Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет13/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко
Ұлттар

1900 ж

1920 ж

1939 ж.

1959 ж.

1970 ж.

1979 ж.

1989 ж. (алдын ала бағалау)

2000 ж. алысқа жасалған болжам)

Қазақтар

75,0

60,0

38,0

29,8

32,6

36,0

40,0

48,5

Орыстар

8,7

8,0

40,2

42,7

42,4

40,8

38,0

32,0

Немістер

0,4

0,5

1,5

7,2

6,6

6,1

5,9

4,1

Украиндар

4,9

12,0

10,8

8,2

7,2

6,1

5,3

5,0

Өзбектер

2,5

2,0

1,7

1,5

1,7

1,8

2,1

2,2

Татарлар

1,3

1,5

1,7

2,1

2,2

2,1

2,0

2,0

Ұйғырлар

2,0

1,2

0,6

0,6

0,9

1,0

1,2

1,3

Белорустар

0,2

0,4

0,5

1,2

1,5

1,2

1,1

1,0

Басқалар

5,0

4,4

4,0

6,7

4,9

4,9

4,4

3,9

50 мың адам, 1918 жылдардағы «Ақтар» мен «Қызылдар» арасындағы соғыста – 900 мың адам, 1928 жылғы кәмпескелеу кезінде босып кеткендер – 15 мың, 1930-1933 жылдары болған коллективтендіру, ашаршылық, геноцид кезінде 2 млн 300 мың адам қырылды, 1930-1934 жылдардағы отырықшыландыру «асыра сілтеушілік» кезінде – 620 мың, 1927-1939 жылдары атылғандар – 25 мың, қудаланып айдалғандар – 75 мың, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде 500 мың қазақ соғыста опат болды [147].


Ұлттық спорт түрлерінің ХХ ғасырдың 20-жылдарынан кейінгі даму жағдайын жеке зерттей отырып, Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстандағы дене тәрбиесін дамытуға арналған алғашқы құжаттарға 1922 жылғы «Жаппай сауаттандыру» жұмыстарына байланысты қабылданған спорттық үйірмелер мен клубтар бағдарламаларына ұлттық ойындарды да енгізу керек екендігі туралы қаулыны алуға болады [108].
1925 жылы Қаз АССР көлемінде өткізілген спорттық жарыстар түрлеріне келсек, оларға: футбол, баскетбол, жеңіл атлетика, шаңғы тебу, коньки, допты хоккей түрлері қамтылған [147].
Дене тәрбиесі мен спорт саласына жергілікті ұлт өкілдерін тарту, мамандар даярлау мәселесінде 1930 жылдары «ғалымдардың» ұсынған шовинистік көзқарастары үлкен кедергі келтірді. Мысалы ленинградтық ғалымдар Д. Ещен, А. Пустоваловтың «Национальный вопрос в физкультурном движении» атты 1932 жылы жазылған еңбектерінде былай деп көрсетілген «О неспособности казахов заниматься спортом и достич высоких спортивных результатов из-за врожденной неполноценности их конституции» дей келе «теория коротких рычагов» деген атпен белгілі қорытынды жасап, «наука чужда и недоступна казахам» деп тұжырымдайды [56, С.49-53].
Осындай ойдан шығарылған қорытындының салдарынан қазақтарға арналған «теория коротких рычагов» атты көзқарас ұзақ жылдарға созылып, әсіресе, қазақтардың спорт саласына еркін араласып кетулеріне және ұлттық ойындардың дамуына үлкен кедергі жасады.
Мысалы, осы «теорияның» Қазақстанда іске асырылғандығын төмендегі деректерден көруге болады. Бірінші Бүкілқазақстандық дене шынықтыру жиналысының (1928 жыл) стенографиялық есебінде былай деп жазылған, (Сөйлеушілер орыс тілінде сөйлегендіктен толық мәтінін аудармасыз және түзетусіз бердік) «Восточно Казакстанский обл. Слово имеет Кодратов. …теперь дальше товарищи по вопросу вовлечения казакского населения. Этот вопрос имеет громадное значение и здесь со стороны инструкторов мы имеем целый ряд классовых выступления. Я скажу характерный случай в Семипалатинске. Мы даем контрольные задания по коплексу ГТО в декабре а в половине января начинаем делать проверку ходе выполнения контрольных цифр. И вот инструктор физкультуры когда дошла до него очередь говорит на вопрос о том. как у него сдаче норм ГТО. – У меня в коллективе все казаки, ни одного человека нет, я не могу с ним. В вопросе с казаками есть такая опасность … которую особенно выпятить. – Инструкторы физкультуры, особенно большие специалисты начинают говорить, что они коротконогие, что у них куринная грудь, словом казаки представляется в таком виде, что это не люди, а какая то особая фигура. …Под руководством Крайкома партии, во главе тов. Мирзояном мы это дело выполним (Аплодисменты)» [162]. Біз архив материалын өзгеріссіз бердік.
Қазақ жерін революцияға дейін зерттеген ғалымдар мен саяхатшылар қазақтар туралы былай деп жазады, мысалы, Е.А. Марков «Поразительная мускульная сила и выносливость киргиза, его острый глаз, отчетливо различающий малейший предмет в туманных далях горизонта, его способность проводить на седле дни и ночи, его глубокое и тонкое знание всех суровых стихий пустыни и господство над нею путем его знания...» деп дала қазағының мықтылығымен қоса, қиындықтан жол таба білуге бейімделген ептілігін де мойындайды [103].
Қазақ адамының күштілігін, ептілігін, батылдығын, сөзде тұрғыш сенімділіктері туралы А. Ямгин, А.Е. Алекторов, Д. Дмитров, А. Смирнов, Ф.А. Михайлов, А. Завадский-Краснопольский, К. Ельницский сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көптеп кездестіруге болады.
Академик Т. Тәжібаев қазақ халқының өте төзімді, күш қуатының мол, қайсар болып келетіндігін көрсете келе, осы қасиеттердің пайда болуына негіз болған жағдайлар туралы былай деп жазады: «...порождались особыми природными, экономическими и социально-бытовыми условиями жизни народа. В этих условиях выроботался свой национальный характер казахов» деп жазады [137, С. 67].
Осы «теория коротких рычагов» атты көзқарастың кезінде іске асырылғандығын мына мысалдан көруге болады, 1945 жылы өткізілген ІІ-ші Орта Азия және Қазақстан Спартакиадасына бір де бір қазақ жастары қатыстырылмады [162, Б.131].
Осы жалған теорияның дұрыс емес екендігін қазіргі уақыт дәлелдеп, қазақ халқының дүние жүзіндегі басқа халықтармен бірдей спорттың барлық түрлерінде үлкен жетістіктерге жете алатындықтарын дәлелдеп отыр. Олардың ішінде Олимпиадалық ойындардың, Әлем және құрлық чепионаттарының, халықаралық, т.б. жарыстардың жеңімпаздары бар.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі басына Ленин бастаған болшевиктер келді. Сол кездегі Ресей империясының қоластында болған ұлттар мен ұлыстар сияқты қазақ халқы да болшевиктер құрған өкімет ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа жеткізеді деп Ленин партиясына сенді.
Қазақстанның ХХ ғасыр көлеміндегі саяси-экономикалық және мәдени- әлеуметтік өмірінде болған өзгерістер ғылым мен мәдениеттің, оқу-ағарту ісінің жаңаша социалистік жолға қойылуына әкелді.
Кеңес Одағы кезінде көптеген сауат ашу орталықтарымен қоса, мектептер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары ашылып мамандар даярланды.
1933 жылы Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты жанынан тұңғыш Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты ашылып, зерттеу еңбектері мен оқулықтардың шығуына жол ашты. Осындай пайдалы істермен қатар Кеңестік саясаттың тоталитарлық жүйесі ұлттық этнопедагогиканың еркін дамуына кедергі болды.
Кеңес Одағының алғашқы жылдары ұлттық ойын мен ұлттық спорттың халықтар арасында дамуына тікелей тыйымдар болмағандығымен, оны дамытуға да мемлекеттік тұрғыдан қамқорлық болған жоқ, қабылданған қаулылар тек қағаз жүзінде қалып отырды.
1945 жылы жарық көрген М. Рақымкулов, М. Гуннердің «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» еңбектерінде кеңестік идеология ұсынған «сырты ұлттық, іші социалистік болсын» деген тапсырмадан аса алмағандықтарын көруге болады. Соның салдарынан көптеген ұлттық ойындар үлкен өзгеріске түсіп, ұлттық мағыналарынан алшақтап кетті [44, Б.5-39].
Ұлттық ойын түрлерін қазіргі дене шынықтыру пәнімен, спорт саласымен байланыста қарастырған ғылыми еңбектер мен оқу-әдістемелік құралдар қатарына А. Құралбекұлымен, С. Әкімбайұлының «Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері» атты кандидаттық диссертациясын (2000), Е. Уаңбаевтың «Дене тәрбиесінің негіздері» (2000), З. Есмағанбетовтың «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» (1995), К.Н. Менлибаевтың «Роль национальных традиции в формировании и развитии патриотизма» (1993), М. Болғамбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері» (1983), А. Қарақовтың «Студенттердің дене тәрбиесінде спорттық күрестің ұлттық түрлерін пайдалану» (1996), Ж.К. Оңалбековтің «Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасындағы ұлттық қарым-қатынастарды дамытудағы орны» (1996) атты еңбектерін жатқызуға болады.
Әрбір ұлттың ұрпақ тәрбиелеуде бағалы педагогикалық ойлары, әдістемелері, құралдары болады, осы жинақталған тәжірибе барлық адамзаттың ортақ құндылығы болып саналады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет