Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҒАРЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҒЫМСЫЗ САЛДАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НОРМАТИВТІК МАЗМҰНЫ



бет8/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
annotation6558

2 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҒАРЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҒЫМСЫЗ САЛДАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НОРМАТИВТІК МАЗМҰНЫ


2.1 Ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғау қағидасының мазмұны және оның ықтимал зиянды салдардың алдын алу ережесіне талдау
Халықаралық экологиялық құқықта, құқықтың басқа да салаларындағыдай, қоршаған ортаны қорғауға байланысты негізгі қағидалар қалыптасқан.
Б.Ж. Абдраимовтың пікірінше, «құқық қағидалары, қандай да бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің бағыттарын анықтауға арналған» [49]. Профессор Н.Б. Мухитдинов құқық қағидалары деп тек қана құқық нормаларында көрініс тапқан бастамашылық сипаттағы құқықтық ережелерді ғана тану қажеттілігін айтқан [50,133б.]. Профессор Д.Л. Байдельдиновтың ескертуі бойынша, экологиялық заңнаманың қағидалары құқықтық нормалардың белгілі бір жиынтығын анықтау үшін байланыстырушы рөл атқарады, өз кезегінде оларды институттарға немесе құқық салаларына айналдыра отырып және олар ілгеріде аталған қағидаларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді. Экологиялық заңнаманың қағидаларын зерттеу және анықтауды, ең алдымен, осы экологиялық заңнаманың мәнін ескере отырып жүргізу қажет, яғни аталған қағидалар біз талдайтын заңнамада көрініс табуы тиіс, ал оларға сәйкес, тиісті қоғамдық қатынастар реттелуі міндетті [51, 25б.].
«Қағидалар жағымды жүктемелердің жиынтығы болып табылады, олар міндеттеу элементінен тұрады, қоғамдық өмір мен құқықтық қызметтің құнды қырларын көрсетеді. Құқық қағидаларының іс жүзіндегі мәні, ол:

  • құқық жүйесіне біртиптілік, тәртіптілік пен логикалық үйлесімділік сипат береді;

  • құқықтық құндылықтарды айқындайды;

  • құқықтың мәніне сәйкес, біртипті заңдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді;

  • барлық құқық нормалары үшін бастапқы бастауларды анықтап береді».

Құқық қағидаларын келесідей жіктеуге болады, яғни жалпы құқықтық, салааралық және салалық. Жалпы қағидаларға құқық нормаларын, институттарын және салаларын қалыптастыратын, жетілдіретін және дамытатын негізгі идеяларды жатқызамыз, ал құқықтың салааралық қағидаларына бір біріне жақын болатын құқық салаларының екеуіне ортақ қағидаларды танимыз. Салалық қағидалар тек бір ғана құқық саласына тиесілі қағидаларды айтамыз.
Қазақстандық ғалым М.А. Сарсембаев қағидаларды «әр бір мемлекет өзінің күнделікті өмірінде және өзара қарым қатынасында басшылыққа алуы тиіс, өз алдына бір Конституция » деп айтқан [52, 43б.].
М.М. Бринчук халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығының қағидаларының қатарына:

    • әр кімнің табиғатпен бірге үйлесімді өмір сүру құқығы;

    • үздіксіз әлеуметтік – экономикалық дамуды процессі барысында адамның экологиялық құқықтары мен мүдделерінің басымдығы;

    • әр бір мемлекеттің өз табиғи ресурстарына егемендігі;

    • экологиялық тұрғыдан негізделген, яғни тұрақты әлеуметтік және экономикалық даму;

    • экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқалары [53, 637б.].

Т.И. Гиззатуллинның пікірі бойынша, халықаралық қоршаған ортаны қорғауға байланысты қағидалардың дамуының сапалы жаңа кезеңі 1992 жылы Рио – де Жанейрода қоршаған орта мен даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Конференциясы өткізілу сәтінен басталды.
Конференцияда келесідей негізі құжаттар қабылданды:

  • 1972 жылғы Стокгольм декларациясының логикалық жалғасы болған, Қоршаған орта мен даму туралы Декларация;

  • «21 ғасырдың күн тәртібі» – жаңа мыңжылдықта тұрақты экологиялық дамуды қамтамасыз ететін халықаралық құқық субьектілеріне нұсқаулық түріндегі құжат [54, 57-58бб.].

Рио Декларациясы, Стокгольм декларациясын жалғастыра және нығайта отырып, халықаралық қауымдастықтың экологиялық мәселелердің маңыздылығын ұғындыратын шарт болып табылады. Біздің зерттеу тақырыбымызға қатысы бар келесі қағидаларды атауға болады. Ол жетінші қағида, «Жердің экожүйесінің тұтастығын сақтау, қорғау және тазалығын қалпына келтіру мақсатында мемлекеттердің халықаралық әріптестігі. Жер шарын қоршаған ортаның жағдайының түрлі мемлекеттер түрлі дәрежеде ластануына себепкер болғандығын ескере отырып, жауаптылық міндеттерінің де әр түрлі болуы. Дамыған елдер тұрақты дамуды қамтамасыз ету жағдайында өз жауаптылықтарын түсініп отыр». Осы қағида әлемдік сипаттағы кейбір экологиялық мәселелерді шешу мен алдын алуға бағытталған. Өз аумағын ластай отырып, кейбір елдер, жеке бір мемлекеттің ғана емес, тұтастай алғанда әлемнің экожүйесіне зиян келтіреді. Тоғызыншы қағида, «Ғылыми техникалық біліммен бөлісу арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін ұлттық мүмкіндіктерді дамыту жолында мемлекеттердің әріптестігі». Елдердің тұрақты даму мәселесі экологиялық сұрақтарды шешумен тығыз байланысты. Он үшінші қағида, «Ластану мен басқа да экологиялық тұрғыдан қауіпті қызметтердің салдарынан келтірілген зиян үшін жауаптылыққа байланысты, мемлекеттер ұлттық заңдарды қабылдауы тиіс». Осыған қатысты, К.Ж. Алтаева өз пікірін келесідей тұжырымдаған: «Соңғы онжылдықта экология көпқырлы мәселе ретінде қарастырылып жүр. Осыған орай, аталған экологиялық сұрақтарды шешу әр бір ел үшін нақтыланған нормативтік құқықтық актілердің қабылдануын талап етеді. Бұл жерде келтірілген зиян үшін жауаптылық мәселесі туындайтыны сөзсіз. Ал, ол өз кезегінде халықаралық мәртебесі бар сұрақ үшін, ұлттық заңдардың халықаралық құжаттарға сәйкес келуін талап етеді» [55, 28б.].
2004 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы 3 желтоқсан 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен мақұлданған. Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты ол табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделерінің және адамның табиғи және антропогендік әсер етудің нәтижесінде зиян шегуден қорғауды қамтамасыз ету.
Артынша «2007 - 2024 жылдарға арналған Қазақстан республикасының тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы» қабылданды, ол 14 қараша 2006жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен мақұлданған.
Қазақстан Республикасы, әлемдік қауымдастықтың толыққанды қатысушы бола отырып, 21 ғасырдың күн тәртібінде (Рио де Жанейро, 1992 ж) және мыңжылдықтың Саммитінің декларациясында (Нью - Йорк, 2000 ж.) және тұрақты даму үшін Халықаралық Саммиттегі (Йоханнесбург, 2002ж) міндеттемелерді орындауды өз мойнына алды. Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға қол жеткізу жолында бір қатар шараларды жүзеге асырды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму бойынша Комиссиясының мүшесі әрі белсенді қатысушысы болып табылады, сонымен қатар, «Еуропа үшін қоршаған орта», «Азия үшін қоршаған орта» процесстерінің қатысушысы. Қазақстанның 2030 – шы жылға дейін даму Бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2010 – шы жылға дейін дамуының бағдарламалық жоспары, 2015 – ші жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, 2004 - 2015 – ші жылға дейін Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі Тұжырымдамасы қабылданды.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан республикасында тұрақты дамуға көшудің негізгі қағидаларына:

  • тұрақты дамуға қол жеткізу процессіне барлық қоғамды тарту;

  • тұрақты дамудың саяси негізін жасау;

  • дамудың маңызды көрсеткіштерін жоспарлау мен реттеудің, болжаудың тиімділігін көтеру, мемлекетті басқаруда жүйелі тәсілді қолдану;

  • ел экономикасына жоғарғы технологияларды белсенді енгізу нәтижесінде экономикалық өсу;

  • білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • салауатты өмір салтын басшылыққа ала отырып, тұрғындардың денсаулығы мен демографиялық жағдайды жақсарту;

  • қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметті жетілдіру;

  • трансаумақтық экожүйелік тәсіл негізінде аумақтық даму.

Халықаралық құқық ғылымының дамуы және халықаралық құқықтың жаңа тармақтарының, соның ішінде халықаралық ғарыш құқығының қалыптасуы техникалық дамудың алға басуымен тығыз байланысты. Ғарыш құқығының пайда болуы ғарышты зерттеу саласындағы техникалық дамудың міндетті түрде туындайтын қорытындысы. Басқаша айтқанда, ғылыми – техникалық даму, халықаралық құқық ғылымына және оның қағидалары мен нормаларына міндетті түрде әсерін тигізеді. М.И. Лазарев дұрыс пайымдайды: «техникалық ілгері дамудың халықаралық құқыққа әсер етуін анықтай отырып, халықаралық құқықтың әрекет етуші қағидалары мен нормаларын екі категорияға жіктеуге болады. Бірінші категорияға, шығу тегі техниканың дамуы мен техникалық прогресстің өсуіне тікелей байланысты емес қағидалар мен нормаларды жатқызуға болады; екінші категорияға, шығу тегі техниканың дамуымен тікелей байланысты нормалар жатады» [56].
Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны халықаралық – құқытық қорғау құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде жалпы халықаралық ғарыш құқығының бөлінбейтін бөлшегі болып сипатталады. Сондықтан да, ғарышқа байланысты Шарттың құрамына кіретін халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидалары толық көлемде ғарыш кеңістігі мен жер ортасын қорғау және пайдалану, сонымен қатар олардың ресурстарын да пайдалануға қатысты мемлекеттер арақатынасына қолданыла алады. Халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидалары:

  1. ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу мен пайдалану бостандығы;

  2. ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ұлттық иемденуге тыйым салу, ғарыш кеңістігінің жартылай демилитаризациясы және аспан денелерінің толық демилитаризациясы;

  3. ғарыштағы ұлттық мүддені көздейтін әрекеттерге мемлекеттің халықаралық жауапкершілігі, сонымен қатар ғарыш обьектілеріне келтірілген зиян үшін жауапкершілікке тарту;

  4. ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде өткізілетін тәжірибелердің ықтимал зиянды салдарының алдын алу, тоқтату;

  5. ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін бейбітшілік мақсатпен зерттеу және пайдалануда халықаралық әріптестікке қолдау көрсету [57].

«Қазіргі кезде ғылыми – техникалық прогресстің халықаралық құқыққа ықпал етуі төмендегідей көрініс тауып отыр: біріншіден, қазіргі халықаралық құқықтың негізгі жалпылама мойындалған қағидаларының кеңістіктегі және пәндік қолдану саласы кеңейді. Екіншіден, мүлдем жаңа халықаралық құқықтық қағидалар мен нормалар пайда болды». Сондықтан, ғарыш обьектілерін шығару барысында ғарышкеңістігі мен қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық – құқықтық реттеуіне өзіндік арнайы қағидалар мен нормалар тән. Олардың көпшілігі, әлі де даму сатыларында қалыптасуда және халықаралық келісім шарттарда бекітілу үстінде.
Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау өзіндік халықаралық ғарыш құқығы ретінде салыстырмалы түрде жақында қалыптаса бастады. Оның қалыптасуына 1967 – ші жылғы Ғарыш туралы Шарт өзінің үлкен ықпалын тигізді. Ғарыш пен қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғаудың пайда болу, даму үрдісін және оған сәйкес халықаралық – құқықтық қағидалар жүйесін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде – алғашқы ғарыштық келісімдер пайда болудан ғарыш бойынша Шарт бекітілгенге дейінгі кезең, бұл уақыт аралығында негізінен ғарыштық құқықтың жалпы қағидаларының қалыптасу процессі жүрді. Екінші кезең – Ғарыш бойынша Шарттан кейінгі – осы құжаттардың консолидациясы жүрген кезең, нақты нормалардың бірігуі, арнайы қағидалар жүйесінің құрылуы және олардың жаңа халықаралық келісімдерде бекітілуі.
Ғарыштық қызмет барысында мемлекеттер мен халықаралық қауымдастықтар ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметті жүзеге асыруда қандай қағидаларға негізделуі керек?
Барлық қағидалардың ішіндегі негізгі орынды – ғарыштық қызмет барысындағы адамзаттың тіршілік ету кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қағида алады.
Бұл қағидада қазіргі кездегі халықаралық ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдаланудың даму заңдылықтары, біздің ғаламшарымыздағы табиғи тепе - теңдікті сақтаудың обьективті қажеттілігі көрініс тапқан. Сонымен қатар, ол ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттердің ара қатынастарын реттейтін басқа да қағидалар мен нормаларды анықтайды.
Аталған қағидаға заңгерлер де, және гуманитарлы ғылым ғалымдары да мән береді. Себебі, ғарыштық қызметті жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғауды халықаралық реттеу ғарыштық құқықтағы тек маңызды сұрақтардың бірі емес, онымен қоса қазіргі қоғамдық өмірдің бөлінбейтін бөлшегі.
70 - ші жылдардың басында В.Г. Журахов ғарыштық қызмет пен қоршаған ортаны қорғаудағы өзара ара қатынастың, байланыстың барына аса көп көңіл бөлген. Оның көз қарасы бойынша, қоршаған ортаны қорғау мәселесі екі сұрақты қамтиды. Бірінші жағынан, ол консервациялау міндеті, яғни табиғат ресурстарын қазіргі күйінде сақтап қалу, екінші жағынан, ол табиғатты ұтымды пайдалану [58].
Оның ойы бойынша, ғарыштық қызмет табиғатты қорғаудың екі аспектісі жағынан да үлкен көмегін тигізуі мүмкін. Себебі, ғарыштық техника, табиғи ресурстардың жай - күйі жайлы, фрагментарлы емес, обьективті мәліметтерді, ғаламдық көлемде жинақтауға ерекше мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол қазіргі кездің өзінде тиімді нәтижелер алу мақсатында қоршаған ортаға көзделген ықпал ету мүмкіндіктерін аса жоғарылата алады [14, 211б.]. Осыған негізделе отырып, ол ғарыштық қызмет барысында табиғатты және қоршаған ортаны халықаралық қорғауды реттеудің нақты формаларын, мүмкіндіктерін сипаттайды.
В.Г. Журахов өзінің теориясында, ғарыштық қызмет қоршаған ортаны қорғауға позитивті ықпалын тигізеді деп пайымдаса, С.В Виноградов, керісінше, ғарыштық әрекеттердің қоршаған ортаға жағымсыз ықпал етуінен бастайды.
Бұл қағиданы түпкілікті түрде С.В. Виноградов зерттеп, өз еңбектерінде былай деп жазады: «егер, ғарышты игерудің бірінші кезеңдерінде мамандар ғарыштық іс әрекеттердің экологиялық аспектілерін аз ойлап, бірінші орынға оның позитивті нәтижелерін қойып, оған үлкен мән берсе, енді ол жердің айналасындағы ғарыш кеңістігіне маңызды түрде өзінің жағымсыз ықпалын тигізетініне уақыт өте көз жеткізген».
Ғарыштық іс әрекеттер тек ғарыш кеңістігіне өзінің кері әсерін тигізе қоймай, сонымен қатар, қоршаған ортаға да зиянын тигізетінін естен шығармау керек. Мысалы, озон қабатының бұзылуы, теңіз, ауаның ластануы және тағы басқа [59].
Ғарыштық құқық жалпы халықаралық құқықтың бөлінбейтін бөлшегі болғандықтан, халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары ғарыштық қызметке де таралады, ал жалпы халықаралық құқыққа немесе оның кейбір салаларына тән белгілі бір даму қарқындары және процесстері, оның басқа да тармақтарына ықпалын тигізбей қоймайды.
Халықаралық құқықтағы осындай даму қарқындарының бірі - бүкіл қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және сақтау саласындағы халықаралық қатынастарды реттеуге бағытталған халықаралық – құқықтық қағидалар мен нормалардың қарапайым жолмен және де келісімдік жолмен қарқынды қалыптасуы және дамуы [60].
Аталған қағидаларды екі негіз бойынша ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық құқықтық қағидаларды тек жалпылама ретінде қарастыруға болмайды. Ол, біріншіден, қоршаған ортаны қорғау мүмкіндігі ғарыштық қызмет барысында кеңінен болатынын көрсететін еді. Себебі, адамның ғарыштық қызметі, адамзаттың тіршілік ету кеңістігін қорғау үшін шектелмеген жағдайларын сипаттайды. Екіншіден, қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселе және ол мәселеден қашып құтыла алмайсың. Себебі, ғарыштық қызмет барысында тек орасан зор позитивті жетістіктер пайда болған жоқ, сонымен қатар, ғарыш кеңістігіне, әсіресе қоршаған ортамызға жағымсыз әсерін тигізетін салдар да пайда болды. Ол салдар адамзаттың тіршілік етуіне қауіп төндіруі де әбден мүмкін және де қоршаған ортаның қалыптасқан тепе - теңдігін бұзады.
Адамзаттың ғарышты игеруі ғарыш кеңістігіне және қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді. Мысалы, ғарыш дәуірі басталмай тұрғанға дейін мүмкін болмаған табиғатты тану және игеру (дұрыс пайдалану) мүмкіндіктерін және басқа да жағдайларын туғызады. Нақты айтқанда, Жер шарын қашықтықтан зоналауға ғарышты белсенді түрде қолдану, табиғатқа әсерін тигізетін антропогенді қысым көлемдерін анықтау, өнеркәсіп, өндіріс қалдықтарымен ластану дәрежесін анықтау, Жердің табиғи ресурстарын зерттеу және оның әсіресе адам әрекеттерінің арқасында өзгерістерге ұшырауын анықтау, ғарыштан қауіп төндіретін табиғи құбылыстарды анықтау, дәлірек мәлімет беретін метеорологиялық болжамдар жасау және тағы басқалары.
Жоғарыда айтылған барлық жағдайларда ғарыштық заттар, негізінен жердің жасанды серіктері (ЖЖС), Жер шарымыздың мониторингін іске асыра отырып, Жердің экологиялық мәселелерінің шешімін табуға көмегін тигізеді, үлесін қосады. Егер де, ғарыш дәуірінің алғашқы жылдары ғарыштық қызметке бөлінетін ауқымды қаражат жұмсаулардың маңыздылығына байланысты күмәнданулар жиі айтылып тұрса, енді қазіргі кезде, ғарыш заттарын Жердің табиғи жағдайларын зерттеуде, метеорологияда, океанологияда, навигацияда және басқа да салаларда пайдалану еш күмән тудырмайды.
Ғарыш кеңістігін зерттеу және оны қолдану адамзат болашағының алдына орасан зор мүмкіндіктер, мақсаттар қояды, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау мүмкіндігі де. Бірақ, онымен бірге қатарлас ғарышт кеңістігін игеру барысында көптеген теріс салдар да пайда болды және әлі де жүріп жатыр, әсіресе ол қоршаған ортаны қорғау саласында.
Адамзат өз әрекеттерін ғарыш аумағында жүзеге асыра отырып, өзінің дамығаны үшін экономикалық ғана емес, экологиялық та құнын төлеуде.
Зымыран – ғарыштық кешеннің жұмысын атқаруы, оған байланысты ғарышқа ұшу сандарының өсуі, қондырғылар қуаттарының көбеюі, ғарыштық қызметпен айналысатын елдер қатарының өсуі, ғарыш кеңістігіне жеке капиталдың да барған сайын көбірек енуі, осының барлығы өзінің екінші жағымен де көрінеді. Ол біздің Жер шарымыздың экологиялық ортасына қарқынды түрде өсіп жатқан қысымын тигізетіндігімен сипатталады.
Ғарыш қызметінің жағымсыз салдарының өте маңыздылығында еш күмән жоқ [61].
Олардың бірқатарын қарастырып көрсек:
- жердің үлкен, кең көлемді аумақтары полигондар және космодромдар, өндірістік алаңдар үшін беріледі, олардың бір бөлігі жер асты қабатында орналасады;
- ғарышқа ұшу нәтижесінде, зымырандық техникаларды сынақтан өткізу салдарынан, жердің құнарлы аумақтары жойылады (жоғары температура әсерінен, қатты және газ тәрізді заттардың қонуы, топырақтың химиялық тепе теңдігінің бұзылуы, минералды заттардың диспропорциясы, зымырандық жанармайдың жануы нәтижесінде түзілген өнімдермен судың және ауаның ластануы, жерасты суларының жоғары дәрежеде минерализациялануы);
- ғарышқа ұшу қызметінің, байланысының жоғары энергетикалық қамтамасыз етілуі экологиялық қысымды ұлғайтады, себебі, электр көзін өткізу желісінің жолын, құбыр жолын қайтадан бөліп беру қажет; жанармайды қажетті орынға жеткізудің өзінің кемшіліктері бар ол жол бойы ағып кету мүмкіндігінің болуы. Осының барлығы онсыз да жағдайы мәз емес экологиялық жағдайды бұзады;
- сынақ өткізу және ғарышқа ұшыру аумақтарында шуылдың деңгейі күрт өседі;
- зымырандық жанармайдың жануы барысында түзілген өнімдермен, зымыран ғарыштық кешеннің қызмет ету мерзімінен асып кеткен қолдануға жарамсыз бөлшектерімен немесе соқтығыс нәтижесінде пайда болған бөлшектерімен атмосфераның ластануы;
- ғарыш кешендерінің атмосферада жанып кетпеген бөлшектерінің, қалдықтарының түсуінің адам өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндіруі. Әлбетте, бұндай қауіпті жағдай ғарыштық қызмет тарихында аса үлкен маңыздылыққа ие болмаған. Бірақ та, мұндай жағдайлар өмірде орын алған, халықаралық қауымдастықтың назарын аударған, солардың мысалы ретінде, ол: 1) "Космос - 954" деген, Кеңес одағының жер серігі атмосфераға кері қайта кірген, оның ішінде ядролық энергия көзі болған, оның қалдықтары 1978 жылы Канаданың солтүстік батыс аумағына жерге түскен; 2) 1969 жылы ғарыштық қалдықтар Жапондық кеменің үстіне түскен, осы кезде бес теңізші мерт болған; 3) 1987 жылдың қазан айында Америка Құрама Штаттарының, Калифорния штатында Кеңес одағының зымыранының 7 – футтық темір бөлшегі құлаған, еш шығын әкелмеген; 4) 1979 жылы Австралия аумағына Skylab бөлшегі құлаған. Оның ең үлкен бөлшегінің салмағы 500 килограмнан асады [62].
Жоғарыда келтірілген тізім көп жағдайда ғарыштық қызметтің позитивті жағына қарағанда, негативті жақтарын сипаттайды. Сондықтан, қазірден бастап келтірілген салдардың аса маңыздылығын есепке алмасақ, онда болашақта олар тек көбейе түседі, сөйтіп барлық жағдайды күрт нашарлатуы мүмкін.
Біздің ойымызша, бұл қағиданың мазмұнына мемлекеттердің ғарыштық қызметті барысындағы қоршаған ортаны қорғау мүмкіндігі деп теңеуге болмайды. Ғарыш кеңістігі және қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық құқықтық жағын белгілі бір мемлекеттердің өлшемдерімен шектеуге болмайды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әріптестік мемлекет шекарасынан тыс, бүкіл әлемге таралуы тиіс. Ғарыштық қызмет барысында табиғат пен қауымның үйлесімді қарым қатынасына жету мақсатында жалпылама танылған халықаралық құқық қағидалары мен нормалары және халықаралық ғарыштық құқық қағидалары мен нормалары негізінде жасалған, қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалану ісін бірлесіп атқаруда, мемлекеттердің жауапкершілігінің маңыздылығы аз емес.
Халықаралық ғарыш құқығында ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны қорғау қағидасының бүтін, толық нормативті формуласының болмауы, оның бар екеніне және жүзеге асып жатқанына күмән туғызуына негіз бола алмайды. Бұл айтылған жағдайға халықаралық ұйымдардың арасында орын алып жатқан әмбебап, жергілікті және екіжақты табиғатты қорғайтын келісімдердің, декларациялардың және резолюциялардың сандық қатарының қарқынды өсуі дәлел болады.
Біздің көз қарасымызға сәйкес, ғарыштық қызмет барысында ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны қорғау қағидалары дегеніміз, ол адамзаттың қазіргі және болашақ ұрпақтары үшін жалпы халықаралық құқықтың және халықаралық ғарыш құқығының жалпымен танылған қағидаларына негізделген жер және ғарыш ресурстарын ұтымды пайдалану және ғарыш кеңістігінің, әсіресе қоршаған ортаның жағдайын жақсарту, қорғау жөніндегі барлық мүмкін болатын шараларды біржақты да, сонымен қатар бірлескен де жауапкершілікті мемлекеттерге артатын жалпы халықаралық ғарыш құқығы нормалары.
Бұл қағиданы халықаралық ғарыш құқығының императивті қағидасы ретінде қарастыру ертерек екенін атап айтқан жөн. Л.Н. Шестаковтың айтқанындай: «Императивті нормалар дегеніміз құқықтық қатынастар мүшелері арасындағы келісім бойынша өзгертіле алмайтын ережелер. Олардың қатынасы императивті норманың ережесіне қатаң сәйкестік жағдайында болу керектігін» дұрыс ескерткен [63].
Сонымен, бірнеше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша одан бас тартуға және оны өзгертуге болмайтын жалпы нормаларды императивтік қағидалар деп түсінеміз.
Ғарыш обьектілерін ұшыруда ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны қорғау қағидаларына оны толық қолданылады деу, күмән туғызады. Жалпы халықаралық құқықтың императивті нормалар қатарына барлық мемлекеттердің өмірлік маңызды көз қарастарын білдіретін қағидалар жатады. Сондықтан, уақыт өте келе ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны қорғау қағидалары халықаралық құқықтың императивті нормаларының белгілерін иемденетіні әбден мүмкін. Себебі, адамзаттың прогрессіне байланысты қоршаған ортаны қорғау адамзат алдындағы ғаламдық мәселе ретінде халықаралық қауымдастықтың бар назарын өзіне аударғаны және халықаралық құқықтық реттеудің нысанына айналғаны сөзсіз анық.


2.2 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтен қорғау саласындағы халықаралық әріптестіктің негізгі қырлары және осы саладағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу қағидасының маңызы
Қазіргі халықаралық құқытық құжаттарды талдау қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық әріптестіктің бірнеше бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, ол табиғи ресурстарды пайдаланудың ұтымды, экологиялық негізделген режимді белгілеу.
Екіншіден, ластану салдарынан қоршаған ортаға келуі ықтимал зиянның алдын алу және жою.
Үшіншіден, тиісті нормаларды бұзғаны үшін халықаралық құқықтық жауаптылық тағайындау.
Төртіншіден, табиғи ескерткіштер мен қорықтарды қорғау.
Бесіншіден, қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекеттердің ғылыми техникалық әріптестігін реттеу.
Алтыншы, табиғат қорғау шараларының кешенді бағдарламаларын құрастыру [64, 733б.].
ЮНЕП - тің (БҰҰ ның қоршаған ортаны қорғау бойынша Бағдарламасы) тіркеуіне сәйкес, жиынтығы халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығын құрайтын, әлем бойынша мыңдаған халықаралық шарттар әрекет етуде.
Халықаралық ғарыш құқығының барлық қайнар көздерін талдау осы құқық саласының негізі болатын, ерекше маңызды, негізгі салалық қағидаларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Демек, халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидаларына:

  1. ғарышты игеру қызметінің барлық ұлттардың мүддесіне бағытталғандығы, олардың экономикалық және ғылыми даму деңгейлерінің әр түрлілігіне қарамастан;

  2. ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің халықаралық режимі, яғни барлық мемлекеттер үшін ғарыштық қызмет бостандығын таниды және ғарыш кеңістігіне кейбір елдердің егемендігін бекітуге тыйым салады;

  3. ғарыштың жартылай демилитаризациясы;

  4. ғарыштағы жасанды ғарыш обьектілерінің тіркеуші мемлекеттердің юрисдикциясына бағынуы;

  5. ғарышкерлердің ғарыш кеңістігіндегі адамзаттың елшісі деген мәртебесінің болуы;

  6. оның ғарыштық обьектілерімен келтірілген зиян үшін, тіркеуші мемлекеттердің жауаптылығы;

  7. ғарыштың қоршаған табиғи ортасынқорғау мен сақтау.

Ғарыш кеңістігіне және қоршаған ортаға келтірілетін шығын, ең алдымен адам әрекеттерінің нәтижесінде болатын ластану мен уланудан пайда болатыны бізге жақсы мәлім. Сондықтан да, мемлекеттердің негізгі күштері негізінен ғарыш кеңістігінің және қоршаған ортаның ары қарай ластануына жол бермеуге бағытталған. Ол әрекеттерге, соған сәйкес құқықтық нормалар мен ережелердің қалыптасуы оларды қолдану да жатады.
Бүгінгі таңда, табиғатты қорғау ісінің осы қырының қаншалықты деңгейге жеткенін, халықаралық ғарыш құқығында ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде жүргізілетін сынақтардың қауіп төндіруінің ықтимал салдарын тоқтатуға арналған қағиданың қалыптасқанына қарап айтуға болады.
Қоршаған ортаны ластау деп оған улы және басқа да зиянды заттар мен материалдарды жасанды түрде енгізу, сонымен қатар жылуды өте үлкен көлемде бөлуі, табиғаттың өзін өзі қалпына келтіруіне және тазалануына байланысты табиғи қабілеттілігінен асып түсетін, сонымен қатар ол тірі табиғаттың өлуіне алып келетін және адамның денсаулығы мен әл ахуалына зиян келтіретін іс әрекетті айтамыз.
Бұл қағида соңғы жылдары қабылданған көптеген халықаралық келісімдердің негізіне алынды. Олар ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаның бөлек компоненттерін, яғни теңіздер, тұщы су ресурстары, ғарыш кеңістігі, атмосфералық ауа сияқтыларды ластанудан сақтауды қарастырады, ал басқа жағдайда өте қауіпті ластану түрлерімен (радиоактивті заттармен, зиянды қалдықтармен және химиялық заттармен) күрес жүргізуге бағытталады.
Ғарыш кеңістігінде өз қызметін жүргізетін мемлекеттердің жұмысын реттейтін нормалардың ішіндегі маңызды орынды 1967 - ші жылы ғарышқа байланысты Шарттың IX - шы бабына сәйкес, осындай әрекеттердің қауіп төндіруі ықтимал салдарын тоқтату қағидасы алады. Бұл келісімге сәйкес мемлекеттер төмендегідей міндеттерді өздеріне алады: қауіпті ластануды болдырмайтындай ғарыш кеңістігін зерттеу және танып білу, жерге жат заттарды алып келу салдарынан қоршаған ортаның жағымсыз өзгеруін болдырмау, осы мақсатта қажет болған жағдайда оған сәйкес шараларды қолдану.
Дәл осындай немесе оған ұқсас жауаптылық түрі бірқатар келісімдерде бекітілген. Айтар болсақ, 1979 жылғы Айда және басқа да аспан денелерінде әрекеттерін жүргізетін елдер жөніндегі Келісімде бөгде заттарды енгізу нәтижесінде немесе басқа да жолдармен болған ластану салдарынан, жердегі сияқты да, айдың да қоршаған ортасында жағымсыз өзгерістер болдырмау туралы айтылады (Келісімнің У1 – шы бабының 1 – ші тармағы).
Ғарышқа байланысты Келісімнің IX - шы бабын және Айға байланысты Келісімнің VI - шы баптарының ережелерін анализдей отырып, халықаралық ғарыш құқығында, ең алдымен ғарыш кеңістігі және қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде болған, ғарыштағы әрекеттердің қауіп төндіруі ықтимал салдарын тоқтату қағидасы бар екені жайлы қорытындылайды [67, 122 - 125бб.].
Бұл көзқарас көптеген мамандардың пікірлерімен мақұлданған.
Осылайша, 60 - шы жылдардан бастап, Г.П. Жуков өзінің мақалалары мен монографияларында халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидаларына үлкен көңіл бөлген. Ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде жүргізілетін сынақтардың нәтижесінде болатын қауіп төндіруі ықтимал салдарын тоқтату қағидасы жайлы айтатын болсақ, Г.П. Жуков ең алдымен ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің ластануын және улануын тоқтату, сонымен қатар жер атмосферасының улануының алдын алу жайлы айтады [13, 157б.].
Оның ойынша, ғарышқа жіберілетін нысандардың санының шексіз өсуі міндетті түрде ғарыш кеңістігінің ластануына әкеліп соғады. Ғарыш кеңістігінің ластануын тоқтату үшін Жер айналасында орбита бойынша өз қозғалысын жалғастырып жатқан, ғылыми және тәжірибелік маңызын жойған нысандардың санын минимумға дейін жеткізу туралы мемлекеттер арасында келісім шарт жасасу керек. Сонымен қатар, оның ойынша, ғарыштың ластануын тоқтату мәселесіне ғарыштың радиоактивті химиялық және биологиялық залалдануы да жатады. Осылайша, ол ғарыш кеңістігін, соның ішінде Айдың және басқа да аспан денелерін жердегі заттармен мүмкін болатын ластануының зиянды салдарын азайту немесе тоқтатуға үндейтін нақты ережелерді орнатуды ұсынады. Сонымен қатар, жерге бөгде заттарды алып келу салдарынан қоршаған ортаның мүмкін болатын қолайсыз өзгерістерін болдырмау жөнінде айтады [65].
Г.П. Жуковтың көз қарасына сәйкес, ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде жүргізілетін сынақтардың нәтижесінде болатын қауіптілігі ықтимал салдары «ғарыш қоқысы» деген ұғымға жинақталады. Басқаша айтқанда, ғарыш кеңістігіне қатысы бар мәселе, көп те болса да, аз да болса да соған байланысты. Жоғарыда айтылып өткен мәліметтер ғарыш кеңістігіне ғарыш қоқыстарының әсер етуі және осы жағдайда ғарыш кеңістігін қорғауда қандай мәселелер пайда болатыны жайлы сұрақтарды бұдан да толығырақ қарастыруды қажет етеді.
Ғарыш қоқыстарына адам қолымен жасалған, жермаңы орбитасында орналасқан немесе ешқандай қызмет атқармай, атмосфераның тығыз қабаттарына қайта оралатын нысандар жатады. Және де ол нысандардың бөлшектері мен қалдықтары қарастырылғанда да немесе басқа да қызметтерді атқара алмайтыны, оның орындалуы рұқсат етілген болса да немесе рұқсат етілмесе де іске асуы бірталай деп, күмәнсіз тұжырымдауға болады.
Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану нәтижесінде болған жермаңы орбитасында орналасқан ғарыш қоқыстары болашақтағы ғарыштық қызметке төндіретін қаупін көбейтеді. 1957 - ші жылы Кеңес Одағының бірінші жер серігінің ұшуынан бастап, ғарыш кеңістігін зерттеуге және пайдалануға қатысы бар барлық елдер мен халықаралық ұйымдар 3200 - ден астам ғарыш кеңістігіне шығу әрекетін жасаған. Оның нәтижесінде жер маңы орбитасына 3800 - ден аса пайдасы бар жүктер ғарышқа шығарылған. Жер орбитасындағы жалпы салмағы шамамен екі миллион килограмдай болатын 6500 жасанды ғарыш нысандарының ішінде қазіргі кезде Ғарышты Бақылау Жүйесінің (SSN) каталогында тіркелген нысандардың 6 % ғана әрекет етуші болып саналады. Ал, қалғандарының барлығы ғарыш қоқыстары қатарына енген. Олардың шамамен 7000 - ға жуығы салыстырмалы түрде ірі деп есептеледі, ал ұсақ нысандарға келетін болсақ (өлшемі бір сантиметр шамасында), олардың жалпы саны үлкен, шамамен 70 мыңнан 140 мыңға дейін жетеді. Ал, өлшемі 1 миллиметрге дейінгілерінің саны - 1 миллионға дейін жетеді [66]. Оған қоса, аналитиктердің пайымдауы бойынша, ғарыш қоқыстарының толық орбитальды орын алу саны одан да көбірек, себебі ғарыш қоқысы әр түрлі жасанды нысандардан тұрады. Орбитальды қалдықтар жасанды жер серіктері қолданатын барлық орбита диапазонында кездеседі немесе ұшып жүреді. Табиғи ғарыш денелерінің олардан айырмашылығы, алғашқысы жер маңы кеңістігі арқылы бірнеше минуттың ішішде өтеді. Ал, орбитальды қалдықтар биіктігігіне байланысты орбитада ұзақ уақыт бойы айналып жүре береді (бірнеше ғасырлар бойы).
Қақтығыстар кезінде жоғары жылдамдықтарын есепке алғанда, шамамен 10 км/сек, тіпті миллиметрлік нысандар да жер серіктерінің сыртқы қабатын бұзып, тесіп өту мүмкіндігі бар. Олар ғарыш кемелерінің жұмысына қауіп төндіру ықтималдығы өте жоғары. Ваккумды ғарышта ғарыш қалдықтарының қозғалыс жылдамдығын бәсеңдету үшін ешқандай күштер әсер ете алмайды. Себебі, егер де өте майда нысандар жоғары жылдамдықта айналса, қызметін атқарып жатқан жасанды ғарыш нысандарына ауқымды түрде зақым келуі мүмкін.
Орбитальдық қоқыстардың көлемінің өсуіне негізделген қақтығысу қауіптілігі бүкіл әлемде ғарышта жүзу қаупі мәселесі ретінде танылған. Ғарыш аппараттарының құрылымдарының іріленуін және ұшу уақыты ұзақтығының көбеюін есепке алғанда, қақтығысу ықтималдылығы бірнеше пайызды құрауы мүмкін және сол үшін де ол маңызды құрылымдық фактор болып табылады, әсіресе жоспарланудағы ғарыш станциясы үшін. Осыған байланысты ҚХР, АҚШ, Еуропа, Жапония және басқа да елдердің ғалымдары [67] осы мәселені зерттеумен айналысуда, осылайша аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеудің Ұлттық басқармасында (НАСА) және Еуропалық ғарыштық агенттілікте (ЕҒА) орбитальды қоқыстар мәселесімен айналысатын жұмыс топтары құрылған [68].
Қазіргі кезде басты қақтығысу қауіптілігі жермаңы орбитасында болатын жарылыстардың нәтижесінде түзілген қалдық бөлшектерге байланысты болуы мүмкін. Болашақта шамамен 1000 - 1500 км биіктіктегі интерактивті қақтығыстар қалдық бөлшектер түзілуінің ең басты шығу көзі бола алады. Ол қалдық бөлшектердің Жерге жақын қозғалысының нәтижесінде одан да төмен биіктікте қауіп төндіреді.
Төменде келтірілетін мысал, шын мәнінде қаншалықты ауқымды мөлшерде қалдық бөлшектер түзілетінін және соған сәйкес, қақтығыстар нәтижесінде Жердегі қоршаған орта ластанудың жоғары деңгейін көрсетеді.
Қақтығыс қалдық бөлшегінің массасының таралуы туралы белгілі бір формулаға сай болады, яғни жалпы салмағы 5000 кг екі нысанның қайғылы қақтығысуы мынандай обьектілердің түзілуіне алып келеді:

  1. 10 см - ден ірі 600 - ге жуық объектілер (бақылауға келетін обьектілер)

  2. сантиметрлік диапазонда 50 000 - ға жуық объектілер

  3. миллиметрлік диапазонда 8,5 миллионға жуық объектілер

  4. 1/10 миллиметрлік диапазонда 1,5 миллиардқа жуық объектілер.

Өлшемі 1 - смден астам нысандар ең үлкен қауіпті тудырады, себебі оларды қорғаныс қабаттары көмегімен нейтралдау мүмкін емес. Сантиметрлік және миллиметрлік диапазондағы нысандардан қорғану мүмкін, бірақ та ол өте қымбатқа түсетін қарсы шараларға тең келеді. Субмиллиметрлік бөлшекпен қақтығысу да беткей эрозияға ұшыратады және сезімтал құрал жабдықтарға қауіп төндіреді, мысалы, күн батареясы, антенналар және сенсорларға және де ғарыш нысанынан тыс жерде жұмыс жасап жатқан астронавтқа да қауіп төндіреді.
Бұл өлшем диапозонындағы бөлшектер сезімтал құрылғының сыртқы қабатын тесуін, күн батареяларының істен шығуын және құрылғылардың сыртқы беттерінің эрозиясын туғызатындықтан, олар ғарыш қоқысының моделімен міндетті түрде қамтамасыз етілуі қажет. Осындай майда бөлшектердің үлкен көлемдері ғарыш кеңістігінде орын алған жарылыстар нәтижесінде емес, қақтығыстар нәтижесінде түзіледі. Дәлірек айтсақ, миллиметрлік немесе сантиметрлік обьектілермен оған қарағанда ірілеу құрылымдардың (мысалы, қызметін атқарып болған жер серіктері) жиі соққы алуынан немесе екі ірі обьектінің арасындағы қақтығыс нәтижесінде түзіледі. Соңғысы, ғарышта өте сирек кездеседі, тарихта осындай оқиға іс жүзінде бір рет қана тіркелген және тағы бір рет болғаны мүмкін де [68, 14б.].
Осындай оқиғалардың нәтижесінде түзілетін майда бөлшектер, ереже бойынша өте қысқа ғұмыр кешеді, басқаша айтқанда, оларға салмақ пен ауданының төменгі қатынасы тән болғандықтан, бәсеңдеуші аэродинамикалық күштері жоғары. Бұндай бөлшектер Жер бетіне өте тез жақын түседі, әсіресе төмен орбита айналымында. Мысалы, 500 шаршы метр биіктікте көптеген бөлшектердің болу мерзімі бір айдан аспайды. Үлкен биіктіктерде, айталық 800 - 1000 шаршы метр деп алсақ, бөлшектер ғарыш кеңістігінде екі бес жылға дейін болады. Сонда да, бұл жағдайда да төменгі биіктіктегі жалпы ғарыш қоқыстарының арасындағы олардың үлесі аса үлкен болмайды (мысалы, ғарыш станциясының 500 км биіктігінде).
Дегенмен, орбитадан қайтып оралған және ғарыш факторларының әсеріне ұшыраған барлық беткейлерінде майда бөлшектермен көптеген соққы алған іздері көрінеді, ол ғарыш қоқысы ағынының интенсивтілігі жоғары екенін білдіреді. Біздің зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесіне сәйкес, бұл интенсивті ағын эксцентрлі орбитадағы бөлшектерге байланысты. Бұл бөлшектердің перигейі 300 - ден 500 км - ге дейінгі биіктікте орналасуы мүмкін, ал апогейі шамамен 1000 км - ден геостационарлы орбита биіктігіне дейін орналасуы мүмкін.
Бұндай эксцентрлі орбитадағы бөлшектер төменгі жер маңы орбитасында да барлық биіктіктерден өтеді, және де осылайша бөлшектер ағынының өсуін қамтамасыз етеді. Оған қоса, олардың өмір сүру кезеңі айтарлықтай ұзақ уақытты құрайды, ол ағынның интенсивтілігін арттырады.
Осындай бөлшектердің жоғары эксцентрисистеті олардың пайда болу үрдісімен түсіндіріле алады, олай болмаған жағдайда, ол «аналық» жер серігінің эксцентриситеті, олай болмаса ол қақтығыс энергиясының әсерінен болған эксцентриситет. Соған қарағанда, кіші бөлшектер ағынының көп бөлігі эллиптикалық орбиталармен анықталады (ғарыш қоқысының ірі құрамдарына қарағанда), ол бұрыштық таралуға және жылдамдыққа байланысты таралуға, қорғаныс қабатының конструкциясына, сонымен қатар, мүмкін болатын контршараларға әсерін тигізеді.
Бірен - саран қақтығыстар мәселесінен басқа, болашақта ғарышта ұшуға әбден кедергі жасайтын қауіп төніп тұр: ол қақтығыстардың тізбектелген реакциясы. Жермаңы орбитасында екі ірі нысандардың қақтығысы нәтижесінде түзілген қалдық бөлшектер жаңа қақтығыс мүшесі болуы мүмкін, ал ол өз кезегінде біртіндеп тізбектелген реакция жолымен жасанды қоқыстардан пайда болған белдеудің түзілуіне алып келіп соғуы мүмкін. Ондай болатын болса, кейбір биіктерде ғарышта ұшу көптеген ғасырлар бойы мүмкін болмайды. Осындай қауіптің бар екенін алғаш рет 1978 жылы Кесслер мен КурПале айтқан болатын [69].
Жер маңы орбитасында таралған, өлшемі 1 - смден болатын қазіргі кездегі нысандардың қақтығысу қаупін есептеп шығару жүзеге асуда. Шамамен ондай бөлшектер саны 35 000 дана болды, ол жылына шамамен 20 пайызды құрайды. Қайғылы қақтығысулар қаупі, яғни нысанның толық бұзылуына және қайтадан қайғылы қақтығыстардың болуына алып келіп соғатын, айтарлықтай ірі көлемді нысандардың түзілуін және оның санының артуын әкелетін қауіпті жағдайлар, бізге анық болғандай жылына шамамен 3,7 пайызды құрайды.
Негізінен нысандардың саны көбейгенде қақтығыстардың болу қаупі геометриялық прогрессияда өседі. Алайда, тізбекті реакцияның түзілуіндегі шешуші рөлді ірілеу нысандар атқарады. Олар қақтығыс нәтижесінде түзілетін көптеген қалдық бөлшектердің ықтималды шығу көзі. Сондықтан да, одан да майда нысандардың түзілуін тоқтату (ол нысандарға жарылыс қалдықтары немесе ғарыш қоқыстар ағыны жатады), қақтығыстар қаупін төмендетудің қаншалықты маңыздылығына қарамастан, жақын болашақта, қақтығыстардың тізбектелген реакциясын тоқтата алмайды.
Нысандар қатарының сансыз өсуі, міндетті түрде қақтығыстардың тізбектелген реакциясына алып келіп соғады. Мүмкін, кейбір биіктіктерде ірілеу нысандардың саны тізбектелген реакцияны жүргізе алатын, өзінің деңгейінің шегіне жеткен шығар, [70] олай болмаса, ғарышта еркін жүзу бұрынғыдай белсенді түрде жалғасатын болса, ол сол деңгейіне жақын бірнеше он жылдықта жетеді [71].
Сондықтан, ғарышта еркін жүзуге кедергі, қауіп тудыратын қоқыс фрагменттерінің шамадан тыс асқан санын болдырмау үшін, әсіресе қақтығыстардың тізбектелген реакциясын айналып өту үшін жер маңы орбиталарындағы ірілеу нысандар санына шектеу қою керек, одан да дұрысы оны қысқарту керек. Соңғы нәтижеде болатын популяция тұрақтылығы мүмкін болғанша төменгі деңгейде болуы қажет, себебі ол барлық ғарышта еркін жүзу әрекеттеріне мысал ретінде алсақ, жоспарланған халықаралық ғарыш станциясына қауіп төндіретін қақтығыстардың нәтижесінде жүретін, фрагменттердің жинақталу үрдісін минимумға жеткізу үшін керек. Ғарыш кеңістігі барлық адамзаттың ерекше, қайталанбас ресурсы, және де сонымен байланысты ғарыш қоқыстарының мәселелері барлық күш қуатымызды қолдануымыз оның шешімін табуға жол ашады.
Оның артынан ілесетін, қоқысты белсенді түрде жою ол әрқашанда ең қиын және өте қымбатқа түсетін іс. Тиімді қарапайым шаралар ретінде мыналар бола алады:

  1. орбитадан ұшу аяқталған соң жоғарғы деңгейлерін және пайдасы бар жүктерді белсенді түрде алу, ол әсіресе ең жоғарғы орбиталарда маңызды, мысалы "Ариан - 5" – ке жоспарланған орбита.

  2. жер маңы орбитасында ойластырылып жасалатын жарылыстарды тоқтату немесе ең болмағанда оларды өте төменгі биіктермен шектеу;

  3. кездейсоқ жарылыстарға жол бермеу, мысалы зымырандардың қызметін атқарған жоғарғы деңгейлеріндегі жанармай қалдықтарының үрлеп шығару кезінде;

  4. функционалды қоқыстарды болдырмау, мысалы, бөлгіш болттар, тартқыш хомуттар, линзалардың қаптамалары және т.б;

  5. беткейлердің бұзылуы нәтижесінде микробөлшектердің түзілуін болдырмау, мысалы, зымырандардың жоғарғы деңгейлерінің бояуының ажырауы.

Осыған қарағанда, жер атмосферасының өзіндік тазартылуы мүмкін емес, өте жоғарғы биіктерде ғарыш кеңістігінде еркінжүзу әрекеттерін жүргізудің жаңа жолдары қажет. Жермаңы орбитасына шығарылатын барлық нысандар, ұшуы аяқталған соң белсенді түрде жойылуы қажет, мысалы атмосфераға басқарылуы еркін, белсенді қайтып оралуы, және ешқандай қоқыс орбитада қалмауы тиіс.
Осылай, келесі кезекті сатыдағы Зымыран Тасығыш "Ариан - 5" – ке байланысты пайдалы жүктің бөлінгенінен кейін, орбитадан орталық деңгейді басқарылатын тежегіш құрылым көмегімен алу, осылайша тазарту жоспарлануда.
Бұған қоса, егер де, нысандардың сандық қатарына, әсіресе ірілеу нысандардың санына өз уақытында (яғни, жақын арадағы бірнеше он жылдық) шектеу қою мүмкін болмаса, онда олардың сандық қатарының жеткізуге болмайтын немесе қауіпті жоғарғы деңгейін қысқартудың жалғыз амалы белсенді тазалау болып қалады. Сондықтан да, болашақта жоғарғы орбитадағы көптеген ірі нысандарды белсенді тазалау жолымен толық оң нәтижеге қол жеткізу үшін, орбитадағы нысандарды алып кетуге, тазалауға бағытталған арнайы ұшу әрекеттері қажет болуы мүмкін.
Осыған байланысты, жермаңы орбитасындағы көптеген ірі нысандарды тиімді жолмен тазалауға арналған, мүлдем жаңа стратегия қарастырылып шығарылған. Ол бізге мәлім, Тереза атты жер серігін қоқыстарды тасу мақсатымен пайдалану. Осы зымыран тасығыш құрылымының көмегімен тасу циклін және энергияны қайта түрлендіруін көздейтін, аталып өткен стратегия, жақын болашақта НАСА - мен бірге жұмыс жасайтын ұйымдар мен өндірістік ортаның бұдан да толығырақ зерттеуді қажет ететін, келешекте қарастырылатын пәніне айналады [72].
Жоғарыда қарастырылған қағидалар, ең алдымен ластануды болдырмау қағидасы ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауға деген шектеу қоятын, өзіндік «жағымсыз» қатынастың көрінісі. Олардың функционалды арнайылығы ол мемлекеттердің әрекет ету бостандығына белгілі бір шектеулерді анықтаудан тұрады. Бұл шектеу қоятын әрекеттерге жалпы халықаралық құқығының және халықаралық ғарыш құқығының негізгі қағидаларына және планетамыздың тепе теңдігін және адамзаттың тіршілік ету кеңістігінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі бүкіл дүниежүзі елдерінің жалпы мүддесіне қайшы келетін әрекеттері жатады.
Осылайша, бұл қағидалар ғарыштық қызметтің жүзеге асырылуы барысында ғарыш кеңістігі және қоршаған ортаны қорғау қағидасының «жағымсыз», қорғағыштық элементін көрсетеді.
Бірақ, онымен бірге, ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны қорғау қағидасы «позитивті элемент, не ол ғарыш кеңістігін ұтымды зерттеу және сақтау, және де жердің табиғи ресурстарын пайдалану ісінде мемлекеттердің өзара бірлесіп жұмыс істеу міндеттілігін, өздерінің табиғатты қорғау әрекеттерін қарастыру сияқты, осындай мақсаттарға жету үшін бірлесіп күш жұмсауға үндейді», деп айтсақ болады.
Халықаралық әріптестік қағидасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының қатарына жатады, сонымен қатар халықаралық ғарыш құқығында және ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды халықаралық құқықтық реттеуде міндетті түрде әрекет етеді, Ғарыштық әрекеттердің барысында ғарыш және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әріптестіктің мәні барлық елдер мен халықтардың қаражаттық себептер, сонымен қатар соған сәйкес ғылыми – техникалық зерттеудің даму дәрежесі себептеріне қатысты ұжымдық күштеріне байланысты және оның сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұл қағида ғарыштық қызмет процессі барысында ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбітшілік жолмен зерттеу және пайдалануда халықаралық әріптестікке қарайласу қағидасында нақтыланған. Ал, әріптестіктің табиғаты мемлекеттермен ұшырылатын ғарыш нысандарының ұшуын бақылаумен, ғарыш нысандарын ұшыратын мемлекеттердің БҰҰ – на және басқа халықаралық ұйымдарға ғарыш кеңістігіндегі әрекеттері жайлы мәлімет беруді қамтамасыз етумен шектелген болатын.
Ал, шын мәнінде халықаралық әріптестік қағидасы халықаралық ғарышты игеру саласында бұл шектеулермен шектелмеген. Керісінше, бұл қағида ғарыш практикасының барлық салаларына, сонымен қатар ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық – құқықтық реттеуге де қатыса алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Стокгольмдық декларациясы «қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға қатысты халықаралық сұрақтарды теңдік негізінде, әріптестік түрінде, кіші болсын, үлкен болсын барлық елдермен бірігіп шешкен жөн» деген көзқарастан өз бастауын алады [3, 68б.].
Оның үстіне, бұндай әріптестік халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелерінің зайрлы құқықтарын және мүдделерін ескере отырып, жүзеге асырылуы қажет.
Ғарыш нысанын ұшыруда, ғарыш және қоршаған ортаны сақтап қалудың міндетті түрдегі шарты және қорғау үрдісіндегі бірлестік қағидасының нақты көрінісі ретінде, ғарыш әрекеттері барысында бір немесе бірнеше мемлекеттердің әрекетінің нәтижесінде, олардың юрисдикциясынан тыс, ғарыш және қоршаған ортаға қауіп төнетін жағдайда, осыған қатысы бар елдердің арасында алдын ала кеңес берулерді өткізу және мәліметтермен бөлісуді қарастыру керек.
Алғашқы рет алдын ала кеңес беру мәселесі 1962 – ші жылы ғарышқа байланысты БҰҰ - ның құқықтық комитетімен өткізілген, Женевалық сессияда КСРО - мен ұсынылған еді.
Бейбітшілік мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалануға қатысты мемлекеттер әрекеттерінің негізгі қағидалары Декларациясының кеңестік жобасында, алтыншы параграфта, «ғарыш кеңістігін игерудегі бірлесу және өзара көмектесу барлық мемлекеттердің міндеттері болуы тиіс, басқа мемлекеттермен бейбітшілік мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалануды қандай да бір әдіспен қиынға түсіретін кез келген шараны осыған қатысы бар елдердің арасында тек алдын ала талқылаудан кейін және осы шаралар бойынша келісім жүргізуден кейін ғана осы шараларды орындауға рұқсат берілуі керек» деп айтылған.
Кеңес Одағының өкілі Г.И. Тункин 1962 жылдың жетінші шілдесінде өткен құқықтық комитеттің жиналысында сөз сөйлеу барысында келесідей ойын білдірді: декларация жобасының алтыншы параграфінің мағынасына келсек, тек алдын ала келісімнен өткен шаралар ғана құқықты деп саналуы мүмкін. Ол ғарыштағы әріптестік – барлық мемлекеттердің міндеті екенін көрсете отырып, осындай келісімге отыруға шақырды [73].
1963 жылғы құқықтық қағидалар Декларациясының алтыншы параграфының мазмұнына енген әріптестік және алдын ала кеңес жүргізу қағидалары ғарышқа қатысты Шарттың тоғызыншы бабының мәтініне де енгізілген болатын және ары қарай дамытылуда. Ол жерде айдай анық көрсетілген: егер шартқа мүше қандай да бір мемлекет оның өзінің немесе азаматтарының ғарыштағы жоспарланған қызметі немесе сынағы Шарттың басқа мүше мемлекеттеріне келтірілетін зиянды салдары болуы мүмкін деп сезіктенуге негіздемесі болса, «...онда ол ең алдымен, бұндай қызмет түрін немесе тәжірибені бастамас бұрын, соған сәйкес халықаралық кеңесуді өткізуі тиіс». Егер де, Шарттың кез келген мүше мемлекетінде басқа мемлекеттің ғарыштағы қызметіне немесе сынағына қатысты дәл осындай күдіктенулер туындайтын болса, онда ол «бұндай қызмет немесе тәжірибеге байланысты кеңес жүргізуі туралы өтініш бере алады» [3, 14-15бб.].
Алдын ала кеңес өткізу қағидасы ғарышқа қатысты Декларацияда және Шартта тек жалпы сипаттама түрінде бекітілгені және ары қарай өңдеуді және нақтылануды талап ететінін айтпай кетсек болмайды.
Ю.М. Колосов, «еш бір мемлекеттің Жердің қоршаған ортасын ғарыштағы қызметін мен тәжірибелері нәтижесінде өзгерте алатындай істерін жүзеге асыруға құқығы жоқ, деп айтқан. Ол ойын келесідей пайымдайды: «жердің қоршаған ортасын өзгеріске ұшырататын, бұндай қадамдар соған сәйкес халықаралық органдармен осы мәселені жан жақты және арнайы зерттеуді жүргізгеннен кейін ғана қабылданған, тек арнайы халықаралық келісімге сәйкес іске асуы мүмкін» [74].
Ғылым мен техниканың ары қарай дамуы ғарыш кеңістігінде жүргізілуіне болмайтын әрекеттер тізімін құруға және жіктеуге бастама туғызатынын көрсете отырып, ол былай деп жазған: бұндай халықаралық келісімдер жүзеге асыруға болмайтын әрекеттер тізімі бар қосымша болуы тиіс және ол қажеттілік туындаған жағдайда толықтырылуы мүмкін болуы қажет.
Э.Г. Василевскаяның айтуы бойынша, ықтималды зиянды сипаты бар, ғарыштағы ғылыми тәжірибелер өте қатаң бақылануы тиіс, осы мәселеге қатысы бар барлық мемлекеттермен алдын ала талқылануы керек, осылайша тек осындай халықаралық кеңес жүргізуден кейін ғана, қатаң бақылана отырып, барлық қажетті сақтану шараларын ұстанғаннан кейін ғана іске асырылуы мүмкін ғарыштағы қызметтердің ықтимал зиянды салдарын тоқтату үшін арналған нақты шаралар арнайы халықаралық құжаттарда конвенцияда және келісімдерде өз орнын табуы тиіс [75].
В.Г. Журахов алдын ала кеңес өткізетін елдер қатары анықталмаған болса да, «бұл сұрақта кез келген дискриминацияға жол беруге мүлдем болмайды», олай болмаса ғарыш кеңістігін және жердегі қоршаған ортаның ластануын тоқтату ісіндегі жетістікке ғарыш кеңістігін игеруге тек белсенді түрде қатысатын мемлекеттердің ғана емес, сонымен қатар барлық елдер мен халықтардың қызығушылығы бар, деп дұрыс тұжырымдайды. Екінші жағынан, бұндай кеңестерді өткізу «ғарышты игеру саласында шектелген, қызығушылық танытушы кейбір мемлекеттердің сынамашылдығы, басқа мемлекеттердің ғарыш кеңістігін бейбітшілік жолмен игеруге арналған бағдарламаларының жүзеге асырылуын тежеуі мүмкін деген жағдайларды туындатады деген сөз емес», деп ой тұжырымдаған.
Аталған мәселені қарастыруда алдын ала кеңес өткізу қағидасына үлкен мән берген Г.П. Жуков болатын [13, 177б.]. Осылайша, ол өзінің жұмыстарының бірінде өз пікірін төмендегідей жазады: «бұндай кеңес беруді қашан өткізу керек екеніне қатысты (дәл тәжірибенің алдында ма немесе одан біраз уақыт бұрын), кеңесті кіммен өткізу керек екеніне қатысты (белгілі бір мемлекеттермен, оған қызығушылық білдірген, барлық мемлекеттермен бірге немесе қандай да бір халықаралық органмен) толық анықтық әзірге әлі жоқ және халықаралық кеңес берудің астарында не жатыр және мемлекеттер қандай деңгейде онымен есептесуі керек, кеңес өткізу нәтижесінде келісімге келудің сәтсіз амалдарынан кейін мемлекеттермен жасалатын әрекеттердің салдары қандай болмақ» [14, 24б.].
Осы барлық сұрақтар өте ұқыпты, айқын талдауды және қарастыруды, дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты, ғарышқа қатысты Шарттың IX – шы бабының ережесін орындау үшін қосымша хаттама дайындау жайлы сұрақ қою өзінен өзі шығып тұр. Бұл құжатта кеңес өткізу әрекетінің ережелерін, сонымен қатар, ғарыш және жердің қоршаған ортасының ластануын және жағымсыз өзгерістерін тоқтатудағы жалпы шараларға қатысты ұсыныстарды көрсету дұрыс болар еді. Бұл шаралардың технологиясы және критерийлері ғылыми техникалық прогресстің қазіргі заманғы мүмкіндіктерін есепке ала отырып, анықталуы қажет және жүйелі түрде қайта қарастырылып отыруы қажет.
Шарттың IX - шы бабында көрсетілгендей, кеңес өткізудің қажеттілігі Шарттың IX - шы бабының мағынасы жағынан деликт тудыратын, қауіптілігі ықтимал әрекеттерге қатысы бар мәліметтер анық болғанда немесе қосымша түрде анық болғанда, бұл мәліметтерге байланысты тәжірибеге дайындықтың кез келген кезеңінде тікелей дәл тәжірибенің алдында немесе одан әлдеқайда бұрын туындауы мүмкін.
Ғарышқа қатысты шартта бекітілгендей, кең халықаралық әріптестік, барлық мемлекеттердің соған сәйкес мүдделерін сақтау сияқты, осындай магистральды қағидаларды есепке алсақ, ең дұрысы Шарттың IX - шы бабы бойынша алдын ала кеңес беруді халықаралық мемлекетаралық ұйымдар деңгейінде өткізу.
Кейбір заңгерлер, ғарышқа қатысты жаңа халықаралық ұйымды БҰҰ деңгейінде жасау қажеттілігі жөніндегі ойды айтады, Себебі, БҰҰ - ның басымдылық жақтарын ескеретін, оның әмбебап сипатының болуы, халықаралық құқықтың жалпылама танылған қағидалары мен нормалары негізінде жұмыс жасауы; шешімдерінің беделі; қазіргі кездегі халықаралық жағдайлар шарттарындағы жұмыс істеудің ауқымды позитивті тәжірибесінің бар екендігін тағы басқаларын ұсынады [82, 112-113бб.].
Жаңа халықаралық ғарыштық ұйым «БҰҰ – ның арнайы ұйымы ретінде, ол болмаса атомдық энергия бойынша халықаралық агенттілік құқығына ие болып, яғни ерекше түрдегі ұйым болатын еді, ол оның қарапайым арнайы бөлімшесіне қарағанда Біріккен ұлттар ұйымымен өте тығыз қатынаста жұмыс жасайтын еді» [76]. Халықаралық құқықтың кеңестік доктринасында қалыптасқандай, ондай ұйымның шешімі белгілі бір заңдық күшке ие болуы тиіс [77].
Автордың пікірінше, мұндай жаңа халықаралық ұйым арқылы бастамадағы тек қарапайым қолданушылық шаруашылық әрекеттермен айналысатын ИНМАРСАТ - тан да, сонымен қатар бар болғаны қосымша көмекші орган ретіндегі БҰҰ - ның ғарышқа қатысты Комитетінен де айырмашылығы болуы керек. Ғарыштық әрекеттерге қатысты жаңа ұйым ғаламдық мәселелерді шешуге келгенде жалпы халықаралық ұйымның сипатына ие болуы керек [78]. Дәлірек айтатын болсақ, ол мынаған келіп саяды: аталған ұйым, ғарыштық қызмет барысында қоршаған ортаның мәселелерін шешуде тұрақты негізде әрекет етуі қажет; ұйымның негізгі функциялары ол оперативтілік, нормативтілік және бақылауды жүргізу, олар мемлекеттердің әрекет етуіне бірлікті қамтамасыз етеді, жаңа институттармен, ережелермен, стандарттармен және бағдарламалармен байытады; оның құрылымының ерекшелігі, ол халықаралық ұйымдардың екі бастамасы құқықтық жағдайда теңеледі — құқықтық бірлестік формасы мемлекетаралық ұйым түрінде және оперативті функциясы ақылы бастамадағы қолданбалы шаруашылық әрекеттер түрінде; ұйым халықаралық құқықтық субьективтілік қасиетіне ие болады; және мемлекеттермен қатар көпжақты конвенцияларға қол қою құқығын иемденеді, сонымен бірге өзінің дауларын, даулауды қарастыратын халықаралық процедуралар көмегімен қарастыру құқығына ие; оның мүшелігі әмбебап сипатқа ие болуы тиіс, мүмкіндігінше көптеген мемлекеттер санын, олардың даму дәрежесіне қарамастан, оның ғарыштық қызметті жүзеге асратын мемлекетке жататынына немесе жатпайтынына қарамастан олармен санасуы керек.
Осы уақытқа дейін қандай да бір жаңа ұйым құрылмаған, қазіргі таңда кеңес беруді өткізу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының ғарышқа қатысты Комитетін пайдалану дұрысырақ болар еді.
Ғарышқа қатысты БҰҰ - ның Комитеті 1962 - ші жылдан бері ғарыш кеңістігіне ұшырылған обьектілер жайлы мемлекеттердің мәлімдемесін ресми түрде тіркеуде екенін айта кеткен орынды болар [79].
Кез келген мемлекет БҰҰ - ның жүйесін немесе жаңа ұйымды пайдалана отырып, Шарттың XI – шы бабының мағынасына сәйкес, кеңес өткізуге өтініш білдіруі мүмкін екені көрініп тұр және шарттың ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалануда практикалық тәжірибесі бар, көптеген мүше мемлекеттермен кеңес берудің өткізілуі дұрыс екені мақұлданса, онда ғарыш кеңістігіндегі олармен жоспарланған сынаққа немесе әрекетке байланысты кеңес беру жөнінде өтініш бағытталған шартқа мүше мемлекеттер көрсетілген ұйымдар деңгейінде сондай кеңес беруді өткізуі қажет. Ғарыштағы мемлекеттердің әрекеттерін тиімді бақылау үшін халықаралық ұйым құрылымын пайдалану қажеттілігі, ғарыш әрекеттерінің нәтижесінде болуы мүмкін, ғаламдық сипаттағы қауіпті себеп салдарына қатысты Жердің барлық мемлекеттерінің уайымдаушылығының негізділігі айтылады. Сондықтан, J.Е. Fawcett - пен келіспеске болмайды. Себебі, Жерді қоршаған ортаның осындай ғаламдық өзгерістері тек мемлекетаралық талаптардың пәні ғана емес, халықаралық бұқаралық тәртіптің пәні [80].
Қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп төндіретін тәуекел төтенше жағдай туындаған сәттегі халықаралық бірлестікке келетін болсақ, онда оған сәйкес міндеттілік «эмбриональді» күйінде, ғарыш нысандарымен келтірілген шығынға халықаралық жауапкершілік жөніндегі Конвенцияның XXI - шы бабының мазмұнында келтірілген мүше мемлекеттер, оның ішінде, ұшырған мемлекет шығын келтірген мемлекетке оған сәйкес бірден көмек көрсету мүмкіндігін зерттеуге міндетті, егер де ол «үлкен көлемде адамдардың өміріне қауіп төндіретін болса немесе тұрғындардың өмір сүру үшін қажетті өмірлік маңызды орталықтардың қызметіне әсер ететін болса».
Жоғарыда айтылып өткен қағидаларды қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындыны тұжырымдауға болады: ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауды реттейтін барлық халықаралық құқықтық қағидалардың ортақ, бір негізгі сипаты бар ол ғарыш кеңістігін және қоршаған ортаны қорғау үрдісінің барысында халықаралық субьектілердің әртүрлі дауларын болдырмау және халықаралық құқықтың субьектілерінің арасындағы дауларды бейбітшілік жолмен ретке келтіру. Ғарыштық қызметтің жүзеге асу барысындағы халықаралық құқық субьектілерінің арасында пайда болған кез келген дау және келіспеушілік ғарыш кеңістігі және қоршаған орта үшін қиыншылық туындатады. Солай болғандықтан да, ғарыштық қызмет саласындағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу қағидасы, ғарыштық әрекеттер тәжірибесіндегі ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау мәселесіне сай келеді.
Халықаралық келіспеушіліктерді бейбітшілік жолмен ретке келтіру жүйесін жетілдіру мемлекеттердің өздерінің ұлттық және халықаралық көзқарастарын қанағаттандыру мақсатында, халықаралық құқық көмегімен бірлесе отырып жүзеге асырылатын халықаралық қатынастарына көздеген мақсаты, билігі бар ықпалын тигізуі ретінде, халықаралық құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру жалпы мәселесінің құрылымдық бөлігі [81].
Осылай ықпал ету, әр түрлі халықаралық құқықтық құралдар көмегімен жүзеге асады. Олардың, барлық жиынтығын екіге бөлуге болады: материалды құқытық және процессуалды құқықтық.
Бейбітшілік жолмен ретке келтірудің материалдық халықаралық құқықтық негізі, осы саладағы мемлекеттердің өзара арақатынастарының бағытының мазмұнын (құқықтар мен міндеттер жиынтығы) бекітетін және бейбітшілік жолмен шешілетін халықаралық келіспеушіліктер қағидасында жатыр. Бейбітшілік жолмен ретке келтірудің процессуалдық халықаралық - құқықтық негізін, мемлекеттердің өз міндеттерін жүзеге асыру механизмінің нормативті регламентациясы құрайды. Ол міндеттері халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен шешу қағидасының қоятын императивті шарттарынан шығады.
Ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен ретке келтірудің екі салаға қатысы бар: ғарыштық әрекеттер саласындағы ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты әр түрлі халықаралық дауларды болдырмау және ғарыштық қызмет барысындағы ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты пайда болатын халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу. Бірқатар халықаралық нормаларда жоғарыда атап айтылған мәліметтерге сәйкес мазмұндар байқалады. Мысалы: (1) Ғарыш кеңістігін, оған қоса Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалану бойынша мемлекеттердің қызметтерінің қағидалары туралы Шарт; (2) Ай мен басқа да аспан денелерінде мемлекеттердің қызметі туралы Келісім; (3) Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін, халықаралық жауаптылық туралы Конвенция және т.б.
Ғарыш бойынша Шарттың IX – шы бабында былай делінген: егер де қандай да бір мемлекет Шарттың мүшесі осы мемлекетпен Шарт мүшесі немесе осы мемлекеттің азаматымен шарт мүшесімен жоспарланған, ғарыш кеңістігінде, Айда және басқа да аспан денелерінде жүргізілетін әрекеті немесе тәжірибесі ғарыш кеңістігін, оған қоса Айды және басқа аспан денелерін бейбітшілік жолмен зерттеу және пайдалану ісін атқарып жатқан басқа шартқа мүше мемлекеттердің әрекеттеріне ықтималды зиянды кедергілер тудыратын болса, онда ол бұндай әрекеттерді немесе тәжірибелерді бастамас бұрын, соған сәйкес халықаралық кеңесуді ұйымдастырып, өткізуі керек. Егер де шартқа мүше мемлекет шартқа мүше басқа мемлекетпен, ғарыш кеңістігінде, Айда және басқа да аспан денелерінде өткізілетін әрекеті немесе тәжірибесі ғарыш кеңістігін, сонымен қатар Айды және басқа да аспан денелерін бейбітшілік мақсатта зерттейтін және пайдаланатын істерге ықтималды зиянды кедергілер тудыратын болса, ол шартқа мүше мемлекет осы әрекетке немесе тәжірибеге байланысты кеңесу өткізуге өтініш білдіруімүмкін [7, 14-15бб.].
Кеңес беру режимі адамзаттың ғарыштық қызметі барысындағы халықаралық әріптестіктің тек бір түрі ғана емес екенін атап өтейік. Сонымен қатар, ол ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаның бұзылуын тоқтатудың маңызды шараларының бірі. Е.С. Молодцова. дұрыс айтқандай: «ғарышқа байланысты Шаттың IX - шы бабының мазмұнында айтылғандай, кеңесулер институтын тағайындау, ол ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалануда бір мемлекет құқығын басқа мемлекеттің бұзуын тоқтату ғана емес, сонымен қатар, ол осылайша халықаралық даудың пайда болуын туындатпау» [82].
Шарттың IX - шы бабында «басқа мүше мемлекеттердің ғарыш кеңістігін бейбітшілік жолмен зерттеу және пайдалану әрекеттеріне деген ықтималды зиянды кедергілер» түсінігіне толық анықтама берілмеген. Соған байланысты, құқықтық әдебиеттерде «ықтималды зиянды кедергілер» құрамы ғарыш кеңістігінің бейбітшілік жолмен зерттеу және пайдалану ісіне қатысты пайда болатын қоршаған ортаның ластануы және басқа да қолайсыз өзгерістерді қамтиды ма деген сұрақ қойылды [67, 126б.]. Шынында да, IX - шы бап мазмұнында бұл сұраққа және осы сұрақ тектес сауалдарды кездестіру мүмкін емес. Алайда, біздің көз қарасымыз бойынша бұл, біз қарастырып жатқан Шарттың бабының ережелері жоғарыда айтылып өткен түсініктемені шектеулі түрде талқылауға негіз бола алмайды.
Қоршаған ортаның ластануы және басқа да жағымсыз өзгерістері, басқа салдарды айтпағанда, олар ғарыш кеңістігін бейбітшілік жолмен зерттеу және пайдалану ісінде жүргізіліп жатқан әрекеттерге зиянды кедергілер тудыруы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Мысалы, ғарыштағы сынақтық жарылыстар немесе айдың, басқа да құрамалардың жарылыстары.
Егер де, Ғарыш бойынша шарттың IX – шы бабында көрсетілген, кеңес беру режимінің мақсаты ғарыштық қызмет барысындағы ғарыш кеңістігіне және қоршаған ортаға мүмкін болатын, зиянды әсер етулерді тоқтату болса, сонымен қатар халықаралық құқық субьектілерінің арасындағы халықаралық дауларды болдырмау болса, онда 1972 жылғы ғарыш обьектілері әсерінен келтірілген шығындарға халықаралық жауаптылық бекіту туралы Конвенцияда пайда болған халықаралық дауларды бейбітшілік жолмен реттеу ісі негізінен, ғарыш әрекеттерін халықаралық реттеуге, сонымен қатар ғарыш және қоршаған ортаны қорғауға байланысы бар.
Жауаптылыққа қатысты Конвенция ғарыштық қызметті іске асыру барысында келтірілген шығынға мемлекеттердің материалды жауапкершілігіне байланысты туындайтын сұрақтарды реттейді. «Ғарыштық қызмет нәтижесінде келтірілген шығынға деген жауапкершілік туралы сұрақты қою жасанды емес. Жерге ғарыш обьектілерінің және оның бөлшектерінің түскен жағдайлары бір рет қана еместігі байқалып отырған. Ғарышты зерттеудің белсенді түрде артуымен және ғарышқа ұшуды жүзеге асыратын мемлекеттер санының өсуіне байланысты Жерге ғарыш нысандарының құлау сандары көбейе береді. Осылайша, шығын келтіру мүмкіншілігі ұлғая береді». Ал, өз кезегінде, ғарыш нысандарының және оның бөлшектерінің құлауынан болған шығындар, негізінен, қоршаған ортаға зиянды әсер етуге қатысы бар. Мысалы, ядролық қозғалтқышы бар кез келген ғарыш обьектісінің құлауы және жарылуы қоршаған ортаға белгілі бір зиян келтіреді.
Іс жүзінде мемлекеттердің ғарыш кеңістігін қорғауға қатысты істеріне байланысы бар дауларды бейбітшілік жолмен реттеудің қандай механизмдері бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет