Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың құқықтық негіздері



бет6/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
annotation6558

1.2 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті құқықтық реттеу туралы айтқанда, алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, яғни 4 - ші баптың 3 - ші тармағына сәйкес «Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» [1].
Осыған байланысты, өзінің ғарыштағы қызметін жүзеге асыру кезінде, өзі қатысушысы болып табылатын ғарыш саласындағы халықаралық келісімдердің ережелерін басшылыққа алады.
Сонымен қатар, халықаралық құқыққа басымдық бере отырып, ғарыш кеңістігін зерттеуші мемлекеттердің ғарыштық қызметін реттейтін, ұлттық құқықтық нормаларының рөлі мен мәнін жетік бағаламауға болмайды.
Осы жағдайға байланысты француз заңгері Ж.Дютей де ля Рошер өзінің «Ғарыш құқығының қағидалары» деген мақаласында былай деп жазған, яғни, ұлттық заңнама өзінің оң рөлін көрсетеді, егер де ол халықаралық нормалардан туынды болып қарастырылса және олардың пайдаланылуының толық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған болса. Дегенмен, бірыңғай ғарыш құқығын бұзып алудың белгілі бір қаупі бар, егер де ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге тырысу, бастапқы халықаралық шарттарда бекітілген негізгі қағидаларды салғырт қарауға әкеліп соғатын болса.
Біздің ойымызша, аталған автордың пікірімен келісіу дұрыс сияқты. Жоғарыда айтылғанға сәйкес, ғарыштық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, ұлттық құқықтық нормалардың пайда болуын, қалыптасуын және даму процесстерін зерттеу белгілі бір ғылыми қызығушылық тудырады.
Қазақстан Республикасында ғарышты зерттеуге бағытталған ғарыштық қызметті құқықтық реттеу, толықтай алғанда ұлттық ғарыштық қызметті жүзеге асырудың тәртібі мен ережелерін бекітетін отандық құқықтық нормалардың жүйесінің бөлінбейтін бөлшегі болып танылады.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, Кеңес одағы кезеңінде ғарыштық қызметті құқықтық реттеу тек заңға тәуелді актілер деңгейінде, негізінде жүзеге асырылады: қаулы, шешім, бұйрық және басқалары сияқты. Кеңестік космонавтика кезеңінде ғарыштық қызмет туралы қандай да бір заң актілері қабылданбайды.
Біздің елде ғарыштық қызметті заңнамалық құқықтық реттеу тек Кеңес Одағы құлағаннан кейін ғана басталады.
Ғарыш саласындағы заңның туындауы ғарыштық қызметтің құқықтық жүйесінің заңнамалық негізін жасауға көмектесер еді.
Космонавтиканың ғылыми - техникалық дамуы үшін іс шаралар жүргізу қажет, зымыран - ғарыштық саланың құрылымдық қайта құрылуы мен басқару механизмін жетілдіру жөніндегі, заңдардың дайындалуы мен қабылдануына байланысты көп көңіл бөлу қажет, ғарыштық қызмет саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін заңнын дайындалып, қабылдануын қамтамасыз ету. Ғарыштық қызметтің негізгі мәселелерін нормативтік құқытық дамыту бойынша идеологияны қабылдау және «негізгі» заңды толықтырып дамытатын бірқатар жеке заңдарды дайындап, қабылдау қажет.
Төмендегі негізгі қағидалардың негізінде «Ғарыштық қызмет туралы» заңнын жобасын дайындау қажет:
- ғарыш саласындағы ұлттық мүдделерді, айқын мақсаттарды және ғарыш саясатының міндеттерін, ғарыштық қызметті жүзеге асырудың негізгі қағидаларын бекіту;
- Қазақстанның ғарыш қызметінің басымдықтарын анықтау, елде және әлемде болып жатқан саяси өзгерістер мен экономикалық жағдайды, мемлекеттік билік және басқару құрылымдарын ескере отырып;
- Қазақстанның ғарыштық қуатын, экономиканы, ғылымды және халықаралық әріптестікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті бекіту мақсатында кешенді дамыту мен тиімді пайдалану;
Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметтің мақсаттары мен міндеттері 2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес анықталған. Бұл бағдарлама 25 қаңтар 2005 жылы №1513 Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілген [14].
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты – тиімді ғарыш технологиясын падалана отырып, ұлттық және ақпараттық қауіпсіздікті бекітуге көмектесетін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және ғылыми техникалық дамуына көмектесетін ғарыштық қызметті дамыту.
Қазақстан Республикасының ғылыми техникалық қуатын ұлғайту мақсатында, ғарыш саласын дамытудың басымды бағыттарында және әлеуметтік - экономикалық даму мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғарыш технологиясы мен техникасының үлесін арттыру мақсатында осы бағдарлама бекітілді.
Осы бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің алдына келесідей міндеттер қойылды:
1) бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты іс шаралардың Жоспарын бір ай мерзімде дайындау және бекіту;
2) Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің ғылыми зерттеу институттарының базасы мен басқа да Қазақстан республикасының аумағында орналасқан, ғарыш саласындағы обьектілер мен ғылыми -техникалық ұйымдар негізінде, заңға негізделген тәртіпте акционерлік қоғам « «Қазғарыш» Ұлттық компаниясын» құру, (ары қарай - АҚ "ҰК "Қазғарыш"), АҚ "ҰК "Қазғарыш" - тың жарғылық каптиалында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен.
3) АҚ "ҰК "Қазғарыш" - тың қызметінің негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметі саласында салааралық ұзақ мерзімді, ағымдағы бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық міндеттері мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, аса тиімді ақпараттық ғарыштық технологияны жасау;
ғылыми техника мен технологияны жасау жолында ғылыми зерттеу және тәжірибе құрастырушылық жұмыстарды жүргізу;
халықаралық ғарыш станциясында фундаменталдық зерттеулерді жүргізу үшін, ғарышқа пилотпен ұшыруды пайдалану;
ұлттық қауіпсіздікті, қорғанысты, қоршаған ортаны, төтенше жағдайларды болжау мен мониторингін жүргізуді қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік тапсырысты орындау;
Бағдарлама өз алдына келесідей міндеттер қояды:
түрлі мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын құру мен ұшыру үшін негіздерді жасау;
түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру мен басқару үшін жердегі инфрақұрылымды дамыту;
халықаралық ғарыш станциясының бортындағы қазақстандық ғарышкерлердің ғылыми зерттеу және тәжірибелік бағдарламаларын құру;
спутниктік телекоммуникациялық жүйелер негізінде ақпараттық ғарыш технологиясын құру;
Қазақстан Республикасының аумағының ғарыштық мониторингінің Ұлттық жүйесін құру;
Зымыран - ғарыштық кешендерді пайдалану кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйесін құру;
Ғарыштық қызмет саласындағы мамандарды дайындау, қайта дайындау және мамандардың квалификациясын жоғарылатудың жүйесін құру;
Ғарыштық қызметтің дамуын қамтамасыз ететін нормативтік - құқықтық және экономикалық базаны құру.
Қазіргі әлемде ғарыш саласы ең басымды және ғылыми қуатты талап ететін адамзат қызметінің бір саласы болып табылады. Ғарыштық қызметке қатысу айтарлықтай дәрежеде қазіргі күнгі мемлекеттің саяси беделін көрсетеді, оның экономикалық, ғылыми – техникалық және қорғаныс қуаттылығын айқындайды. Ғарыштық қызметтің бүгінгі таңдағы даму қарқыны мен даму факторлерін анализдеу, алдыңғы қатарлы мемлекеттер өздерінің ғарыштық қуатын арттыру үшін айтарлықтай күш салуда. 2002 - ші жылы әлемдік ғарыш қызметінің технологиясын өңдеуге қаржы жұмсаудың көлемі 1996 жылмен салыстырғанда 200 % пайызға өсті.
Қазіргі уақытта азаматтық ғарыш бағдарламаларын қаржыландыру келесідей көріністе: Ресейде - 835 млн. АҚШ доллары, Германияда - 625 млн. АҚШ доллары, Италияда - 870 млн. АҚШ доллары, Үндстанда - 1,1 млрд. АҚШ доллары, Жапонияда - 3,5 млрд. АҚШ доллары, АҚШ та - 13 млрд. АҚШ долларынан асып жығылады. Ғарыштық қызметке мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың көлемі төмендегідей үлесті құрайды: АҚШ та - 0,996 %, Ресейде - 0,998 %, Үндістанда - 0,972 %, Қытайда - 0,95 %, Жапонияда - 0,83 %.
Әлемдік ғарыштық қызметті одан әрі дамытудың тиімді жолдары іздестірілуде.
Қазақстан әлемдік ғарыштық қызмет саласында өзінің тиесілі орнын табады деп сенеміз. Ол үшін біз алдымен өзіміздің ғарыштық қуатымызды анықтап алуымыз қажет. Үлкен аумақты, тұрғындардың тығыз қоныстанбағандығын, табиғи жағдайдың және минералды ресурстардың көптүрлілігін ескере отырып, республика өмірінде өте маңызды рөл атқаратын спутниктік байланыс жүйелері мен ғарыштық мониторинг жүйесінің ары қарай дамуы маңызды. Саяси және ғылыми тұрғыдан маңызды тағы бір бағыт ол қазақстандық ғалымдардың, мамандардың және ғарышкерлердің Халықаралық ғарыш станциясында жүргізілетін бағдарламаларға қатысуы. Стратегиялық тұрғыдан маңызды басымдықтардың бірі ол біріккен ғарыштық жобаларды жүзеге асыруды көздейтін, Ресей Федерациясымен әріптестікті дамыту. Бұл Қазақстан үшін Ресеймен бірге ғарыш аппараттарын ұшыру қызметінің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді, ғарыш аппараттарының элементтерін дайындау және жобалау үшін технологиялық базасын құрады, әлемдегі ең ірі космодромның борттық құрамдастарын пайдалануда қазақстандық мамандардың санын арттырады.
Жариялап айтуға болатын ақпарат, ол Қазақстанда ғарыштық қызметті дамытудың обьективті ғылыми, технологиялық және ұйымдастырушылық алғышарттары бар. Оның алдағы уақытта мақсатты, жүйелі түрде дамуы үшін Мемлекттік бағдарламаны қабылдау қажеттілігі туындап отыр.
Бағдарламаның негізіне келесідей қағидалар басшылыққа алынуы тиіс:
Шешілетін міндеттердің тәжірибелік қажеттілігі және экономикалық тиімділігі;
«Байқоңыр» кешенінде Ресеймен бірге ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру;
отандық ғылыми - технологиялық қуатты максималды пайдалану;
«Сары Шаған» полигонының обьектілерінің техникалық құралдарының қуатын пайдалану, Астана, Алматы, Приозерск және Атырау қалаларындағы қашықтықтан зоналаудың ақпараттарын қабылдау орталықтарын пайдалану.
Ғарыштық технологияны дамыту мен пайдалануға бағытталған ведомствалық және салалық бағдарламалардың интеграциясы, бірыңғай мемлекеттік бағдарлама.
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты – тиімді ғарыштық технологияны пайдалану жолымен, Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауіпсіздігін, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми техникалық дамуын қамтамасыз ету.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі зымыран - ғарыштық кешенді пайдалану кезеңінде, Қазақстан Республикасының аумағының экологиялық қауіпсіздік жүйесін жасау және ол төмендегідей жолмен жүзеге асырылады:
«Байқоңыр» зымыран - ғарыш кешенінің аумағындағы экожүйенің ахуалын бағалау және Ресей Федерациясына жалға беру мерзімінің ұзартылуына байланысты маңайдағы аумақты да бағалау;
«Байқоңыр» ғарыш кешенінің қоршаған орта обьектілерінің жағдайы мен тұрақтылығының көпдеңгейлі экологиялық мониторинг жүйесін құру, сонымен қатар, зымырандардың бөлінетін бөлшектерінің түсу аумақтарын;
ЗҒҚ – тің қоршаған ортаға әсерін физикалық – химиялық тұрғыдан диагностикалаудың әдістерін дамыту;
Санитарлық – гигиеналық мониторинг жүргізу оның мақсаты ЗҒҚ - тің нәтижесінде Байқоңырдың маңындағы тұрғындардың өміріне зиянның тиіетіндігін анықтау;
Зымыран – арыштық қызмет үшін пайдаланылған жер учаскелерінің топырақ өсімдікқабатын қалпына келтірудің әдістері мен технологиясын дайында;
«Байқоңыр» ғарыш кешенін пайдаланумен байланысты, оның қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерін азайтуға байланысты шаралар жүргізу.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметінің нормативтік құқықтық базасы түрлі деңгейдегі құжаттардан құралуда. Ескеретін жағдай, олардың көпшілігінің ғарыштық қызметке тікелей қатысы жоқ, тек қана оны реттеуге қатысты бірқатар нормалардан тұрады.
Біздің ойымызша, ғарыштық қызметке байланысты көптеген сұрақтар, қоршаған ортаны қорғауға да байланысты сұрақтар тиянақты құқықтық өңделуден өтуі тиіс. Дегенмен, қазақстан республикасының парламентінде, ғарыштық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын бірқатар мәселелерді реттеуге арналған заң жобалары талқыланғанымен, олардың бірде бірі осы уақытқа дейін қабылданған жоқ.
Осыған байланысты, дисертанттың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті құқықтық реттеудің кейбір сұрақтарын ғылыми зерттеу қажеттілігі, оның ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты, ерекше маңызды және өзекті сипат алуда.
Отандық косманавтиканың кейбір аспектілерін ғылыми құқықтық зерттеу, заңшығарушылық қызметке көмектеседі. Бұл ғылыми жұмыс нәтижесінде, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында «Ғарыштық қызмет туралы» Заңнын қабылдануына алып келеді.
27 қаңтар 1967 жылғы Айды және аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 5 – ші бабында келесідей ереже бекітілген: «Айды және аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігінде ұлттық қызметті жүзеге асырғаны үшін мемлекеттер халықаралық құқықтық жауаптылықта болады, оның үкіметтік органдармен не болмаса үкіметтік емес заңды тұлғалармен жүргізілгеніне қарамастан» [15]. Бұл мемлекеттің реттеу және бақылау функцияларын бекітетін, құқықтық норманы енгізуді қажет етеді, яғни кез келген ғарыштық қызметті жүзеге асыру барысында, оның ішінде кәсіпкерлік те қызмет. Бұндай Заң азаматтық және қорғаныс кешендерінің мүдделері тоғысатын, соның ішінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, шетелдіктердің де мүдделері тоғысатын салада туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталады.
Ғарыштық қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қазіргі күнде айтарлықтай күрделеніп, өзіне қатысты заңнамалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл жағдайды бірнеше факторлармен түсіндіруге болады, ең алдымен ол ғарыштық қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жеткілікті қаржыландырылмауы, сонымен қатар бұрын болған ғарыш техникасының үлгілерін, ғарыш инфрақұрылымының бөлшектерін өндірушілердің және оны пайдаланушы ұйымдардың, сонымен қатар өңдеушілердің кооперацияларының бұзылуы. Сондықтан да, Қазақстан Республикасында «Қазақстан республикасында ғарыштық қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Заңды дайындап, оны қабылдау қажет, ол ғарыштық қызмет субьектілерінің арасындағы қарым қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталады, мақсаты ғарыш техникасының және ғарыш инфрақұрылымының үлгілерін жасау (модернизациялау), пайдалану (эксплуатациялау) және утилизациялау процесі барысында туындайтын ықтимал қауіптен жеке тұлғаны қоғамды, мемлекетті және қоршаған ортаны қорғау, қауіптің алдын алу.
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтен халықаралық құқықтық қорғау туралы айтқанда, «ғарыштық қызмет» ұғымының анықтамасын қарастырмай кетуге болмайды. Ғарыштық қызмет ұғымының құқықтық түсінігінің мазмұны 28 желтоқсан 2006 жылғы. №1297 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Қазақстан республикасының парламентінің қарауына енгізілген «Ғарыштық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасында көрсетілген.
Аталған Заң жобасының 1 – ші бабының 1 – ші тармағына сәйкес, ғарыштық қызмет деп ғарыш обьектілерін және ғарыш инфрақұрылымының жердегі обьетілерін жасаумен және/немесе пайдаланумен, сонымен қатар, ғылыми – зерттеушілік, тәжірибелік – құрастырушылық жұмыстар, өндіріс, эксплуатация, жөндеу және арнайы құралдар мен ғарыштық мақсаттағы құралдар мен зымыран ғарыштық техника мен технологияларды пайдалануға байланысты, ғарыш кеңістігін пайдалануды түсінеміз.
Біздің ойымызша, ғарыштық қызмет ұғымының анықтамасы 20 тамыз 1993 жылғы Ресей Федерациясының «Ғарыштық қызмет туралы» Заңында неғұрлым кең мағынада берілген, онда 2 – ші бапқа сәйкес «ғарыштық қызмет» деп ғарыш кеңістігін, Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалануға байланысты тікелей жұмыстарды жүргізуге қатысты кез келген қызмет.
Осылайша, ғарыштық қызметтің негізгі бағыттарына Заң мыналарды жатқызады:
- ғылыми ғарыштық зерттеу;
- ғарыш техникасын байланыс, теледидарлық және радио таратулар мақсатында пайдалану;
- Жерді ғарыштан қашықтықтан зоналау, экологиялық мониторинг пен метеорологияны қоса алғанда;
- спутниктік навигациялық және топогеодезиялық жүйелерді пайдалану;
- ғарышқа пилотпен ұшу;
- Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс мүддесін көздей отырып ғарыш техникасын, ғарыш материалдарын және ғарыш технологиясын пайдалану;
- ғарыш кеңістігінде обьектілер мен құбылыстарды зерттеу;
- ғарыш жағдайында техниканы сынау;
- ғарышта материалдар мен басқа да өнімдерді өндіру;
- ғарыш техникасының көмегімен жүзеге асырылатын, қызметтің басқа да түрлері.
Ғарыштық қызметтің құрамына мыналарды жасау кіреді: (соның ішінде, өңдеу және дайындау және сынақтан өткізу), ғарыш техникасын, ғарыш материалдарын және ғарыш технологиясын пайдалану (эксплуатация), ғарыш қызметімен байланысты басқа да қызмет түрлерін көрсету, сонымен қатар Ресей Федерациясының ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласында халықаралық әріптестік (Заңнын 2 – ші бабының 2 – ші тармағы).
Көріп отырғанымыздай, заңның келтірілген нормалары келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді, яғни қарастырылып отырған норманың мазмұнына сәкес ғарыштық қызмет деген ұғымға ол қызметтің қандай жерде болмасын жүргізілгеніне қарамастан, демек ол ғарыш кеңістігінде ма әлде Жер бетінде ма, ең бастысы оның ғарыш кеңістігін зерттеуге бағытталғандығы.
Заң ғылымдарының кандидаты М.Н. Копылов, қарастырылып отырған ұғымды анықтай отырып, өзінің еңбектерінің бірінде былай деп жазды, ғарыштық қызмет дегеніміз ғарыштық ұшақ аппараттарын пайдалана отырып ғарыш кеңістігін зерттеу мен оны іс жүзінде пайдалануға бағытталған қызметті түсінеміз [16].
Профессор Г.П. Жуков бұл мәселе бойынша айтып өткені, мұндай қызмет түрі «тек ғарыш обьектісін ұшырумен органикалық байланыста болуы, не оны пайдаланумен, не сол обьектінің жерге қайтып келуімен байланысты болуы тиіс» [17].
27 қаңтар 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа да аспан денелерін қоса зерттеу мен пайдалануға қатысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 7 – ші бабында «ұшырушы мемлекет» ұғымы қолданылмайды, бұл туралы келесідей мәлімет берілген: «Шартқа қатысушы әр бір мемлекет, ғарыш кеңістігіне обьектілерді ұшыру мен ондай ұшыруларды ұйымдастыратын болса, ғарыш кеңістігіне, Айға және басқа да аспан денелеріне, сонымен қатар оның аумағы мен оның құрылғыларын пайдалану арқылы обьектілер ұшырылатын Шартқа қатысушы мемлекеттер».
29 наурыз 1972 жылғы Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін, халықаралық жауаптылық туралы Конвенцияның 1 – ші бабына сәйкес «ұшырушы мемлекет» ұғымы ғарыш обьектісін ұшыру мен оны ұшыруды ұйымдастыратын мемлекетті айтады; оның аумағы мен оның құрылғылары арқылы ғарыш обьектілерін ұшыруды жүзеге асыратын мемлекет.
14 қаңтар 1975 жылғы Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын, обьектілерді тіркеу туралы Конвенцияның 1 бабы жауаптылық туралы конвенцияда берілген анықтаманы қайталады [18].
Көріп отырғанымыздай, ғарыш құқығында, ғарыш обьектісін тікелей ұшыруды жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттердің төрт түрлі категориясы ажыратылған:

  1. ғарыш обьектісін ұшыруды жүзеге асыратын мемлекет;

  2. ғарыш обьектісін ұшыруды ұйымдастыратын мемлекеттер;

  3. сол мемлекеттің аумағы арқылы ғарыш обьектілері ұшырылатын мемлекеттер;

  4. сол мемлекеттің құрылғылары арқылы, ғарыш обьектілері ұшырылатын мемлекеттер.

Барлық аталған мемлекеттер ғарыш құқығында «ұшырушы мемлекеттер» деп аталады.
Егер де, ғарыштық қызметке қатысы бар қандай да бір құқытық құжатты қарастыратын болсақ, кейбір жерлерінде оны белгілеу не анықтау үшін «зерттеу және пайдалану» деген сөз тіркесі қатар қолданылады, олардың жеке анықтамалары берілмегенін байқауға болады.
Біздің ойымызша, бұл ұғымдардың мағынасы бір емес және олардың түрлі құқықтық салдары бар. Ғарыш құқығында ғарыш кеңістігін зерттеуді құқықтық реттеу мен ғарыш кеңістігін пайдалануды құқықтық реттеу арасын ажыратып қарамайды, тіпті соңғысының, алғашқысына қарағанда бірқатар шектеулері болса да, себебі, мысалға алсақ, ғарышты әскери мақсатта пайдаланудың кейбір түрлері әрекет етуші арнайы халықаралық құқықтық нормалармен тікелей тыйым салынған. «Игеру» мен «зерттеу» ұғымдарының мазмұндарының мағыналары бір емес. Бұл ұғымдардың бір бірімен ара қатынасы қандай екен?
«Зерттеу», «игеру» және «пайдалану» ұғымдарының анализін жүргізейік.
Осылайша, «зерттеу» деген ұғым «ғылыми зерттеу жүргізу. Қандай да бір нәрсені анықтау үшін тиянақты қарастыру» дегенді білдіреді. Ал, «Игеру» деген, «қандай да бір нәрсені пайдалануды үйрену, қандай да бір нәрсені қолдану, қандай да бір нәрсені игеру деген мағына береді. Өзінің шаруашылық қызметінің шеңберіне қосу. Қандай да бір нәрсені зерттеу барысында, қандай да бір нәрсемен танысу барысында, қандай да бір білімге қол жеткізу, қолдануды игеру». «Пайдалану» дегеніміз «Қандай да бір іс әрекет үшін пайдалану (қолдану). Өз мақсаты үшін қандай да бір нәрсені пайдалану» [19].
Техника ғылымдарының докторы, профессор М.К. Тихонравовтың айтуынша, ғарыш кеңістігін игеру дегеніміз ғарышта өмір сүру мен жұмыс істеуге бағытталған іс әрекеттер, планетаараралық кеңістік пен басқа да аспан денелерінде жолаушы емес, оның тұрақты тұрғыны болу [20].
Қорытындылай келгенде, «игеру» ұғымы біз қарастырып отырған мәселеге қатысты, зерттеу мен пайдалану арасындағы аралық кезеңді білдіреді, қандай да бір нәрсені пайдаланудың алғашқы кезеңі болып табылады. Пайдалануға кіріспес бұрын, біз ең алдымен, нені пайдалануды көздеп отырғанымызды, алдымен игеріп алуымыз қажет.
Аспан денелері мен оның табиғи ресурстарын зерттеу, аспан денелері мен оның ресурстары туралы ақпаратты алу мақсатында, олардың сипаты туралы, заттың химиялық құрамы, олардың болашақта пайдаланылу мүмкіндіктері туралы білім алу жолында ғана мүмкін. Бұндай ғылыми зерттеулер адамзаттың алдына аспан денелерін зерттеудің нәтижесін іс жүзінде пайдалану сияқты үлкен басымдықтар береді.
Басқаша айтқанда, ғылыми зерттеулер болмаса аспан денелері мен олардың табиғи ресурстарын іс жүзінде пайдалану мүмкін емес. Қандай да бір аспан денесінің үстінен жеткізілген топырақты, жан - жақты алдын ала зерттеу жүргізбесе, қызығушылық тудырған түзілім игеруді бастауға болмайды, ал осы аспан денесінен жеткізілген табиғи ресурсты тиімді пайдалану туралы тіпті сөз бастауға болмайды.
Ғарыш құқығының отандық доктринасы, ғарыш кеңістігін пайдалануды кең мағынада түсінеді, яғни ғарыш кеңістігін тек танып білуге ғана бағытталмаған, ғарыш кеңістігіндегі кез келген қызмет түрі. Демек, ғарыш кеңістігін пайдалану тек ғарыш кеңістігі мен оның құрамдас бөліктерін пайдаланып қана қоймай, мысалға, аспан денелерінің ресурстарын эксплуатациялау арқылы, сонымен қатар, Жерде іс жүзінде міндеттерді шешу үшін ғарыш техникасын пайдалану [21].
27 қаңтар 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа аспан денелерін қоса зерттеу мен пайдалануға қатысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 1 – ші бабының 3 – ші тармағына сәйкес ғарыштағы ғылыми зерттеулердің еркіндігі танылған.
Ескеретін жағдай, ол ғарыштық қызметтің еркіндігі шектелмеген не абсолютті бола алмайды. Осылайша, 1967 – ші жылғы Ғарыш туралы Шарттың 3 – ші бабына сәйкес, «Шартқа қатысушы мемлекеттер ғарыш кеңістігін, оның ішінде Ай мен басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалануға байланысты өз қызметтерін, халықаралық құқыққа сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қоса алғанда, халықаралық тыныштық пен қауіпсіздік және халықаралық әріптестікті дамыту және өзара түсіністікті дамыту мақсатында жүзеге асырады».
Заң ғылымдарының докторы А.П. Мовчан айтқандай, «ғарыш құқығының пайда болуы мен дамуы, ғылыми – техникалық прогресстің қазіргі халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын қайта қарауға және одан бас тартуға еш қатысы жоқ» [22].
Дегенмен, бұл ғарыш құқығы, ұшқыш ғарыш аппараттарының немесе басқа да техниканың сипаттамасына негізделіп дамуы тиіс емес. Қабылданған құқықтық нормалар ғылыми – техникалық прогресске, кейбір кездері оларды ынталандыра отырып не тежеп, не шектей отырып ықпал ете алады.
Бүгінгі таңда халықаралық қатынастарда мемлекеттердің техникалық құралдарды пайдалануының іс әрекеттерінің құқыққа сәйкестігін немесе құқыққа қайшылығын анықтаудың критерийі халықаралық құқықтың жалпымен мойындалған қағидалары танылады.
Ғарыштық қызмет пен ғарыш құқығының режиміне қатысты мемлекеттермен қабылданатын ұлттық ғарыш құқығының нормалары мен ережелері халықаралық құқықтың, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, егеменді теңдігі, аумақтың біртұтастығы және саяси тәуелсіздік, күш қолдануға тыйым салу, күшпен қауіп төндіру және тағы да басқалары сияқты қағидаларын жоққа шығармай, керісінше оларды толықтырып, дамытып отырады. Ғарыштық қызметтің қандай да бір ерекшелігі мен оның баламасыздығына сілтеулер бұл қағидаларды бұзуға негіз бола алмайды. Ғарыш кеңістігін пайдаланудың нақты бір түрінің құқыққа сәйкестігі халықаралық құқықтың жалпымен мойындалған қағидаларымен анықталуы тиіс. Ғарыштық қызмет барлық мемлекеттер мен халықтардың мүддесі үшін, тыныштық пен қауіпсіздікті сақтап тұру, әріптестікті дамыту мен өзара түсініспеншілік мақсатында болуы тиіс. Сондықтан да бұл бастама 27 қаңтар 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа аспан денелерін қоса зерттеу мен пайдалануға қатысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 1-ші және 3-ші баптарында өз орнын тапты.
Толықтай алғанда ғарыш құқығының ең негізгі және басты ұғымы, оның «өзегі» ол ғарыштық қызмет (ғарыш) болып табылады. Себебі ғарыштық қызмет дегеніміз, біз білетініміздей, ғарыш пен аспан денелерін зерттеу мен пайдалануға бағытталған қызмет түрі.
Дегенмен, қазіргі уақытта халықаралық ғарыш құқығының ережелерінде ғарыштық қызмет ұғымының құқықтық анықтамасы берілмеген. Қазақстан Республикасының Заңнамасында ғарыштың нақты қай жерден басталатындығы көрсетілмеген.
Мысалға, Ресей Федерациясының Әуе кодексінің 1 - ші бабының 1 - ші тармағында «Ресей Федерациясы өзінің әуе кеңістігіне қатысты толық және шексіз егемендігіне ие». Ары қарай, осы баптың 2 - ші тармағының мазмұнына сәйкес РФ - ның әуе кеңістігінің ұғымы анықталған: «РФ - ның әуе кеңістігі деп РФ - ның аумағының үстіндегі барлық әуе кеңістігі түсіндіріледі, оның ішінде ішкі сулар мен аумақтық теңіздердің үстіндегі әуе кеңістігі». Көріп отырғанымыздай, Ресей Федерациясының Әуе заңнамасы Ресейдің өз әуе кеңістігіне толық және шексіз тәуелсіздігін жариялай отырып, оның тігінен алғандағы шекарасын анықтамайды, ал бұл өз кезегінде, мемлекет егемендігінің биіктіктегі билігінің шегі анықталмағандығын білдіреді.
РФ - ның Су Кодексінің 1 - ші бабының ережесі 7 - ші желтоқсан 1944 жылғы халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 1 - ші бабына толықтай сәйкес келеді. Чикаго Конвенциясының көрсетілген бабына сәйкес «Шартқа қатысушы мемлекеттер келесіні мойындайды, әр бір мемлекет өзінің әуе кеңістігіне толық және шексіз егемендікке ие».
Осы жерде салыстыру үшін атап өтсек, 31 шілде 1998 жылғы РФ– ның «Ресей Федерациясының ішкі теңіз сулары, оған жалғасып жатқан аумақ туралы» Заңына сәйкес Ресейдің аумақтық теңізін құрайтын теңіз белбеуінің ұзындығы анықталған (бастапқы сызықтардан бастап 12 теңіз шақырымы). Осылайша, ресейдің теңіз құқығында кеңістіктік шекара делимитацияланған, ал бұндайды қазіргі таңда ғарыш құқығында айтылмаған.
Философиялық сөздік ғарышты (грек тілінде космос – Жер шары) Жер шары, толықтай бір әлем, кеңістік пен уақытта қозғалатын барлық шексіз материялардың жиынтығы, Жерді, Күн жүйесін, біздің және басқа да галактикалардың жиынтығы. Бұл жерде айтылғаны, іс жүзінде ғарыш деп Жермен көршілес, Әлемнің бір бөлігі деп түсінеді, тіпті жердің өзін қоспағанда. Бұл мағынада «ғарыштық» деген «жерден емес» деген мағынаны білдіреді». Осының өзінде Жер мен ғарыштың шекарасы философияда анық емес болып келеді [23].
Қарастырылып отырған сұраққа жаратылыстану ғылымының тұрғысынан қарасақ ғарыш кеңістігі деп (ғарыш) жер атмосферасынан тысқары кеңістік танылады.
Атмосфера – бұл Жердің газ күйіндегі қабығы, оның 99% пайызы жер үстінен 30 - 35 шақырым биіктіктегі қабатта жинақталған. Бірақ бұл анықтама құқықтық емес, оның үстіне шартты болып келеді, себебі ауа молекулалары бірнеше мың шақырым биіктіктерден де табылуы мүмкін.
Халықаралық құқық тұрғысынан жер үстіндегі кеңістікті әуе және ғарыш кеңістіктерін бөлу, бұл екеуінің құқықтық режимдерінің әр түрлілігіне байланысты. Әуе кеңістігі халықаралық құқық бойынша ұлттық (нақты бір мемлекеттің аумағының үстіндегі және оның юрисдикциясындағы, сол себепті оның толық және шексіз егемендігінде болады) және халықаралық (мемлекетің әуе аумақтарынан тыс орналасатын). Ал, ғарыш кеңістігі бөлінбейді, ол ұзына бойы ортақ пайдалануда болады [24].
Халықаралық келісімдерде осындай норманың жоқтығынан, ғарыш қызметіне байланысты сұрақтар қалай шешілетіндігін қарастырып көрейік.
Халықаралық қатынастардың жаңа салаларында, мемлекеттердің жалпылама, тұрақты және бірыңғай тәжірибесінің болуы, халықаралық құқықтың жаңа нормаларының туындауына алып келеді, егер де ол халықаралық құқықтың норма туындауына қойылатын талаптары орындалатын болса [25].
Егер де осы тұрғыдан, әуе және ғарыш кеңістігінің шекаралық шектерін анықтайтын жай құқықтың нормасын анықтау мақсатында, ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануға байланысты туындаған, халықаралық тәжірибені анализдейтін болсақ, онда біз қарастырылып отырған халықаралық құқықтық мәселе бойынша позицияны көрсететін түрлі мемлекеттік актілерден құралатындығын айта аламыз.
Мемлекеттік егемендіктің биіктіктегі шегін анықтау мен ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдаланудың бостандық қағидасының әрекет ету саласымен байланысты, әуе және ғарыш кеңістігінің шекарасын анықтауға байланысты сұрақ, сөзсіз, халықаралық құқықтық реттелуді қажет ететін, мемлекет аралық қатынастар саласына жатады. Сондықтан да, осы салада жалпыға ортақ, тұрақты және бірыңғай тәжірибені туындататын мемлекеттің актілері, құқықтық салдары бар прецедент болуы мүмкін. Бұл туралы Г.М. Даниленко айтқандай, ұлттық әуе кеңістігіне жалғасып жататын, ғарыштық қызметпен байланысты ғарыш аумағында, мемлекетаралық тәжірибенің консолидациясы мен дамуы, ашық ғарыш қағидасының негізінде, ғарыш бостандығы нормасымен тығыз байланысты, оның кеңістіктегі әрекет ету шектерін анықтайтын, біртіндеп жай норманың пайда болуына алып келді деуге негіз бар [26].
Осы әдет – ғұрыпты мақұлдайтын, халықаралық тәжірибе, бір жағынан, ғарыш державаларының ғарышты зерттеу мен пайдалану қызметін кедергісіз жүзеге асыру талаптарынан, ғарыш обьектілерінің көмегімен, түрлі биіктіктегі мемлекеттердің аумақтарының үстінде, оның ішінде, орбитадағы спутниктің ықтимал төменгі перигейімен анықталатын, екінші жағынан, аталған қызмет оның аумағының үстінде жүзеге асырылатын мемлекеттің белсенді немесе бәсең реакциясынан, яғни осындай құқықты мойындайтын реакциясынан тұрады. Осы саладағы мемлекеттердің тәжірибесі келесідей актілерден құралды:
- ғарыш державаларының мұхит деңгейінен жоғары, түрлі биіктікке, ғарыш обьектілерін іс жүзінде ұшыруы;
- түрлі халықаралық форумдарда, осындай қызмет түрін жүзеге асыруға қызығушылық танытатын, мемлекет өкілдерінің ресми өтініштері;
- басқа мемлекеттер тарапынан түрлі биіктікте ғарышты зерттеу қызметінің заңдылығын мойындаудан бас тарту туралы, мемлекеттер тарапынан қарсы шығу немесе басқа да актілердің жоқтығы.
Қазіргі тәжірибені зерттеу, барлық мемлекеттердің өзара қарым қатынасында сақталатын, жүріс – тұрыс ережесін құрастыруға мүмкіндік береді. Өз тәжірибесінде мемлекеттер келесідей норманы ұстанады, оған сәйкес орбитадағы неғұрлым төмен перигеймен ұшатын еркін ұшудағы ғарыш обьектілері, нақты уақытта ол техникалық тұрғыдан мүмкін, ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдаланудың ашық шекарасының әрекет ету аумағындағы, яғни ашық космостағы. Бұл тәжірибеге сәйкес мемлекеттердің егемендігі орбитадағы спутниктердің минималды көрсетілген перигейлерідегі шектерден жоғары аумаққа тарамайды.
Халықаралық авиациялық федерация ұшуды ғарыштық ұшу деп бекітеді, егер де ол 100 шақырым биіктіктен асатын болса [27]. Нақ осы биіктікте ғарыштық аппарат Жер шарын орбитаның бойымен айналып өтуге мүмкіндігі бар, ал одан кейін оның атмосфераның тығыз қабаттарына кіруі басталады, тежелу мен жерге құлау басталады (егер де обьект атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетпесе).
Осылайша, ғарыштық кеңістіктің төменгі шегі болып, сәйкесінше, ұлттық ауа кеңістігінің жоғарғы шегі болып, қалыптасып қалған тәжірибеге сәйкес, жасанды спутниктердің техникалық тұрғыдан неғұрлым ықтимал төменгі орбитасы, және онда ол спутниктерді ашық ұшуда пайдалану мүмкін болатын болса (мұхит деңгейінен 100 +-10 шақырым).
Дегенмен, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мойындайтын жағдай, ол әуе және ғарыш кеңістігі делимитациясы проблемасы шешімін толыққанды анықтауға болады, егер де мемлекеттер қажетті Шарттың нормасын келісетін болса.
22 маусым 1979 жылы БҰҰ - ның ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатта пайдалану Комитетінің 22 - ші сессиясында Кеңестер Одағы ресми түрде келесідей жұмыс құжатты енгізді, оның аталуы «Әуе және ғарыш кеңістіктерін ажырату және геостационарлық спутниктердің орбитасы өтетін, ғарыш кеңістігінің бөлшегінің құқықтық статусы мәселесі бойынша, БҰҰ - ның Бас Ассамблеясының резолюцияларының негізгі ережелерінің жобасы». Бұл құжаттың атап айтқанда, көздегені: «1. Жердің үстінен теңіз деңгейінен 100 - 110 шақырымнан биіктіктегі кеңістік ғарыш кеңістігі болып табылады. 2. Әуе және ғарыш кеңістігінің арасындағы шекара мемлекеттермен келісуді және ары қарай шарттық бекітілуі тиіс, ол теңіз деңгейінен 100-110 шақырымнан жоғары биіктік…» [28].
Осы жерде ерекше атап өту керек, біздің ойымызша, ғарыш ұғымын анықтаған кезде, ғарыш пен жердің әуе кеңістігінің шекарасын анықтап қана қойған жеткілікті емес. Құқықтық көз қарас тұрғысынан, ғарыштық кеңістік пен онда орналасқан аспан денелерін тең деп қарастыру дұрыс емес. Тіпті қарастырылып отырған кеңістік аумақтарының физикалық ерекшеліктерін есермеген кезде, аталған ғарыш кеңістігі мен аспан денлерінің құқытық режимінің анализі, олардың айтарлықтай екі түрлі екенін көрсетеді. Мысалы, аспан денелеріне толық демилитаризациялау режимі әрекет етеді, ол ғарыш кеңістігіне тарамайды, ғарыш құқығы аспан денелерінде қорықтар салуды көздейді, ал ол өз кезегінде өзінің физикалық ерекшеліктеріне байланысты ғарышта құрылуы мүмкін емес.
Осыған орай, ғарыш кеңістігі құқытық тұрғыдан, Жер мен басқа да аспан денелерінің шекарасынан тысқары тұрған және еш бір мемлекеттің егемендігі жүрмейтін және оның қандай да бір ұлттың иемденуіне болмайтын, оның шекарасы шегінде ғарышты зерттеу мен игеруге болатын және ол ортада ғарыш обьектісіне әсер ететін ең басты күш тартылыс күші болып табылатын, планета аралық кеңістік деп анықталуы мүмкін.
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелеріне пилоттық ұшуларды жүзеге асырған кезде, ғарышкер (астронавта) ұғымы мен оның құқықтық мәртебесін анықтау туралы сұрақ туындайды, себебі ғарышта жұмыс істейтін адам, ғарыштық қызметті жүзеге асырудың ең қажетті элементі болып табылады.
Егер де «ғарышкер» ұғымына құқық тұрғысынан қарайтын болсақ, онда, ұлттық заңнамалық актілерде, тіпті ғарыш құқығы бойынша халықаралық актілерде ондай анықтама жоқ.
28 желтоқсан 2006 жылдың №1297 ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ҚР Парламентінің мәжілісіне қарастыруға берілген «Ғарыштық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының Жобасында 1 - ші баптың 4 - ші тармағында «ғарышкер» ұғымы келесідей мәтінде көрсетілген: Қазақстан Республикасының ғарышкері ғарышкерлерді дайындаудың арнайы орталығында арнайы дайындықтан өткен және қажетті құжаттарды иемденген және/немесе ғарыштық бағдарламаларды орындау мақсатында ғарышқа ұшуға қатысқан Қазақстан Республикасының азаматы.
1967 жылғы Ғарыш бойынша Шарттың 5 - ші бабында, мемлекеттер «ғарышкерлерді адамзаттың ғарышқа жіберілген елшісі ретінде қарастырады» деп айтылған».
Отандық және халықаралық ғарыш құқығының нормаларын салыстыра отырып, келесідей қорытынды жасауға болады, ғарыштық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заң жобасында, Ғарыш бойынша шарттың 5 – ші бабының мазмұнына қарағанда, ғарышкер ұғымын талқылау барысында, ең алдымен кәсіби талап қойылған, «ғарышкер» ұғымын талқылауда ресейдің ғылыми еңбектерінде (құқықтық емес) нақ осындай тұрғыдан талқылау позициясы қолданылған [29].
Дегенмен, бірінші келтірілген, не екінші ретте көрсетілген қарастырылған ережелерді құқықтық ұғымды анықтаудың заңи анықтамасын қанағаттанарлық деп айтуға келмейді. Оның үстіне, ғарыш кеңістігінде жүрген тұлғаларды атау үшін түрлі елдерде түрлі тілдермен және халықаралық шарттардың баптарында әр түрлі қолданылады. Осылайша, Қазақстанда және басқа да бірқатар елдерде «ғарышкер» ұғымы қолданылады, ал АҚШ - та және тағы басқа бірқатар елдерде «астронавт» ұғымы қалыптасқан. Бұл ұғымдардың негізінен алғанда тек лингвистикалық сипаты бар, бірақ олардың арасында айтарлықтай белгілі бір мазмұндық та айырмашылық бар.
Үлкен кеңестік сөздікте, ғарышкер – бұл «ғарыш техникасын, ғарышқа ұшу барысында сынақтан өткізу мен пайдалануды жүзеге асыратын адам…» [30].
Нақ осындай анықтама, қарастырылып отырған ұғымға «Космонавтика» энциклопедиясында да берілген [31].
1965 – ші жылы АҚШ - тың Ғарыш кеңістігін зерттеу мен аэронавтика бойынша ұлттық басқармасының (НАСА) дайындаған сөздіктегі анықтамаға сәйкес, астронавт ол біріншіден, ғарыш кеңістігіне ұшуды жүзеге асыратын, екіншіден, кез келген америкалық пилоттық ғарыштық ұшуларға қатысуға бөлінген ұшқыш – сынақшылар [32].
Сәйкесінше, «астронавт» ұғымымен сонымен қатар, ғарышқа ұшуға тікелей қатыспаған адамдар да қамтылады, ол тек қана түрлі пилоттық ұшуды көздейтін бағдарламаларға дайындыққа бөлінген адамдар.
Ғарыш бойынша халықаралық келісімдерді анализдеу, ғарыштық ұшуды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты келесідей ұғымдардың қолданылатындығын көрсетті:
Космонавттар (27 қаңтар 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа да аспан денелерін қоса зерттеу мен пайдалануға қатысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 5 – ші бабы; 1968 – ші жылғы Ғарышкерлерді құтқару, және ғарыш кеңістігіне жіберілген обьектілердің қайтып келуі туралы Шарттың атауы мен преамбуласында; 1979 – шы жылғы Мемлекеттердің Айда және басқа да аспан денелеріндегі қызметі туралы Келісімнің 10 – шы бабы);
Экипаж (ғарыш кемесінің) (1967 – ші жылғы Ғарыш бойынша Шарттың 5 – ші бабы., 1968 – ші жылғы Құтқару туралы Келісімнің 1 - 4 баптары);
Экипаж мүшесі (1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 10 бабы);
Персонал (1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 8, 9, 11, 12 баптары);
Ғарыш кемелері немесе жасанды ғарыш кемелерінің персоналдары (1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 3 бабы);
Ғылыми және басқа да персонал (1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 6 бабы);
Әскери персонал (1967 жылғы Ғарыш бойынша Шарттың 5 – ші бабы, 1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 3 – ші бабы);
Ғарыш кемесінің бортындағы тұлғалар (1972 жылғы Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиянға, халықаралық жауаптылық туралы Конвенцияның 3,4 баптары);
Айдың үстіндегі тұлғалар (1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 10 – шы бабы);
Өкілдер (басқа мемлекеттердің) (1967 – ші жылғы Ғарыш бойынша шарттың 10 – шы бабы);
Экспедиция (1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 6 – шы бабы);
Адам (1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 12 – ші бабы);
Айдың үстіндегі адам (1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 10 – шы бабы);
Осы құжаттардың еш бірінде қолданылып отырған ұғымдардың анықтамасы жоқ.
Ғарыш құқығының нормалары ғарышқа ұшуға азаматтық персоналдың арасынан да, сонымен қатар әскери персоналдардың арасынан тұлғаларға рұқсат береді.
Осылайша, 27 қаңтар 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа аспан денелерін қоса зерттеу мен пайдалануға қатысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 5 – ші бабында, былай делінген, «Ай және басқа да аспан денелері тек бейбітшілік мақсатта ғана қолданылады», тікелей көрсетілген, онда «әскери персоналды қандай да бір ғылыми зерттеулерге немесе басқа да бейбітшілік мақсатта» пайдалануға тыйым салынбайды.
Заңгер А.И. Рудев ғарышкерлер деп «өз қызметін ұшу міндеті мен халықаралық ғарыш құқығының нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес, ғарыш обьектісімен ұшатын тұлғалар» [33].
«Ғарышкер» ұғымына жоғарыда келтірілген анықтамалар, ғылыми көздерден алынған, олардың бірде біреуі құқықтық болып табылмайды.
Өкінішке орай, халықаралық құқықта «ғарышкер» («астронавт»), «экипаж» және де адамның ғарыштағы қызметімен байланысты, мәселелердің кең көлемін шешетін арнайы келісім жоқ. Бұндай Келісімнің қажеттілігі айдан анық. Сонымен қатар, халықаралық ғарыш құқығында қарастырылып отырған анықтаманың жоқтығы, ғарыш туралы отандық заңнама деңгейінде бекітуге кедергі бола алмайды.
«Ғарышкер» ұғымының құқықтық анықтамасы, төмендегідей болуы қажет деп санаймыз:

  1. ғарышкер – ғарышты игеруге байланысты, кәсіби қызмет;

  2. кәсіби қызмет орны – ғарыш кеңістігі мен аспан денелері;

  3. ғарыштық қызметті жүзеге асырудың құқыққа сайлығы, бұл оны жүзеге асырушы тұлғаға ғарышкерге берілетін құқықтар мен артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік береді және өзінің құқықтық қамсыздандырылуын құқытық қамтамасыз етуге.

Ғарыш құқығында ғарыш экипажы деп ғарышкерлер ұжымы түсініледі, ол ұжымының құрамына, ғарыш обьектісін ұшырумен, басқарумен және оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалардан басқа, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді және тәжірибелерді жүзеге асыратындары кіреді [34].
Нақтырақ айтсақ, 29 қаңтар 1998 жылғы Азаматтық бағыттағы халықаралық ғарыш станциясындағы әріптестікке қатысты Келісімнің 11 – ші бабында келесідей айтылған, яғни «Әр бір қатысушының әділ негізде өзінің кәсіби персоналын ғарыш станциясының экипажының құрамына жұмыс істеу үшін жіберуге құқығы бар» [35].
Жүргізілген анализ көрсеткендей, ғарыш құқығы пайда болған сәтінен бастап, ғарышта жүрген барлық тұлғаларды ғарышкерлер деп қарастырып, оларға өздерінің атқаратын функцияларына қарамастан бірдей мәртебе береді.
Осылайша, 1979 жылғы Ай туралы Келісімнің 10 – шы бабында [36] айтылады, мемлекеттер Ай үстіндегі кез келген адамды ғарышкер деп қарастырады, бұл 1967 жылғы Ғарыш туралы Шарттың 5 – ші бабының мазмұнына сәйкес, сонымен қатар, ғарыш кемесінің экипаж мүшесі ретінде 1968 жылғы Құтқару туралы Келісімге сәйкес қарастырады [37].
Осылайша, айтылғанды қорытындылай келе, келесідей қорытынды жасауға болады, демек ғарыштық қызметті реттейтін құқытық нормалар жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары пайда бола бастаған, бұл сол қызмет түрінің нақ сол кезеңде жүргізілуімен байланысты болған.
Біздің елімізде ғарыштық қызметтің нормативтік құқықтық базасы, 1991 жылы Кеңес Одағы таратылғаннан кейін туындай бастайды. Бұл елімізде Ғарыштық қызмет туралы заңнын жобасының дайындалуына алып келді. Егер де, ғарыштық қызмет туралы нормативтік құқытық актілер белсенді түрде қалыптаса беретін болса, онда олардың жиынтығы өз кезегінде Қазақстанның заңнамасының жеке бір саласы – ҚР – ның ғарыш құқығы қалыптасқан болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет