Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет8/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
Ат бәйгесі. Халық арасында ат жарыстары ең көп тараған және үлкен қадірге ие ұлттық ойын түрі болып саналады.
Қазіргі ғылым жылқы малын қолға үйрету Қазақстанның солтүстігіндегі Ботай мәдениеті деп аталатын кезеңде, осыдан 5500 жыл бұрын болғандығы туралы немістің Sueddeutsche Zeitung газеті жазды. Бұл дерек жылқыны Орта Азия жерінде Европадағы алғашқы қолға үйретуден 2000 жыл бұрын болғандығын көрсетеді [49].
Бүгінгі таңда дүние жүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымы бар, оның 17 түрлі таза қанды тұқымы Қазақстандағы ат зауыдтарында дамытылған. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда 12 ат зауыты, 32 асыл тұқымды жылқы фермасы болған.
Егеменді Қазақстанның алғашқы ұлттық ат спорты федерациясының президенті Сәдібек Түгел 1916 жылы қазақ жерінде жылқы малының 5 640 мың болғандығын, ал 1933-34 жылы 150 мыңдай ғана қалғандығын айта келіп, осындай қиянат әдейі ұйымдастырылғандығын, оған себеп болған Қазақстанды басқаруға жіберген Голощекин жұмысына кірісе салып Сталинге «қазақты бағындыру үшін астарындағы аттарын алу керек, түйеден түсіру керек. Атқа мінген, түйеге мінген қазақ бір бөлек болады, оларды жаяулату керек» деп жазғандығы туралы тарихи деректі келтіреді.
Сәдібек Түгелдің үлкен еңбегінің арқасында қазақ халқының ұлттық мақтанышы болған Құлагерге арналған ескерткіш 2010 жылы маусым айында ашылды. Ескерткіш Астана – Көкшетау тас жолы даңғылының бойында орналасқан.
1950 жылғы деректерге жүгінсек, дүние жүзінде 79 миллион жылқы болған. І орында Қытай мемлекеті 11 миллион жылқысы бар, 2-орында 7 миллион жылқысы бар КСРО болған. Ал енді 2-бесжылдықтың қорытындысы бойынша Семей облысында 90 мың жылқы болған екен. 1879 жылы Орынбор губерниясында 1 миллион 8 жүз мың жылқы бағылған. 1880 жылы Австрия, Венгрияда 3 жарым миллион жылқы болған. Германияда 3,3 миллион жылқы болған, Францияда 3 миллион жылқы болған. 1920 жылғы есепте қазақ даласында 8 милионнан астам жылқы болған [132, Б.134-138.].
Граф Воронцов-Дашковтың бұйрығы бойынша 1884 жылы Торғайда – 3, Әулиеата және Верныйда ат заводтар ашылды. Солардың ішінде патша әскерінің қатарында қызмет етіп жүрген Орынбор кадет корпусының Азиялық бөлімін бітірген офицер X. Бабаджанов болады. Ол 1832-1898 жылы аралығында қазақ даласында болып, қазақ арғымақтарының шығу тегін зерттеген еңбегі үшін күміс медальмен марапатталады. X. Бабаджанов ғылыми еңбектері үшін ресми марапат алған алғашқы қазақтардың бірі болды. Ол қазақ жылқысы туралы деректі мысалдар келтіреді. Өз мақаласында қазақтардың қолдан сұрыптау арқылы қазанат биесіне түрікпен, араб жылқыларының айғырын қосу арқылы 3-буыннан арғымақ деп аталатын тұқымдар шығарып отырғандығын жазып көрсетеді. Ол Баянауыл маңында мырза Сатай дегенге ас бергендігін жазады. Сол асқа 3 округтен 11 мың адам шақырылған (әйелдерді қоспағанда) 600 ат бәйгеге қатысқан. 1-ші жүлдеге 100 ат, 50 сиыр, 300 қой, 20 түйе тіккені туралы және Сағынайдың асына үш жүзден бірдей кісі қатысқан бәйгеге 1300 ат қатысқанын, 1-ші жүлдеге 500 жылқы, 1000 қой тігілгенін және сол аста қазақтар әртүрлі шеберлікпен орындалған ат үстіндегі серілік ойындар көрсеткендіктері туралы жазады. Ол өз еңбегінде осыншама үлкен той-жиынды қазақ билерінің өте әділ, мәдениетті басқарғанына таң қалғандығын жазады[42, Б.51-59].
Ат өсіретін халықтар ертеден-ақ жылқы тұқымын асылдандырып, нағыз сәйгүлік таңдауда сыннан өткен тәжірибенің болғанын, сол тәжірибенің нәтижесі екенін байқатады. Бұл орайда жылқы малын тіршілік-тынысының негізгі тірегі еткен қазақ халқының ғасырлар сынынан өткен өзіндік жылқы малын асылдандыру, сынау талғам-танымы қалыптасқан.
Ел арасында керемет сәйгүлік жүйріктерді тани білетін, ерекше зерек адамдар кездеседі. Ақанның Құлагерін шаппай танитын атбегі Күреңбайдың көрегендігін, ат баптаудың шебері Шоқай Шөңкейұлы, сыншы Кей-Қауыс, Киікбай сыншы т.б. айтуға болады. Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ – сынды өлеңді дүниеге келтірген Абайдың, Құлагерді – жазған Ілиястың да талғампаз сыншы болғаны күмән тудырмайды.
Бір ғажабы сол, жұрт ауызына іліккен қазақ сыншылары еш уақытта қателесіп көрмеген. Олар бәйгеге қосылатын атты бір көргенде-ақ қай орында келетінін, қанша жер шаба алатынын, қалай бапталғанын, жасын, тегін айта алады. Нағыз жүйрікті құлын, тай кезінің өзінде-ақ танитын. Міне, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жинақталған, сыннан өткен осынау мол тәжірибе бүгінде де қолданыста.
Зеректік, сыншылық, бапкерлік жылқы малын өсірушілер, ат баптаушылар үшін басты қажеттілік болса, сонымен қатар, мал мамандығында терең білімділік қажет.
Қазақ халқы ат ойындарының алуан түрлілігімен, терең мазмұндылығымен, эстетикалық жоғары талғамымен талай елдермен терезесі тең жатыр деуге толық сенімдеміз. Ат ойындарының көпшілік құмарта көретін түрлеріне: қыз қуу, теңге алу, бәйге, жорға жарыс, жігіт жарыс, көкпар, сайыс, жамбы ату, мүше алып қашу, ат омырауластыру, ат жегу, табақ тарту, тағы басқаларын жатқызуға болады. Міне, осы ойындардың қай-қайсысы да епті, батыл, шыныққан адаммен қоса, аттардың да жүйріктігі, жорғалығы, жуастығы, күштілігі, белділігі, әдемілігі сияқты қасиеттері бойынша таңдалуын қажет етеді.
Ат спортының елімізде жаңа мазмұны, мән-мағынасы өте ерекше. Ат ойындары жаңа мазмұнға еніп, ат спортының ұлттық түріне көптеп мән берілуде. Қазақ халқы әр атты өзіндік қасиеттеріне қарай пайдаланып, оларды әртүрлі атаған. Мәселен, аяңшыл, желісқор жортақ, жүрдек, жорға, текітек, ұшқыр, шығымды, шыға салма, тызетпе, құйын, қаршынды, жүйрік, бәйге ат, арғымақ, тұлпар т. б. Ел арасында: «Тайында – тапта, құнанында – бапта, дөненінде – сақта, бестісінде – бәйгеге қос, шаппаса – басын кес» деген сөз бар.
Ат спорты үлкен өнер. Оның тамаша әсер беретін, батылдыққа, жылдамдыққа, зеректілікке, көңілділікке, ерік-күштің иесі болуға баулитын қасиеттері мол. Отан қорғауға, шаруашылықты дамытуға тигізетін әсері мол. Жылқыны тани білу, оны іріктеп-сұрыптап баптай білу тек ат спорты үшін емес, сонымен бірге шаруашылыққа да қыруар пайда келтіреті игілікті іс.
Ерте уақыттарда әр жігіт, тым болмағанда ат сайыстарының бір түріне қатысып, өз күшін сынауға дайындық жасаған. Халқымыз ат сәйгүліктерді жақсы көргені соншалық, оларға тіл көз тиеді деп қорқып, тасалап ұстаған. Тіл-көзден, бәле-жаладан сақтану үшін бәйгеге қосатын тұлпарларды ешкімге көрсетпей, үстіне жабу жауып, құйрық-жалын өріп, үкінің қауырсындарын іліп, тіл-көзден сақтайтын тұмар тағып, шабандоздыққа 8-14 жас аралығындағы жасөспірім балаларды дайындаған. Қазақ қыздары жорға жарыстарына қатысып, шабандоздықты өздеріне серік еткен.
Ат ойындары адамдарды өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Ат спортының қыр-сырын меңгеру үшін де үлкен біліктілік керек. Өйткені жылқы малының тазалығынан бастап, ауру-сырқауын анықтаудың өзі үлкен тұтас бір ғылым.
Елімізде қазіргі кезде қазақы тұқымдас жылқылар азайып барады, олар ыстық-суыққа шыдамды, тұяғы шаруаға ыңғайлы келеді.
Ертеректе ел арасындағы ат ойындары, бәсекелі жарыстар ауызша ережелермен және демократиялық нұсқаулармен реттеліп отырды. Аламан бәйгеге қатысты мынадай мысалды келтіруге болады: «Әрбір орданың аты бәйгеге қатыса алады, бәйгеге қатысатын атты тек бәйгені ұйымдастырушы білуі тиіс, аттан құлап қаза тапқан жағдайда шабандозға құн төленбейді, егер екі ат мәреге қатар жетсе, жүлдені кім алатындығы турасындағы дауды болдырмау үшін екі ат қайтадан жарыс жолына шығып, бірақ біршама қысқа қашықтыққа жіберіледі» деп реттеліп отырған.
Ат жарыстарында ауқымы көп жүлделер тағайындалған. Мысалы, Сырым батырдың асында 2500 қой, 200 жылқы жұмсалған. Үздік шыққан шабандоздарға, мергендер мен палуандарға бірнеше киіз үй, сауыт-сайман, басқа да құнды заттар таратылған.
Ханкелді батырды еске алу тойында 5000-ға жуық қой, 250 жылқы таратылған [7, С.56-65].
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында ұлттық ат спорты жарыстарын ұйымдастырып, оны «еуропалық үлгіде» өткізуге көп күш салынды, оған себеп болған орыстардың қазақ жеріне көптеп қоныстануы болды. Оның негізі 1860 жылы Бөкей ордасында қаланды. Ат спорты ойындары мен жарыстар 3 жылда бір рет өткізіле бастады.
Бұдан кейін аламан бәйге мәресі бір айналма жол бойынша өткізілетін болды. Бұл бүгінгі ат жарыстары өтетін ипподромға ұқсайды. 1853 жылдан бастап Бөкей ордасында ұзындығы 4 шақырымға тең қалыпты айналма жол бойынша ат бәйгесі өткізіліп келеді. Кейіннен оның ұзындығы 6 шақырымға дейін жеткізілді. Мысалы, 1881 жылы Бөкей ордасында өткен 30 шақырымдық ат бәйгесінде (5 айналым) жеңімпаз оны 48 минут 45 секундта өткен. Мұндай айналым бойынша ат бәйгесі Қазақстанның басқа аймақтарында да өткізілді. Сондай-ақ, әрбір жарысқа қатысушыға арнайы билет беріліп, ол мәреге жеткенде қолдарынан алынды. Бұл кейбір шабандоздардың қатысушыларға жол ортадан қосылып кетуін болдырмау мақсатында жасалған амал. Алайда, бұл жаңалықтың бастапқы кезінде өзіндік кемшін тұстары да болды. Мысалы, шабандоз оны тың атпен мәреге таяп қалған басқа біреуге бере алатын еді. Сондықтан бәйгеге қатысатын аттардың нөмірлері жазылып, оларға белгі соғылатын болды. Сондай-ақ, жарысқа қатысушы шабандоздардың арқаларында да өз нөмірлері болды.
Ат спортын дамыту мақсатында 1882 жылы құрылған «Түркістан бәйге аттар қоғамы» ат спорты жарыстарының жаңа түрлерін енгізуде айтарлықтай жұмыс атқарды. Көрмелер, бәйге, желісті жүріс, жорға жарыс ұйымдастырылуымен қатар, қоғам жергілікті жерлерде жылқы шаруашылығын дамыту, осы саладағы ғылыми білімдерді тарату сияқты маңызды міндеттерді алдына мақсат етіп қойды. Сондай-ақ, «ресейдегі және одан тысқары жерлердегі жылқы шаруашылығына және түрлі ат жарыстарына қатысты арнайы кітапхана жасақтау» ұсынылды. Сонымен қатар, Орынборда Оралда, Ақтөбеде, Торғайда Қостанайда және Қазақстанның өзге де қалалары мен аудандарында ашылған ат спорты мекемелері де осындай бағытты ұстанды.
Спорттық жарыстардың жаңа түрлерінің дамуына Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейінгі жәрмеңкелер де елеулі ықпал етті. Мәселен, ХIХ ғасырдың 40-шы жылдарында әйгілі Қарқаралы жәрмеңкесінің негізі қаланды, арада 8 жыл өткен соң, Қазақстандағы ең ірі Қоянды жәрмеңкесі құрылды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Түркістан өлкесіндегі ең ірі жәрмеңке – Әулиеата жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкелерге 50 мыңнан астам адам жиналды. Бұлардың бәрі де спорттық жарыстардың өзіндік ортасы болып шабандоздар, мергендер, палуандар өнер көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін, қазақ ұлттық спорт түрлерінен өткізілген жарыстар 1945 жылы Абайдың 100 жылдығы, 1946 жылы Жамбылдың 100 жылдығына арналып өткізілген жарыстарға Қазақстанның әр аймақтары мен ауылдарынан мыңдаған спортшылар қатысты. Осы спорттық мерекені ұйымдастыруға көрнекті қазақ жазушылары М. Әуезов пен С. Мұқанов және басқалар белсене араласты. Сондай-ақ ат спортының классикалық түрлерінің өкілдері де үлкен табыстарға қол жеткізді. Шабандоз С. Қалмұрзин «Каток» сәйгүлігімен бір тәулікте 281,9 шақырымды шауып өтіп, теңдессіз нәтиже көрсетті. Бұл бүкілодақтық жаңа рекорд еді.
Осы жылдарда Қазақстанның әртүрлі облыстары мен жылқы зауыттарының спортшылары ат спортынан рекордтық жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, А. Беляев, Ш. Төлепғалиев, У. Тыджитаев КСРО рекордшылары атанды.
1970 жылы өткізілген XIII Бүкілодақтық шабандоздар жарысы Қазақ КСР-нің 50 жылдығына арналған болатын. Мұнда ат спорты түрлерінен көптеген жарыстар өткізілді.
1979 жылдың мамыр айында Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқасы, Қазақ ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподақтарының республикалық комитетінің президиумы мен «Қайрат» ерікті спорт қоғамының Орталық кеңесі «Тың және тыңайған жерлерді игерудің 25 жылдығына және Қазақ Советтік Социалистік Республикасы құрылуының 60 жылдығына арналған Қазақ ұлттық спорт түрлерінен I республикалық спартакиада өткізу туралы» бірлескен қаулы қабылдады. Қазақ ұлттық спорт түлері мен ойындарын дамыту тарихында ең ауқымды спорттық шара болған осы спартакиаданың мәреге жетуі қыркүйек және қазан айларында өтті. Спартакиада бағдарламасына аламан бәйге, қыз қуу, күміс алу, жорға жарыс, қазақша күрес, тоғызқұмалақ енгізілді. Сондай-ақ спорттың жаңғыртылған түрлері: қыз қуу жарысы және жамбы ату сияқты ұлттық спорт түрлері де осы бағдарламадан көрініс тапты деп көрсетеді белгілі маман М. Болғамбаев [38, 163б.].
«Ғасырлар бойы қалыптасқанды қас-қағым сәтте жойып жіберу мүмкін емес», – деп жазады қазақ халқының тұрмыс жайын жетік білетін жазушы Сәбит Мұқанов. – Халықтың тұрмысы қай кезде де ұлттық сезіммен, рухани құндылықтармен, туған жерге деген сүйіспеншілікпен тамырлас... ауылға келсем болды спортқа аңсарым ауып тұрады. Бұл жерде мені қателесіп отыр демеңіздер. Өйткені, жастық шағымнан ат спортына әуестігім мені жыл сайын туған жеріме баруға итермелейді. Сонау бала кезімдегі көзім көрген Қожабай, Дос, Ақбастыкөл көлдерінің айналасында жыл сайын өткізілетін бәйге мен жігіттер сайысын сағына еске түсіремін», – деп жазады [130, Б.362].
Ел егемендігі, Тәуелсіздігіміз және ұлттық спорт түрлерінің жанашырларының арқасында 1996 жылдың 1 наурызында Алматыда бүкіл Қазақстан атбегілерінің 1-құрылтай – конференциясы өткізілді. Онда тұңғыш рет ұлттық спорттың ережелері, конституциясы қабылданды.
1996 жыл ел атбегілерінің Венгрия республикасында өткен «Бүкіл дүниежүзі атбегілерінің, шабандоздарының 1-ші фестиваліне» қатысумен ғана емес, 23 мемлекеттен озып, фестивальдің бас жүлдесіне ие болумен де ерекшеленеді.
Ұлттық спортқа арналған құлшыныстың арқасында 1999 жылдың 7 сәуірінде жаңа елордамыз – Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт федерациясының 1-ші съезі өтті. Екінші съезд 2001 жылдың 15 ақпанында өткізілді.
Қазірде Ұлттық ат спортының барлық облыстарда филиалдары құрылып, ат спорты мектептері ашыла бастады. «Маңмаңгер», «Атбегі» журналдары мен «Қазақ тұлпары» атты газеттер шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет