ә. Келісу процедуралары Келісу процедурасы таза күйінде ғарыш құқығында қарастырылған. Оның нысандарының бірі өте арнайы, ғарыш обьектілерінің әсерінен болған шығынға байланысты халықаралық жауаптылыққа тарту жайында, 1972 - ші жылғы Конвенция құрамына кіреді. Егер де, шығынға ұшыраған мемлекет ғарышқа ұшырған мемлекетке қойған талабы бір жыл мерзімі ішінде оның қойған күнінен бастап, дипломатиялық жолмен қанағаттандырылмаса, екі тараптың кез келген біреуінің өтініші бойынша талапты қарастыруға арналған комиссия құрылады (XIV - ші бап).
Комиссия талаптың пайда болу себебін, негізін, шығын өтемақысын анықтап және оның сомасын белгілейді, егер де, екі тараптың арасында комиссия шешімі жайлы келісімге отырған болса, комиссия шешімі соңғы және міндетті болып табылады. Ондай болмаса, комиссия шешімі ұсыныстық сипатта соңғы анықтамасын шығарады. Оны екі тарап өз еріктерімен қарастырады.
Комиссияның өзінде талаптар бойынша жаңалық болатындай еш нәрсе жоқ. Талаптар бойынша жұмыс жасайтын аралас комиссиялар екі жүз жылдан бері белгілі, алайда бұндай комиссиялар ұзақ уақыт мерзімі ішінде келтірілген шығын бойынша пайда болған талаптарды реттеу үшін құрылған. Мысалы, соғыс, көтеріліс нәтижесінде болған шығынға қатысты талаптар. Біздің ғасырымыздың ортасында, болашақта пайда болуы мүмкін талаптар бойынша жұмыс жасайтын тұрақты комиссиялар құрылды, олар әдетте балық аулау саласыныдағы құрылымының негізінен торлардың бұзылуына байланысты талаптарды қарастыру үшін арналған балық аулау жайлы келісімдерде қарастырылады.
Келтіріген зиян үшін жауаптылыққа тарту туралы Конвенцияда қарастырылған, талаптарға қатысты құрал құрылған Комиссияны, көбінесе, арбитражбен салыстыруға болады. Ол оның түзілу әдісіне де, ісінің әрекеттеріне де, және оның алдына қойған міндеттеріне де негізделген. Ол міндеттері мыналар: біріншіден, айғақтарды анықтау; екіншіден, конвенция бойынша екі тараптың жағдайларына қарай осы айғақтарға баға береді. Ол іс жүзінде Комиссия конвенцияны талқылау құқығына не екенін білдіреді.
Комиссияға тән мүлдем әдеттегідей емес сипат ол дауласып жатқан екі тараптың оның шешімінің міндеттілігі жайлы сұрақты өздері шешетін құқығының болуы. Егер де, оның шешімін міндетті деп келіссе, онда комиссия арбитраж статусына ие болады. Егер де, оның шешімі ұсыныс ретінде қалатын болса онда комиссия тек келісушілік деп есептеледі. Себебі, бұнда дауды талдауды қозғау үшін тек бір тараптың бастамасы жеткілікті болып тұр, ал екінші жағдайда теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында көрсетілген, кейбір ғылыми зерттеулер туралы, балық аулау және делимитациялау туралы даулар екі талаптың бірінің бастамасымен келісімдік процедуралар арқылы талқылануға берілуі мүмкін деген ережеге сәйкес ұқсастық көрініп тұр.
Келісімге келу процедурасының бұндай мысалы халықаралық тәжірибеде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Швейцарияның көрші мемлекеттерінің арасындағы кейбір келісімдерде пайда болды, олар соғыстан кейінгі талаптарды реттеуге арналған және онымен екі рет қолданылған (Франция мен Италияға қатысты) одан кейін де бұл бұл нысан сирек кездеседі, бірақ та, өте маңызды құжаттарда байқалады.
1972 - ші жылғы келтірілген зиянға қатысты жауаптылыққа тарту туралы Конвенциясына көңіл бөлген ғалымдар, талаптарға байланысты құрылатын комиссияның осы келісімге келу сипатын ерекше атап өткен. Осылайша, Земанек мемлекеттердің келісімдер фактілерінен дауларды шешуге қатысты органның дәл осы нысанда мынадай қорытынды жасады: Халықаралық Соттың нағыз балама арбитраж емес, ол келісімге келу процедурасы [83].
С. Капоторти соған қарағанда халықаралық Сотты кейбір жағдайларда дәл осындай жолмен пайдалануды ұсынады. М.Д. Форкош талаптар бойынша комиссияның ережелеріне қатаң сын айтқан [84]. Оның ойынша, конвенцияның ережелері қазіргі саясаттың мүдде мақсаттарына жетуге өте қатты бағытталған, ал атқаруы тиіс қызметке сай келмейді. Ал, «Арбитраждың консенсуалды» мүшесі бар болғаны заңдық күші төменгі аралық комиссияны қарастырады. Бұл жөнінде, Форкош Конвенция мәтініне бірқатар өзгерістер енгізуді және ғарыштық қызметке қатысты дауларды шешу үшін соттың арнаулы нұсқасы жобаны ұсынады.
Біздің ойымызша, оның арбитраж қызметі берілуі қарастырылған бөлігіне талаптар бойынша комиссия туралы ережелерге қарсы еш нәрсе істеуге болмайды. Бірақ та, бұл орган арбитраж процедурасына байланысты әрекет жасайтын келісімге келу комиссия ретінде қолданылады деп үміттенуге болмайтын сияқты. Бұндағы маңызды фактор процесстің құны, оған соншалықты көп сома жұмсап, нәтижесінде бір топ заңгерлердің қойылған талаптың негізделгендігі жайлы ойын білу үшін, бұндай ауқымды талдау процедурасын бастау, тиімді емес шығар.