Монография қазақстан Республикасы Алматы 2013


Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық – құқықтық қорғауды мемлекеттік реттеудің құқықтық сипаттамасы



бет7/24
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#198208
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
annotation6558

1.3 Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық – құқықтық қорғауды мемлекеттік реттеудің құқықтық сипаттамасы
Бүгінгі таңда ғарыш саласы адамзат қызметінің айтарлықтай басымдыққа ие және ғылыми зерттеуді қажет етеін салаларының бірі. Ғарыштық қызметке қатысу қазіргі таңда мемлекеттің саяси беделін айқындайды, оның экономикалық, ғылыми техникалық және қорғаныс қуаттылығын көрсетеді. 25 қаңтар 2005 жылы №1513 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы» мемлекеттік бағдарлама бекітілді [38]. Бағдарламаның негізгі мақсаты, ғарыштық технологияларды тиімді пайдалану жолымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық дамуына, ұлттық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, ғарыштық қызметті дамыту. Бағдарламаны жүзеге асыру келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
1) түрлі мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын жасау мен оларды ұшырудың негіздерін дайындау; түрлі мақсаттағы ғарыштық аппараттарды ұшыру және басқарудың жер үсті инфрақұрылымын дамыту; халықаралық ғарыш станциясының бортында қазақстандық ғарышкерлердің ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерін жүргізуді дайындау;
2) спутниктік телекоммуникациялық жүйелердің негізінде ақпараттық ғарыштық технологияны дамыту; Қазақстан Республикасының аумағына ғарыштық мониторинг жүргізудің Ұлттық жүйесін дамыту;
3) ғарыш зымыран кешенін пайдалану барысында Қазақстан Республикасының аумағының экологиялық қауіпсіздік жүйесін жасау; кәсіби білім беру жүйесін және ғарыштық қызметтің дамуы үшін қажетті кадрларды дайындау жүйесін құру;
4) ғарыштық қызметтің дамуын қамтамасыз етудің нормативтік құқықтық және экономикалық базасын қалыптастыру.
Ғарыштық қызметтің қазіргі кездегі даму қарқыны мен факторлерін талдау көрсеткендей, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің өзінің ғарыштық қуатын арттыру үшін көп күш жігер жұмсап жатқаны белгілі. Қазақстан халықаралық ғарыштық қызмет саласында өзінің орнын табуы тиіс және міндетті. Үлкен ауқымды аумақ пен тұрғындардың қоныстануының шашыраңқылғы, табиғи жағдай мен минералды ресурстардың әр түрлілігін ескере отырып, республика өмірі үшін маңызды бағыттардың бірі спутниктік байланыс жүйесін және ғарыштық мониторинг жүйесін ары қарай дамыту болып танылады. Стратегиялық тұрғыдан маңызды басымдықтардың бірі ол Ресей Федерациясымен әріптестікті дамыту, бірлескен ғарыштық жобаларды жүзеге асыруды көздейтін. Бұл Қазақстанға Ресеймен бірлесе отырып, ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша әлемдік нарыққа шығу және ғарыш аппараттарының бөлшектерін жобалау мен дайындаудың технологиялық базасын жасау және мақсатты борттық аппаратураны, әлемдегі ең ірі космодромның обьектілерін пайдалануда қазақстандық мамандардың қатысуын қамтамасыз ету. Жоғарыда айтылғандардың барлығы, Қазақстанда ғарыштық қызметтің дамуының обьективті ғылыми, технологиялық және ұйымдастырушылық алғышарттары қалыптасқан. Оның ары қарай мақсатты және жүйелі түрде дамуы үшін, біріншіден, Қазақстан Республикасының «Ғарыштық қызмет туралы» Заңын дайындап, оны қабылдау қажет; Екіншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байтерек» ғарыш кешенін жасау туралы келісімді жүзеге асыру; Үшіншіден, Қазақстан Республикасының ғарыш технологиясын бақылаудың халықаралық Режиміне қосылу үшін, қажетті сыртқы саяси шараларды жүзеге асыру. Төртіншіден, Қазақстанның ғарыштық қызметінің дамуының басымдықтарын анықтау, жүзеге асырылатын жобалардың экономикалық тиімділігі мен олардың коммерциализациялануына бағытталған, ғарыштық қызметтің дамуын мемлекеттік ынталандырудың тікелей және жанама шаралары мен механизмдерін дайындау, мемлекеттік тапсырыстың салықтық, несиелік, кедендік реттеудің және басқалардың негізінде. Бесіншіден, ғарыштық қызмет салдарынан қоршаған ортаны қорғауды басқару саласындағы мемлекеттік басқару механизмінің тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету және басқалары.
Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметтің даму бағыттары мен мемлекеттік басымдықтарын анықтау мақсатында, Бағдарламаның жүзеге асырылу барысына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін, 31 қазан 2005 жылы №1087 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан кеңес беру-кеңесу органы құрылды - «Ғарыш бойынша Кеңес» [39], Қазақстан Республикасының Премьер - Министрімен басқарылады және ғарыштық қызмет саласында жұмыс істейтін мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен және ұйымдардан тұруы мүмкін. Кеңестің Жұмыс органымен ғарыштық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықталады ол Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі болып табылады.
Ғарыш бойынша кеңес – кеңес беру - кеңесу органы болып табылады, ол, Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық дамуы, ұлттық және ақпараттық қауіпсіздікті бекітуде маңызды стратегиялық мәні бар ірі ғарыш жобалары мен бағдарламаларының іске асырылуына бағытталған ұсыныстарды дайындауға жауапты.
Кеңестің шешімдеріне ұсыныстық сипат тән.
Осы Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 17 наурыз 2005 жылы №242 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен акционерлік қоғам «Қазкосмос» Ұлттық компаниясы құрылды, оның қызметінің негізгі бағыттарына:
- ғарыштық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысу;
- Қазақстан республикасының ғарыштық қызмет саласының ағымдағы және ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларын дайындау мен жүзеге асыруға қатысу;
- ғарыш техникасының дамуының негізгі бағыттарын негіздеу үшін жүйелі зерттеулер жүргізу;
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әлеуметтік экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған, аса тиімді ақпараттық және ғарыш технологиясын жасау және игеру;
- Қазақстан Республикасының тұрғындарының денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына ғарыштық қызметтің әсер етуін бағалайтын ғарыштық техника мен технологияларды жасау, тәжірибе конструкторлық жұмыстар жүргізу, сонымен қатар «Байқоңыр» космодромында зымыран ғарыштық техниканы пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Пилотпен ғарышқа ұшулардың шеңберінде фундаменталды және тәжірибелік ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді ұйымдастыру;
- қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, Жерді қашықтықтан зоналаудың әдістерін пайдалана отырып, төтенше жағдайлардың мониторингін және болжауын жүргізу саласында мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу;
- түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын дайындау және жобалау, оларды ұшыруды ұйымдастыру [40].
27 наурыз 2007 жылғы №302 қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігін бекіту туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Аэроғарыштық комитетті жабуды қаулы етті, оның барлық функцияларын, құзіреттілігі мен мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттілігіне берді.
Осылайша, ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғарыш Агенттігі – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады, ғарыштық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, сонымен қатар заңда көзделген шектерде ғарыштық қызмет саласында салааралық координацияны жүзеге асырады.
Өзінің қызметі аясындағы агенттіліктің негізгі міндеттері:

  • ғарыштық қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның негізгі бағыттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

  • өз құзіреті шегінде мемлекеттік реттеу мен ғарыш саласындағы қызметтің координациясын жүргізу.

  • ҚР – да ғарыш саласының қалыптасуы мен дамуы, ол нысаналы ғарыш жүйесі, жер үстіндегі ғарыш инфрақұрылымының обьектілері, ғарыштық зерттеулер мен технологиялар, маман қуаты;

  • ғарыштық технология мен қызмет көрсетудің нарығын қалыптастыруға жағдай жасау;

  • Қазақстан Республикасында ғарыштық қызмет туралы заңнаманы жасау;

  • ғарыштық қызмет саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  • ғарыштық қызмет саласында халықаралық әріптестікті жүзеге асыру;

  • өз құзіреті шегінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясына жалға беру бойынша жұмыстардың координациясы».

  • Агенттілік келесідей функцияларды жүзеге асырады:

  • республикада ғарыштық қызметтің даму жағдайы мен оны болжаудың анализін жүргізеді, сонымен қатар ғарыштық техника мен технологияның дамуының әлемдік қарқындарын;

  • Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыштық қызметтің даму бағытының басымдықтары туралы, сонымен қатар ғарыштық қызмет саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды дайындап, енгізеді;

  • ғарыштық қызмет саласында халықаралық әріптестікті жүзеге асырады, өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес халықаралық шарттарды жасасады;

  • ғарыштық қызмет сласындағы нормативтік құқытық актілерді дайындайды және бекітеді;

  • ғарыштық қызмет саласында жобаларды салалық сараптауды қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасының ғарыш обьектілерінің Регистрін жүргізеді;

  • «Байқоңыр» космодромынан ғарыш аппараттары мен зымырандардың сынау мақсатында ұшырудың бір жылдық жоспарын дайындауды ұйымдастырады, Ресей Федерациясымен жүргізілетін, және мониторингтың жүзеге асырылуы;

  • «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттарды орындау жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметінің координациясын жүргізеді»;

  • ғарыштық қызмет саласында жұмыс істейтін, заңды тұлғалардың қызметін анализдейді;

  • «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуі бойынша белгіленген тәртіп бойынша ресейлік тараппен өзара қатынасты жүзеге асырады, «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттардың орындалуына;

  • ғарыштық қызметті пайдалануға байланысты лицензиялауды жүзеге асырады;

  • «Байқоңыр» кешенінің белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастырушылық және басқа да шаруашылық сұрақтары бойынша шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;

  • ғарышкерлерді дайындау жұмыстарының координациясын жүргізеді, ғарыштық қызмет саласында мамандарды дайындау және қайта дайындауды жүргізеді;

  • өз құзіреті шегінде, ғарыштық қызмет саласында жұмыс істейтін, мемлекеттік қатысуы бар ұйымдардың басқару органдарында, мемлекеттің мүддесін білдіруді ұйымдастырады;

  • ғарыштық қызмет саласындағы заңдардың талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

  • «Байқоңыр» кешені бойынша және ғарыштық қызмет саласындағы халықаралық шарттардың талаптарының орындалуына бақылау жүргізеді;

  • Ресей Федерациясымен жалға алынған, «Байқоңыр» кешенінің мүлкінің және обьектілерінің қауіпсіздігі мен оларды пайдалану шарттарына бақылау жасайды;

  • Лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, лицензиялық бақылауды жүзеге асырады;

Жоғарыда айтылып өткендей, 27 қаңтар 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа аспан денелерін қоса зерттеу мен пайдалануға қатысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 6 – шы бабында, мемлекеттің барлық ұлттық ғарыштық қызметі үшін жауаптылығы бекітілген.
Ғарыш бойынша шарттың осы нормасына сәйкес, шартқа қатысушы мемлекеттер ай мен басқа да аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігіндегі ұлттық қызметі үшін халықаралық жауаптылықта болады.
Ғарыш бойынша келісімнің осы нормасына сәйкес, «Шартқа қатысушы мемлекеттер ғарыш кеңістігіндегі ұлттық қызметі үшін халықаралық жауаптылықта болады, Айды және басқа да аспан денелерін қоса алғанда, оның үкіметтік ұйымдармен немесе үкіметтік емес заңды тұлғалармен жүргізілетіндігіне байланысты емес, яғни ғарыш кеңістігіндегі ұлттық қызмет, осы Шарттың нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс. Үкіметтік емес заңды тұлғалардың ғарыштық кеңістіктегі, ай мен басқа да аспан денелерін қоса алғанда, тиісті қатысушы мемлекеттің рұқсатымен және тұрақты бақылауымен жүзеге асырылуы міндетті…»
Ғарыш туралы негізгі халықаралық құқықтық актінің осы ережелеріне сәйкес, қазақстан республикасында ғарыштық қызметті басқару мен басшылық жасауды құқықтық реттеу ерекше маңызға ие болады.
Қазақстан республикасының Экологиялық Кодексінің 6–шы бабына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі ережелері» «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу» деген 1 – ші тармақтың мазмұнында көрсетілген, оның мазмұны төмендегідей:

  1. қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялауды жүргізу;

  2. экологиялық нормалау;

  3. қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық реттеу;

  4. мемлекеттік экологиялық сараптама;

  5. экологиялық рұқсаттарды беру;

  6. мемлекеттік экологиялық бақылау;

  7. қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық жүйесін, неғұрлым таза экологиялық технологияларды енгізуді ынталандыру, табиғат қорғау шараларын қаржыландыру жүйесі;

  8. мемлекеттік экологиялық мониторинг;

  9. қоршаған ортаны ластау учаскелерінің, шығу көздерінің және табиғатпайдаланушылардың мемлекеттік есебін жүргізу;

  10. экологиялық білім беру мен ағартушылық» [41] Мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік басқару қызметтің түрлі салаларына бағытталған.

«Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың құрамына:

  1. Табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік жоспарлау;

  2. Табиғи ресурстарды қорғау, пайдалану және қайта шығаруға мемлекеттік бақылау;

  3. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар беру және шарт жасасу;

  4. Табиғи ресурстарды қалпына келтіруді және қайта өндіруді ұйымдастыру, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу;

  5. Табиғи ресурстардың мониторингін және кадастрін жүргізу;

  6. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін лимиттер мен квоталарды бөліп беру;

  7. Табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтіруді және өндіруді жүзеге асыратын, мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметін басқару;

  8. Табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыру».

«Мемлекеттік реттеу» ұғымы «мемлекеттік басқару» ұғымына қарағанда кең мағына береді. Профессор Ж.Т. Холмуминовтың пікірі бойынша, «…мемлекеттік басқару дегеніміз ол, қоғамының қоршаған ортамен қарым қатынасы барысында экологиялық тәртіпті қамтамасыз етуге және мемлекеттегі субьектілердің экологиялық құқықтарының жүзеге асырылуы мен экологиялық міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік органдардың атқарушылық-билік ету қызметі» [42].
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді уәкілетті органдардан, ҚР – ның қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР Агенттілігі, ҚР – ның ауылшаруашылығы министрлігі, ҚР - ның энергетика және минералды ресурстар Министрлігі, ҚР - ның Ішкі істер Министрлігі.
Ғарыштық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіреті:
1) ғарыштық қызмет саласында мемлекеттік саясатты және оны жүзеге асырудың шараларын жүргізеді;
2) ғарыштық қызметтің дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды дайындайды;
3) ғарыштық қызмет саласында Қазақстан Республикасының халықаралық әріптестік сұрақтарын координациялайды;
4) уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан республикасының аумағынан, Қазақстан Республикасының мүддесін көздей отырып ғарыш обьектілерін ұшыру туралы шешім қабылдайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен жүргізілетін оның шекарасынан тыс жерде жүргізілетін болса;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан шетел мемлекеттерінің ғарыш обьектілерін ұшыру мәселесін келіседі;
6) Қазақстан Республикасының аумағындағы жер үстіндегі ғарыш инфрақұрылымы шетелдік заңды тұлғалардың пайдалануы туралы шешім қабылдайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ол Қоршаған ортаны қорғау министрлігі. Министрліктің негізгі міндеті – ол қоршаған ортаның сапасын жақсарту және адамдардың өмірі мен денсаулығына қолайлы экологиялық жағдайға қол жеткізу. Себебі, оның сапасына сол аумақта тұратын тұрғындардың әл аухаты тәуелді. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрліг туралы ережеге сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және дайындау және табиғат пайдалануды басқару сұрақтары бойынша салааралық координацияны жүзеге асыратын, Орталық атқарушы орган. Министрліктің негізгі міндеттері мен құқытарына қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етудегі Стратегиялық функциялар жатады, бұл:
- тұрақты даму мақстаныда қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жасау;
- қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласында заңнаманы жетілдіру және халықаралық әріптестікті ұйымдастыру;
- қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы Халықаралық Конвенциялар мен келісімдерді жүзеге асырудың саясатын қалыптастыру;
- қоршаған ортаға ластаушы заттарды шығарудың лимиттері мен квоталарын бекіту, оның ішінде өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға;
- қоршаған ортаға әсер ету нормативтерін дайындау, оның ішінде атмосфераға шығарылатын қалдықтардың шегі, жер асты және жер үсті суларына шығару, зиянды заттарды көмудің шектері және қалдықтарды жергілікті рельефтерде және жер қойнауында орналастыру;
- қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем нормативін дайындау, оның ішінде, атмосфераға шығару, жер асты және жер үсті суларына жіберу, зиянды заттарды көмуге және қалдықтарды жер қойнауында орналастыруға.
Мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін міндеттерге:
- қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық Конвенция мен Келісімдерді жүзеге асыру;
- халықаралық әріптестікті жүзеге асыру және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен қарым қатынас жасау;
- қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар беру және тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру туралы шешімді келісу;
- қызметтің басқа да түрлері;
- табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету;
- табиғат пайдалануға берілген рұқсатты беруді, есепке алуды немесе күшін жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- мемлекеттік және салалық экологиялық бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыру;
- қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласында ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
Өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын атқару үшін, Министрліктің, заңмен бекітілген тәртіпте, келесідей құқықтары бар:
- қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша келісімдер (меморандум, декларация) жасасуға;
- өз құзіреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалануға байланысты Шарттарды келіседі;
- өзіне бағынысты мекемелер мен ұйымдарға ішкі бақылауды жүзеге асыруға [43].
Оның негізгі міндеттерінің бірі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіруге көп көңіл бөлінген. «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатпайдалану саласында мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру ол мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды күшейтуге бағытталған, ол осындай қызмет барысында азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау механизмі мен бақылау және құқыққолданушылық функцияларды жүзеге асыру кезінде бірін бірі қайталауды жою жолымен қол жеткізіледі. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатпайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары инспекция немесе құқықолданушылық функцияларды жүзеге асыру барысында, оларға қатысты сұрақтар бойынша тәуелсіз және обьективті шешім қабылдау үшін барлық уәкілеттіліктерге ие болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатпайдалану саласында мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту төмендегілерге бағытталуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандыруға және құқыққолдану жүйесінің негізгі тиімді сипаттамаларын анықтауда мемлекеттік органдарға көмектесетін, модельді жасау, келешекте қоршаған ортаны қорғау мен табиғатпайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының институционалды реформаларын жүргізуге көмектесетін;
- экологиялық заңнаманы сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің барлық қатысушыларының арасында ақпарат алмастыру мен әріптестікке көмектесу;
- экологиялық менеджмент жүйесінің маңызды элементі ретінде өндірістік бақылауды міндетті түрде жүзеге асыру;
- табиғат қорғау шараларын атқаруға байланысты қызметке жауаптылықты барлық деңгейде нақты анықтау;
- қоршаған ортаны қорғау және табиғатпайдалану саласындағы барлық лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді беру» [44].
Уәкілетті органның құзіреті:
1) ғарыштық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
2) ғарыштық қызмет саласында жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде ғылыми зерттеу және тәжірибе құрастырушылық жұмыстар;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыштық қызметтің даму бағыттарының басымдықтары туралы, сонымен қатар ғарыштық қызмет саласындағы мемлекеттік тапсырыстың қалыптасуына байланысты ұсыныстар дайындап, оларды енгізеді;
4) ғарыштық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
5) өз құзыры шегінде ғарыштық қызмет саласында бақылауды жүзеге асырады;
6) ғарыштық қызметсаласында жобалардың салалық сараптамасын жүргізеді;
7) ғарыш обьектілерін тіркеуді жүзеге асырады;
8) ғарыштық қызмет саласына мамандарды дайындау, қайта дайындау және олардың квалификациясын көтеруге байланысты жүйені қалыптастыру;
9) ғарыштық қызмет саласында нормативтік құқықтық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларын дайындайды;
10) өз құзіреті шегінде ғарыштық қызмет саласында халықаралық әріптестікті жүзеге асырады.
Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздікті көздейтін, ғарыштық қызмет саласындағы Жобалар, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарымен бірлесіп жүзеге асырылады;
Заңға сәйкес, өз функцияларын жүзеге асыру үшін, ғарыштық қызмет бойынша атқарушы орган өзінің аумақтық органдарын құра алады.
Қазақстан Республикасында бұндай орган ол Ұлттық ғарыш Агенттігі.
12 наурыз 2004 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, қоршаған ортаны қорғау функцияларын, табиғат пайдалануды басқару және осы саладағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, арнайы уәкілетті органдардың Тізімі бекітілді және олардың қызметін ұйымдастыру Тәртібі. Бұл органдарға жатады: ҚР – ның қоршаған ортаны қорғау Министрлігі (Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, қоршаған ортаны қорғау функцияларын жүзеге асыратын және табиғатпайдалануды басқаратын басқа да атқарушы Орталық органдардың қызметін координациялайтын), ҚР – ның жер ресурстарын басқару Агенттігі (жер ресурстарын қорғау мен пайдалануды жүзеге асыратын), ҚР – ның ауылшаруашылық министрлігі (орман және су ресурстарын пайдалану, қайта өндірі және қорғау саласында бақылау қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, жануарлар әлемі мен өсімдік әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға байланысты), ҚР – ның энергетика және минералды ресурстар министрлігі (жер қойнауын қорғау мен пайдалану саласында қызмет ететін), ҚР – ның ішкі істер министрлігі (автокөлік құралдарынан атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың қалдықтарына бақылауды жүзеге асырады, браконьерлікпен, талдар мен ағаштарды заңсыз кесумен, аң аулау және балық аулау тәртіптерін бұзумен, экологиялық қылмыстарды тергеумен байланысты қадағалауды жүргізетін), ҚР – ның заңдарына сәйкес бекітілген өз құзіреті шегінде жергілікті атқарушы органдар.
«Арнайы уәкілетті органдар, өз құзіреті шегінде, төмендегідей бағыттар бойынша, іс ірекет атқарады:

  1. табиғатпайдаланушылардың табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарын анықтау мен олардың алдын алу бойынша бірлескен жоспарлар мен іс шаралар өткізу;

  2. қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды қайта өндіруге байланысты шаралардың атқарылуын ұйымдастыру, қоршаған ортаның сапасын арттыру, қайта өндіру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған;

  3. табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрін жүргізу, қоршаған орта мен табиғм ресурстардың мониторингінің бірыңғай жүйесінің қызметін қамтамасыз ету;

  4. мемлекеттік экологиялық сарпатама арқылы, табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты барлық жобалардың өтуін қамтамасыз ету;

  5. шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүргізу барысында, өндірістік бақылауды жүргізу мен мониторинг жүргізуіне қадағалау;

  6. төтенше экологиялық жағдайлардың себептері мен салдарын зерттеу;

  7. қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, қайта өндіру және пайдалану саласында ақпаратпен алмасу.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында, арнайы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары, нақты уәкілеттікке ие және біруақытта мемлекеттік инспекторлар болып табылатын, табиғат қорғау заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жою бойынша шаралар қабылдайды, құқық бұзушыларды заңға сәйкес жауаптылыққа тартатын. Мемлекеттік бақылау арнайы уәкілетті органның ішкі жоспарына сәйкес кезекті тексерулер арқылы жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы органы төмендегідей сұрақтар бойынша тексерулерді жүргізеді:

  1. жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы мен орындалуы бойынша, ұйымдастырушылық құқықтық нысаны мен меншік нысандарына қарамастан;

  2. шаруашылық және өзге қызмет түрлеріне қойылатын экологиялық нормативтер мен талаптардың, стандарттар мен техникалық шарттардың;

  3. өз құзіреті шегінде мемлекеттік кадастрлар мен табиғи ресурстардың есебін жүргізу;

  4. табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларында көрсетілген экологиялық талаптарды орындау, сонымен қатар, табиғатпайдалануға рұқсат пен Шарттарды орындау;

  5. жер және су ресурстарының, сонымен қатар жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің ресурстарын пайдаланудың экологиялық талаптарын орындау;

  6. қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға байланысты жоспарлар мен шараларды орындау, табиғи ресурстарды қорғау, қайта өндіру және ұтымды пайдалану.

Қазақстан Республикасының басқа да атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласында төмендегі сұрақтар бойынша өз құзіреті шегенде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады:

  1. жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау заңнамасын сақтау және орындау, ұйыдастырушылық құқықтық және меншік нысандарына қарамастан;

  2. табиғи ресурстарды пайдаланудың тәртібін сақтау, қоршаған ортаны қорғауға байланысты және табиғи ресурстарды қайта өндіру, сонымен қатар олардың зиянды салдарының алдын алу;

  3. мемлекеттік кадастрларды жүргізу мен табиғи ресурстардың есебінің дұрыстығы;

  4. табиғат пайдаланудың бекітілген лимиттері мен квоталарын жүзеге асыру;

  5. табиғат пайдалануды мемлекеттік реттеу мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша шараларды қамтамасыз ету;

  6. табиғи ресурстарды қорғау, қайта өндірі және пайдалану бойынша негізгі талаптарды орындау және табиғи ресурстарды пайдалануға бекітілген тыйымдар мен шектеулерді, оларды пайдалану нормалары мен тәртібін сақтау;

  7. табиғат пайдалануға байланысты рұқсаттарды, лицензиялар мен шарттарда (контрактах) көзделген талаптарды орындау.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары төмендегі сұрақтар бойынша өз құзіреті шегенде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады:

  1. қоршаған ортаны қорғау бойынша обьектілердің құрылысын және қайта құрылысын қамтамасыз ету;

  2. экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы бар, кәсіпорындарды, құрылғыларды және басқа да обьектілердің құрылысы мен қайта құрылыстарына тыйым салу туралы қорытындыны жасау, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда, сот тәртібімен шаруашылық және басқа да қызметті тоқтату және тиісті шараларды қабылдау» [45].

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ж. Сулейменованың пікірінше, «Облыс әкімімен бекітілетін, аумақтық бағдарламаларды орындау кезінде, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша министрліктер мен Әкімдіктердің арасында заңнамалық негіздің жоқтығы, координацияның мүмкіндіктерін төмендетеді, ол қоршаған ортаға жағымсыз ықпал етудің деңгейін көтеруге әкеліп соғады» [46].
Бұл жерде қоршаған ортаны қорғауға байланысты заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылау жасайтын, арнайы органдар қарастырылған, сонымен қатар аталған тексерулерді жүргізу негіздері бойынша.
Қоршаған ортаға қатысты, ақпаратқа қолжетімділік пен қоғамның шешім қабылдау процессіне қатысуы туралы Конвенцияның 3 – ші бабына сәйкес «әр бір тарап, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың қоғамға көмек көрсетіп және оған ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғауға байланысты, сот әділдігіне жетуге көмектесу» [47].
Аталған нормалар ұлттық құқықтық нормаларда көрсетілмегендігіне қарамастан, мемлекеттік органдармен қосымша орындалады. Егер де, Қазақстан Республикасының барлық экологиялық конвенциялар бойынша өзіне алған міндеттемелерін ескерсек, онда мемлекеттік органдар сақтауы тиіс нормалардың саны, олар туралы ережелер мен тәртіптерден көп есе асып кетеді. Өкінішке орай, міндеттемелердің жартысы ғана бұл ережелерде орын алған.
Қазақстан Республикасы 25 шілде 2006 жылғы № 155 Жарлығы бойынша «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі туралы Ереже бекітілді.
Қазақстан Республикасының арнайы өкілі – «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті тұлғасы, келісілген мемлекеттік саясатты қамтамасыз ететін және оның орталық және жергілікті атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімдерінің қызмет етуін, жалдау шарты негізінде әрекет ететін, қазақстан ресей арасындағы белгілі бір келісімдерге негізделген, Қазақстан Республикасы Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарын сақтауға байланысты Байқоңыр қаласының тұрғындарының конституциялық құқытарын. Саяси мемлекеттік қызметші [48].
Арнайы өкілдің негізгі міндеттері:
- «Байқоңыр» ғарыш кешеніндегі мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыруын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Президентімен анықталатын, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі ережелерінің орындалуын;
- «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін қазақстандық мемлекеттік органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыруды бақылауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының юрисдикциясы мен Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық құқытарын қорғауды қамтамасыз ету, сонымен қатар Ел басының тапсырмалары мен актілерінің орындалуы;
- Қазақстан Республикасының Президентіне «Байқоңыр» кешенінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты кезекті баяндама жасау, сонымен қатар, аумақтағы саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдай туралы.
Қойылған міндеттерді орындау үшін арнайы өкіл төмендегідей функцияларды атқарады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының, Президенттің актілерінің, халықаралық шарттардың және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқытық актілерінің нормаларының азаматтар мен ұйымдар тарапынан орындалуына ықпал етеді;
- «Байқоңыр» кешенінде қызмет ететін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мекемелерінің жалпы координациясын қамтамасыз етеді.
- «Байқоңыр» кешенінде қызмет ететін мемлекеттік үлесі бар, ұйымдар мен мекемелердің, қазақстандық мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін анализдейді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілігіне тиісті ұсыныстарды енгізеді;
- қоғамдық пікірді зерттейді, аумақтағы саяси және әлеуметтік экономикалық дамуға болжам жасайды;
- Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларын өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс атқармағандығы үшін және Қазақстан Республикасының заңнамасын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдамағыаны үшін;
- «Байқоңыр» кешенінде тұратын тұрғындардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында, азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастырады;
- мемлекеттік органдардың Байқоңыр қаласының әкімшілігімен өзара іс әрекетін ұйымдастырады, жергілікті басқару органдарымен және басқа да қоғамдық және діни бірлестіктермен;
- Қазақстан Республикасының Президентіне кейбір тұлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттауға, құрмет немесе басқа да атақтар беруге, соған сай тұлғаларды;
- Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын ұсынады;
- Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Байқоңыр» кешені туралы сұрақтар бойынша ұсыныстар әзірлейді»;
- қазақстандық мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырудың жалпы координациясын және бақылауын атқарады, соның ішінде Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметінің дамуының Мемлекеттік бағдарламасын;
- «Байқоңыр» кешенінің мүдделеріне қатысты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің жобасын келіседі».
Жалпы алғанда, осы саладағы мемлекеттік реттеу іс жүзінде барлық салаларды қамтиды деп айтуға болады. Бірақ, біз ұмытпауымыз керек, 21 - ші ғасырда тек экономика мен саясат ғана күрделенбей, сонымен қатар қоғамдық өмірдің барлық салалары күрделенеді, бұл Үкімет пен уәкілетті органдардан мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда бақылаудың жеті түрі бар және он үш тексеруші құрылымдар бар, бірақ еліміз күтіп отырған мақсатқа әлі жеткен жоқ. Бұл саладағы сұрақтар өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек, олардың нәтижесіне ұлтымыздың болашағы тәуелді. Ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа және бірінші кезекте, Отанымыздың заң жүйесінің дұрыс атқарылуына байланысты бірқатар сұрақтар кешенін шешу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет