атқаратын мемлекеттерболатын жағдайды қарастырамыз. Талапкер мемлекет шығынға ұшыратқан мемлекетке оның өтемақысы жөніндегі талабын дипломатиялық каналдар арқылы қояды (IX - шы бап) [7, 88-89бб.]. Егер де, талапкер мемлекет шығынға ұшыратқан, ғарышқа ұшырған мемлекетпен дипломаттық ара қатынаста болмаса, онда ол басқа мемлекетке, ғарыш кеңістігіне ұшырған мемлекетке қоятын талабын алдын ала қоюы жайлы өзінің өтінішін білдіруіне болады немесе Конвенция негізінде қандай да бір басқа жолдармен өзінің көз қарасын білдіруі мүмкін. Егер талапкер мемлекет пен шығынға ұшыраған мемлекет, БҰҰ - ның мүшесі болса, талапты БҰҰ - ның бас хатшысы арқылы білдіруге болады (IX - шы бап).
Талапекер мемлекет зиян келтірген мемлекетке қоятын талабына байланысты құжаттарын бергені туралы мәлімет беруі керек (XIV - шы бап).
Осы сәттен бастап, дипломатиялық келісім сөздер жүргізу жолымен қойылған талапты ретке келтіру басталады. Егер де осындай келісім сөздер барысында жауапқа тартушы мемлекет пен ұшырушы мемлекет арасында келіспеушіліктер пайда болса, қарастырылып отырған талапқа және өтемақы көлеміне, шығын болуына байланысты ол мемлекетті жауапкершілікке тартуға негіз немесе оны жауаптылықтан босату анықталады.
Конвенцияға сәйкес талаптарды дипломатиялық келісім сөздер арқылы ретке келтіру бір жыл көлемінің ішінде, жауапқа тартушы мемлекет өзінің талабына қатысты құжаттарды өткізгендігі жайлы ұшырушы мемлекетке жариялаған күннен бастап іске қосылады (XIV бап). Сондықтан, егер де, осындай талапқа байланысты дау осы уақыт мерзімінің аяқталғанға дейін пайда болса, онда әрине бұл даудағы екі тарап даудың, ең алдымен осы айтылған талапқа қатысты екеуінің арасында басталған дипломатиялық келісім сөздер арқылы ретке келтіруге тырысады. Бұл жағдайда келісім сөздер дауды ретке келтірудің бірінші кезеңі болып табылады. Ал, егер де келісім сөздер дауды ретке келтіре алмаса және соған сәйкес бір жыл мерзімі ішінде талап та ретке келтірілмесе, онда дауласып жатқан екі тараптың кез келген біреуінің өтініші бойынша, осы тараптар талапты қарастыратын Комиссияны құрастырады. Бұл жағдайда құрылған комиссия дауды ретке келтірудің екінші кезеңі ретінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет