Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет11/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
Құсбегілік. Адамзат тарихындағы аушы құстарға қатысты заттық айғақ б.з.д. 2400 жыл бұрын Месопотамия жерінен Нойон ула тауынан табылған атақты ғұн қазынасы арасындағы кілем, сырмақтарда тауешкіге түсіп жатқан құстың айқасы суреттелген. Есіктегі сақ обасынан табылған «Алтын адам» қазынасының жәдігерлерінде дәл осындай көріністі бейнелеген алтын тоға –Орта Азиялықтарда аушы құс культінің аса көнеден келе жатқандығының айғағы. Ертеде қазақтар тұлпарды ғана емес, сонымен бірге құсты да кие тұтып, адаммен бірге жерлейтін болған. Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері орта ғасырда адам мүрдесімен бірге қыран бүркітті қоса жерленгендігі туралы деректер бар. Олар Атырау облысы Құлсары кентінің солтүстік шығысындағы Бекет Ата – Ақмешіт культтік-жерлеу кешенінен алты шақырым жердегі Аралтөбе қорымындағы үш қорғанның бірінен еркек пен әйел мүрдесімен аң стилінде жасалған алтын бұйымдар, бүркіт пен томағалары бірге жерленген. Үш бөліктен тұратын кеңістікке киелі бүркіт адам жанын көкке алып шығады деген танымнан туған. Шығыс Қазақстан облысындағы Маңырақ, Тарбағатай арасындағы Шілікті жазығындағы ерте темір дәуіріне жататын аттас қорғандарынан табылған алтын әшекейлер арасынан бастары артқа қайырылған шеңгелі мен жанары тастармен көмкерілген 36 дана құс (бәлкім бүркіт) кескініндегі құйма алтын қапсырмалары ұшырасады. Ал Алтайдағы әйгілі Берел қорымында жерленген көсемнің табытының төрт бұрышында мүрдені күзететін грифон бейнесі ертедегі далалықтар өмірінде жыртқыш құсқа қатысты танымның белгісі болып табылады. Осы деректер көшпенділер өмірі үшін аңшы құстардың қаншалықты маңызды болғандығын аңғартады.
Өскемен қаласынан қырық шақырымда Құрық қорғанының (б.д.д. IV-II ғғ.) бірінен мәйітпен бірге жерленген 4 бүркіт қаңқасының табылуы, атақты Есік қаласынан табылған «Алтын адамның» бас киіміндегі стильденген құс бейнелі фигуралардың көне археологиялық жәдігерлерде көптеп ұшырасуы – жыртқыш құстардың қазақ жеріндегі тарихы тереңге жайылғандығын көрсетеді [31, Б.52-54].
Тарау бойынша қорытынды:
– Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректер халықтың ауыз және жазба әдебиеттерінде, тарихшылар, философтар, саяхатшылар, археологиялық қазба, музей жәдігерлерінде көптеп кездесетіндігін айта келіп, ұлттық ойындар барлық жастағы адамдар арасында дене тәрбиесі, еңбекке баулу, халық пен жерді қорғау істерінде кеңінен қолданылғандығын көруге болады.
– Ұлттық ойындардың көптеген түрлері қазіргі кездерге дейін өзінің мазмұнын өзгертпей сақталғандықтарымен қатар көптеген ойын түрлері мазмұны өзгеріп немесе ұмыт болғандығын көруге болады. Оларға шөген, садақ ату, жамбы ату түрлерін жатқызуға болады.
– ХХ ғасыр басынан бастап ұлттық ойындарды тәрбие құралы ретінде қолдану аясы тарыла бастағандығын көреміз, оған себеп қазақ халқының отырақшы өмірге ауыса бастауымен және Кеңес Одағы кезіндегі ұстанған идеологиялық саясаттың әсерінен деп тұжырымдауға болады.
Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәні ретінде қабылдаған.
Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Ата-бабаларымыздың ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған.
Осыдан мың жыл бұрын жазылған Махмуд-ал Қашғаридың «Диван лугат ат-Түрк» атты еңбегінен сол кездегі түркі халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, халқының орналасуы, тілдерінің ерекшелігі т.б. толып жатқан өте бағалы мағлұматтармен қатар дене тәрбиесіне және ұлттық ойындарға қатысы бар деректерді табуға болады. Көрсетілген еңбектегі көне түркі заманындағы ойындар мен дене тәрбиесіне қатысы бар деген деректерді тере отырып, қазіргі ұлттық ойындардың пайда болуы, қалыптасуы, ойнау тәртібінің өзгеруі туралы маңызды мағлұматтарды сараптауға мүмкіндік алуға болады.
Сонымен қатар XI ғасырдағы халық арасындағы кеңінен тараған ойындардағы пайдаланылған құрал-жабдықтар, оны қолдану тәртібінің қазіргі уақытпен салыстырғанда аз өзгеріске ұшырағандығын, яғни тарих толқынында қаншама өзгерістер болғанымен, ұлттық ойындар, дене-тәрбиесіне қатысты деректер аз өзгеріске ұшырағандығын байқадық. Біздің Махмуд-ал Қашқаридың сөздігіндегі ұлттық спортқа және дене тәрбиесіне қатысы бар деген деректерді берудегі мақсатымыз ұлттық мәдениетіміздің дене тәрбиесіне қатысты саласының тарихы ерте заманнан басталатындығын көруге болады.
Сонымен қатар, көптеген ұмыт болған ойын түрлерін қайта өмірге әкелу мүмкіндігі туындайды. Мысалы, сол заманда ең көп тараған «Шөген» ойыны ат үстінде отырып допты қуалап ойнау түрінің қазіргі кезде Европада «Поло» атымен кең тарағандығы, ал өзімізде осы ойын түрі қазір мүлдем ұмыт болғандығын көреміз. Осы ойын түрін қайта жандандыру арқылы атты баптау, ат үстінде шебер жүру, ат күтімін жақсарту сияқты жағымды істерді атқаруға болатындығын көрсеткіміз келеді.
Төменде Махмуд Қашқаридың жоғарыда көрсетілген еңбегіндегі дене тәрбиесі және ойындарға байланысты деректерді келтіреміз.
«Ел – аттың тағы бір сипаттағы атауы. Ат түріктердің қанаты болғандықтан, атты ел деп те атайды. Атбағарларды (ат бапкерлерін) ел басы дейтіні сондықтан.
Етеш – балалар жасырынып ойнайтын шұңқыр.
Оңлұқ – садақ.
Арқұн – жабайы айғыр мен қолдағы қысырақтан туған будан. Бәйгеде көбінесе осындай аттар озады.
Ігіш – тарпаң мал, асау, көнбейтін ат.
Ұлағ – ылау. Бекеттерде ауыстырып мінетін ат.
Ұшан – екі желкенді кеме.
Ереңшү – бойы екі кез келетін бәкене кісі. Ергежейлі.
Арсалық – әрі еркек, әрі ұрғашы.
Сып – екі жасқа толатын тай.
Боймал – мойнында ағы бар ат.
Бақанұқ – жылқы тұяғының ортасындағы жүрекше ет.
Қапа иулуг оқ – желегі биік оқ, жебе.
Күбе – шынжыр сауыт, темір сауыт.
Боры – оқ басының жебе ұшына енгізілетін тұсындағы ойық, кертілген айыл басы.
Теке – еркек киік. Оның мүйізінен садақ жасалады.
Тылы – оқтың басына (ұшына) байланатын (кигізілетін) қайыс.
Қарвы иа – жіңішке садақ.
Шырғүй – жебе басының қалың, жуантық тұсы.
Қарағұны – балалардың ақшамда ойнайтын ойын түрі.
Бағдады – шалды. Ол күрескенде оның аяғын шалды.
Мүңіз – мүңіз: мүйіз – мүйіз. Балалар ойыны. Балалар су жағасында тізіліп отырады. Олардың бірі мүйіз-мүйіз дейді. Екінші бала мүйізді малдарды тізіп айта бастайды. Балалар оның айтқанын қайталайды. Айтушы бала сөз арасына мүйізсіз мал айтып қосып жібереді. Қай бала соған ілесіп әлгі малдың атын атап жіберсе, сол баланы суға итеріп жібереді.
Таңұқ – соғыста найзалардың басына байлайтын жібек белгі.
Сыңарсұқ – екі кісі атқа мінгескенде, мінгескен адамның мінген тұсы.
Сіңірледі – сіңірледі. Ол садағын сіңірмен қаптап орады.
Сүріледі – жеребе тастады.
Сөкмен – батырларға берілетін аттардың бірі. «Жаудың қатарын, сапын бұзушы» деген мағынада.
Құрман – оқ, садақ салатын қалта.
Тұғзағ – ұрыс кезінде хақан тарапынан әскер қолына беріліп, соғыс біткеннен кейін қайтарып алынатын ат.
Батрақ – ұшына бір бөлек жібек мата байланған таяқ. Соғыс кезінде әскер өзін сол арқылы білдіреді.
Қысмақ – үзеңгінің екі жағындағы қос қабат қайыс. Үзеңгі осы қайыстардың арасында тұрады.
Күблүк – лай батпақты илеп, жаңғақтың үлкендігіндей етіп жасап кептірілген сақа. Ол қолмен, не сақпанға салынып атылады.
Ілекеш ойыны. Адам тобықты ашатаяқпен ұрып ойнайды. Кім тобықты қатты алысқа ұрса, сол ойынды бастайды. Қазіргі гольф ойынына өте ұқсас ойын.
Қаршыды, қапшыды – қарпысты, таласты. Ол менімен бірге тобық қарпысты. Шөген ойнап доп қағысып таласты.
Шөген (Поло) ойыны сол кезде бар екендігін байқаймыз.
Ол менің бірле иа құрұшды. – Ол менімен бірге садақ құрысты, яғни шеберлік, күш-қуат, мергендікте қайсымыз күшті екенімізді білу үшін садақ құрысты деген мағынада. Садақты ату жарысында құралмаған садақты құрып барып садақты ату тәртібін енгізуге болатындығы.
Шеврүшті – айналдырысты. Жебенің түзу-қисықтығын білу үшін тырнақ үстіне айналдырып тексеріп байқайды.
Шекменді – жеребе тастады.
Жерметті – түйдірді, өргізді. Атының құйрық-жалын асыл жібекпен түйгізу – ерліктің, батырлықтың белгісі.
Тін – рух, жан.
Тін – жүген, тізгін.
Құрт – бөрі, қасқыр.
Бағыр – бауыр. Ешкімге бойын имейтін адамды үлкен бауырлы дейді. Садақтың орта тұсын да садақтың бауыры дейді.
Талас – ат бәйгесінде Шөген доп ойнында алаңның шетіне тартылатын керме арқан.
Шалыш – шалыс, күрес.
Құғұш – қуғыш. Оқ жасау үшін қолданылатын ағаш сайман.
Шабығ – қамшының ұшы.
Башақ – оқ, не найзаның ұшындағы темір.
Топық – тобық. Шөгенмен ұрып ойнайтын доп.
Кедүк – жүннен тоқылған, дулығаның ішінен киетін бас киім.
Тасал – шөген ойнағанда алдыңғы шекараны белгілеп сызылған сызық.
Соқым – жебенің, оқтың ағаштан жасалған құйрығы. Ағашты, аршаның қалқанды бұтағы секілді кесіп алып, ішін ояды, бір ұшын тесіп оққа кигізеді, екінші ұшының дүмі болады, сонда оқ түзу салмақты ұшады.
Тосұн – мінілмеген асау, тарпаң тай.
Шөген – шөген ойыны. Қазіргі уақытта Европада «Поло» деп атайды.
Шұрам – жеңіл оқ ату. Бұл әдеттегідей атылған оқтан ұзаққа барады. Атқан адам арқасына жатып атады. Шұрам оғы дейді.
Қалва – үйренушілер оғы. Темір басының орнына ағаш бекітілген оқ.
Кеткі – кеткі ат. Төсі кең, белі жіңішке ат.
Кесме – жалпақ ұшты найза немесе оқтың ұшы.
Көшүрме ойын – көшірме ойын. Бұл «он төрт» деп ойнайтын ойын. Жерге қорғанға ұқсатып төрт сызық сызып, оған он есік ашылып, малақ тас, жаңғақ, соған ұқсас нәрселерді тастап ойнайды.
Шығылбар – кішкене қысқа оқ.
Шевүрген – шыр айналдырған. Тырнағының ұшында садақ жебесін айналдырған адам. Жебенің түзу, салмағының тең бөлінгендігін анықтау үшін жасалады» деген көне деректерді жеткізеді[102, Б.82-97.].
Махмуд Қашқаридың сөздігінен алынған деректерді бере отырып оны ғылыми айналысқа енгізу арқылы қазақтың ұлттық дене тәрбиесі, дене жаттығулары, ойындарының көнеден негізі қаланғандығын дәлелдеу басты мақсатымыз болды.
Қазіргі кездегі дүниежүзілік дене тәрбиесі және спорт саласы тарихында Азия елдері, оның ішінде түркі халықтарының дене тәрбиесі туралы деректер өте аз берілген және қазіргі спорт саласының дамуына біздің қатысымыз болмаған деген де жаңсақ пікірлер ұшырасады. Мысалы дүниежүзілік дене тәрбиесі және спорты тарихын жазған Л. Кун «Көшпелі Азия» тарауында ортағасырлық Азия дене тәрбиесіне байланысты «Европалық дене тәрбиесіне қарағанда оларда дене тәрбиесі қоғамдағы өзінің мәнінде бола алмады. Көшпенділердің тонау мақсаттарында жасаған жиі-жиі шабуылдары шаруашылықтарын және дене тәрбиесін дамытуға кедергі жасады. Оларда Европадағыдай дене тәрбиесі спорттың дамуына шаруашылық өмір сүру ерекшеліктері мүмкіндік бермеді деп жазды [75, С.130-133].
Біз өз тарапымыздан Европадағы қазіргі ат спорты, «поло» ойыны, садақ ату, жаяу жарыс, балуандар күресі, доп ойнау, мылтық ату сияқты спорт түрлері Азия елдерінде Европадағыдан кем болмағандығын, тіпті кейбірін Азиялықтардан үйренгендіктерін тарих дәлелдеп отырғандығын атап өтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет