Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет10/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
Садақ ату. Садақ атуды адамзат мал, жан-жануарларды қолға үйретуден де бұрын меңгергендігі археологиялық деректерде дәлелденеді. От қарулары пайда болғанға дейін садақ қаруы негізгі соғыс қаруларының бірі болды.
Бабаларымыз елін, жерін қорғау үшін әр уақытта бес қаруы әрқашан дайын болуына үлкен жауапкершілікпен қараған.
Қазақ садағы – жалпы көшпенділер садағының бір нұсқасы болып келеді. Садақты көбіне ат үстінде қолданғандықтан, көшпенділердің садағының жақтары жеңіл, әрі жебенің алысқа атылуына талап қойылған. Садақ бірнеше ағаш түрінен, сүйектен құралып жасалған күрделі құрама болып келеді. Садақтарды жасау әрқашан жетілдіріліп отырған. Садақты жетілдіру ісінде барлық көшпелі халықтардың үлесі бар.
Жақтың ең көне түрін Скифтер, Сақтар, Сарматтар қолданған үлгісін, қарутану ғылымында шартты түрде Скиф садағы деп атайды [20, Б.52-53].
Археологиялық деректерге сүйенсек ұзындығы шамамен 60-80 см, соған сәйкес оғының ұзындығы 60-70 см. Кейін бұл садақ үлгісі одан әрі жетілдіріліп, алысқа ату үшін адырнаның иіндері ұзартылып, атқан кезде қозғалмау үшін екі басы мен белі сүйектермен күшейтілген [62, Б.150-155].
Адырнаның әр басының екі қырына қос-қостан, беліне екі, кейде үш төрт сүйекпен (алдынан, артынан, екі қырынан) қолданылып, сүйектер ағашқа желіммен жапсырылып, ол үшін сүйектердің беті егеліп із салынған. Архелогиялық қазба жұмыстары кезінде Ғун, Түркі заманына жататын обалардан мұндай адырна сүйектері жиі табылады.
Бұл садақ үлгілерін ғалымдар шартты түрде Ғұн садағы немесе Түркі садағы деп атайды. Түркі садағының Ғұн садағынан айырмашылығы – оның енінің артқы бетіне сүйек салына бастағаны. Қазақ садағы да осы үлгідегі садақ болып келеді. Қазақ садағы кері серпінді, кірістен босатылғанда қарсы жаққа иіліп тұрады. Иіндері сүйекпен күшейтіліп, басы ағаштан бөлек жасалып иініне бекітіледі. «Жақтың адырнасына қайың, қарағай қолданылып, оның иініне малдың қабырға сүйегі қолданылған болуы керек» деп жазады белгілі ұлттық қару-жарақ зерттеуші Қ. Ахметжанов [20, Б.53-54].
Садақты түркі халықтары өте ерте кезден пайдаланып, оны жауынгерлік мақсаттан басқа аң аулап тамақ табу құралы ретінде кеңінен пайдаланғандығы туралы аңыз-ертегілерде деректер көп кездеседі, мысалы, «Ақбілек қыз Тұрғын бала» ертегісінде Тұрғын бала қабырғадан жақ, жыңғылдан оқ жасап аң аулайды [55,203б].
Археологиялық материалдарда кездесетін садақ қалдықтары, адырна сүйектер, жақтың кішкентай түрлері көне Түркілердің бейнелеу өнерлері ескерткіштеріндегі садақтың суреттері, оның формасын, көлемін, белге тағыну әдісін толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Кейін жақтың серпіні күшті болу үшін ұзын сүйек адырнаның екі иініне ішкі жағынан бекітіліп, белі мен бастарына сүйек қолданылмайтын болды. Садақтың бұл жаңа үлгісі Монғол шапқыншылығы кезіне сәйкес келгендіктен, бұл садақты шартты түрде Монғол садағы деп атайды. Бұл садақтың адырнасы екі түрлі ағаштан жасалып, иіндері бір не екі жағынан сүйекпен күшейтіледі. Санкт-Петербургтағы Этнография мұражайы қорындағы Монғол садағының иінінің әр қайсысында екі сүйектен қолданған. Жарақтың адырнасы су өтпес үшін Қайыңның тозымен (қабығымен) қапталады. Адырнаның екі басы ағаштан бөлек жасалып, иінге желіммен бекітілген. Иінімен басының түйіскен жерінде кіріс адырнаны қатты ұрмас үшін сүйектен істелген қорғағыш бар. Оны көбіне малдың бақайшақ сүйегінен жасаған.
Белгілі жұлдызшы Н. Қожамсейіт «садақ атудың қас шебері мерген Шыңғысхан жауынгерлерінің қолбасшысы Жебе болған. «Қалқаман-Мамыр» қиссасындағы ұшқан құсты құтқармайтын қаһарман тұтқын қалмақ қызының орамалын оқ жетпестің басына тігіп қойып атып түсірген. Содан бері Бурабайдағы сфинкс «Оқжетпес» деп аталған деп өз ойын білдіреді [96, Б.162-165].
Қазақ батырлары кейде жақты Бұхарадан сатып алған. Бұхарадан жасалған жақтар шығыста өте жоғары бағаланатын. Жақсы садақтардың құны бұрынғы кездерде қаншалықты қымбат тұрғанын «Батырлар жырында» кездесетін (адырнасын атқа алған), (алты атқа алған адырна), (он атқа алған Бұхаржа) деген сөздерден білуге болды [33, 109 б].
Қазақ халқы садақты «жақ», «жай», «адырна» деп те атайды.
Жақтың атылатын оғы жебе деп аталады. Басқа Түркі халықтарының тілінде бұл атаудың қолданылуына қарағанда “жебе” деп оқтың темірден жасалған бөлігін атап, кейін негізгі бөлігінің атауы оқтың жалпы атауы ретінде қолдана бастаған.
Оқтың қадалатын бөлігі – “басы”, темір бөлігі – “жебесі”, ағаштан, жасалып жебе бекітілетін бөлігі – “сабы”, оның ортасы – “белі ”, төменгі аяқ жағы “масағы” деп бөлінеді.
Жақсы ұшу үшін оқтың масағына құстың қауырсынын таққан. Оны “қанаты” деп атайды. Оқтар екі, үш, төрт қанатты да болады. Қанаты көп болған сайын оқ жақсы ұшып дәл тиеді. Оқ қанатына бүркіттің, қыранның, күшігеннің, тазқараның, құйрық, қанат, қауырсынын қолданған.
Жебелердің скиф, сақ заманындағы көне түрі үш қырлы болып, ұңғысында денеге қадалғанда алғызбайтын үшкір имегі бар болып келеді.
Ғұн заманында үш қырлы, жалпақ қырларында тесігі бар жебелер және ұңғысына сүйектен жасалған тесігі бар ысқырғыштар орнатылған жебелер пайда болды. Ысқырғыш оқтар соғыста қатты дыбыс шығарып жау әскерінің зәресін алып аттарын үркіткен.
Ғұн, Түркі замандарында әр түрлі мақсатқа қолданылатын бірнеше түрлі жебе пайда болды. Кейінгі замандарға дейін оны қазақ батырлары қолданып келді. Жалпақ келген екі қырлы жебелерді көлеміне байланысты қазақтар “Қозы жауырын” деп атайды, сауыттарды тесуге арналған төрт қырлы, үш қырлы істік жебелерді “сауыт бұзар”, “көбе бұзар” дейді. Ұшы айыр боп келген жалпақ өткір жебелер адамның, аңның дене мүшесін кесіп түсу үшін қолданылды [53, 100 б.].
Көшпенділер металмен қатар сүйектен жасалған жебелерді де қолданған, олардың формалары металл жебелердің формаларына ұқсас келеді. Адамды, аңды өлтірмей, соғып құлату үшін, басы сүйектен не ағаштан істелген “доғал оқтар” да қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет