Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет46/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

45. «Бөрік лақтыру»
Ойын өзінің атына сәйкес, ойнаушылар өз бас киімдерін кім алысқа қолмен лақтырса сол жеңімпаз болады. Бөріктерінің ішіне тастарды немесе басқа заттарды орауға болады. Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Қай топтың бөріктері алысқа лақтырылады, солар жеңіске жетеді. Әрбір бөріктің жерге түскен қашықтығы есептеледі.
46. Ақшамшық (Сақина салу)
Сақина салу – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақандарын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің сақинаны кімнің алақанына салса да өз еркі, тек кімге сақина салғандығын білдірмеуі қажет. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», – деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті. Оны көршісі тұрғызбай ұстап қалуы керек, егер ұстай алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.
47. Сиқырлы таяқ
Ойынға жиналғандар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші қолына таяқ ұстап, ортаға шығады да ойын тәртібін түсіндіреді. Ойнаушылардың бір шетінен бастап аяғына дейін рет қатарын білдіретін сандарын атап шығады. Жүргізуші қолындағы таяғының бір басын жерге тіреп тік ұстайды да, кез келген бір ойыншының санын атап, таяқты қоя береді. Рет саны аталған ойыншы ести салысымен жүгіріп барып таяқты құлатпай ұстауы керек. Егер ол дауысты аңғармай, я болмаса таяққа жете алмай, оны құлатып алса, онда ол ортаға шығып, көптің ұйғаруымен өнер көрсетеді. Егер таяққа тез жетіп, жерге құлатпай ұстап алса, онда жүргізушімен орын ауыстырады.
48. «Қарагие»
Ойын далада алаңда өткізіледі. Қатысушылар санына шек қойылмайды. Әр ойыншыда ағаштан жасалынған ұзындығы 2 метрге дейін келетін бір ұшы ұшталған найза-таяғы болуы керек. Сонымен қатар әр ойыншыда таяқпен қатар ескі бас киімдер немесе түрлі маталар болуы керек.
Ойнаушылар бір қатарға аралары 1-2 метр келетін алшақтықта тұрады. Қатардың қарсысына 15-20 метр қашықта көлденең сызық сызылады. Әр ойыншы осы сызық бойына өзіне қарама-қарсы жерге қалпақтары немесе басқа заттары киілген биіктігі 1-1,5 метр келетін таяқтарды орнатады.
Жүргізушінің белгісі бойынша қатардың басындағы ойыншы найзасын нысанаға (өзінің қалпағына) лақтырады. Одан кейін қасында тұрған ойнаушы лақтырады, содан соң келесі ойнаушы т.с.с. жалғаса береді. Қай ойыншының найзасы тігілген нысанаға дөп тиетін болса, сол жеңімпаз атанады. Ойын қайталанып үш рет өткізіледі. Ойыншылар өздерінің лақтырған найзаларын барып алулары жүргізушінің рұқсатымен іске асырылады.
49. «Монданақ»
Ойынды көгалда ойнайды. Қатысушылардың саны 15—20 адамнан кем болмауы керек. Ойынға екі кабатталып есілген орамал керек. Ойнаушылар аяқтарын ілгері созып, тізесін сәл көтеріп, шеңбер бойына дөңгелене отырады. Бүгілген тізелердің астынан әрі-бері жүгірткен кезде орамал өтетін болуы керек, аяқтарының бастары шеңбердің ортаңғы нүктесіне түйіседі, тап сол жерде ойын жүргізушінің өзі отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортада отырған ойын жүргізушіні орамалмен жонынан тартып қалып тез тізесінің астынан өткізе сала: – «Әне кетті монданақ, міне кетті монданақ», – деп әндетіп қоя береді. Бұл дауысқа барлық ойнаушылар қосылады. Ал ортада отырған ойын жүргізуші орамалды ойнаушы жұрттың тізелерінің астынан іздей бастайды, бірақ қайда жүргенін таба алмайды, себебі барлығы бірдей қолдарын тізелерінің астында ұстап, жүгірген орамалды алып-беріп отырған кісіге ұқсайды. Жүргізуші шеңбер ішінде орамалды іздеп жүрген кезде ойыншыларға арқасымен тұрғанда, орамалды ұстап отырған ойнаушы оның арқасынан орамалмен соғып жіберуі қажет.
Ойын жүргізуші орамалдың қайда жүргенін, кімде екенін байқап қалып ұстап алса, онда ұстаған ойыншымен орнын ауыстырады, сөйтіп ойынды жалғастыра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет